Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне және қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13322 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 144/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.06.2019 № 144/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 19) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне және қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталдарында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
Министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 122 бұйрығымен бекітілген

Ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсыныстардың,
бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық
негіздемелерінің және қаржылық-экономикалық негіздемелерінің
сараптамасын жүргізу қағидалары
1. Жалпы ереже

      1. Осы Ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсыныстардың, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің және қаржылық-экономикалық негіздемелерінің сараптамасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы "Ақпараттандыру туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленген және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсыныстардың, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің (бұдан әрі – ТЭН) және қаржылық-экономикалық негіздемелерінің (бұдан әрі – ҚЭН) сараптамасын (бұдан әрі - сараптама) жүргізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі түсініктер пайдаланылады:

      1) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсыныс (бұдан әрі – инвестициялық ұсыныс) – мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құру, дамыту және сүйемелдеуге инвестициялық ұсыныс;

      2) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсыныстардың, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің және қаржылық-экономикалық негіздемелерінің сараптамасы–инвестициялық ұсыныстардың бюджеттік бағдарламалары, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің және қаржылық-экономикалық негіздемелерінің әкімшілерімен жобаның мақсаттылық мәні, пайдаланылатын техникалық шешімдердің оңтайлылығы және ақпараттық қауіпсіздік қамтамасыз ету ақпараттандыру ортасында ұсынылатын, ақпараттандыру, мемлекеттік техникалық қызмет ортасында сервистік интегратор сараптамасының қорытындысы және сервистік интегратор ұсыныстары негізінде жүргізілетін уәкілетті органның кешендік бағасы.

      3) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) инвестициялық ұсыныстарды бағалауды жүргізу үшін жоба компонентіне қатысты сервистік интеграторлардың ұсыныстарын сұратады:

      1) Заңның 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес бекітілген ақпараттандырудың сервистік үлгісін әзірлеу ережесіне сәйкестігі;

      2) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі;

      3) Заңның 7-бабы 23) тармақшасына сәйкес бекітілген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру, дамыту және сүйемелдеуге нормативтік шығындарына және есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкестігі;

      4) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құру және (немесе) дамыту және кейінгі енгізу есебінен мемлекеттік органның әрекетін (функциясын, қызметін) автоматтандыру және (немесе) оңтайландыру мүмкіндігі;

      5) жабдықтың қуаттылығын есептеу негіздемесі;

      6) бағдарламалық қамсыздандыруды таңдау негіздемесі.

      4. Ақпараттандыру саласында бюджеттік инвестициялардың ТЭН және ҚЭН бағалауын жүргізу үшін уәкілетті орган жоба компонентіне қатысты сервистік интегратор ұсыныстарын сұратады:

      1) Заңның 6-бабы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар облысында бірегей талаптарға сәйкестігі және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      2) Заңның 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес бекітілген ақпараттандырудың сервистік үлгісін әзірлеу ережесіне сәйкестігі;

      3) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі;

      4) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құру және (немесе) дамыту және кейінгі енгізу есебінен мемлекеттік органның әрекетін (функциясын, қызметін) автоматтандыру және (немесе) оңтайландыру мүмкіндігі;

      5) Әдістемеге сәйкестігі;

      6) бюджеттік инвестицияның ТЭН жобасында ұсынылған технологиялық, техникалық шешімдердің оңтайлылығы;

      7) бюджеттік инвестицияның ТЭН және ҚЭН жүзеге асыру кестесі;

      8) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес, ақпараттандыру саласында бюджеттік инвестицияның ТЭН және ҚЭН бағалау критерийлері.

      5. Бюджеттік инвестициялар ТЭН және ҚЭН сараптамасы оларды әкімшімен бекіткенге дейін жүргізіледі;

      6. Инвестициялық ұсыныстың құжаттарын өткізу және сараптамасын жүргізу, бюджеттік инвестицияның ТЭН және ҚЭН электрондық құжаттар түрінде "электрондық үкіметтің" сәулет порталы (бұдан әрі – сәулет порталы) көмегімен жүзеге асырылады.

      7. Уәкілетті орган сәулет порталы көмегімен құжаттардың қабылдануы, әкімшімен, сервистік интегратормен және мемлекеттік техникалық қызметпен құжаттар алмасу туралы бюджеттік бағдарламаның әкімшісін хабарландыруды жүзеге асырады.

2. Ақпараттандыру саласында инвестициялық ұсынысқа сараптама жүргізу тәртібі

      8. Әкімшімен уәкілетті органға сараптаманың қорытындысын алу үшін ақпараттандыру саласында инвестициялық ұсынысты жыл сайын 15 наурызына дейін мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құру немесе дамытуға инвестициялық ұсыныс енгізіледі.

      9. Уәкілетті орган сараптама жүргізу үшін әкімшіге инвестициялық ұсыныс кезінде құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру бағыттайды.

      10. Инвестициялық ұсынысқа келесі құжаттар пакетін қамтиды:

      1) мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсыныстарының қажетті сараптамаларын әзірлеу немесе түзету, жүргізу Қағидаларымен бекітілген, сонымен қатар 2014 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің № 129 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 тіркелген) бекітілген бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау (бұдан әрі - мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсыныстарының қажетті сараптамаларын әзірлеу немесе түзету, жүргізу, сонымен қатар бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау);

      2) Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларындағы нысандарға сәйкес инвестициялық жобаларды қаржыландырудың ықтимал түрлері және тәсілдері бойынша есептемелер;

      3) Әдістемеге сәйкес әзірленген инвестициялық ұсыныстың есептелері және құнының негіздемесі;

      4) егер инвестициялық жоба инвестициялық ұсыныстардың ТЭН және ҚЭН түзетуді көздейтін болса, қосымша ұсынылады:

      бюджеттік инвестициялардың ТЭН-і және ҚЭН-і бойынша көзделетін техникалық шешімдер және (немесе) қосымша шығыстарды көрсетілген салыстырма кесте;

      бұған дейін бекітілген бюджеттік инвестициялар ТЭН-і және ҚЭН-і;

      Мемлекеттік инвестициялық жобаны әзірлеу немесе түзету, инвестициялық ұсыныстың қажетті сараптамасын жүргізу, сонымен қатар бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес компоненттер және оларды әзірлеу мерзімі қимасында ТЭН және ҚЭН түзетуі құнының есептеу-негіздемесі;

      6) заңды тұлғалардан активтер сатып алу жоспарланған кезде осы активтердің құнын бағалау қорытындысы беріледі:

      активтердің құны ағымдағы бағамен 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса, тәуелсіз бағалау компаниялары дайындаған;

      активтердің құны ағымдағы бағамен 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, халықаралық кәсіптік бағалаушылар ұйымдары Мемлекеттік инвестициялық жобаны әзірлеу немесе түзету, инвестициялық ұсыныстың қажетті сараптамасын жүргізу, сонымен қатар бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес дайындаған;

      7) егер әкімші заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен инвестициялық ұсынысты жүзеге асыруды көздесе, қосымша ұсынылады:

      Мемлекеттік инвестициялық жобаны әзірлеу немесе түзету, инвестициялық ұсыныстың қажетті сараптамасын жүргізу, сонымен қатар бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес бесжылдық кезеңге инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысты жүзеге асырылған, жүзеге асырылатын және жоспарланатын бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің инвестициялық картасын қосымша ұсынады.

      11. Инвестициялық ұсыныс сараптамасы келіп түскен күннен кейін жиырма жұмыс күніне артық емес мерзімде уәкілетті органмен өткізіледі.

      12. Уәкілетті орган үш күн ішінде ұсынылған құжаттардың талап етілетін нысан мен құрылымға сәйкестігін осы Қағиданың 10-тармағына сәйкес тексереді және инвестициялық ұсынысты сараптама жүргізу үшін сервистік интегратор мен мемлекеттік техникалық қызметке бағыттайды.

      Толық емес құжаттар ұсынылған жағдайда, уәкілетті орган осы тараудың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аралығында қайтару себебін көрсетумен оларды әкімшіге қайтарады.

      13. Сервистік интегратор және мемлекеттік техникалық қызмет инвестициялық ұсынысты алған күннен бастап он күн ішінде сараптама жүргізеді және сараптама қорытындысын инвестициялық ұсыныс жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      14. Сервистік интегратор инвестициялық ұсыныстың сараптамасын төмендегілерге сәйкестігін жүргізеді:

      1) Заңның 7-бабы 10) тармақшасына сәйкес бекітілген "электрондық үкімет" сәулетін дамыту бойынша талаптарға сәйкестігін;

      2) Заңның 7-бабы 17) тармақшасына сәйкес бекітілген мемлекеттік органдардың сәулетін әзірлеу, сүйемелдеу және дамыту қағидаларына сәйкес мемлекеттік органның бекітілген сәулеті болған жағдайда немесе Заңның 7-бабы 18) тармақшасына сәйкес бекітілген "электрондық әкімшіліктің" типтік сәулетіне сәйкестігі;

      3) Заңның 7-бабы 54) тармақшасына сәйкес бекітілген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе дамыту кезінде қалыпты шешімдер ретінде көп реттік пайдалануға тиесілі ақпараттық жүйелер тізімінде (немесе олардың бөлігінде) көрсетілген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану мүмкіндігі.

      15. Мемлекеттік техникалық қызметі Заңның 6-бабы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірегей талаптарға сәйкестігіне мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе дамытуға бағытталған инвестициялық ұсыныстың сараптамасын жүргізеді.

      16. Уәкілетті орган сервистік интегратор және мемлекеттік техникалық қызметтен сараптама қорытындысын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2 қосымшадағы нысанға сәйкес ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсынысқа қорытынды әзірлейді, және оны әкімшіге бағыттайды.

3. Бюджеттік инвестициялар ТЭН және ҚЭН-іне сараптама жүргізу тәртібі

      17. Ақпараттандыру саласында бюджеттік инвестициялар ТЭН-іне және ҚЭН-іне сараптамасын жүргізу үшін әкімші электрондық құжат ретінде сәулет порталы арқылы бюджеттік инвестициялар ТЭН және ҚЭН ұсынады және келесі құжаттарды тіркейді:

      1) әкімшінің салалық қорытындысын;

      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган берген инвестициялық ұсынысқа оң экономикалық қорытындыны.

      18. Бюджеттік инвестициялар ТЭН және ҚЭН қабылдау кезінде уәкілетті орган сараптама жүргізу үшін құжаттарды қабылдау туралы әкімшіге хабарландыру бағыттайды.

      19. Бюджеттік инвестициялар ТЭН-і және ҚЭН-і сараптама қорытындысы толық құжаттар пакеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

      Бюджеттік инвестициялар ТЭН-і және ҚЭН-і сараптамасы қорытындысын беру мерзімі егер мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі стандартты бағдарламалық шешім болып табылса немесе ведомствоаралық немесе өңірлік құрамдауыштар енетін болған жағдайда елу жұмыс күніне дейін ұзартылады.

      20. Уәкілетті орган бюджеттік инвестициялар ТЭН-ін және ҚЭН-ін алған күннен бес жұмыс күні аралығында ұсынылған құжаттардың талап етілетін нысан және құрылымдарға сәйкестігіне осы қағиданың 17-тарауына сәйкес тексеру жүргізеді және сараптама жүргізу үшін оларды сервистік интегратор мен мемлекеттік техникалық қызметке бағыттайды.

      Толық емес құжаттар пакеті ұсынылған жағдайда, уәкілетті орган осы тараудың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аралығында қайтару себебін көрсетумен оларды әкімшіге қайтарады.

      21. Сервистік интегратор және мемлекеттік техникалық қызмет инвестициялық ұсынысты алған күннен бастап он күн ішінде сараптама жүргізеді және сараптама қорытындысын инвестициялық ұсыныс жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      22. Сервистік интегратор инвестициялық ұсыныстың сараптамасын төмендегілерге сәйкестігін жүргізеді:

      1) Заңның 7-бабы 10) тармақшасына сәйкес бекітілген "электрондық үкімет" сәулетін дамыту бойынша талаптарға сәйкестігін;

      2) Заңның 7-бабы 17) тармақшасына сәйкес бекітілген мемлекеттік органдардың сәулетін әзірлеу, сүйемелдеу және дамыту қағидаларына сәйкес мемлекеттік органның бекітілген сәулеті болған жағдайда немесе Заңның 7-бабы 18) тармақшасына сәйкес бекітілген "электрондық әкімшіліктің" типтік сәулетіне сәйкестігі;

      3) Заңның 7-бабы 54) тармақшасына сәйкес бекітілген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе дамыту кезінде қалыпты шешімдер ретінде көп реттік пайдалануға тиесілі ақпараттық жүйелер тізімінде (немесе олардың бөлігінде) көрсетілген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану мүмкіндігі.

      23. Мемлекеттік техникалық қызметі Заңның 6-бабы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірегей талаптарға сәйкестігіне мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе дамытуға бағытталған инвестициялық ұсыныстың сараптамасын жүргізеді.

      24. Уәкілетті орган сервистік интегратор мен мемлекеттік техникалық қызметтен сараптама қорытындысын алғаннан күннен бастап он жұмыс күнінен кем емес ақпараттандыру саласында бюджеттік инвестициялардың ТЭН және ҚЭН осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес форма бойынша қорытындыны дайындайды және оны әкімшіге бағыттайды.

      25. Ақпараттандыру саласында бюджеттік инвестициялардың ТЭН және ҚЭН қорытындысын қалыптастыру кезінде уәкілетті орган бағалау жүргізеді:

      1) бюджеттік инвестициялардың ТЭН және ҚЭН жобаларының бюджеттік инвестициялардың ТЭН және ҚЭН әзірлеудің техникалық тапсырмасына сәйкестігіне;

      2) оның кейінге дамуына әсер ететін саланың ағымдық мәселелерінің күйі;

      3) қолданыстағы саясаттық, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болжалданатын басқа да шарттар;

      4) өнімге қолданыстағы және жоспардағы сұраным көрсеткіштері (жобаның өмірлік циклі кезеңінде) немесе осы аумақта бар бәсекелестікті ескерумен әлеуметтік-экономикалық қажеттілік;

      5) бюджеттік инвестициялар ТЭН-ін және ҚЭН-ін іске асырудағы кіріс және шығысты бөлу;

      6) бюджеттік инвестициялар ТЭН-інің және ҚЭН-інің жобаларында қабылданған технологиялық және техникалық шешімдер, оған қоса бюджеттік инвестициялар ТЭН және ҚЭН іске асыру кестесін:жоба шеңберінде сатып алынатын жабдықтардың техникалық сипаттамаларының бюджеттік инвестициялар ТЭН-інің және ҚЭН-інің мақсаттарына, міндеттері мен қуаттарына сәйкестігін бағалауды, жоба архитектурасын іске асырудың ұсынылатын нұсқаларын бағалауды, сондай-ақ жабдықтың мемлекеттік және әлемдік стандарттарға сәйкес келуі тұрғысынан таңдалуын, пайдаланылып жүрген жабдықтармен технологиялық үйлесімділігін бағалауды;

      7) бюджеттік инвестициялар ТЭН-і және ҚЭН-і Заңның 7-бабы 13) тармақшасына сәйкес бекітілген "электрондық үкімет" шлюзі, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзін ақпараттық жүйелермен біріктіру қағидасына сәйкес "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар немесе мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері шешімдерін ықпалдастыру үшін техникалық талаптарға және стандарттарға сәйкестігі. Осы тарауда сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ақпараттық жүйелердің жоспарланған әзірлемесіне интеграциясы бойынша мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысының қажетті сараптамасын жүргізу, әзірлеу және түзету, бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және жүзеге асыруын бағалау қағидасына сәйкес ұсыным сипатталады;

      8) бюджеттік инвестициялар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін автоматтандырудың тиімділігі және мақсатқа сәйкестігі. Бұл тарауда бюджеттік инвестициялар ТЭН-і және ҚЭН-і оның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет ұсынуға бағытталған, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдар және мекемелермен мемлекеттік қызметтер ұсынылатын мәлімдеуші ұйымның бағытталған қызметіне әсері бағаланады;

      9) бар ақпараттық жүйелер шеңберінде әкімшімен әзірленген бюджеттік инвестициялар ТЭН-ін және ҚЭН-ін іске асыру бірізділігі, мақсатқа сәйкестігі және нәтижелілігі;

      10) бюджеттік инвестициялардың жасалған ақпараттық жүйелері және құрауыштарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі;

      11) баға шешімдері, соның ішінде бюджеттік инвестициялар ТЭН-і және ҚЭН-і келтірілген барлық инвестициялық және пайдаланушылық шығыстарының құрауыштары бойынша баға-сапаның оңтайлы ара қатынасын бағалау, жоспарланған тауарлар бағасын, жұмыстарын және қызметтерін сәйкесінше нарықтық бағалармен мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысының қажетті сараптамасын жүргізу, әзірлеу және түзету, бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және жүзеге асыруын бағалау қағидасына сәйкес салыстыру;

      12) бюджеттік инвестициялар ТЭН-ін және ҚЭН-ін таңдау негіздемесін оны лайықты шешімдер жолы ретінде мәселелер шешімінің нұсқасын таңдауда қарастырылған балама нұсқалар;

      13) бюджеттік инвестициялар ТЭН-ін және ҚЭН-ін іске асыру және мұндай емес жағдайында экономика саласы (ортасы) жағдайларының ықтимал нұсқалары;

      14) бюджеттік инвестициялар ТЭН-ін және ҚЭН-ін іске асыру барысындағы ықтимал қатерлер және оларды барынша азайту жөніндегі іс-шаралар.

  Ақпараттандыру саласындағы инвестициялық
ұсыныстардың, бюджеттік инвестициялардың
техникалық-экономикалық негіздемелерінің және
қаржылық-экономикалық негіздемелерінің
сараптамасын жүргізу қағидаларына 1 қосымша

Ақпараттандыру саласында бюджеттік инвестициялардың
ТЭН және ҚЭН бағалау критерийлері

Ақпараттандыру саласындағы бюджет инвестициялары ТЭН және ҚЭН бағалау критерийлері

1

Ақпараттандыру жөніндегі іс-шараларға белгіленген мақсаттық индикаторлар және (немесе) қарым-қатынастар көрсеткіштерінің бар болуы

1.1

Ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралар индикаторлар және (немесе) көрсеткіштерді құрауы тиіс

1.2

Ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралар ақпараттық жүйелер немесе сервистік бағдарламалық өнімді құруға, немесе дамытуға, немесе жаңғыртуға, немесе пайдалануға бағытталған болуы тиіс

1.3

Жоспарлы және ағымдағы көрсеткіштер мәні ақпараттандыру жөніндегі іс-шараларды автоматтандыруға бағытталған әрбір мемлекеттік қызмет (мемлекеттік функциялар) үшін анықталуы тиіс

1.4

Индикаторлар және (немесе) көрсеткіштер бір мағыналы тұжырымдалуы және ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралар нәтижелерінің жетістіктерін көрсеткіштік сипаттауы тиіс

1.5

Көрсеткіштер мәні табиғи өлшемі бірлігімен өлшенуі және тексеру мүмкіндігін қарастыруы тиіс

1.6

Ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралар өткізудің жоспарлы кезеңінің басталуында көрсеткіштің мәні көрсетілуі тиіс

2

Ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралардың мемлекеттік бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президентінің стратегияларында және тапсырмаларында айқындалған басымдықтармен мақсаттарға сәйкестігі

2.1

Ақпараттандыру жөніндегі іс-шара ең болмаса мемлекеттік бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президентінің стратегияларында және тапсырмаларындатұжырымдалған бір мақсатқа немесе басымдыққа жетуге бағытталған болуы тиіс

2.2

Ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралардың мақсаттары мен индикаторлары (көрсеткіштер) және өзге де мінездемелері алға қойылған басымдықтарға қайшы келмеуі тиіс

3

Ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралардың "электрондық үкімет" саласындағы басым бағыттарына, ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың сервистік моделіне сәйкестігі

3.1

Ақпараттандыру жөніндегі іс-шара "электрондық үкімет" сәулеті саласындағы басым бағыттарына, ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың сервистік моделіне сәйкес келуі тиіс

3.2

Ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралар нәтижелері "электрондық үкімет" сәулетін дамыту жөніндегі басым бағыттар талаптарына, ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялықтехнологиялардың сервистік моделіне қайшы келмеуі тиіс

4

Алдағы өткен жылдардағы ақпараттандыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру барысында алынған нәтижелерді қолдану

4.1

Ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралар алдыңғы өткен жылдары іске асырылған ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралармен сабақтастығы сақталуы тиіс

4.2

Ақпараттандыру жөніндегі іс-шара алдыңғы өткен жылдардағы ақпараттандыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру барысында алынған нәтижелерді қайталамауы тиіс

4.3

Ақпараттандыру бойынша тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алуға іс-шараларда қарастырылған бұрын ақпараттандыру бойынша тауарлар, жұмыстар, қызметтер алынғандармен өзара байланысты және оларды қайталамайды.

5

Ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралардың мемлекеттік органның функцияларымен және міндеттеріне сәйкестігі

5.1

Ақпараттандыру жөніндегі іс-шара мемлекеттік қызметтерді (мемлекеттік функцияларды) іске асыруға (автоматтандыруға және оңтайландыруға) бағытталған болуы тиіс

6

Ақпараттандыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін бюджет қаржысын тартудың негізділігі

6.1

Қажеттілік жағдайында мемлекеттік қызметтерді (мемлекеттік функцияны) автоматтандыруды, оңтайландыруды қарастыратын (ыратын) құжат (тар) (хаттамалық тапсырма, нормативтік құқықтық акті) ұсынылуы (ған) тиіс

6.2

Мемлекеттік органдардан ілеспе сараптамалар қорытындысы ұсынылуы тиіс

6.3

Ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралар әзірленетін ақпараттық жүйенің "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдары және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдастығын қарастыруы тиіс

6.4

Ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралар нәтижелері ақпараттық жүйелердің, басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдарының құрауыштарымен қосарланбауы тиіс

7

Сұрастырылған көлемдегі бюджет қаржыларын тарту негізділігі

7.1

Ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралардың барлығының құны уәкілетті органмен бекітілген, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру, дамыту және сүйемелдеуін есептеу әдістемесі және шығындар нормативтеріне сәйкес есептелінуі тиіс

7.2

Инвестициялық және пайдаланушылық шығыстар құны сәйкесінше коммерциялық ұсыныстарға негізделуі тиіс

  Ақпараттандыру саласындағы инвестициялық
ұсыныстардың, бюджеттік инвестициялардың
техникалық-экономикалық негіздемелерінің және
қаржылық-экономикалық негіздемелерінің
сараптамасын жүргізу қағидаларына 2 қосымша

      Нысан

Инвестициялық ұсынысқа ақпараттандыру саласында қорытындысы

      1. Қарауға ұсынылған құжаттар: ________________________________

      ____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Инвестициялық ұсынысты қарастыру кезінде назарға алынған

      құжаттар: ___________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Пайдаланылған қысқартулар:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Жобаның қысқаша мінездемесі: _______________________________

      ____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

р/с

Көрсеткіштің атауы

Сипаттамасы

1

2

3

1.

Жобаның атауы


2.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы


3.

Жобаны мәлімдеушінің атауы (республикалық бюджеттен дамытуға мақсаттық трансферттер есебінен іске асыру көзделген жобаны қараған жағдайда көрсетіледі)


4.

Жобаның іске асырылу орны


5.

Жобаның мақсаты мен міндеті


6.

Нәтиже көрсеткіші (тікелей және соңғы)


7.

Жобаның құрамдауыштары


8.

Жобаның ауқымы және жобаның қуаты


9.

Мақсаттық топтар, соның ішінде негізгі пайда алушылар


10.

Нормативтік құқықтық актілер, соның ішінде жобаны сәйкес іске асыру көзделген мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары


11

Жоба бойынша инвестициялық ұсыныстың экономикалық құнының қорытындысының күні мен нөмірі


12.

Жобаның жалпы құны, қаржыландыруды жылдар бойынша бөлу

Қаржыландыру көзі

Қаржыландыру нысаны

жылы

Қаржыландыру көзі

жылы

Барлығы

Республикалық бюджет






Жергілікті бюджет







Өзге де көздер







Барлығы:






13.

ТЭН әзірлеу мен сараптамасының дереккөзі және қаржыландыру сомасы

ТЭН әзірлеудің және сараптамасын қаржыландыру көзі


ТЭН әзірлеу және сараптама құны


ТЭН әзірлеушінің атауы


ТЭН әзірлеу жөніндегі шарттың деректемелері


14.

Жобаны іске асыру кезеңі


15.

Жоба жұмыс істеуінің қалыпты режимін қамтамасыз ету үшін сапалық және көрсеткіштік талаптары


16.

Жобаның жұмыстарында, тауарларында және қызметтеріндегі қазақстандық құрам көлемі



      5. Тұжырымдар

  Ақпараттандыру саласындағы инвестициялық
ұсыныстардың, бюджеттік инвестициялардың
техникалық-экономикалық негіздемелерінің және
қаржылық-экономикалық негіздемелерінің
сараптамасын жүргізу қағидаларына 3 қосымша

      Нысан

Бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесі
және қаржылық-экономикалық негіздемесінің ақпараттандыру
саласындағы қорытындысы

      1. Қарауға ұсынылған құжаттар: ________________________________

      ____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Бюджеттік инвестициялар ТЭН және ҚЭН қарастыру кезінде

      назарға алынған құжаттар: ___________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Пайдаланылған қысқартулар:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Жобаның қысқаша мінездемесі: _______________________________

      ____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

р/с

Көрсеткіштің атауы

Сипаттамасы

1

2

3

1.

Жобаның атауы


2.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы


3.

Жобаны мәлімдеушінің атауы (республикалық бюджеттен дамытуға мақсаттық трансферттер есебінен іске асыру көзделген жобаны қараған жағдайда көрсетіледі)


4.

Жобаның іске асырылу орны


5.

Жобаның мақсаты мен міндеті


6.

Нәтиже көрсеткіші (тікелей және соңғы)


7.

Жобаның құрамдауыштары


8.

Жобаның ауқымы және жобаның қуаты


9.

Мақсаттық топтар, соның ішінде негізгі пайда алушылар


10.

Нормативтік құқықтық актілер, соның ішінде жобаны сәйкес іске асыру көзделген мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары


11

Жоба бойынша инвестициялық ұсыныстың экономикалық құнының қорытындысының күні мен нөмірі


12.

Жобаның жалпы құны, қаржыландыруды жылдар бойынша бөлу

Қаржыландыру көзі

Қаржыландыру нысаны

Сомасы (мың теңге)

Барлығы (мың теңге)


201_

201_

201_

барлығы

Республикалық бюджет

Инвестициялық шығындар





Жергілікті бюджет







Өзге де көздер







Барлығы:






13.

Бюджеттік инвестициялар ТЭН-ін және ҚЭН-ін әзірлеуді және сараптаманы қаржыландыру көзі және соммасы

Бюджеттік инвестициялар ТЭН-ін және ҚЭН-ін әзірлеудің және сараптамасын қаржыландыру көзі


Бюджеттік инвестициялар ТЭН-ін және ҚЭН-ін әзірлеу және сараптама құны


Бюджеттік инвестициялар ТЭН-ін және ҚЭН-ін әзірлеушінің атауы


Бюджеттік инвестициялар ТЭН-ін және ҚЭН-ін әзірлеу жөніндегі шарттың деректемелері


14.

Жобаны іске асыру кезеңі


15.

Жоба жұмыс істеуінің қалыпты режимін қамтамасыз ету үшін сапалық және көрсеткіштік талаптары


16.

Жобаның жұмыстарында, тауарларында және қызметтеріндегі қазақстандық құрам көлемі



      5. Бюджет инвестициялар ТЭН-інің және ҚЭН-інің Қағидаларға сәйкестігін тексеру.

      6. Бюджет инвестициялар ТЭН-інің және ҚЭН-інің құрылымы және құрамдары бойынша бюджет инвестициялар ТЭН-і және ҚЭН-і келесі ескертулер бойынша түзетулер жүргізу:

Бюджеттік заңнама бойынша талап етілетін тараулар және тарау бөліктері

Тармақтың/тараудың болуы/болмауы

1.




      7. Тұжырымдар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады