Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.12.2021 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8930 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 77 (27698) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орындары қызметінің үлгілік қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Ұлттық жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын 3000 адамнан кем емес тиісті білім алушылар контингенті болған жағдайда іске асырады.
Ұлттық зерттеу университеттерінде, зерттеу университеттерінде және ұлттық жоғары оқу орындарында білім алушылар контингентінің сандық құрамы бір оқытушыға шаққанда келесі нормативтерге сәйкес келеді:
бакалавриат мамандықтары бойынша:
өнер және мәдениет – 3,5:1;
музыка және ән салу – 6:1;
шетел филологиясы және аударма ісі – 7:1;
бейнелеу өнері және сызу – 7:1.
басқа барлық мамандықтар бойынша:
күндізгі оқыту нысаны үшін – 8:1;
магистратурада – 4:1;
докторантурада – 3:1.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық зерттеу университеттеріне, зерттеу университеттеріне және ұлттық жоғары оқу орындарына білім алушыларды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысы) сәйкес жүргізіледі.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Университетке білім алушыларды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына сәйкес жүргізіледі.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Академиялар білім беру бағдарламаларын 1000 адамнан кем емес тиісті білім алушылар контингенті болған жағдайда іске асырады. Академияда күндізгі және сыртқы оқу нысандарындағы студенттердің арақатынасы кемінде 4:1 болуы тиіс. Осы ретте, білім алушылардың келтірілген контингенті олардың күндізгі, кешкі және сыртқы оқу нысандарындағы санына қарай анықталады. Күндізгі оқу нысанының студенттері - 1,0, кешкі оқыту нысанының студенттері - 0,5 және сыртқы оқу нысанының студенттері 0,25 коэффицентімен есептеледі.
Жоғары оқу орындарында білім алушылар контингентінің сандық құрамы бір оқытушыға шаққанда келесі нормативтерге сәйкес келеді:
бакалавриат мамандықтары бойынша:
өнер және мәдениет – 3,5:1;
музыка және ән салу – 6:1;
шетел филологиясы және аударма ісі – 7:1;
бейнелеу өнері және сызу – 7:1.
басқа барлық мамандықтар бойынша:
күндізгі оқыту нысаны үшін – 8:1;
кешкі нысан үшін – 16:1;
сыртқы нысан үшін – 32:1;
магистратурада – 4:1;
докторантурада – 3:1.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Академияға білім алушыларды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына сәйкес жүргізіледі.".
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Білім және ғылым Министрі | А. Сәрінжіпов |