Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери мақсаттағы өнімнің тізбелерін қалыптастыру және оны әкелуді (әкетуді) бақылау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 наурызда № 13389 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 1002 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарттың 6-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери мақсаттағы өнімнің тізбелерін қалыптастыру және оны әкелуді (әкетуді) бақылау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

      2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.Ж. Жанжүменовке жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 11.09.2017 № 520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
И. Тасмағамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      Ә. Исекешев

      2016 жылғы 5 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

      күзет қызметінің бастығы генерал-майор

      А. Күреңбеков

      2016 жылғы 28 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ұлттық

      қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      Ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты

      В. Жұмақанов

      2016 жылғы 2 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      полиция генерал-полковнигі

      Қ. Қасымов

      2016 жылғы 25 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 27 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери
мақсаттағы өнімнің тізбелерін қалыптастыру және оны әкелуді
(әкетуді) бақылау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери мақсаттағы өнімнің тізбелерін қалыптастыру және оны әкелуді (әкетуді) бақылау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар әскери мақсаттағы өнімді (бұдан әрі – Өнім) Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкелуді және Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына әкетуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы уәкілетті ұйымдарының (бұдан әрі – ҚР уәкілетті ұйымдары) әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қызметіне қолданылады.

      3. Шартқа сәйкес әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыратын (әскери мақсаттағы өнімді әкелуді және әкетуді қоса алғанда) ҚР уәкілетті ұйымдары мемлекеттік органдар, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының аумағында осындай қызмет түріне қатысты лицензиялау енгізілген болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтің тиісті түріне құқығы бар ұйымдар болып табылады.

      Қазақстан Республикасында әскери мақсаттағы өнімнің тізбелерін қалыптастыру және Қазақстан Республикасына (нан) оны әкелуді (әкетуді) бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚР уәкілетті органы) болып табылады.

      Ресей Федерациясында әскери мақсаттағы өнімнің тізбелерін қалыптастыру және Қазақстан Республикасынан (на) оны әкелуді (әкетуді) бақылау жөніндегі уәкілетті орган Ресейдің Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералдық қызметі (бұдан әрі – РФ уәкілетті органы) болып табылады.

2. Өнімнің тізбелерін қалыптастыру және оны әкелуді (әкетуді) бақылау тәртібі

      4. Ресей Федерациясының Өнімін сатып алуға мүдделілік танытқан ҚР уәкілетті ұйымдары ағымдағы және келісімшарт (шарт) жасасылған жылдың алдындағы жылдың әр тоқсанының соңғы айының 25-і күнінен кешіктірмей, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шарт шеңберінде көрсетілген жылы ҚР уәкілетті органына қағаз және электрондық жеткізгіштерде (Microsoft Office Excel) Қазақстан Республикасына Өнімді әкелуге өтінімдерді (бұдан әрі – Өтінім), сондай-ақ көрсетілген Өнімді сатып алу қажеттілігі негіздемесін жолдайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 11.09.2017 № 520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. ҚР уәкілетті ұйымдарының өтінімдері негізінде ҚР уәкілетті органы Шарт шеңберінде Қазақстан Республикасына әкелу үшін арналған өнім тізбесін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша № (нөмір) берумен және іске асыру жылын көрсетумен қалыптастырады.

      6. Қалыптастырылған Қазақстан Республикасына әкелу үшін арналған өнім тізбесіне ҚР уәкілетті органының уәкілетті лауазымды адамы қол қояды және мөрмен бекітіледі.

      7. ҚР уәкілетті органы қалыптастырылған Қазақстан Республикасына әкелу үшін арналған өнім тізбесін РФ уәкілетті органына бекіту үшін жолдайды.

      8. РФ уәкілетті органынан бекітілген Қазақстан Республикасына әкелу үшін арналған өнім тізбесін алғаннан кейін ҚР уәкілетті органы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша № (нөмір) берумен және іске асыру жылын көрсетумен тізбеден үзінді-көшірмені ресімдейді және ҚР уәкілетті ұйымдарына оларға қатысты бөлігінде жолдайды.

      9. ҚР уәкілетті органы РФ уәкілетті органынан Ресей Федерациясының уәкілетті ұйымдары сатып алуға мүдделілік танытқан Өнімнің тізбесін ала отырып, ҚР уәкілетті ұйымдарына олардың осы өнімді ұлттық мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін залалсыз жеткізу мүмкіндігі туралы сұрау салады.

      10. ҚР уәкілетті ұйымдарының жауаптарын ескере отырып, ҚР уәкілетті органы РФ уәкілетті органынан алынған Қазақстан Республикасынан әкету үшін арналған өнім тізбесіне түзетулер енгізеді. Қазақстан Республикасынан әкету үшін арналған нақтыланған өнім тізбесіне ҚР уәкілетті органының уәкілетті лауазымды адамы қол қояды, мөрмен бекітіледі және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      11. ҚР уәкілетті органы Қазақстан Республикасынан әкету үшін арналған өнім тізбесін ресімдеуді аяқтағаннан кейін бұл туралы РФ уәкілетті органын жазбаша түрде хабардар етеді және ҚР уәкілетті ұйымдарына оларға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасынан әкету үшін арналған өнім тізбесінен үзінді-көшірмелерді жолдайды.

      12. ҚР уәкілетті органы Қазақстан Республикасына әкелу (Қазақстан Республикасынан әкету) үшін арналған өнім тізбелерінің көшірмелерін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмыста пайдалану үшін, ал Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне – олардың сұрау салулары бойынша жолдайды.

      13. Егер РФ уәкілетті ұйымдары сатып алуға мүдделілік танытқан өнім Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді қамтыса, әкету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақтала отырып, 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімнің нормалары қолданылады.

      14. Қазақстан Республикасына әкелу (Қазақстан Республикасынан әкету) үшін арналған өнім тізбесінен үзінді-көшірмелер тіркеледі, ҚР уәкілетті органының уәкілетті лауазымды адамы қол қояды және мөрмен бекітіледі. Өнім тізбесінен үзінді-көшірмелердің қолданылу мерзімі ҚР уәкілетті ұйымдарының келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімімен айқындалады.

      15. Қазақстан Республикасына әкелу (Қазақстан Республикасынан әкету) үшін арналған өнім тізбесінен алынған үзінді-көшірмелер негізінде ҚР уәкілетті ұйымдары Ресей Федерациясының уәкілетті ұйымдарымен келісімшарттар жасасады және Өнімді Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкелуді және Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына әкетуді жүзеге асырады.

      16. Экспорттық бақылауға жататын өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу (аумағынан әкету) "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      17. ҚР уәкілетті органы құзыреті шегінде Өнімді Қазақстан Республикасына (нан) әкелу (әкету) кезінде экспорттық бақылау саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті органымен өзара іс-қимыл жасайды.

      18. ҚР уәкілетті органы тараптар бекіткен тізбелерге сәйкес тоқсан сайынғы негізде ҚР уәкілетті ұйымдарының есеп берулерін алу жолымен әкелінген (әкетілген) өнімді бақылауды қамтамасыз етеді.

      19. Өнімді әкелуді/әкетуді жүзеге асырған ҚР уәкілетті ұйымдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күні осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шарт шеңберінде көрсетілген жылда Қазақстан Республикасына әкелінген (Қазақстан Республикасынан әкетілген) өнім туралы есеп беруді ҚР уәкілетті органына ұсынады.

      20. ҚР уәкілетті ұйымдары осы Қағидаларға 1 және 5-қосымшаларда көрсетілген нысандарды бұза отырып жасалған құжаттарды ұсынған жағдайда ҚР уәкілетті органы кемшіліктерді жою үшін құжаттарды қайтарады.

  Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы әскери
мақсаттағы өнімнің тізбелерін
қалыптастыру және оны әкелуді
(әкетуді) бақылау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы уәкілетті ұйымының толық атауы)

      2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей

      Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы

      шартшеңберінде

      20___ жылы Қазақстан Республикасына әскери мақсаттағы өнімді әкелуге

      өтінім

Жеткізуші

Өнімнің атауы

Тауар номенклатурасының коды

Өлшем бірлігі

Саны

Сатып алу мақсаты


      Қазақстан Республикасы

      уәкілетті ұйымының басшысы

      (басшының орынбасары) ______________ _________________

      (қолы) (аты-жөні, тегі)

      20___жылғы "___"__________

  Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы әскери
мақсаттағы өнімнің тізбелерін
қалыптастыру және оны әкелуді
(әкетуді) бақылау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Бекітемін

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрінің орынбасары

      _______________________________

      20 ___ жылғы "___"_____________

      2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен

      Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы

      шартшеңберінде Қазақстан Республикасына әкелу үшін арналған әскери

      мақсаттағы өнімнің

      ______ жылға арналған

      № ______ тізбесі

Жеткізуші

Өнімнің атауы

Тауар номенклатурасының коды

Өлшем бірлігі

Саны

Сатып алу мақсаты


      Әскери мақсаттағы өнімді

      экспорттық бақылауға жауапты

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс

      министрлігі құрылымдық

      бөлімшесінің басшысы _________ _________________

      (қолы) (аты-жөні, тегі)

  Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы әскери
мақсаттағы өнімнің тізбелерін
қалыптастыру және оны әкелуді
(әкетуді) бақылау қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей

      Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт

      шеңберінде Қазақстан Республикасына әкелу (Қазақстан Республикасынан

      әкету) үшін арналған әскери мақсаттағы өнімнің ______ жылға арналған

      № ____ тізбесінен үзінді-көшірме

      Тіркеу нөмірі ___________

      20___жылғы "____"___________берілді

      Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйымы (алушы, жеткізуші)

      _____________________________________________________________________

      (толық атауы)

      Ресей Федерациясының уәкілетті ұйымы (алушы, жеткізуші)

      _____________________________________________________________________

      (толық атауы)

Р/с

Өнімнің атауы

Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды

Өлшем бірлігі

Саны


      Әскери мақсаттағы өнімді

      экспорттық бақылауға жауапты

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс

      министрлігі құрылымдық

      бөлімшесінің басшысы ________________ ________________

      (қолы) (аты-жөні, тегі)

      М.О.

  Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы әскери
мақсаттағы өнімнің тізбелерін
қалыптастыру және оны әкелуді
(әкетуді) бақылау қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

      Бекітемін

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрінің орынбасары

      _______________________________

      20 ___ жылғы "___"_____________

      2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей

      Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы

      шартшеңберінде Қазақстан Республикасынан әкету үшін арналған

      әскери мақсаттағы өнімнің

      ____ жылға арналған № ____ тізбесі

Жеткізуші

Өнімнің атауы

Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды

Өлшем бірлігі

Саны

Сатып алу мақсаты


      Әскери мақсаттағы өнімді

      экспорттық бақылауға жауапты

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс

      министрлігі құрылымдық

      бөлімшесінің басшысы ________________ ________________

      (қолы) (аты-жөні, тегі)

      М.О.

  Қазақстан Республикасы мен
Ресей Федерациясы арасындағы
әскери мақсаттағы өнімнің
тізбелерін қалыптастыру және
оны әкелуді (әкетуді) бақылау
қағидаларына
5-қосымша
Нысан

2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде 20___ жылы
Қазақстан Республикасына әкелінген (Қазақстан Республикасынан әкетілген)
әскери мақсаттағы өнім туралы есеп беру

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 11.09.2017 № 520 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20___ жылғы ________ есеп беру кезеңі

      Индекс: 398 ПВН
      Кезеңділік: тоқсан сайын
      Есеп беруді ұсынатын адамдар шеңбері: Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйымдары
      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне
      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне

      Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйымы (алушы, жеткізуші)

      ____________________________________________________________________

      (толық атауы)

      Ресей Федерациясының уәкілетті ұйымы (жеткізуші, алушы)

      ____________________________________________________________________

      (толық атауы)

Келісімшарттың нөмірі мен күні

Үзінді-көшірменің тіркеу нөмірі және күні

Өнімнің атауы

Өлшем бірлігі

Бірлік саны

Бір бірлік үшін құны

Келісімшарттың орындалуы

      Орындаушы ___________________        _____________

      (Т.А.Ә, бар болған жағдайда)             (қолы)

      ЖСН/ БИН_______________________________________________________________

      Ұйымның мекенжайы __________________________________________________

      Ұйымның телефоны ________________________________________________

Қазақстан Республикасы
уәкілетті ұйымының басшысы
(басшының орынбасары)

______________
(қолы)

___________________
(Т.А.Ә, бар болған жағдайда)




М.О. 20___жылғы

"___"___________

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде
20___ жылы Қазақстан Республикасына әкелінген (Қазақстан Республикасынан
әкетілген) әскери мақсаттағы өнім туралы есеп беру"
1-тарау. Жалпы ереже

      1. "2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде 20___ жылы Қазақстан Республикасына әкелінген (Қазақстан Республикасынан әкетілген) әскери мақсаттағы өнім туралы есеп беру" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан (бұдан әрі – нысан) 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес әзірленді.

      2. ҚР Уәкілетті ұйымдары нысанды тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күні ҚР Уәкілетті органына ұсынады.

      3. Нысанға Қазақстан Республикасы уәкілетті ұйымының басшысы (басшының орынбасары) қол қояды.

      4. Нысан үзінді көшірмеде (3-қосымша) көрсетілген деректердің және жасасылған келісімшарттың негізінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 1-бағанда келісімшарт нөмірі және күні көрсетіледі.

      6. 2-бағанда тізбеден (Қазақстан Республикасының Уәкілетті органы жолдаған 3-қосымша) үзінді көшірменің тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі.

      7. 3-бағанда өнімнің атауы көрсетіледі.

      8. 4-бағанда өлшем бірлігі көрсетіледі.

      9. 5-бағанда бірлік саны көрсетіледі.

      10. 6-бағанда бірлік құны көрсетіледі.

      11. 7-бағанда келісімшарттың орындалуы туралы ақпарат көрсетіледі.

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады