Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.08.2019 № 637 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті (Е.Қ. Хаиров):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықтың көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________Е. Досаев
2016 жылғы 1 ақпан
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 136 бұйрығымен бекітілген |
Арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау осы әдісетемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Зан) 5-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалауға арналған.
2. Арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау
(бұдан әрі – бағалау) Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар жөніндегі бірыңғай үйлестіру орталығымен (бұдан әрі – бірыңғай үйлестіру орталығы) жүргізіледі.
3. Бағалау жыл сайын есептік (күнтізбелік) жыл қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
Жаңадан құрылған арнайы экономикалық аймақтар бойынша, бағалау оның құрылған сәтінен бастап арнайы экономикалық аймақтың нақты жұмыс істеу кезеңі ішінде және есептік (күнтізбелік) жылдың 31 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.
4. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы органы тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10-шы күнінен кешіктірмей, еркін үлгіде, "Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті ұсыну қағидалары мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Примьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 334 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7207 болып тіркелген) бекітілген деректерді міндетті түрде көрсете отырып, арнайы экономикалық аймақ қызметінің нәтижелері туралы есептілікті (бұдан әрі – есептік ақпарат) жібереді.
5. Бағалау үшін ақпарат көзі арнайы экономикалық аймақ басқарушы органының электрондык және қағаз тасығышта ұсынылатын есептік ақпараты болып табылады.
Көрсетілген бағалау нәтижесі белгілген арнайы экономикалық аймақтарда құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақты дамыту жоспарында бекітілген, орталық атқарушы органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) арнайы экономикалық аймақты құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен белгіленген арнайы экономикалық аймақтың жұмысы істеуінің нысаналы индикаторымен, нысаналы индикаторға қол жеткізбеудің сындарлы деңгейімен көзделген болжамды және жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуді бағалау болып табылады.
2. Бағалауды жүргізу тәртібі
6. Арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін бағалау мынадай өлшемшарттар бойынша әрбір арнайы экономикалық аймақ бойынша жеке жүзеге асырылады:
1) арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу;
2) арнайы экономикалық аймақ қатысушылары қызметінің тиімділігі;
3) арнайы экономикалық аймақ қызметінің ол құрылған аумақтағы әсері өңірдің (облыстың, республикалық маңызды бар қаланың, астананың) әлеуметтік-экономикалық дамуына;
4) арнайы экономикалық аймақ басқарушы органының басқару тиімділігі.
7. Осы Әдістеменің 6-тармағымен айқындалған әрбір өлшемшарт бойынша осы Әдістеменің 12 және 13-тармақтарына сәйкес тиісті баллдары қойылады.
Әрбір өлшемшарттың (кіші өлшемшарт) қорытынды мәні пайыздық көрікістегі көрсеткіштердің орташа мәні ретінде айқындалады.
8. "Арнайы экономикалық аймақтық жұмыс істеу тиімділігі" өлшемшартын бағалау кезінде мынадай көрсеткіштер ескеріледі:
1) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тарта отырып арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды іске асыратын, акционерлер (қатысушылар) және қатысушылар құрамында шетелдік инвесторлардың қатысуымен қатысушылар саны (болжам/нақты);
2) арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ қатысушысы құрған жұмыс орындарының саны (болжам/нақты) (уақытша жұмыс орындары/тұрақты жұмыс орындары);
3) инвестициялар көлемі, оның ішінде арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттарға сәйкес арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ қатысушыларымен жүзеге асырылған капиталдық салымдар (жоспар/нақты);
4) қосылған құн салығын, акциздерді (салық салудың жалпы жүйесін пайдаланатын қатысушылардың бухгалтерлік есептілігінің табыстары мен шығындары туралы есебіне сәйкес) және (немесе) арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды іске асыру нәтижесінде қатысушылар алған кірісетінің сомасын (салық салудың жеңілдетілген жүйесін қолдан, қатысушының салық салудың жеңілдетілген жүйесін қолдануымен байланысты төленетін, салық бойынша салық декларациясына сәйкес) есептемегендегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыс көлемі (болжам/нақты);
5) арнайы экономикалық аймақтың инженерлік, көліктік, әлеуметтік, инновациялық және өзге де инфрақұрылым объектілерін құруды қаржыландыру мақсатында арнайы экономикалық аймақ басқарушы органының жарғылық капиталына жеке инвестициялар көлемі;
6) Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің барлық бюджет деңгейіне арнайы экономикалық аймақ қатысушылары төлеген салық көлемі (болжам/нақты);
7) арнайы экономикалық аймақ қатысушылары төлеген кедендік төлемдер көлемі;
8) арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылған және пайдалануға енгізілген инженерлік инфрақұрылым объектілерінің саны (жоспар/нақты) және олардың жобалық қуаттылығы;
9) инфрақұрылым құрылысына салынған бюджеттік инвестициялар (республикалық, жергілікті бюджет қаражаты) көлемі (болжам/нақты).
Осы тармақтың 1)-9) тармақшаларында көрсетілген әрбір көрсеткішті орындау үлесі мынадай формула бойынша есептелінеді:
мұнда:
- бұл көрсеткішті орындау үлесі;
- бұл көрсеткішті орындаудың нақты мәні;
- бұл көрсеткіштің жалпы мәні;
9. "Арнайы экономикалық аймақ қатысушылары қызметінің тиімділігі" өлшемшартын бағалау осы Әдістеменің 8-тармағының 2), 3) және 6) тармақшаларында көзделген көрсеткіштерге сүйене отырып жүргізіледі.
Әрбір өлшемшарттың (кіші өлшемшарттың) қорытынды мәні пайыздық көріністегі көрсеткіштердің орташа мәні ретінде анықталады.
мұнда:
- көрсеткіштің орташа мәні;
Pi - тиісті өлшемшарттар шеңберінде әрбір көрсеткіштің үлесі;
– 15-тармаққа сәйкес болжамды-жоспарлық көрсеткіштерге нақты қол жеткізу бойынша тиісті балл.
10. "Арнайы экономикалық аймақ қатысушылары қызметінің тиімділігі" өлшемшарты өзіне "арнайы экономикалық аймақтар қызметі түрлерінің тиімділігі" кіші өлшемшарттарын қамтиды.
"Арнайы экономикалық аймақтар қызметі түрінің тиімділігі" кіші өлшемшарттары өңдеуші өнеркәсіп саласындағы және көлік-логистика саласындағы қызмет түрлеріне бөлінетін, арнайы экономикалық аймақтың қызмет түрлеріне сүйене отырып есептеледі.
11. Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы қызмет түрлері үшін "арнайы экономикалық аймақтар қызметі түрлерінің тиімділігі" кіші өлшемшарттары мынадай көрсеткіштерден тұрады:
1) өндірілген өнімнің жалпы көлемінде экспортталатын өнім үлесі мынадай формуламен есептеледі:
мұнда:
- бұл өндірілген өнімнің жалпы көлеміндегі арнайы экономикалық аймаққатар қатысушылары өндірілген экспортталатын өнімінің үлесі;
- бұл экспортталатын өнімнің ақшалай көріністегі нақты мәні;
- бұл Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімнің жалпы көлемі;
2) арнайы экономикалық аймақ аумағында орналастырылған, өндірістердің жалпы көлеміндегі экономиканың жоғары технологиялық секторына жататын өңдеуші өнеркәсіп үлесі мынадай формула бойынша есептелінеді:
мұнда:
- бұл өңдеуші өнеркәсіп саласындағы арнайы экономикалық аймақ аумағында орналастырылған өндірістердің жалпы көлеміндегі, экономиканың жоғары технологиялық секторына жататын өңдеуші өнеркәсіп үлесі;
– бұл жоғары технологиялық секторға жататын өңдеуші өнеркәсіптің нақты саны;
- бұл өңдеуші өнеркәсіп саласындағы арнайы экономикалық аймақ аумағында орналастырылған өндірістің жалпы саны;
3) кәсіпорындардың жалпы санындағы технологиялық инновацияны жүзеге асыратын кәсіпорындардың үлес салмағы (арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды жүзеге асыратын қатысушылар) мынадай формуламен есептелінеді:
мұнда:
– кәсіпорындардың жалпы санындаға, технологиялық инновацияны жүзеге асыратын кәсіпорындардың үлес салмағы;
– бұл технологиялық инновацияны жүзеге асыратын кәсіпорындардың нақты саны;
– бұл кәсіпорындардың жалпы саны;
12. Көліктік-логистика саласындағы қызмет түрі үшін "арнайы экономикалық аймақ қызметі түрлерінің тиімділігі" кіші өлшемшарты мынадай көрсеткіштерге сүйене отырып есептелінеді:
1) мынадай формула бойынша есептелінетін тауар айналымының жалпы көлеміндей экспорттың үлесі:
мұнда:
– бұл тауар айналымының жалпы көлеміндегі экспорт үлесі;
– бұл экспорттық өнімнің ақшалай көріністегі нақты көлемі;
– бұл тауар айналымының ақшалай көріністегі жалпы көлемі;
2) мынадай формула бойынша есептелінетін тауар айналымының жалпы көлеміндегі импорттың үлесі:
мұнда:
– бұл жалпы көлеміндегі тауар айналымының импорттық үлесі;
– бұл өнім импортының нақты саны;
– бұл тауар айналымының жалпы көлемі;
13. "Арнайы экономикалық аймақ қызметінің ол құрылған аумақтан өңірдің (облыстың, республикалық маңызды қаланың, астананың) әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері" өлшемшарты мыналар ретінде анықталады:
1) арнайы экономикалық аймақ құрылған аумақтан әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызды қаланың, астананың) еңбекке қабілетті тұрғындар санына осы Әдістеменің 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген көрсеткіштерге қатынасы (есептеу үшін бағалау жылының 31 желтоқсанындағы жай-күй бойынша көрсеткіштің мәні пайдаланылады).
Көрсеткіштің қорытынды мәні мынадай формула бойынша есептелінетін пайызда көрсетілуі мүмкін:
мұнда:
– бұл арнайы экономикалық аймақ құрылған аумақта, әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызды қаланың, астананың) еңбекке қабілетті тұрғындар санына осы Әдістеменің 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген көрсеткіштің қатынасы;
– бұл, осы Әдістеменің 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген көрсеткіш;
– бұл арнайы экономикалық аймақ құрылған аумақтағы, әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызды қаланың, астананың) еңбекке қабылетті тұрғындар санының көрсеткіші;
2) арнайы экономикалық аймақ құрылған аумақтағы әкімшілік бірліктің жалпы өңірлік өнімі көлеміне осы Әдістеменің 8-тармағының
4) тармақшасында көрсетілген көрсеткіштың қатынасы (есептеу үшін көрсеткіштердің жылдық мәні пайдаланылады; көрсеткіштердің қорытынды мәндері пайызбен көрсетіледі) мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
– бұл арнайы экономикалық аймақ құрылған аумақтағы әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің жалпы өңірлік өнімі көлеміне осы Әдістеменің 8-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген көрсеткіштің қатынасы;
– бұл қосылған құн салығын, акциздерді (салық салудың жалпы жалпы жүйесін пайдаланатын қатысушылардың бухгалтерлік есептілігінің табыстары мен шығындары туралы есебіне сәйкес) және (немесе) арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды іске асыру нәтижесінде қатысушылар алған кірістің сомасын (салық салудың жеңілдетілген жүйесін қолданған, қатысушының салық салудың жеңілдетілген жүйесін қолдануымен байланысты төленетін, салық бойынша салық декларациясына сәйкес) есептемегенде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыс көлемі(болжам/нақты);
– бұл арнайы экономикалық аймақ құрылған аумақтарда әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің жалпы өңірлік өнімі көлемі;
3) арнайы экономикалық аймақ құрылған аумақтағы әкiмшiлiк-аумақтық бірлікте тіркелген салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің барлық денгейіндегі бюджеттеріне төлеген салық көлеміне осы Әдістеменің 8-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген көрсеткіштің қатынасы (көрсеткіштің қорытынды мәні пайызбен көрсетілуі мүмкін) ол мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
– бұл арнайы экономикалық аймақ құрылған аумақтағы әкiмшiлiк-аумақтық бірлікте тіркелген салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттеріне төлеген салық көлеміне осы Әдістеменің 8-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген көрсеткіштің қатынасы;
– бұл осы Әдістеменің 8-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген көрсеткіш;
– бұл арнайы экономикалық аймақ құрылған аумақтағы әкiмшiлiк-аумақтық бірлікте тіркелген салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттеріне төлеген салық көлемінің көрсеткіші.
14. "Арнайы экономикалық аймақ басқарушы органының басқару тіимділігі" өлшемшарты:
арнайы экономикалық аймақтың болжамды және жоспарлы көрсеткіштеріне осы Әдістеменің 8-тармағының 1) және 8) тармақшаларында көзделген көрсеткіштердің қатынасы ретінде анықталады;
арнайы экономикалық аймықтың жалпы алаңындағы, арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының меншігіндегі және (немесе) жалға берілетін жер учаскелерінің сомалық алаңының үлесі мынадай формула бойынша есептеледі;
мұнда:
- бұл көрсеткішті орындау үлесі;
- бұл арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының меншігіндегі және (немесе) жалға берілетін учаскелердің нақты мәні;
- бұл арнайы экономикалық аймақ аумағында орналасқан жер учаскелерінің жалпы алаңы;
арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының шарттық міндеттемелерімен мәлімделген және расталған, көрсетілген объектілер санында пайдалануға енгізілген, құрылған немесе құрылып жатқан инженерлік инфрақұрылым объектілерінің, оның ішінде жылумен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету, электрмен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, су бұрғыштармен қамтамасыз ету үлесі мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
- бұл көрсеткішті орындау үлесі;
- бұл пайдалануға енгізілген инженерлік инфрақұрылым объектілерінің нақты саны;
- пайдалануға енгізуге мәлімделген инфрақұрылым объектілерінің жалпы саны;
15. Арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін бағалау осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес әрбір өлшемшарт бойынша арнайы экономикалық аймақтың болжамды және жоспарлы көрсеткіштерін орындауды есепке ала отырып, жүзеге жүргізіледі.
3. Қорытынды ережелер
16. Жүргізілген бағалау қорытындылары бойынша бірыңғай үйлестіру орталығы бағалау жүргізілетін есептік жылдан кейінгі жылдың 1 қарашасына дейін жүргізілетін бағалау туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсынады.
Жүргізілген бағалау туралы ақпарат оны уәкілетті органға жіберген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бірыңғай үйлестіру орталығының интернет ресурсында орналастырылады.
Уәкілетті орган жүргізілетін бағалау туралы ақпараттың негізінде арнайы экономикалық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы талдамалық ақпаратты қалыптастырады және осы есептік жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
Уәкілетті орган жүргізілетін бағалау туралы ақпараттың негізінде арнайы экономикалық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы талдамалық ақпаратты қалыптастырады және осы есептік жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
Арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне қосымша |
Арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін бағалау өлшемшарттары
Арнайы экономикалық аймақ қызметінің көрсеткішін бағалау үшін мәндердін бес баллдық мән жүйесі қолданылады:
5 балл – жоспарлы көрсеткіштерге 90 пайыздан астам қол жеткізілген кезде;
4 балл - жоспарлы көрсеткіштерге 71-90 пайызға қол жеткізілген кезде;
3 балл - жоспарлы көрсеткіштерге 51-70 пайызға қол жеткізілген кезде;
2 балл - жоспарлы көрсеткіштерге 36-50 пайызға қол жеткізілген кезде;
1 балл - жоспарлы көрсеткіштерге 35 пайыздан төмен орындаған жағдайда;
0 балл – жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілген кезде.
Арнайы экономикалық аймақтың болжамды-жоспарлы көрсеткіштеріне (өлшемшарттарына) нақты қол жеткізу бойынша арнайы экономикалық аймақ қызметінің сомалық көрсеткішінің қорытынды мәні орта есептік мән ретінде айқындалады.
Алынған орта есептік мән негізінде арнайы экономикалық аймақтың қызмет етіп бастаған кезеңі және есептік кезең ішіндегі арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігіне мынадай өлшемшарттарды пайдалана отырып бағалау жүргізіледі:
5-тен 4-ке дейінгі балл - арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін көрсететін мән;
4-тен 3-ке дейінгі балл - арнайы экономикалық аймақ қызметінің жеткілікті тиімділігін көрсететін мән;
3-тен 2-ге дейінгі балл - жекелеген бағыттар бойынша жетілдіру қажеттілігімен арнайы экономикалық аймақ қызметінің шартты-тиімділігін көрсететін мән;
2-ден 1-ге дейінгі балл – арнайы экономикалық аймақ қызметі тиімділігінің төмен деңгейін көрсететін мән;
1 баллдан төмен – арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімсіздігін көрсететін мән.