Бірыңғай байланыс-орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 81 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13339 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 368/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.10.2022 № 368/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз!

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді берушілермен өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 130 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10504 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2015 жылғы 9 шілдеде № 129 (28607) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2016 жылғы "__"________________



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 81 бұйрығымен бекітілген

Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидалары

1. Жалпы ереже

      1. Осы Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.

      2. Өзара іс-қимылға қатысушылар:

      1) Бірыңғай байланыс-орталығы;

      2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган;

      3) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган;

      4) орталық мемлекеттік органдар;

      5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар);

      6) өзге де көрсетілетін қызметті берушілер.

      3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет – осы көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі өзі арқылы қамтамасыз етілетін байланыс қызметтерін қоса алғанда, есептеу ресурстарын мүліктік жалдау (жалға беру) және (немесе) орналастыру, бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімдерді, сервистік бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызмет немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтығы;

      2) Бірыңғай байланыс-орталығы – ақпараттық-коммуникациялық, мемлекеттік қызметтер және өзге де қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты қызмет алушыларға, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну бойынша ақпараттық-анықтамалық қызмет функциясын атқаратын Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын заңды тұлға;

      3) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

      4) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

      5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      6) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде "Азаматтар үшін Үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингілеуге арналған ақпараттық жүйе;

      7) "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – АКИ операторы) – өзіне бекітіп берілген "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

      8) электрондық нысанда қызметтер көрсету субъектісі – мемлекеттік немесе өзге де қызметтерді электрондық нысанда көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

      9) электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъект – мемлекеттік немесе өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алуға өтініш білдірген жеке немесе заңды тұлға.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 05.03.2020 № 85/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Бірыңғай байланыс-орталығының орталық мемлекеттік
органдармен, облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың,
облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары,
қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың,
кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ
көрсетілетін қызметті берушілермен мемлекеттік қызметтерді
көрсету шеңберіндегі өзара іс-қимыл тәртібі

      4. Бірыңғай байланыс орталығы көрсетілетін қызметті алушыларға Бірыңғай байланыс орталығының консультация беруі үшін қабылдаған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат (бұдан әрі – ақпарат) беру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.

      5. Орталық мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат беруге жауапты тұлғаны тағайындайды және осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 05.03.2020 № 85/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ақпаратты берілгеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жауапты тұлға оқытуды жүргізеді немесе қызмет берушімен Бірыңғай байланыс орталығының жауапты қызметкерін оқытуды жүргізуін қамтамасыз етеді.

      7. Оқыту аяқталғаннан кейін Бірыңғай байланыс орталығының және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен орталық мемлекеттік органдардың немесе қызмет берушінің уәкілетті өкілдері қол қоятын Бірыңғай байланыс орталығымен консультация беру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті қабылдау хаттамасы (бұдан әрі – хаттама) жасалады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 05.03.2020 № 85/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы көрсетілетін қызметті алушыларға хаттамаға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні өткен соң бере бастайды.

      9. Өз функцияларын іске асыру кезінде Бірыңғай байланыс орталығы қажетті ақпарат пен түсініктемелер алу үшін өзара іс-қимылға қатысушыларға жүгінеді.

      10. Қызметі алушылар сұрау салуларын қанағаттандыру үшін ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда қызметті алушылар Бірыңғай байланыс орталығына оның сұрау салу бойынша мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзгеде құпияларды құрайтын ақпараттарды қоспағанда қажетті ақпаратты береді, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша Бірыңғай байланыс орталығының жауапты қызметкеріне ауызша консультациялар, телефон арқылы түсініктемелер және қосымша ақпараттар береді.

      Бірыңғай байланыс орталығының мамандары орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілу тәртібімен танысу мақсатында қызмет берушілерге, "Азаматтар үшін Үкімет" мемлекеттік корпорациясына барып келеді.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда жауапты тұлға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс тәртібімен берілген ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 05.03.2020 № 85/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен орталық мемлекеттік орган және қызметті беруші жауапты тұлғаларды ауыстырған жағдайда бес жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына ерікті нысанда тиісті ескерту жібереді және жауапты тұлғалар туралы жаңа мәліметтерді ұсынады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 05.03.2020 № 85/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Қызметті берушілер бір ай ішінде бірнеше рет Бірыңғай байланыс орталығына көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөніндегі қажетті ақпаратты беруден бас тартқан жағдайында, Бірыңғай байланыс орталығы растайтын құжаттар мен материалдарды қоса берумен, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпаратты ұсынудан бас тартқаны туралы хабарлайды.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы қызмет берушілерді Бірыңғай байланыс орталығы тиісті ақпараттандыруы үшін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      Қызметті берушілермен мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингілеудің ақпараттық жүйесіне енгізу тәртібі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес орнатылады.

      15. Бірыңғай байланыс орталығы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның жазбаша сұрау салуы бойынша Бірыңғай байланыс орталығының қызметті берушілермен ақпарат алмасу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін оқытуды жүргізеді.

      16. Бірыңғай байланыс орталығы есептік айдан кейінгі әр айдың бесінші күніне қарай мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсететін орталық мемлекеттік органға және жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес жазбаша (электрондық) түрде есептік ақпарат береді.

      17. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға қызметті берушінің беретін ішкі бақылау шеңберіндегі есептік ақпаратымен және Бірыңғай байланыс орталығы беретін есептік ақпараты арасында алшақтықтар туындаған жағдайда, Бірыңғай байланыс орталығы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органның сұрау салуы бойынша түсіндірме ақпаратты келесі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      18. Бірыңғай байланыс-орталығының электронды нысанда қызметтерді көрсету субъектілерімен өзара іс-қимыл осы Қағидалардың 5-10 тармағында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Бірыңғай байланыс-орталығының орталық мемлекеттік
органдармен, облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың,
облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары,
қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың,
кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ
көрсетілетін қызметті берушілермен ақпараттық-коммуникациялық
қызметтерді көрсету шеңберіндегі өзара іс-қимыл тәртібі

      19. Бірыңғай байланыс-орталығы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 29) тармақшасына сәйкес орталық мемлекеттік органдарды, жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілерді, олар көрсететін ақпараттық-комуникациялық қызметтер мәселелері жөнінде тәулік бойы консультациялық қолдап отыруды жүзеге асырады.

      20. Орталық мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілерден ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету мәселелері жөніндегі сұрау салу келіп түскенде Бірыңғай байланыс орталығы консультация ұсынады.

      21. Бірыңғай байланыс-орталығы қажетті ақпарат болмаған жағдайда мемлекеттік органның АКИ операторына сұрау салу жібереді.

      22. Ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың сұрау салулары АКИ операторымен келісім бойынша Бірыңғай байланыс орталығы бекітетін ақпараттық-коммуникациялық қызмет пайдаланушылардың сұрау салуларын өңдеу регламентінде белгіленген тәртіп және мерзім ішінде шешіледі.

      23. Құрылғыны, бағдарламалық қамтамасыз етуді ауыстыруға байланысты немесе басқа да жұмыстарды жүргізумен байланысты ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету толық немесе ішінара тоқтаған кезде, Бірыңғай байланыс орталығы АКИ операторынан келіп түскен ақпарат негізінде бір тәуліктен кем емес уақытта ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсетуде жоспарланған үзіліске дейін мемлекеттік органдарға хабарлайды.

      24. Бірыңғай байланыс орталығы ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету сапасын мониторингілеу шеңберінде есептік айдан кейінгі әр айдың бесінші күніне қарай ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттық жүйемен құрылған есепті мыналарға:

      1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға;

      2) АКИ операторына;

      3) мемлекеттік органдарға – ақпараттық-коммуникациялық қызметті алушыларға жібереді.

  Бірыңғай байланыс
орталығының орталық
мемлекеттік органдармен,
облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың, аудандардың,
облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы
органдарымен, қаладағы
аудандардың, аудандық маңызы
бар қалалардың, кенттердің,
ауылдардың, ауылдық
округтердің әкімдерімен,
сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл
қағидаларына
1-қосымша
  Форма

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түралы ақпарат

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 05.03.2020 № 85/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тізілімдегі №

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер (оның деректемелерін көрсете отырып)

Нормативтік құқықтық актілердің өзгерістері туралы мәлімет

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат орналасқан интернет-ресурс

Жауапты тұлғаның және көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы

Мемлекеттік органның жауапты тұлғасының және көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8









      Жауапты орындаушының Т.А.Ә.

      Күні: 20__жылғы " __"________

  Бірыңғай байланыс
орталығының орталық
мемлекеттік органдармен,
облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың, аудандардың,
облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы
органдарымен, қаладағы
аудандардың, аудандық маңызы
бар қалалардың, кенттердің,
ауылдардың, ауылдық
округтердің әкімдерімен,
сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл
қағидаларына
2-қосымша
  Форма

Есеп

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 05.03.2020 № 85/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Шағымның және өтініштің келіп түскен күні мен уақыты

Форумға жауапты тұлғаның Т.А.Ә.

Өңір

Өтініш берушінің Т.А.Ә.

Өтініш сипаты

Шағымның және өтініштің мазмұны

Қолданған шаралар, сұраным №

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің бұзылуы

Қызметкерлердің іс-әрекеті (әрекетсіздігі)

1

2

3

4

5

6

7

8

9











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады