2016-2019 жылдар кезеңіне озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 35 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 наурызда № 13399 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 313-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 қазандағы Заңымен қосылған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған 2016-2019 жылдар кезеңіне озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттері (квоталары) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы респубикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                        В. Школьник

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 4 ақпандағы
№ 35 бұйрығымен   
бекітілген      

2016 – 2019 жылдар кезеңіне озонды бұзатын
заттарды тұтыну лимиттері (квоталары)

Жылдар

Квоталар (тонна)*

2016

71

2017

71

2018

71

2019

71

      Ескертпе:
      * цифрлер Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың шеңберінде үшінші елдермен саудалауда Кеден одағына мүше мемлекеттерге әкелуге немесе әкетуге тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.1-бөлімінің С тізімінде көрсетілген озонды бұзатын заттарға қатысты және Озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль Хаттамасының Тараптары Отырысының шешіміне сәйкес (№ XXVI/13, 2014 жыл) белгіленген.
      Сыртқы сауда қызметінің қатысушылары арасында озонды бұзатын заттарды тұтынуға рұқсат етілген көлемін бөлу сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2014 – 2015 жылдары әкелген көлемге пропорционалды жүзеге асырылады (Vi(2014), Vi(2015)).
      Сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысына озонды бұзатын заттардың тұтынуға рұқсат етілген көлемі сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы белгіленген тәртіппен берген өтініште көрсетілген көлемге қарамастан, озонды бұзатын заттарды тұтынуға рұқсат етілген көлемін есептеуге сәйкес есептелген көлемнен (Vi) аспауы тиіс.
      2016, 2017, 2018 және 2019 жылдар ішінде бойынша белгіленген тәртіппен озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуға өтінім берген сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы үшін озонды бұзатын заттарды тұтынуға рұқсат етілген көлемді (Vi) есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

Vi = ki*Vжалпы,

      мұндағы:
      Vжалпы – мөлшерлік шектеумен белгіленген және 2016 – 2019 жылдары тұтынуға рұқсат етілген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;
      ki – сыртқы сауда қызметінің әрбір қатысушысы үшін мына формула бойынша есептелген коэффициент:

                 Vi(2014)+Vi(2015)
      ki = ––––––––––––––––––––––––––––––,
            Vжалпы(2014)+Vжалпы(2015)

      мұндағы:
      Vi(2014) – сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2014 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;
      Vi(2015) – сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2015 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;
      Vжалпы(2014) – сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары 2014 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;
      Vжалпы(2015) – сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары 2015 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады