«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген, 2015 жылғы
5 ақпандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларында:
13-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Аккредиттеуден өту үшін республикалық және өңірлік спорт федерациялары мынадай құжаттарды ұсынады:»;
2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) басқарудың атқарушы органының жеке құрамы туралы мәлімет;
3) Қазақстан Республикасында спорт федерациясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесін;
4) спорт федерациясы (өкілдіктерінің) филиалдарын есепке алып тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі;»;
6) және 7) тармақшалар алып тасталынсын;
8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық олимпиада комитеті, Азия олимпиадалық кеңесі немесе «Спорт-Аккорд» халықаралық конвенті таныған халықаралық спорт ұйымдарына мүшелігін растайтын және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті таныған құжаттың көшірмесі – олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін;
9) Қазақстан Республикасы атынан халықаралық спорт ұйымына мүшелігін және Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы құжаттың көшірмесі – ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық және өңірлік спорт федерациялары үшін;»;
16-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган республикалық немесе өңірлік спорт федерациясының мәртебесін растау үшін спорт федерациясын тіркеген Қазақстан Республикасының әділет органнан ақпарат сұратады.»;
28-тармақ алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данадағы көшірмесін қоса бере отырып, электрондық тасығышта осы бұйрықтың көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында және «ресми жариялау үшін, елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данадағы көшірмесін қоса бере отырып, электрондық түрде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілеттілік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы