Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 58 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 наурызда № 13411 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.02.2018 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларының 7, 10, 21 және 27-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеме;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі әдістеме;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларының, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын мониторингін жүргізу жөніндегі әдістеме;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларының бағалау жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Құқықтық ақпараттың республикалық орталығына баспа және электрондық түрде оның көшірмесін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 04 ақпандағы
№ 58 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді
аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік
және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың
стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын
әзірлеу жөніндегі әдістеме
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларына сәйкес әзірленді.

      2. Әдістеме Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды (бұдан әрі – стратегиялық және бағдарламалық құжаттар), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу бойынша тәсілдерді ашып көрсетеді.

      3. Талдау, модельдеу, пайымдауды қалыптастыру және басымдықтарды, стратегиялық мақсаттарды, нысаналы индикаторларды, міндеттер мен оларға қол жеткізу жолдарын айқындау, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын ресурстық қамтамасыз ету процесі әзірлеу болып табылады.

      4. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әзірлеуші мемлекеттік орган – стратегиялық немесе бағдарламалық құжатты, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын, аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган;

      2) декомпозиция – Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының мақсаттарын, нысаналы индикаторларын, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштерін оларды Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған құжаттарында көрсету үшін құрамдас мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге және нәтижелер көрсеткіштеріне бөлу процесі;

      3) жоспарлау кезеңі – елді (белгілі бір қызмет аясын, тиісті аумақты) дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, негізгі бағыттарын айқындау;

      4) жоспарлы кезең – стратегиялық немесе бағдарламалық құжат, мемлекеттік органның стратегиялық жоспары, аумақтарды дамыту бағдарламасы әзірленетін кезең;

      5) каскадтау – Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттары иерархиясының жоғарғы деңгейлерінің мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері, нәтижелер көрсеткіштері Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттары иерархиясының төменгі деңгейлерінің тиісті мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен нәтижелерінің көрсеткіштеріне ауысу әдісі;

      6) нәтиже көрсеткіші – міндетінің шешілу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін санмен өлшенетін көрсеткіш;

      7) нысаналы индикатор – қол жеткізу деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін мақсаттың сандық мәні;

      8) талдау кезеңі – ағымдағы ахуалға, елді (белгілі бір қызмет аясын, тиісті аумақты) дамытудың ықтимал сценарийлеріне себеп-салдарлық талдау жүргізу.

2. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту
бағдарламаларын әзірлеудің негізгі ережелері

      5. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу екі кезеңнен тұрады:

      1) талдау кезеңі;

      2) жоспарлау кезеңі.

      6. Талдау кезеңінің негізінде:

      ішкі және сыртқы ортадағы процестер мен үрдістер;

      елді (бір қызмет аясын, тиісті аумақты) дамытудың мүмкіндіктері мен ықтимал қатерлерінің аясы;

      шешілуі елді (белгілі бір қызмет аясын, тиісті аумақты) одан әрі дамыту үшін қажет проблемалар анықталады.

      7. Жоспарлау кезеңінде:

      бірінші деңгейдегі құжаттар үшін – ұзақ мерзімді кезеңде елдің дамуын айқындайтын жалпы ұлттық нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер;

      екінші деңгейдегі құжаттар үшін – жалпы ұлттық нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған салалар және аяларды дамытудың нысаналы индикаторлары және көрсеткіштері;

      үшінші деңгейдің құжаттары үшін – өңірлерді дамытудың, орталық мемлекеттік органдар қызметінің нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері әзірленеді.

1-параграф. Талдау кезеңі

      8. Талдау жүргізу үшін елдегі (белгілі бір қызмет аясындағы, тиісті аумақтағы) ахуал туралы қолжетімді ақпаратты жинау мен құрылымдау жүзеге асырылады.

      9. Талдауға арналған ақпарат көздері:

      ресми статистикалық ақпарат және ведомстволық статистикалық қадағалау;

      интерактивті семинарлар, атқарушы және заң шығарушы билік, өкілдерімен, кәсіпкерлік субъектілерімен, ғылыми қоғам өкілдерімен сұхбат;

      халық арасында сауалнама (анкета) жүргізу, халық пен кәсіпкерлік субъектілердің қалауларын анықтау үшін интернет-технологияларды пайдалану;

      стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының және аумақтарды дамыту бағдарламаларының алдағы өткен кезеңдегі іске асырылуы туралы есептер болуы мүмкін.

      10. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу және түзету кезінде талдау үшін ағымдағы жылдан бұрынғы соңғы үш жылдағы деректер пайдаланылады.

      11. Мынадай:

      экономикалық және қаржылық;

      демографиялық;

      технологиялық;

      әлеуметтік және мәдени;

      кеңістіктік және экологиялық;

      заңнамалық және реттеуші;

      басқарушылық және тағы сол сияқты факторлар тобы атап көрсетіледі.

      12. Елдегі жағдайдың (белгілі бір қызмет аясындағы, тиісті аумақтың) дамуына сүйене отырып, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының және аумақтарды дамыту бағдарламаларының өткен кезеңдегі іске асырылу қорытындыларын ескере отырып, елдің (белгілі бір қызмет аясындағы, тиісті аумақтағы) дамуына ықпал ететін және олар бойынша талдау жүргізілетін сыртқы және ішкі факторлардың тізбелері қалыптастырылады.

      13. Дамудың сыртқы факторларына мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің әрекеттеріне тәуелсіз, қазіргі уақытта және алдағы жоспарлы кезеңде елдің (белгілі бір қызмет аясының, тиісті аумақтың) дамуына елеулі ықпал ететін шарттар жатады.

      14. Дамудың ішкі факторларына – сыртқы факторлардың әртүрлі өзгерістерін ескере отырып, олардың негізінде стратегия қалыптастырылатын ресурстар мен әлеует жатады.

      15. Ішкі даму факторларын талдау елдегі (белгілі бір қызмет аясы, тиісті аумақ) жағдай туралы тұтас түсінік береді.

      16. Дамудың мүмкін үрдістерін қалыптастыру үшін ішкі факторларды бағалауды басқа елдердің тәжірибесімен салыстыру келтіріледі.

      17. Сыртқы және ішкі факторларға, статистикалық деректерге, жүргізілген сұхбаттарға, сауалнамаларға, фокус-топтарға, мүдделі тараптармен консультацияларға жүргізілген талдау нәтижелері жинақталады және жалпыланады.

      18. Талдау жүргізу кезінде талдау әдісінің бірі ретінде SWOT-талдау пайдаланады.

      SWOT-талдау елді (белгілі бір қызмет саласын, тиісті аумақты) дамытудың ішкі және сыртқы ортаcының факторларын анықтауды және оларды төрт санатқа: Strengths (күшті жақтары), Weaknesses (әлсіз жақтары), Opportunities (мүмкіндіктері) және Threats (қауіптер) бөлуді білдіретін стратегиялық жоспарлау әдісі болып табылады.

      19. SWOT-талдау деректері бойынша негізгі артықшылықтар мен кемшіліктердің, қолайлы мүмкіндіктер мен ықтимал қауіптер арасында байланыс орнатылады.

      20. Елдің (белгілі бір қызмет саласының, тиісті аумақтың) дамуына ықпал ететін күшті жақтары және елдің (белгілі бір қызмет саласының, тиісті аумақтың) дамуын тежейтін және (немесе) оның дамуына теріс ықпал ететін әлсіз жақтары – елдің (белгілі бір қызмет саласының, тиісті аумақтың) дамуының ішкі, яғни бақылауға бағынбайтын аспектілері болып табылады.

      21. Елдің (белгілі бір қызмет саласының, тиісті аумақтың) дамуына оң ықпал ететін және қауіп, сыртқы ортаның сипаттамаларына, ықпалына байланысты және елді (белгілі бір қызмет аясынының, тиісті аумақтың) дамуына оның дамуына теріс ететін және ықпал етуге бағынышты емес ықпалмен мүмкіндіктер сыртқы аспектілер болып табылады.

      22. Талдау негізінде проблемаларды тұжырымдау және олардың себеп-салдарлық байланыстарын айқындау жүзеге асырылады.

      23. Талдаудың осы кезеңінде негізгі проблеманы бөліп қарау үшін, оның пайда болу себептерін және одан болатын салдарларды белгілеу, ал одан әрі проблеманы шешу бойынша іс-қимылдар реттілігін айқындау үшін проблемалар талданады.

      24. Негізгі проблемаларға шешілуі басымды сипатқа ие және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің әзірленетін құжатын іске асыру оның шешілуіне бағдарланатын проблемалар жатады.

      25. Проблемалар мынадай критерийлерге сәйкестігі тұрғысынан қарастырылады:

      өзектілік, яғни стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақты дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезіндегі;

      нақтылық, яғни проблеманы тұжырымдау, мүдделі тараптарға жеткізу мүмкіндігіне байланысты нақты баяндалады;

      қысқа және ықшам, яғни проблеманы тұжырымдау, артық толықтыруларсыз баяндалады.

      26. Проблемалар бірін бірі қайталай алмайды. Егер бірнеше проблема мағынасы жағынан жақын болса, олар біріктіріледі не проблемалар арасындағы көрнекі айырмашылықты айқындау мақсатында олардың тұжырымдамасы нақтыланады.

      27. Барлық мүмкін проблемалар анықталғаннан кейін, проблемалардың иерархиялық орналасуы және олардың арасындағы себеп-салдар байланыстары белгіленеді. Бұл үшін проблемалар бір-бірімен қалай байланысатыны, яғни "проблемалар-себептер" және "проблемалар-салдарлар" белгіленеді.

      28. Егер бір проблема екіншісі үшін себеп болып табылса, онда ол бір деңгейге түсіріледі, егер ол салдар болса – онда жоғары көтеріледі. Егер проблемалар бір біріне қатысты себеп те, салдар да болып табылмаса, онда олар бір деңгейге орналастырылады.

      29. Осыдан кейін келесі жоспарлау кезеңіне негізгі проблемалар айқындалады, олардың шеңберінде стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттың, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының, аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеуді іске асыру жоспарланады.

      Ол үшін:

      стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттың, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру нәтижесінде проблемалар қай деңгейге дейін шешілетінін (проблемалар - себептер);

      қандай проблемалар өздігінен немесе басқа проблемаларды шешу салдарынан шешілетіні (проблемалар – салдарлар) айқындалады.

2-параграф. Жоспарлау кезеңі

      30. Әзірленетін стратегиялық стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, аумақтарды дамыту бағдарламалары тиісті құжаттың мақсаттарын қалыптастыру жолымен проблемаларды шешуге шоғырланады.

      31. Негізгі проблемалардың негізінде тиісті мақсаттар қалыптастырылады.

      32. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 шілдедегі № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік жоспарлау жүйесі) әзірленетін құжатына байланысты мақсаттар стратегиялық мақсаттар, басты мақсаттар, бағдарламалық мақсаттар және стратегиялық жоспардың/аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттары болып бөлінеді.

      33. Мақсаттар елдің (белгілі бір қызмет аясының, тиісті аумақтың) жоспарлы кезеңнің соңындағы қалаулы болашақ жағдайын айқындайды, оған қол жеткізу Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиісті құжатын іске асыруды қамтамасыз етеді.

      34. Мақсаттарды тұжырымдау қысқа әрі түсінікті баяндалады және:

      еркін немесе біркелкі түсіндіруге жол берілетін терминдерді, ұғымдар мен сөздерді;

      мақсатқа қол жеткізу жолдарын, құралдары мен әдістерін сипаттауларды қамтымайды.

      35. Мақсаттар саны көп болмағаны жөн. Дұрыс тұжырымдалған мақсаттар жүйесі елдің (белгілі бір қызмет аясының, тиісті аумақтың) жоспарлы кезеңдегі өзекті қажеттіліктерін көрсетеді.

      36. Мақсаттарды анықтау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алу қажет:

      өлшемділік: мақсатқа қол жеткізілуін сандық шамасы бар индикаторлардың көмегімен тексеруге болады.

      релеванттылық: мақсаттардың Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының мақсаттарымен байланысының болуы;

      қол жетімділік: жоспарлы кезеңде ықтималды қол жеткізуге болатын мақсаттар;

      мақсаттың айқындылығы: мақсаттың тұжырымдалуынан оған қол жеткізу индикаторлары түсінікті.

      37. Әрбір мақсатқа, оған қол жеткізу дәрежесін анықтау үшін нысаналы индикатор (аралық және түпкі мәндері бар) сәйкес келеді.

      38. Нысаналы индикатордың сапалы жағы мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы (аясындағы) оң өзгерістердің мәнін, ал сандық жағы – олардың өлшенетін, абсолютті және салыстырмалы шамаларын көрсетеді.

      39. Нысаналы индикаторлар мынадай критерийлерге сәйкестігі тұрғысынан қарастырылады:

      оларды жоспарланатын кезеңдегі серпінде салыстыруға мүмкіндік беру;

      пайдаланушылар үшін біркелкі түсінікті болу;

      оларға қол жеткізуді бағалау үшін жеткілікті ақпараттық және техникалық ресурстардың болуы;

      жалпы толық және барабар сипаттама беру;

      қолжетімді және өлшемді болу;

      мониторинг жүргізу мен оларға қол жеткізуді бағалау мақсатында аралық мәндердің болуын қамтамасыз ету;

      аяның (саланың) кешенді сипаттамасын қамтамасыз ету.

      40. Негізгі өзгерістерді қамтитын, анықталған проблемаларды шешуді өте жақсы сипаттайтын нысаналы және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді бағалау үшін қажет индикаторлар ғана таңдалады.

      41. Әрбір нысаналы индикатор үшін ақпарат көздері мен деректер жинау құралдары айқындалады.

      42. Олар үшін лайықты тексеру көздері табылмауы мүмкін немесе еңбекті тым көп қажет ететін әрі олар бойынша ақпарат жинау шығынды болатын нысаналы индикаторлар басқалармен ауыстырылады.

      43. Өзге нысаналы индикаторларды айқындау мүмкін болмаған жағдайда, таңдап алынған нысаналы индикаторлар бойынша есептеу әдістемесін (формуласын) көрсету және мұндай нысаналы индикатордың бағалық (болжамды) есебін қоса беру қажет.

      44. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, нысаналы индикаторларға қол жеткізуге жауапты ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері айқындалады.

      Бұл ретте, мақсаттарға және нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері бірлесіп орындаушылар ретінде айқындалады.

      45. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың нысаналы индикаторларын әзірлеу кезінде, бұдан әрі оларға қол жеткізуге жауапты болатын орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектордың субъектілері, ведомстволық бағынысты ұйымдар, құрылымдық бөлімшелер деңгейінде каскадтау немесе декомпозициялау талап етілетін болады.

      46. Мақсатқа қол жеткізу әртүрлі, кейбір жағдайда баламалы міндеттерді шешумен қамтамасыз етілуі және көлемі бойынша әртүрлі ресурстар мен шығындарды талап етуі мүмкін.

      47. Міндеттер жағдайды талдау негізінде қалыптастырылатын және жоспарлы кезеңнің соңына дейін қызмет саласындағы түйінді өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың мақсатына қол жеткізу үшін орындалуы қажет негізгі талаптар болып табылады.

      48. Әрбір міндет бір мақсатқа ғана сәйкес келеді. Мақсаттардың әрқайсысы үшін жиынтығында тиісті мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті қызметтің барлық бағыттарын қамтитын неғұрлым маңызды міндеттердің қажет саны қалыптастырылады.

      49. Әрбір мақсат бойынша міндеттер жиынтығы мынадай қағидаттарға сәйкес келуі тиіс:

      қажеттілік – әрбір міндеттің шешілуі мақсатқа қол жеткізудің қажетті шарты болып табылады;

      жеткіліктілік - барлық міндеттердің шешілуі мақсатқа қол жеткізудің жеткілікті шарты болып табылады.

      50. Міндеттердің әрқайсысының іске асырылу мерзімдері тиісті мақсатқа қол жеткізу мерзімінен аспайды.

      51. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда әрбір міндет бағдарламаның міндеттерін шешу деңгейін сипаттайтын нәтижелер көрсеткіштерінің (сандық өлшенетін) аралық және соңғы мәндерін қамтиды.

      52. Нәтижелер көрсеткіштері мынадай критерийлерге сәйкестігін тұрғысынан қаралады:

      оларды жоспарланатын кезеңдегі серпінде салыстыруға мүмкіндік беру;

      пайдаланушылар үшін біркелкі түсінікті болу;

      оларға қол жеткізуді бағалау үшін жеткілікті ақпараттық және техникалық ресурстардың болуы;

      жалпы толық және барабар сипаттама беру;

      қол жетімді және өлшемді болу;

      мониторинг жүргізу мен көрсеткіштерге қол жеткізуді бағалау мақсатында аралық мәндердің болуын қамтамасыз ету;

      жоғары тұрған нысаналы индикаторға қол жеткізуді қамтамасыз ету.

      53. Шешуші өзгерістерді, анықталған проблемаларды шешуді неғұрлым жақсы сипаттайтын және міндеттерге қол жеткізілуді бағалау үшін қажетті нәтижелер көрсеткіштері ғана таңдалады.

      54. Барлық келтірілген көрсеткіштер бойынша базалық (бастапқы) және жоспарлы мән (егер жоспарланған өзгерістер осындай түрде тиімді қамтылып көрсетілсе), сондай-ақ аталған нәтижелер көрсеткіштері мәніне қол жеткізу үшін қажетті уақытша кезеңнің (жылдың) белгіленуі көрсетіледі.

      55. Әрбір нәтижелер көрсеткіші үшін ақпарат көздері мен деректер жинау құралдары айқындалады.

      56. Лайықты тексеру көздері табылмауы мүмкін немесе немесе еңбекті тым көп қажет ететін әрі олар бойынша ақпарат жинау шығынды болатын нәтижелер көрсеткіштері басқалармен ауыстырылады.

      57. Өзге нәтижелер көрсеткіштерін айқындау мүмкін болмаған жағдайда, таңдап алынған көрсеткіштер бойынша есептеу әдістемесі (формуласы) көрсетілетін болады және мұндай көрсеткіштің бағалық (болжамдық) есептемесі қоса беріледі.

      58. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының және аймақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері бойынша есептеу әдістемесінің жобасы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға стратегиялық және бағдарламалық құжатпен, мемлекеттік органның стратегиялық жоспары мен аймақтарды дамыту бағдарламасымен бір уақытта енгізіледі.

      59. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аймақтарды дамыту бағдарламаларын нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері бойынша есептеу әдістемесінің жобасы мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құжатты әзірлеуші мемлекеттік органның бұйрығымен бекітіледі.

      60. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері оларға қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсетіле отырып келтіріледі.

      Бұл ретте, нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері бірлесіп орындаушы ретінде айқындалады.

      61. Көрсеткіштерді әзірлеу кезінде, бұдан әрі оларға қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, ведомстволық бағынысты ұйымдар, құрылымдық бөлімшелер деңгейіне каскадтау немесе декомпозициялау қажеттігі ескерілетін болады.

      62. Мақсаттарды каскадтау кезінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері:

      қол жеткізілуі толығымен бір мемлекеттік органның (оның ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоса алғанда) қызметіне тәуелді;

      қол жеткізілуі мемлекеттік органның және басқа ұйымдардың қызметіне тәуелді екі түрге бөлінеді. Мысалы: "Халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту". Осы көрсеткішке қол жеткізуге денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ішкі істер, ауыл шаруашылығы министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың және басқа ұйымдардың қызметі ықпал етеді.

      63. Каскадтау кезінде құжаттар иерархиясының деңгейлері арасында, оған сәйкес құжаттардың іске асырылуы және мақсаттарға, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу біртіндеп бірлесіп орындаушыларға дейін төмендейтін өзара байланыс орнатылады.

      64. Нысаналы индикаторларға және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу жауапкершілігін бекіту негізінде бірлесіп орындаушылар Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының мақсаттарымен, нысаналы индикаторларымен және нәтижелер көрсеткіштерімен келісілген өздерінің мақсаттарын, нысаналы индикаторларын және нәтижелер көрсеткіштерін әзірлейді.

      65. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің нақты деректері жоспарлы мәндерден асып түскен жағдайда, жоспарлы мәндер ұлғаю жағына қарай түзетіледі. Мыналар:

      халықаралық рейтингтер индикаторлары;

      нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің нақты деректерінің асып түсуі мемлекеттік органның қызметіне тәуелсіз факторларға (мысалы, климаттық жағдайлар) тәуелді болған кездегі жағдайларға қатысты емес.

      Нысаналы индикаторлардың және нәтижелер көрсеткіштерінің нақты деректері жоспарлы кезеңнің жоспарлы мәндерінен асып түскен кезде, қаржыландыру көлемін азайтумен және мемлекеттік органның қызметіне тәуелсіз басқа да сыртқы факторларға байланысты жағдайларды қоспағанда, қайта қаралмайды.

      Мемлекеттік органның қызметіне тәуелсіз факторларға негізділген іс-шаралар мен міндеттемелердің орындалмау жағдайларын қоспағанда, тиісті қаржы жылына арналған нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің жоспарлы мәндерін төмендетуге жол берiлмейдi.

3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары

      66. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі – Стратегиялық даму жоспары) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру мақсатында 10 жылға әзірленеді және тиісті онжылдық кезеңдегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму стратегиясын, мақсаттарын, міндеттерін, басым бағыттарын, олардың көрсеткіштері көрсетілген күтілетін нәтижелерді, кезеңдік нысаналы бағдарларды нақтылайды.

      67. Алдағы кезеңге Стратегиялық даму жоспарының жобасын әзірлеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) алдыңғы Стратегиялық даму жоспарын іске асырудың тоғызыншы жылынан кешіктірмей мүдделі органдардың ұсыныстары негізінде жүзеге асырады.

      68. Стратегиялық даму жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      69. Стратегиялық даму жоспарының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

      кіріспе;

      ағымдағы ахуалды талдау;

      жаһандық үрдістерді талдау;

      Қазақстан Республикасының алдағы онжылдық кезеңнің соңына пайымы;

      ел дамуының басым бағыттары және ел дамуының алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық даму мақсаттары;

      қорытынды.

      70. "Кіріспе" бөлімінде алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын әзірлеудің негіздемесі мен қажеттігі көрсетіледі.

      71. "Ағымдағы жағдайды талдау" деген бөлімде:

      1) ағымдағы жағдайды талдау және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының, ағымдағы онжылдық кезеңнің соңында елдің дамуының түйінді жалпыұлттық көрсеткіштерін талдау шеңберінде қол жеткізілген деңгейін бағалау;

      2) алдағы онжылдық кезеңде Қазақстан Республикасының дамуына ықпал ететін ішкі факторларды (мүмкіндіктер мен қатерлерді) бағалау көрсетіледі.

      72. Ішкі факторларды (мүмкіндіктер мен қатерлерді) бағалау осы Әдістеменің 2-тарауының 1-параграфында келтірілген SWOT-талдаудың негізінде қалыптастырылады.

      73. "Ағымдағы жағдайды талдау" бөлімі осы Әдістеменің 2-тарауының 1-параграфына сәйкес қалыптастырылады.

      74. "Жаһандық үрдістерді талдау" бөлімінде әлемдік үрдістерді талдау, Қазақстан Республикасының әлемдік және өңірлік экономикадағы позициялары, сондай-ақ елдің дамуына ықпал ететін сыртқы факторларды, сыртқы тегеурінді талаптар мен қауіптерді айқындауды бағалау келтіріледі.

      75. "Қазақстан Республикасының алдағы онжылдық кезеңінің соңына пайымы" бөлімінде елдің алдағы онжылдық кезеңнің соңына қарай даму параметрлері айқындалады, сондай-ақ ел дамуының түйінді жалпыұлттық көрсеткіштері келтіріледі.

      76. Елдің негізгі жалпыұлттық көрсеткіштері негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және елдің қоғамдық-саяси жүйесінің көрсеткіштері болып табылады, яғни елдің жалпы даму деңгейін сипаттайтын неғұрлым іріленген индикаторлар (мысалы: жалпы ішкі өнім, халықтың өмір сүру сапасының көрсеткіштері).

      77. Ел дамының пайымы осы Әдістеменің 2-тарауының 2-параграфында келтірілген жоспарлау кезеңінде қалыптастырылады.

      78. "Елді дамытудың басымды бағыттары және алдағы онжылдық кезеңге арналған елді дамытудың стратегиялық мақсаттары" бөлімі осы Әдістеменің 2-тарауының 2-парагафына сәйкес қалыптастырылады.

      79. "Ел дамуының басым бағыттары және ел дамуының алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық даму мақсаттары" бөлімінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының елді дамытудың көп дегенде бес-жеті басым бағыты, сондай-ақ осы бағыттардың әрқайсысы бойынша алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық мақсаттар, сондай-ақ осы мақсаттарға қол жеткізудің жалпы тәсілдері айқындалады.

      80. Стратегиялық мақсаттар елді дамыту пайымынан туындайды және пайым - стратегиялық мақсат – нысаналы индикатор иерархиялық құрылымын қалыптастырады.

      81. Стратегиялық мақсаттар пайымның мазмұнын ашады.

      82. "Қорытынды" бөлімінде алдағы онжылдық кезеңге арналған Стратегиялық даму жоспарын іске асырудағы негізгі тұжырымдар келтіріледі.

      83. Мемлекеттік органдар алдыңғы Стратегиялық даму жоспарын іске асырудың тоғызыншы жылының 1 сәуірінен кешіктірмей Стратегиялық даму жоспарының жобасына қатысты ұсыныстарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      84. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген Стратегиялық даму жоспарының жобасын қалыптастырып, тиісті кезеңнің 1 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауына енгізеді.

4. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы

      85. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы (бұдан әрі – Болжамды схема) Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленеді және өндірістік күштерді, өндірістік, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымды ұтымды орналастыру, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін өңірлер бөлінісінде ел халқын қоныстандыру жүйесі болып табылады.

      86. Болжамды схеманың жобасын әзірлеуді, сондай-ақ оны түзетуді алдыңғы Болжамды схеманың іске асырылуының тоғызыншы жылынан кешіктірмей орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың, қоғамдық және ғылыми-зерттеу ұйымдарының қатысуымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      87. Болжамды схема мыналарды:

      экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыруды;

      халықты қоныстандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруды;

      өңірлік инфрақұрылымды нығайту;

      өңірлердің бәсекеге қабілетті экономикалық мамандандырылуын дамытуды;

      халықтың өмір сүру деңгейін арттыру үшін жағдайлар жасауды;

      экологиялық ахуалды сақтау және жақсартуды көздейді.

      88. Болжамды схеманың қалыптастыру өңірлер бөлінісінде жүзеге асырылады.

      Болжамды схемасының құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:

      аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау;

      аумақтық кеңістікте дамытудың бағыттары;

      елді дамытудың болжамды өлшемдері;

      өңірлерді перспективалық дамыту схемалары.

      90. "Аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау" бөлімі ел өңірлерінің ресурстық әлеуетін талдауды, өндірісті және әлеуметтік инфоқұрылыммен қамтамасыз етілу мәселелерін, экономикалық мамандануы, қоныстандыру жүйесі мен нарықтық байланыстар сипаты бойынша өңірлерді жіктеуді мен талдауды, жүйесі мен нарықтық байланыстар сипаты, елдің, аумақтық даму ерекшеліктерін, өңірлердің экологиялық дамуын талдауды қамтиды.

      91. Талдау елді аумақтық-кеңістікте дамытудың сыртқы факторлары ретінде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамытудың жаһандық және өңірлік үрдістерін талдаудан басталады (мысалы, облыс, аудан шегінде).

      92. "Аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау" бөлімін қалыптастыру кезінде осы Әдістеменің 2-тарауының 1-параграфын басшылыққа алу қажет.

      93. "Аумақтық-кеңістікте дамытудың бағыттары" бөлімі елді аумақтық-кеңістікте дамытудың мақсаттарын, міндеттерін және негізгі тәсілдерін, макроөңірлерді дамытудың стратегиялық бағыттарын қамтиды.

      94. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының мақсаттары елді аумақтық-кеңістікте дамытуға өңірлер бөлінісінде талдауды жүргізу құралы арқылы ықпал ететін неғұрлым маңызды факторларды анықтау негізінде айқындалады.

      95. Болжамды схеманың мақсаттарын белгілей отырып, белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін шешуді талап ететін міндеттерді айқындайды.

      96. Болжамды схеманың мақсаттары мен міндеттері осы Әдістеменің 2-тарауының 2-параграфына сәйкес айқындалады.

      97. "Елдің дамуының болжамды параметрлері" бөлімі елдің және өңірлердің алдағы он жылдық кезеңге арналған негізгі болжамды даму көрсеткіштерін қамтиды.

      98. "Өңірлерді перспективалық дамыту схемалары" бөлімі өңірлердің перспективалық экономикалық мамандануының, перспективалық қоныстандырудың, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды перспективалық дамыту схемаларын қамтиды.

      99. Мемлекеттік органдар алдыңғы Болжамды схеманың іске асырылуының тоғызыншы жылының 1 сәуірінен кешіктірмей, Стратегиялық даму жоспарының жобасына қатысты ұсыныстарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген Болжамды схеманың жобасын қалыптастырып, тиісті кезеңнің 1 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауына енгізеді.

5. Мемлекеттік бағдарламалар

      100. Мемлекеттік бағдарламалар Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын іске асыру мақсатында орта мерзімді (5 жылды қоса алғанға дейінгі) кезеңге әзірленеді және қажетті ресурстар көрсетіле отырып, ел дамуының басым стратегиялық бағыттары бойынша мақсаттарды, міндеттер мен күтілетін нәтижелерді айқындайтын салааралық және ведомствоаралық сипаттағы құжаттар болып табылады.

      101. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылы 19 наурызда № 957 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      102. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуді Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.

      103. Мемлекеттік бағдарламалардың қолданыстағы тізбесінде көзделмеген жаңа мемлекеттік бағдарламаларды әзірленгенге дейін мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу орындылығын мақұлдау үшін Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Үкіметінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік бағдарлама жобасы тұжырымдамасының таныстырылымын қамтамасыз етеді.

      104. Мемлекеттік бағдарлама жобасының тұжырымдамасында бағдарламаның негізгі бенефициарлары, күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер туралы ақпарат қамтылуға тиіс. Мемлекеттік бағдарламаның жобасы қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаны жалғастыру үшін әзірленген жағдайда, мемлекеттік бағдарлама жобасының тұжырымдамасында аяқталатын мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілу дәрежесі, оның іске асырудың әлеуметтік-экономикалық әсері мен жұмсалған қаражаттың тиімділігі туралы ақпарат та қамтылуға тиіс.

      105. Әлеуметтік-экономикалық әсер бағдарламаның игілік алушыларының кажеттіліктерін қанағаттандыруын ескеретін пайдалы әсер түріндегі әлеуметтік маңызды нәтиже болып табылады.

      Мемлекеттік бағдарламаның әлеуметтік-экономикалық әсерін анықтау үшін бағдарлама бағытталған игілік алушылар тобы және осы бағдарлама қандай проблемалар мен міндеттерді қанағаттандыруды көздейтіні белгіленген болуы тиіс, яғни бағдарламаны іске асырудан бұрынғы жағдайды бағдарламаны іске асырудың кезеңі аяқталған немесе барлық мерзімі кезіндегі жағдаймен салыстыру. Әлеуметтік-экономикалық әсер халықтың кірісінің ұлғаюы, үй шаруашылықтары шығыстарының қысқаруы; көрсетілетін қызметтерге, азық-түлікке қолжетімділіктің ұлғаюы; халыққа материалдық зиянның (нұқсанның) азаюы; тұрғын үй жағдайының жақсаруы; әлеуметтік кепілдіктер; тұлға құқықтарының сақталуы және басқасы болуы мүмкін.

      106. Экономикалық әсер – жаңа технологияларды, ұйымдастырушылық-экономикалық іс-шараларды енгізу нәтижесіндегі алғашқы және алынған қорытынды арасындағы экономикалық нәтижені немесе өсімді айқындайтын көрсеткіш.

      Экономикалық әсер салық түсімдерінің ұлғаюынан, жаңа жұмыс орындарының пайда болуынан (тұрақты және уақытша), тартылған инвестициялардың көлемінен, тиісті салаға салымның өсулерінен және бағдарламаның экономикалық әсерін сипаттайтын басқа көрсеткіштерден көрініс табады.

      107. Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуші мемлекеттік орган жария талқылау үшін мемлекеттік бағдарламаның жобасын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады және келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып пысықтайды.

      108. Мемлекеттік бағдарламаның құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

      паспорт (негізгі параметрлер);

      кіріспе;

      ағымдағы ахуалды талдау;

      бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері;

      бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар;

      қажетті ресурстар.

      109. Мемлекеттік бағдарламаның "Паспорт (негізгі параметрлері)" бөлімінде мыналарды:

      1) атауын;

      2) әзірлеу үшін негіздемені;

      3) үкіметтік бағдарламалық құжатты әзірлеу және іске асыру үшін жауапты мемлекеттік органды көрсетуді;

      4) мақсаттарды;

      5) міндеттерді;

      6) іске асыру мерзімдерін;

      7) нысаналы индикаторларды;

      8) қаржыландыру көздері және көлемдерін қамтитын бағдарламалық құжаттың негізгі параметрлері баяндалады.

      110. "Кіріспе" бөлімінде ұсынылып отырған мемлекеттік бағдарламаның қажеттігінің негіздемесі баяндалады.

      111. Негіздемеде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғарыда тұрған құжаттары көрсетілуі тиіс, оны іске асыру үшін мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу қамтамасыз етіледі.

      112. "Ағымдағы жағдайды талдау" деген бөлімде:

      1) сала қызметінің ағымдағы жағдайын, сондай-ақ осы саланың мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау (бұл ретте, негізгі проблемаларды, үрдістерді және әлсіз және күшті жақтарына алдынала талдау негізіндегі алғышарттарды, осы қызмет саласы үшін мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін белгілеу қажет);

      2) қызмет саласын дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асырудың қолданыстағы нормативтік құкықтық базасын, қолданыстағы практикасы мен нәтижелерінің сипаттамасын қоса алғанда, қызмет саласын дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау баяндалады.

      Осы бөлім осы Әдістеменің 2-тарауының 1-параграфына сәйкес қалыптастырылады.

      113. "Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері" деген бөлімде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарына сүйене отырып қалыптастырылған мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты көрсетіледі.

      114. Мемлекетттік бағдарламаның басты мақсаты жоспарлы кезеңнің аяғына қарай қызмет саласы жағдайының пайымын білдіреді және оның осы бағыттағы дамуының сапалы бағдары болып табылады.

      115. Мемлекетттік бағдарламаның басты мақсаты жекелеген бағдарламалық мақсаттар мен міндеттерге бөлінеді (проблеманы құрылымдау және кіші бағдарламаларды бөлу арқылы басты мақсатты неғұрлым жекелеген мақсаттарға бөлу).

      116. Бағдарламалық мақсаттар басты мақсаттың мазмұнын ашады.

      117. Мемлекеттік бағдарламаның барлық мақсаттары бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін нысаналы индикаторлардың аралық және түпкі мәндерін (сандық жағынан өлшенетін) қамтиды.

      118. Бағдарламаның тиісті мақсатына қол жеткізу үшін жағдайды талдаудың негізінде қалыптастырылатын және жоспарлы кезеңнің аяғына қарай қызмет салаларындағы негізгі өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламаның тиісті мақсатына қол жеткізудің негізгі шарттары болып табылатын мемлекеттік бағдарламаның міндеттері айқындалады.

      119. Мақсаттар мен міндеттер мемлекеттік бағдарламаға қатысатын қызмет саласының даму пайымынан туындайды және: басты мақсат-бағдарламалық мақсаттар-міндеттер иерархиялық құрылымын қалыптастырады.

      120. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері және нәтижелер көрсеткіштері осы Әдістеменің 2-тарауының 2-параграфына сәйкес әзірленеді.

      121. Мемлекеттік бағдарламаның нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері кешенділігімен сипатталады және салааралық әрі ведомствоаралық сипаттағы мәселелердің шешілу деңгейін, дәрежесін қамтиды.

      122. "Бағдарламаның негізгі бағыттары мен қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар" деген бөлімде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қойылған мақсаттарға қол жеткізу мен алда тұрған міндеттерді шешу жолдары, сондай-ақ әрбір мақсатқа қол жеткізуді және әрбір міндетті шешуді толық көлемде әрі тиісті мерзімде қамтамасыз ететін шаралар жүйесі келтіріледі.

      123. "Қажетті ресурстар" деген бөлімде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға арналған ресурстарға (қаржылық-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек) қажеттіліктер баяндалады.

      124. Мемлекеттік бағдарлама әзірлеу сатысында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және барлық мүдделі органдармен келісіледі.

6. Үкіметтік бағдарламалар

      125. Үкіметтік бағдарламаларды орталық мемлекеттік органдар әлеуметтік маңызы бар салааралық мәселелерді шешу үшін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын іске асыру үшін орта мерзімді (5 жылды қоса алғанға дейінгі) кезеңге әзірлейді.

      126. Үкіметтік бағдарламалардың қолданыстағы тізбесінде көзделмеген жаңа үкіметтік бағдарламалар әзірленгенге дейін мемлекеттік әзірлеуші орган үкіметтік бағдарламаны әзірлеудің орындылығы туралы шешім қабылдау үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметінде үкіметтік бағдарлама жобасы тұжырымдамасының таныстырылымын қамтамасыз етеді.

      127. Үкіметтік бағдарлама жобасының тұжырымдамасы осы Әдістеменің 103-105-тармақтарында көрсетілген ақпаратты қамтиды.

      128. Үкіметтік бағдарлама жобасының тұжырымдамасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданған жағдайда осы үкіметтік бағдарлама үкіметтік бағдарламалар тізбесіне Үкіметпен қосылады.

      129. Үкіметтік бағдарлама жобасын әзірлеу кезеңінде мемлекеттік әзірлеуші орган жария талқылау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына орналастырады және келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, пысықтайды.

      130. Үкіметтік бағдарламаның құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:

      паспорт (негізгі параметрлері);

      кіріспе;

      ағымдағы ахуалды талдау;

      бағдарламаның мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері;

      бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар;

      қажетті ресурстар.

      131. "Паспорт" бөлімінде үкіметтік бағдарламаның мыналарды қамтитын негізгі параметрлері баяндалады:

      атауын;

      әзірлеу үшін негіздемені;

      үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органның нұсқауын;

      мақсаттарын;

      міндеттерін;

      іске асыру мерзімдерін;

      нысаналы индикаторларын;

      қаржыландыру көздері және көлемдерін.

      132. "Кіріспе" бөлімінде ұсынылған үкіметтік бағдарламаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарымен өзара байланыстыру мақсатында бағдарлама қажеттілігі баяндалады.

      133. Негіздемеде іске асыру үшін мемлекеттік бағдарламалар әзірлену қамтамасыз ететін Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жоғарыда тұрған құжаттары көрсету тиіс.

      134. "Ағымдағы жағдайды талдау" бөлімінде мыналар:

      жағдайдың ағымдағы ахуалын бағалау, күшті және әлсіз жақтарын талдау, бағдарлама шеңберінде шешілетін және салааралық өзара іс-қимылды талап ететін әлеуметтік маңызы бар мәселенің жай-күйіне әсер ететін саланың (сектордың) негізгі проблемалары;

      нысаналы технологиялық бағдарламалар (бар болған жағдайда) арқылы іске асырылатын дағдарысты технологиялардың тізбесін қоса алғанда саланың (сектордың) инновациялық-технологиялық дамуын талдау көрсетіледі.

      Сондай-ақ басқарушылық технологияларды жақсартуға және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіруге бағытталған қызметтің инновациялық құрауышы талданады;

      қолданыстағы нормативтік-құқықтық базалар сипаттамасын, саланы (секторды) дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асырудың қолданыстағы практикалары мен нәтижелерін қоса алғанда, саланы (секторды) дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау;

      Қазақстан Республикасының ахуалына бейімделуі мүмкін мәселелерді шешу жөніндегі шетелдік оң тәжірибені шолу, сондай-ақ қажет болған жағдайда жүргізілген маркетингтік зерттеулердің нәтижелер көрсетіледі.

      Бұл бөлім осы Әдістеменің 2-тарауының 1-параграфына сәйкес қалыптастырылады.

      135. "Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштері" бөлмі осы Әдістеменің 2-тарауының 2-параграфына сәйкес қалыптастырылады.

      136. "Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар" деген бөлімде үкіметтік бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың (ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер мен жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар) қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары, сондай-ақ көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді толық көлемде және қажет мерзімде қамтамасыз ететін шаралар кешені келтіріледі.

      137. "Қажетті ресурстар" бөлімінде бағдарламаны іске асыруға қатысатын қаржылық-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек және басқа ресурстардың, соңдай-ақ қаржыландыру көздерінің сипаттамасы баяндалады.

      Үкіметтік бағдарламаларда іс-шаралар бойынша қаржыландырудың болжанатын көлемдері, оларды іске асыру мерзімдері туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.

7. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары

      138. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру, мемлекеттік органның мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді тиімді орындауы және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету мақсатында әзірленеді.

      139. Стратегиялық жоспардың жобасын Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінде анықталған мемлекеттік органдардан басқа тиісті мемлекеттік орган әзірлейді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін қоспағанда мемлекеттік пен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісіледі.

      140. Стратегиялық жоспардың жобасы республикалық бюджет бекітілгенен кейін күнтізбелік 5 күн ішінде пысықталып, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау уәкілетті органдарға келісуге жіберіледі.

      141. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында білім, ғылым және (немесе) денсаулық аяларымен байланысқан мақсаттар болған кезде мемлекеттік органның стратегиялық жоспары білім, ғылым және (немесе) денсаулық саласындағы уәкілетті органдармен келісіледі.

      142. Стратегиялық жоспардың жобасын келіскеннен кейін стратегиялық жоспар әзірлеуші мемлекеттік органның бұйрығымен бекітіледі.

      143. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің стратегиялық жоспары мемлекеттік органның басшысымен мүдделі мемлекеттік органдандарының және Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің келісуінсіз бекітіледі.

      144. Мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспары осы мемлекеттік органның интернет-ресурсында (мемлекеттік және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда) күнтізбелік 10 күн ішінде орналастырылады.

      145. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

8. Аумақтарды дамыту бағдарламасы

      146. Аумақтарды дамыту бағдарламасы Стратегиялық даму жоспарын, Болжамды схеманы, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын (бұдан әрі бұл бөлімде – жоғары тұрған құжаттар), әлеуметтік-экономикалық даму болжамын іске асыру үшін әзірленеді.

      147. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын әзірлеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астаның мәслихатына бекітуге енгізіледі;

      Болжамдық схеманы іске асырудың бірінші бесжылдық кезеңіне әзірленген облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасы үшін Болжамды схема бекітілгеннен кейін екі айлық мерзімді;

      Болжамды схеманы іске асырудың екінші бесжылдық кезеңіне әзірленген облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасы үшін Болжамды схеманы іске асырудың екінші кезеңі басталғанға дейін екі айлық мерзімнен кешіктірмей бекітуге енгізіледі.

      148. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын әзірлеуді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады және ол облыстық мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі және ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасы облысты дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімінде белгіленген тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына бекіту үшін енгізіледі.

      149. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар мен өзге де мүдделі мемлекеттік органдар аумақты дамыту бағдарламаларының жобаларын келіп түскен күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қарайды.

      150. Аумақтарды дамыту бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде бағдарламаға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырмалы кесте қоса беріледі.

      151. Аумақтарды дамыту бағдарламасының құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:

      паспорт (негізгі сипаттамасы);

      ағымдағы ахуалды талдау;

      негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары;

      қажетті ресурстар.

      152. "Паспорт (негізгі сипаттамалар)" бөлімі:

      1) атауын;

      2) әзірлеу үшін негіздемені;

      3) аталған өңірдің негізгі сипаттамаларын;

      4) бағыттарды;

      5) мақсаттарды;

      6) нысаналы индикаторларды;

      7) қажетті ресурстарды қамтуы тиіс.

      153. "Ағымдағы ахуалды талдау" бөлімінде қызмет саласының ағымдағы дамуы сипатталады:

      1) аумақтық әлеуметтік-экономикалық жағдайын мынадай бағыттар бойынша талдау: өңіраралық ынтымақтастықты ескере отырып, өңір экономикасын тұтаспай дамыту, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;

      2) негізгі проблемалардың, тәуекелдердің, тежеуші факторлардың, аумақтардың орта мерзімді перспективада тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекелес артықшылықтары мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы;

      154. "Ағымдағы жағдайды талдау" бөлімі осы Әдістеменің 2-тарауының 1-параграфына сәйкес қалыптастырылады.

      155. "Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар нәтижелер көрсеткіштері және оларға қол жеткізу жолдары" бөлімінде:

      1) өңіраралық ынтымақтастықты ескере отырып, жалпы өңірдің экономикасын, әлеуметтік саланы, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті, инфрақұрылымды, экология мен жер ресурстарын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту бөлігінде өңірді дамытудың негізгі бағыттары;

      2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында тұжырымдалған стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ұзақ мерзімді жүйесіне сәйкес аумақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың әрбір бағыты бойынша, нысаналы индикаторлары көрсетілген, мақсаттары;

      3) қойылған міндеттерге қол жеткізу жолдары баяндалады.

      156. Мақсаттар мен нысаналы индикаторлар осы Әдістеменің 2-тарауының 2-параграфына сәйкес әзірленеді.

      157. Нысаналы индикаторлар аумақтарды дамыту бағдарламасы әзірленетін жоспарлы қезеңнің алдындағы соңғы екі жылда нақты қол жеткізілген мәндері көрсете отырып келтіріледі.

      Бұл ретте, ағымдағы жыл бойынша бағдарлама әзірленетін мезетке нақты қол жеткізген мән көрсетіледі. Бағдарламаны іске асырудың бірінші жылында оны түзету кезінде атылған мән жыл ішінде нақты қол жеткізілген мәнге аустырылады.

      158. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен базалық көрсеткіштер тізбесінде белгіленеді.

      159. Көрсеткіштердің базалық тізбесі мемлекеттік органдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, стратегиялық жоспарларының нысаналы индикаторларын және нәтижелер көрсеткіштерін каскадтау және/немесе декомпозициялау және жергілікті атқарушы органдардың мүдделі мемлекеттік органдармен келісуі бойынша ұсыныстары негізінде әзірленеді.

      160. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі меморандумдарда бекітетін облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің түйінді нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      161. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларын облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және бекітеді.

      162. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторлары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітетін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астана әкімінің негізгі нысаналы индикаторларына қол жеткізуіне бағдарланады.

      163. Өңірлерді дамытудағы ерекшілікті есепке алу үшін аумақтарды дамыту бағдарламаларына қосымша нысаналы индикаторларды қосуға жол беріледі.

      164. Қосымша нысаналы индикаторларды әзірлеу кезінде олар бойынша статистикалық деректердің болуы ескеріледі.

      165. "Қажетті ресурстар" деген бөлімде аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру үшін қаржылық ресурстардың қажеттілігі мақсаттар бөлінісінде баяндалады.

  Қазақстан Республикасының
Стратегиялық даму жоспарын,
Елді аумақтық-кеңістікте
дамытудың болжамды схемасын,
мемлекеттік және үкіметтік
бағдарламаларды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық
жоспарларын және аумақтарды
дамыту бағдарламаларын
әзірлеу жөніндегі әдістемеге
қосымша

      Нысан

      _________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      ______________________ жылдарға арналған

      (жоспарлы кезең)

      стратегиялық жоспары

1-бөлім. Миссиясы және пайымы
2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару

      1. 1-стратегиялық бағыт

      1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

      2) Негізгі проблемаларды талдау

      3) Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар

1

2






      2. 2-стратегиялық бағыт

      …

      3-бөлім. Аяны/саланы дамытудың басым бағыттары

      1-стратегиялық бағыт

      …

      2-стратегиялық бағыт

      …

4-бөлім. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара
байланысының құрылысы

Елдің жалпыұлттық көрсеткіштері

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы
Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама







Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары







Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары

1-стратегиялық бағыт

n-стратегиялық бағыт











Мемлекеттік органның мақсаттары

1.1-мақсаты

1.2-мақсаты

n-1-мақсаты

n-2-мақсат











Бюджеттік бағдарламалар

Бюджеттік бағдарлама

Бюджеттік бағдарлама

Бюджеттік бағдарлама

Бюджеттік бағдарлама

Бюджеттік бағдарлама

5-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен нысаналы
индикаторлар

№ р/с

Нысаналы индикатор

Жауаптылар

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Ағымдағы кезеңнің жоспары (нақты)

Жоспарлы кезең

1-жыл

2–жыл

3–жыл

4–жыл

5–жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1-стратегиялық бағыт …

1.1- мақсат…

1























n -стратегиялық бағыт …

n.1- мақсат…

1























Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттік индексінің нысаналы индикаторлары

1

Саясаткерлерге қоғамдық сенім











2

Шенеуніктер шешімдеріндегі фаворетизм











3

Мемлекеттік секторда шешім қабылдаудың ашықтығы











6-бөлім. Ресурстар

Ресурстар

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Ағымдағы кезеңнің жоспары

Жоспарлы кезең

1-жыл

2–жыл

3–жыл

1

2

3

4

5

6

7

Қаржылық, барлығы, оның ішінде:







1.1- мақсат…

Бюджеттік бағдарлама:







Бюджеттік бағдарлама:













1.1.- мақсаты бойынша жиыны







n.1- мақсат…








Бюджеттік бағдарлама:













n.1.- мақсаты бойынша жиыны







Стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, қаржы ресурстары

Бюджеттік бағдарлама:













Адами








      Ескертпе: стратегиялық жоспар осы Нысанға қосымшаға сәйкес стратегиялық жоспардың нысанын толтыру бойынша түсіндірулерге сәйкес қалыптастырылады.

  Стратегиялық жоспар нысанына
қосымша

Стратегиялық жоспардың нысанын толтыру бойынша түсіндірулер

      1. "Мемлекеттік органның атауы" деген жолда стратегиялық жоспарды әзірлейтін мемлекеттік органның толық атауы көрсетіледі.

      2. "Жоспарлы кезең" деген жолда стратегиялық жоспар әзірленетін кезекті бесжылдық кезең көрсетіледі.

      3. "Миссиясы және пайымы" деген 1-бөлім:

      Бөлімде мемлекеттік органның миссиясы мен пайымы жазылады.

      Миссияны қалыптастыру кезінде мемлекеттік орган "Біз не істейміз және кім үшін істейміз?" деген сұрақтарды басшылыққа алады, нәтижесінде тиісті салада немесе қызмет аясында мемлекеттік саясатты іске асыруда мемлекеттік басқару субъектісі ретінде рөлін айқындауды білдіретін оның негізгі тағайындалуы айқындалады.

      Мемлекеттік органның пайымында мемлекеттік органның жетекшілік ететін салаларды немесе қызмет аясын перспективада қалай көретінін көрсетуге тиіс.

      4. "Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару" деген 2-бөлім:

      Бөлімде Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеменің (бұдан әрі - Әзірлеу жөніндегі әдістеме) 3-тарауына сәйкес талдау жүргізу процесінде алынған ақпарат стратегиялық бағыттар бөлінісінде көрсетіледі.

      "Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару" деген 2-бөлім мынадай кіші бөлімдерден тұрады:

      1) "Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері";

      2) "Негізгі проблемаларды талдау";

      3) "Тәуекелдерді басқару".

      "Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері" деген 1) кіші бөлім бойынша статистикалық деректер не қызмет саласының немесе аясының жай-күйін алдыңғы кезеңдермен салыстыра отырып сипаттайтын басқа да көрсеткіштер келтіре отырып, мемлекеттік орган қызметінің реттелетін саласын немесе аясын дамытудың негізгі параметрлері көрсетіледі.

      Әлемдік тәжирибе болған кезде реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері басқа елдер салыстырмалы түрде көрсетіледі.

      "Негізгі проблемаларды талдау" деген 2) кіші бөлім бойынша жетекшілік ететін салада немесе аяда шешілуіне стратегиялық жоспар бағытталған негізгі проблемаларды талдау келтіріледі.

      "Тәуекелдерді басқару" деген 3) кіші бөлім бойынша мемлекеттік органның, стратегиялық жоспарының мақсаттарын іске асыруға және қол жеткізуге өте жоғары ықтималдылықпен кері әсер етуі мүмкін тәуекелдер, сондай-ақ оларды басқару бойынша іс-шаралар көрсетіледі.

      "Тәуекелдерді басқару" 3) кіші бөлімінің кестесінде:

      1) "Мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін тәуекелдердің атауы" 1-бағанда мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылу барысына ықпал етуі және жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуге кедергі болуы мүмкін ықтимал тәуекелдер келтіріледі.

      Толық қаржыландырылмау тәуекелі мемлекеттік органның мақсаттарына қол жеткізбеудің ықтимал тәуекелі ретінде таныла алмайды;

      2) "Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар" 2-бағанда тәуекел туындау жағдайда мемлекеттік орган қабылдауды жоспарлайтын мемлекеттік органның баламалы іс-шаралары келтіріледі.

      5. "Аяны/саланы дамытудың басым бағыттары" деген 2-бөлім:

      Бөлімде мемлекеттік органның әрбір стратегиялық бағыты бойынша жоспарлы кезеңде іске асырылатын басым бағыттарды басым бағыттар қатарына қосуды негіздей отырып басым бағыттар және оларға қол жеткізудің негізгі шаралары айқындалады.

      Мемлекеттік орган "Аяны/саланы дамытудың басым бағыттары" бөлімін қалыптастырған кезде:

      мемлекеттік органның басымдақтарын анықтайды;

      осы бағыттардың басымдылығын негіздейді;

      таңдалған басым бағыттарды іске асыру бойынша шараларды айқындайды.

      6. "Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы" деген 4-бөлім:

      Бөлімде мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттары бөлінісінде схема түрінде, оларды іске асырудан елдің тиісті жалпыұлттық көрсеткіштеріне қол жеткізілуі тәуелді болатын бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысты мемлекеттік органның мақсаттары көрсетіледі. Бұл бөлім Әзірлеу жөніндегі әдістеменің 4-тарауына сәйкес қалыптастырылады.

      "Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы" деген 4-бөлімнің кестесінде:

      1) "Елдің жалпыұлттық көрсеткіштері" деген бағандарда қол жеткізілуі мемлекеттік оганның стратегиялық жоспарды іске асырумен қамтамасыз етілетін бірінші деңгейдегі Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарында айқындалған жалпыұлттық сипаттағы мақсаттар мен нысаналы индикаторлар көрсетіледі;

      2) "Мемлекеттік органның стратегиялық бағыты" деген бағанда жоғары тұрған Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік орган қызметінің бағыттары көрсетіледі.

      Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген мақсаттар мен басымдықтарға қол жеткізу үшін өзгерістер неғұрлым маңызды болып табылатын реттелетін салаларды, экономика секторларын немесе қызмет салаларын талдау негізінде қалыптастырылады;

      3) "Мемлекеттік органның мақсаттары" деген бағанда мемлекеттік орган қызметінің белгілі бір саласының жоспарлық кезеннің соңында күтілетін жай-күйін көрсететін мақсаттар көрсетіледі;

      4) "Бюджеттік бағдарламалар" деген бағанда мемлекеттік органның мақсаттарына қол жеткізуді кодтар мен бюджеттік бағдарламалардың атауы көрсетіледі.

      Мыналарды:

      тұрақты сипаттағы мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан шығатын мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік бағдарламаларды;

      облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы деңгейін арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді және облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделіне көшуге, сонымен қатар оларға лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлуді көздейтін бюджеттік бағдарламаларды;

      бюджеттік бағдарламалардың әр түрлі әкімшілеріне қаржы жылы ішінде бөлуге жататын Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервін қолдануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламаны қоспағанда, бюджеттік бағдарламаның мемлекеттік органның бірнеше мақсаттарын іске асыруға бағытталуына жол берілмейді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі "Бюджеттік бағдарламалар" деген бағандарды толтырмайды.

      7. "Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен нысаналы индикаторлар" деген 5-бөлім мынадай тәртіппен толтырылады:

      1) Стратегиялық бағыт" деген жол бойынша мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары көрсетіледі;

      2) "Мақсат" деген жол бойынша мемлекеттік органның мақсаттары көрсетіледі;

      3) "№" 1-бағанда толассыз реттік нөмірі ретімен көрсетіледі;

      4) "Нысаналы индикатор" 2-бағанда тиісті мақсатқа қол жеткізу деңгейін сипаттайтын нысаналы индикатордың атауы көрсетіледі.

      Стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларын айқындау кезінде мынадай талаптар сақталады:

      жоғары тұрған стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың көрсеткіштері негізгі бағдарлар болып табылады, себебі олар Қазақстан Республикасының дамуының негізін қалайтын мақсаттар болып табылады.

      Бұл үшін каскадтау және/немесе ыдырату арқылы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік органның құзыретіне кіретін нысаналы индикаторлар айқындалады;

      нысаналы индикаторлар мемлекеттік органның өкілеттіктері мен құзыреттеріне сәйкес келеді;

      нысаналы индикаторлар орталық мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі меморандумдарда бекітетін бірінші басшысының негізгі нысаналы индикаторларына бағыту қажет;

      нысаналы индикаторлар халықаралық рейтингтердің, оның ішінде Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге индексінің (бұдан әрі - ДЭФ ЖБИ) рейтингі индикаторларын ескереді.

      Бұл үшін мемлекеттік органға бекітілген әрбір халықаралық рейтингтің индикаторы бойынша (ДЭФ ЖБИ, Doing Business және т.б.) мемлекеттік органдар осы халықаралық индикатор бойынша Қазақстан Республикасының позициясын тікелей немесе жанама түрде жақсартуға бағытталған өзіндік нысаналы индикаторларын әзірлеуі мүмкін.

      Егер халықаралық рейтингтің индикаторын тұжырымдау саланың сипаттамасын көрсететін және өлшенетін болса, онда оны өлшем бірлігін көрсете отырып, нәтижелердің нысаналы индикаторы түрінде бекітуге жол беріледі.

      Мысалы, ДЭФ ЖБИ "Балалар өлім-жітімі" көрсеткішін "Балалар өлім-жітімінің тірі туылған 1000 сәбиге шаққандағы үлесі" нысаналы индикаторы ретінде тұжырымдауға болады.

      Осымен бірге, халықаралық рейтингтің индикаторлары мақсаттар бөлісінде:

      "Саясаткерлерге қоғамдық сенім";

      "Шенеуніктер шешімдеріндегі фаворетизм";

      "Мемлекеттік секторда шешім қабылдаудың ашықтығы" мыналар ДЭФ ЖБИ нысаналы индикаторларын басқа көрсетіледі;

      нысаналы индикаторлар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге тұтынушылардың қанағаттанушылық деңгейін арттыруға бағытталады;

      5) "Жауаптылар" 3-бағанда нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін жауапты тұлғаның лауазымы мемлекеттік органның басшысының орынбасарлары деңгейде көрсетіледі;

      6) "Ақпарат көзі" 4-бағанда есепті кезеңде нысаналы индикаторлардың мәндерінде қанағаттануға мүмкіндік беретін ақпарат көздері көрсетіледі;

      7) "Өлшем бірлігі" 5-бағанда нысаналы индикаторлардың өлшем бірліктері көрсетіледі;

      8) "Есепті кезең" 6 және "Ағымдағы кезеңнің жоспары (нақты)" 7-бағандарда есепті кезенде қол жеткізілген нысаналы индикаторлардың мәндері көрсетіледі.

      Бұл ретте стратегиялық жоспарды әзірлеу кезінде 6-бағанда есепті деректер, 7-бағанда ағымдағы кезеңнің жоспарлы мәндері көрсетіледі.

      Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізген кезде стратегиялық жоспарды іске асырудың бірінші жылында 7-бағанда ағымдағы жылғы жоспардың мәні нысаналы индикатордың нақты мәніне ауыстырылады;

      9) 8-12 бағандарда жеткізілуге жоспарланған нысаналы индикатордың болжамды көрсеткішеті жылдар бөлесінде көрсетіледі;

      10) "Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің нысаналы индикаторлары" кіші бөлімінде ДЭФ ЖБИ мына индикаторлары көрсетіледі: "Саясаткерлерге қоғамдық сенім", "Шенеунектер шешімдеріндегі фаворитизм", "Мемлекеттік секторда шешім қабылдаудың ашықтығы".

      3-12 бағаналар осы тармақтың 5)-9) тармақшаларына сәйкес толтырылады.

      8. "Ресурстар" деген 6-бөлім:

      Бөлімде мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыруға тартылған қаржылық және адами ресурстар бойынша деректер келтіріледі. Бұл ретте, қаржы ресурстары мемлекеттк органның мақсаттар бөлінісінде келтіріледі.

      "Ресурстар" деген 6-бөлім мынадай тәртіппен толтырылады:

      1) "Ресурстар" 1-бағанның "Бюджеттік бағдарламалар" жолы бойынша Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы көрсетіледі;

      2) "Өлшем бірлігі" 2-бағанда ресурстарды өлшеу бірліктері көрсетіледі;

      3) 3-5-бағандарда:

      "Қаржылық, барлығы" деген жол бойынша жылдар бойынша бөле отырып мемлекеттік органның бюджет шығыстарының жалпы жиынтығы келтіріледі;

      "Бюджеттік бағдарлама" деген жол бойынша жылдар бойынша бөле отырып тиісті бюджеттік бағдарламаның жалпы сомасы келтіріледі;

      "Мақсат бойынша барлығы" деген жолда мемлекеттік органның тиісті мақсатқа қол жеткізу бойынша бюджеттік шығыстардың жалпы жиынтығы жылдар бойынша бөлуімен көрсетіледі.

      "Адами" деген жол бойынша стратегиялық жоспарды іске асыруға тартылған мемлекеттік органның штат саны көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі осы бөлімді адами ресурстар бойынша ғана толтырады.

  Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму
жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың
болжамды схемасын, мемлекеттік және үкіметтік
бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың
стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту
бағдарламаларын іске асыру жөніндегі әдістемеге
2-қосымша

      Нысан

Салыстырмалы кесте

      _________ жылдарға арналған ______________ даму бағдарламасына

      енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

      (жоспарлы кезең) (өңірдің атауы)

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

















      Ескертпе: салыстырмалы кесте осы Нысанға қосымшаға сәйкес салыстырмалы кестенің нысанын толтыру бойынша түсіндірулерге сәйкес қалыптастырылады.

  Аумақтарды даму бағдарламасына
енгізілетін өзгерістер мен
толықтырулар бойынша
салыстырмалы кестенің нысанына
қосымша

Салыстырмалы кестені толтыру бойынша түсіндірулер

      1. "Өңірдің атауы" жолында тиісті аумақтарды дамыту бағдарламасы өңірінің атауы көрсетіледі.

      2. "Жоспарлы кезең" жолында аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылу мерзімі көрсетіледі.

      3. "№" 1-бағанында енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың реттік нөмері көрсетіледі.

      4. "Құрылымдық элемент" 2-бағанында өзгерістер немесе толықтырулар енгізілетін аумақтарды дамыту бағдарламасы бөлімінің, кіші бөлімінің, абзацының нөмірленуі көрсетіледі.

      Аумақтарды даму бағдарламасына жаңа құрылымдық элемент толықтырылса, жаңа бөлімнің, бөлігінің, абзацтың белгілеуі көрсетіледі.

      5. "Қолданыстағы редакция" 3-бағанында "Құрылымдық элемент" бағанада көрсетілген өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген, аумақтарды даму бағдарламасынан тиісті құрылымдық элемент қолданыстағы редакция баяндалады.

      Аумақтарды даму бағдарламасы құрылымдық элементпен толықтырылса, осы бағанада "Жоқ" көрсетіледі.

      6. "Ұсынылатын редакция" 4-бағанында "Құрылымдық элемент" бағанада көрсетілген өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген, аумақтарды даму бағдарламасынан тиісті құрылымдық элемент қолданыстағы редакция баяндалады.

      "Қолданыстағы редакция" және "Ұсынылатын редакция" бағаналарда енгізілген немесе толықтырылған бөлім батыл түспен айырылады.

      Аумақтарды даму бағдарламасынан бір құрылымдық элемент шығарылса, осы бағанада "Жою" көрсетіледі.

      7. "Негіздеме" 5-бағанында аумақтарды даму бағдарламасына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген негіздеме көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 04 ақпандағы
№ 58 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді
аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік
және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың
стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын
іске асыру жөніндегі әдістеме
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларына сәйкес әзірленді.

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың (бұдан әрі - стратегиялық және бағдарламалық құжаттар), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының берілген мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне (аралық және түпкі) қол жеткізу процесі іске асыру болып табылады.

      3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру кезінде:

      ведомствоаралық өзара іс-қимылда келісушілік;

      берілген нәтижелерге ресурстардың ең аз шығындарымен қол жеткізуге бағдарлау;

      қаржылық, еңбек және басқа ресурстардың теңгерімділігі қамтамасыз етіледі.

      4. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын табысты іске асыру үшін қолданылатын негізгі құралдар:

      төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды іске асыру;

      мақсаттарды, мақсатты индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін каскадтау;

      іс-шаралар жоспарларын және операциялық жоспарларды әзірлеу және іске асыру;

      ресурстармен қамтамасыз ету;

      ведомствоаралық өзара іс-қимыл;

      тәуекелдерді талдау және басқару;

      стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізу;

      стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын түзету.

2. Төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды іске асыру

      5. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары және аумақтарды дамыту бағдарламалары төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды әзірлеу қажеттігі мен заңдылығы жоғары деңгейде тұрған құжаттардан туындайтын біртұтас жүйені қамтиды, ал жоғары деңгейде тұрған құжаттарды іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау төмен тұрған деңгейдегі құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

      6. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мыналарды:

      Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын,

      мемлекеттік бағдарламаларды,

      үкіметтік бағдарламаларды,

      мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын,

      аумақтарды дамыту бағдарламаларын,

      ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

      7. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асыру мыналарды:

      мемлекеттік бағдарламаларды,

      үкіметтік бағдарламаларды,

      мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын,

      аумақтарды дамыту бағдарламаларын,

      ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

      8. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мыналарды:

      оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын,

      үкіметтік бағдарламаларды,

      мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуші мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын,

      мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын,

      облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын,

      ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталында мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

      9. Үкіметтік бағдарламаны іске асыру мыналарды:

      оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын,

      үкіметтік бағдарламаны әзірлеуші мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын,

      үкіметтік бағдарламаны іске асыруға қатысатын өзге мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын,

      облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын,

      ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталында мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

      10. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру операциялық жоспарды және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

      11. Аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы жүзеге асырады.

3. Мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды айқындау

      12. Стратегиялық және бағдарламалық құжат, мемлекеттік органның стратегиялық жоспары және аумақтарды дамыту бағдарламалары табысты іске асырылуы үшін, мақсаттарға, нысаналы индикаторларға қол жеткізу және жоспарланған нәтижелер алу үшін орындалуы тиіс іс-қимылдар (іс-шаралар) тізбесін айқындау қажет.

      13. Мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іс-шаралар жоспарлары мен мемлекеттік органдардың операциялық жоспарлары тактикалық және операциялық деңгейлерде әзірленеді.

      14. Тактикалық деңгейде мақсаттарға, нысаналы индикаторларға қол жеткізуге қажетті органның нәтижелеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік/үкіметтік бағдарламаны мен аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын орган жүзеге асыратын іс-кимыл (іс-шаралар), органның қол жеткізу үшін қажетті нәтижелері және ол үшін талап етілетін шығындар бағаланады.

      15. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру үшін Іс-шаралар жоспарлары әзірленеді.

      16. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары – мерзімдерін, жауапты орындаушыларын, аяқтау нысанын, оны іске асыруға қажетті шығындарды айқындай отырып, мемлекеттік немесе үкіметтік бағдарламаның, аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттарына, нысаналы индикаторларына және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған нақты іс-қимылдар жиынтығы.

      17. Операциялық деңгейде – стратегиялық және бағдарламалық құжатты, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарын іске асыруға қатысатын органдардың құрылымдық бөлімшелері үшін нақты іс-қимылдар (іс-шаралар) мен оларды орындаудың тиімділік өлшемдерін айқындайтын операциялық жоспарлар әзірленеді.

      18. Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9787 болып тіркелген) "Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 16 бұйрығында айқындалған.

4. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаны іске асыру
бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу

      19. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламанының мақсаттарына, міндеттеріне уақтылы және толыққанды қол жеткізу және жоспарланған нәтижелерді алу үшін оны іске асыру іс-қимылдарын ұйымдастыру мен үйлестіру мақсатында әзірленеді.

      20. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары оны іске асырудың бүкіл кезеңіне бағдарламаның жобасымен бір мезгілде әзірленеді.

      21. Іс-шаралар жоспары:

      мемлекеттік бағдарлама үшін - мемлекеттік бағдарлама бекітілгеннен күннен бастап бір ай мерзімінде;

      үкіметтік бағдарлама үшін - үкіметтік бағдарламамен бір мезгілде бекітіледі.

      22. Іс-шаралар жоспары бағдарламаның алға қойылған мақсаттарға қол жеткізілуін қамтамасыз ететін, күтілетін нәтижелерді көрсете отырып, мерзімдері, ресурстары мен орындаушылары бойынша келісілген іс-шаралар жүйесін қамтиды.

      23. Іс-шаралар жоспарының жобасы осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаны іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың ұсыныстарын негізінде қалыптастырылады.

      24. Іс-шаралар жоспарына осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттер деңгейлерінің бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің болжанатын шығыстарының жиынтығы қоса беріледі.

      25. Басқа көздердің болжанатын шығыстары туралы ақпарат бұл кестеде көрсетілмейді.

      26. Іс-шаралар жоспарының жобасы мынадай ретпен пысықталады:

      1) қалыптастырылған Іс-шаралар жоспарының жобасын Іс-шаралар жоспарының бекітілу мерзіміне дейін күнтізбелік 30 күн бұрын бағдарламаны іске асыруға қатысушылардың барлығы қарауы үшін Интернет ресурста орналастыру және мүдделі мемлекеттік органдарға мемлекеттік органдардың Интранет порталы (МОИП) арқылы келісуі үшін орналастыру;

      2) Іс-шаралар жоспарының жобасын мемлекеттік/үкіметтік бағдарламаны іске асыруға қатысушылармен және мүдделі мемлекеттік органдармен келісу;

      3) Іс-шаралар жоспарының жобасы бойынша мемлекеттік/үкіметтік бағдарламаны іске асыруға қатысушылардың және басқа да мүдделі адамдардың ескертулері мен ұсыныстарын қарау;

      4) Іс-шаралар жоспары жобасының түпкілікті редакциясын қалыптастыру;

      5) белгіленген тәртіпте келісу және бекіту.

5. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспарын әзірлеу

      27. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары - мерзімдерін, орындаушыларды, аяқталу нысанын, оны іске асыруға қажетті шығындарды айқындай отырып, аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-қимылдар жиынтығы.

      28. Іс-шаралар жоспары аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына уақтылы және толыққанды қол жеткізу және жоспарланған нәтижелерді алу үшін оны іске асыру бойынша іс-қимылдарды ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында әзірленеді.

      29. Іс-шаралар жоспары Болжамды схеманы ескере отырып, бағдарламаның алға қойылған мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін күтілетін нәтижелерді көрсете отырып, іс-шаралардың мерзімдері, ресурстары және орындаушылары бойынша келісілген жүйесін қамтиды.

      30. Іс-шаралар жоспары аумақтарды дамыту бағдарламасын оны іске асырудың бүкіл кезеңіне оны әзірлеумен бір мезгілде әзірленеді.

      31. Іс-шаралар жоспары осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

      32. Іс-шаралар жоспарына осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттер деңгейлері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің болжанатын шығыстарының жиынтығы қоса беріледі.

      33. Басқа көздердің болжамды шығыстары туралы ақпарат бұл кестеде көрсетілмейді.

      34. Іс-шаралар жоспарын тиісті аумақтың жергілікті атқарушы органы тиісті аумақтарды дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде бекітеді.

6. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту
бағдарламаларын ресурстармен қамтамасыз ету

      35. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын уақытылы және сапалы іске асыру үшін оларды қажетті ресурстармен – қаржылық, еңбек, материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету маңызды.

      36. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын қаржыландыру көздері:

      республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты,

      мемлекеттік қарыздар,

      мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес қарыздар,

      тікелей шетелдік және отандық инвестициялар,

      халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердің гранттары,

      екінші деңгейдегі банктердің кредиттері,

      ұйымдардың меншікті қаражаттары,

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері болып табылады.

      37. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын қаржыландырудың болжанатын көлемі әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, жоспарлы кезеңдегі республикалық және жергілікті бюджеттердің параметрлерін, халықаралық шарттар мен басқа да құжаттарды ескере отырып айқындалады.

      38. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын мақсаттарына, нысаналы индикаторларына, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті бюджеттік ресурстарды жоспарлы кезеңге бөлу республикалық және жергілікті бюджеттер жобаларын қалыптастыру процесінде жүзеге асырылады.

      39. Орта мерзімді кезеңге бюджет жобаларын әзірлеу барысында республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттары, мемлекеттік қарыздар, мемлекеттік кепілдікпен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын қаржыландыру мүмкіндіктері нақтыланады.

      40. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларының нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган өзінің бюджеттік бағдарламаларында қойылған мақсаттарға, міндеттер мен жоспарланған нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қажетті бюджет қаражатын көздейді.

      41. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында және аумақты даму бағдарламаларында көзделген, республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру есебінен қол жеткізу болжанып отырған мақсаттар, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері тиісті мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларының мақсаттарымен, міндеттермен және нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланысты болуы тиіс.

7. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

      42. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру сатысындағы маңызды міндеттер ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту болып табылады. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асырудың табыстылығы мен нәтижелілігі көбінесе орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының іс-қимылдарының өзара келісілген, олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру процесіне қызығушылық танытуы мен қатыстырылуына байланысты болады.

      43. Ведомствоаралық өзара іс-қимылдың мәні мемлекеттік құрылымдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының және стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыруға қатысатын басқа да ұйымдардың арасында конструктивті өзара іс-қимылды дұрыс жолға қоюда болып табылады.

      44. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл негізінде мынадай:

      стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру процесінде орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарындағы келісушілігі;

      әрбір өзара әрекеттесетін тараптың проблемаларды шешу және нәтижелерге қол жеткізу жолдарын табуда қызығушылық білдіруі;

      әрбір тараптың жеке шешуі тиімсіз болатын маңызды проблемаларды жеңуде күштері мен мүмкіндіктерін біріктіруі;

      стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыруға қатысушылар арасындағы даулы мәселелерді шешудегі конструктивті ынтымақтастығы;

      мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқарушылық шешімдер қабылдауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдауына ұйымдар басшыларының жауапкершілігі қағидаттары бар.

      45. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының және басқа ұйымдардың бірлескен күшімен стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының жоспарланған мақсаттарына, нысаналы индикаторларына және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу және маңызды әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және өзге де проблемаларды шешу үшін қажет.

      46. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асырудағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл мыналардың:

      стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламалары;

      стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мақсаттары, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін каскадтау;

      мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары негізінде іске асырылады.

      47. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын әрбір ұйым тиісті салада (қызмет аясында) елеулі нәтижелерге қол жеткізу үшін нақты не істеуге тиіс екендігіне назар аударады.

8. Тәуекелдерді талдау және басқару

      48. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру кезінде тәуекелдерді анықтауға және талдауға, сондай-ақ тәуекелдерді басқару бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға ерекше көңіл бөлінеді.

      49. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу процесінде жиналған ақпараттардың едәуір бөлігі сияқты, тәуекелдер де құжаттардың іске асырылуына қарай өзгеруі мүмкін және үнемі қадағаланып отыруы тиіс.

      50. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру барысында жаңа тәуекелдердің туындау ықтималдығы бар.

      51. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру кезінде, оларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар, бірлесіп орындаушы органдар (мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектордың субъектілері), өздерінің өкілеттіліктері шегінде мыналарды жүргізеді:

      1) тәуекелдерді талдау – стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру барысына ықпалын тигізетін және жоспарланған мақсаттарға, нысаналы индикаторларға және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге кедергі келтіретін ықтимал қауіптерді қадағалайды;

      2) тәуекелдерді басқару – жоспарланған мақсаттарға, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілмеу ықтималдығы күшейген немесе тәуекел туындаған жағдайда қажетті іс-шараларды (оның ішінде бұрын жоспарланған) жүзеге асырады.

      52. Басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде тәуекелдерді басқару процесінің негізгі мақсаты – тұтастай стратегиялық және бағдарламалық құжатты, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыруда тәуекелдердің ықпал ету дәрежесін тиісті деңгейге төмендету арқылы мақсаттарға, нысаналы индикаторларға және нәтижелер көрсеткіштеріне табысты қол жеткізу ықтималдығын ұлғайту. Тәуекелдерді басқару процесі қажетті және уақытылы шешімдер қабылдаумен байланысты.

      53. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асырудың бүкіл жоспарлы кезеңі ішінде құжаттарды әзірлеуші органдар, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар және бірлесіп орындаушылар (мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектордың субъектілері) тәуекелдерді талдау мен басқаруды орындайды.

      54. Тәуекелдерді басқару стратегиясы шынайы болуы тиіс және мақсаттар, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты және тәуекелдерді басқару жоспарын әзірлеген орган қабылдайтын іс-қимылдарды қамтуы тиіс.

9. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту
бағдарламаларын түзету

      55. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, Қазақстан Республикасы Президентінің жекелеген тапсырмалары, жоғары тұрған деңгейдегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға енгізілетін өзгерістер, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары құжаттардың іске асырылуына елеулі әсер ететін ішкі және сыртқы ортадағы өзгерістер, қаржыландыру көлемінің өзгеруі, құжаттардың іске асырылуына жүргізілген мониторинг және бағалау оларды түзету үшін негіз болып табылады.

      56. Нәтижесінде, құжаттарды түзету жекелеген мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды қайта қарауға, ресурстарды қайта бөлуге немесе олардың көлемін өзгертуге, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері мәндерінің өзгеруіне, тиімсіз болып шыққан іс-қимылдарды тоқтата тұруға, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру процесінде анықталған проблемаларды еңсеруге және әлсіз жерлерін жоюға қатысты жаңа тәсілдер әзірлеуге алып келеді.

      57. Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің, сандық мәндерін іске асыру мерзімі аяқталғаннан кейін өзгертуге жол берілмейді. Іске асыру мерзімі аяқталғаннан кейін жоспарлы кезең жоспарлы болып қалады.

      58. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын түзету кезінде оларды әзірлеу кезіндегі талаптар да сақталады.

  Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму
жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың
болжамды схемасын, мемлекеттік және үкіметтік
бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың
стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту
бағдарламаларын іске асыру жөніндегі әдістемеге
1-қосымша

      Нысан

______________________________________________ іске асыру жөніндегі

      (мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаның немесе аумақты дамыту

      бағдарламасының атауы)

іс-шаралар жоспары

Атауы

Өлшем бірлігі

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімдері

Орындауға жауаптылар

Оның ішінде жылдар бойынша

Қаржыландыру көздері

Бюджеттік бағдарламаның коды

1- жыл

2- жыл

n-жыл

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13


Мақсат



1-нысаналы индикатор


*

*






*

*

*


n-нысаналы индикатор


*

*






*

*

*


Міндет



1-нәтижелер көрсеткіші


*

*






*

*

*


n-нәтижелер көрсеткіші


*

*






*

*

*


1-іс-шара













n-іс-шара












      Ескертпе: Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын толтыру бойынша түсіндірулерге сәйкес осы Нысанға 1-қосымшаға сәйкес толтырылады;

      Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары осы Іс-шаралар жоспарының нысанына 2-қосымшаға сәйкес Аумақтарды дамыту бағдарламасы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын толтыру бойынша түсіндірулерде толтырылады.

  Мемлекеттік және үкіметтік
бағдарламаны іске асыру
жөніндегі іс-шаралар
жоспарының нысанына
1-қосымша

Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаны іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарын толтыру бойынша түсіндірулер

      Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мынадай түрде толтырылады:

      1) "Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаның атауы" деген жолда мемлекеттік/үкіметтік бағдарламаның толық атауы көрсетіледі;

      2) "№" деген 1-бағанда мақсаттың, нысаналы индикаторлардың, міндеттердің, нәтижелер көрсеткіштерінің және мемлекеттік/үкіметтік бағдарлама іс-шараларының реттік нөмірі көрсетіледі;

      3) "Атауы" деген 2-бағанда мақсаттар, нәтижелер көрсеткіштері бөлінісінде нысаналы индикаторлар және жазылу реттілігі мемлекеттік/ үкіметтік бағдарламаның "Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикторлары және нәтижелер көрсеткіштері" деген бөлімнің жазылу реттілігіне негізделетін міндеттер бөлінісінде іс-шаралар келтіріледі;

      4) "Өлшем бірлігі" деген 3-бағанда нысаналы индикаторлардың нәтижелер көрсеткіштерімен іс-шаралардың өлшем бірлігі көрсетіледі;

      5) "Аяқталу нысаны" деген 4-бағанда іс-шаралардың аяқталу нысаны көрсетіледі (іс-шараны аяқтау нені білдіретінін ашып көрсететін іс-шараның сапалық сипаттамасы, мысалы, "Республикалық меншіктегі гидротораптар мен су қоймаларын реконструкциялау және күрделі жөндеу" іс-шарасының "мемлекеттік комиссиялардың қабылдау актілері" деген аяқталу нысаны болады);

      6) "Орындалу мерзімдері" деген 5-бағанда іс-шаралардың жоспарланған орындалу мерзімдері көрсетіледі.

      Егер көзделген іс-шаралар бойынша аяқталу нысаны жоғары тұрған органдарды хабардар ету болған жағдайда, осы іс-шаралардың орындалу мерзімдері бір-бірімен байланысты болып, жоғары тұрған органдарды хабардар ету Іс-шаралар жоспары бойынша жалпы жылына екі реттен аспауы тиіс;

      7) "Орындауға жауаптылар" деген 6-бағанда мемлекеттік/үкіметтік бағдарламаның мақсаттарына, нысаналы индикаторларына, міндеттеріне, нәтижелер көрсеткіштеріне және жоспарланған іс-шараларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар, оған ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсетіледі.

      Бұл ретте, ведомстволық бағынысты ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша бірлесіп орындаушылар ретінде көрсетіледі;

      8) 7-10-бағандарда:

      "Нысаналы индикаторлар" деген жол бойынша мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаның "Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері" бөліміне сәйкес нысаналы индикаторлардың сандық мәндері көрсетіледі;

      "Нәтижелер көрсеткіштері" деген жол бойынша мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаның "Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикторлары және нәтижелер көрсеткіштері" бөліміне сәйкес нәтижелер көрсеткіштерінің сандық мәндері көрсетіледі;

      "Іс-шара" деген жол бойынша:

      қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар үшін мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаны іске асырудың әрбір жылы бөлінісінде болжанатын сомасы миллион теңгемен көрсетіледі;

      заттай мәнде өлшенетін іс-шаралар үшін олардың сандық мәні көрсетіледі;

      9) 11-13-бағандар қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар бойынша толтырылады:

      "Барлығы" деген 11-бағанда "Іс-шара" деген жол бойынша болжанатын қаражаттың жалпы сомасы миллион теңгемен көрсетіледі;

      "Қаржыландыру көздері" деген 12-бағанда "Іс-шара" деген жол бойынша болжанатын сомаларды қаржыландыру көздері көрсетіледі (республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, мемлекеттік қарыздар, мемлекеттік кепілдікпен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдарының немесе донор-елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың меншікті қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа қаражат);

      "Бюджеттік бағдарламаның коды" деген 13-бағанда "Іс-шаралар" деген жол бойынша Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына сәйкес (бұдан әрі – Бірыңғай бюджеттік сыныптама) бюджеттік бағдарламаның коды көрсетіледі.

      "*" белгісі бар кестенің ұяшықтары толтырылмайды.

  Аумақтарды дамыту
бағдарламасын іске
асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспарының нысанына
2-қосымша

Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар
жоспарын толтыру бойынша түсіндірулер

      Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мынадай түрде толтырылады:

      1) "Аумақты дамыту бағдарламасының атауы" деген жолда аумақты дамыту бағдарламасының толық атауы көрсетіледі;

      2) Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша "Міндет" және "Нәтижелер көрсеткіштері" деген жолдар толтырылмайды;

      3) "№" деген 1-бағанда аумақты дамыту бағдарламасы мақсатының, нысаналы индикаторларының және іс-шараларының реттік нөмірі көрсетіледі;

      4) "Атауы" деген 2-бағанда жазылу реттілігі "Негiзгi бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары" деген бөлімнің жазылу реттілігіне негізделетін мақсаттар бөлінісінде нысаналы индикаторлар келтіріледі;

      5) "Өлшем бірлігі" деген 3-бағанда нысаналы индикаторлар мен іс-шаралардың өлшем бірлігі көрсетіледі;

      6) "Аяқталу нысаны" деген 4-бағанда іс-шараның аяқталу нысаны көрсетіледі (іс-шараны аяқтау нені білдіретінін ашатын іс-шараның сапалық сипаттамасы. Мысалы, "Халықты шылым шегудің зияндығы туралы ақпаратандыру" іс-шарасының "лекциялар" немесе "постерлер мен буклеттер" "темекіге қарсы жарнама" деген аяқталу нысаны болуы мүмкін);

      7) "Орындалу мерзімдері" деген 5-бағанда жоспарланған іс-шараларды орындаудың мерзімдері көрсетіледі.

      Көзделген іс-шаралар бойынша аяқталу нысаны жоғары тұрған органдарды ақпараттандыру болған жағдайда, онда осы іс-шаралардың орындалу мерзімдері бір-бірімен байланысты болуы және жоғары тұрған органдарды ақпараттандыру Іс-шаралар жоспары бойынша нысаны жалпы жылына екі реттен аспауы тиіс;

      8) "Орындауға жауаптылар" деген 6-бағанда аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына, нысаналы индикаторлары мен жоспарланған іс-шараларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар, оған ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсетіледі.

      Бұл ретте ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері мақсаттарға және нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша бірлесіп орындаушылар ретінде көрсетіледі;

      9) 7-10-бағандарда:

      "Нысаналы индикаторлар" деген жол бойынша аумақты дамыту бағдарламасының "Негiзгi бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары" деген бөлімі нысаналы индикаторларының сандық мәндері көрсетіледі;

      "Іс-шара" деген жол бойынша:

      қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар үшін аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асырудың әрбір жылы бөлінісінде миллион теңгемен болжанатын сомасы;

      заттай мәнде өлшетін іс-шаралар үшін олардың сандық мәндері көрсетіледі;

      10) 11-13-бағандар қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар бойынша толтырылады:

      "Барлығы" деген 11-бағанда "Іс-шара" деген жол бойынша қаржыландыратын іс-шаралар бойынша болжанатын қаражаттың жалпы сомасы миллион теңгемен көрсетіледі;

      "Қаржыландыру көздері" деген 12-бағанда "Іс-шара" деген жол бойынша қаржыландыратын іс-шаралар бойынша болжанатын сомаларды қаржыландыру көздері көрсетіледі (республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, мемлекеттік кепілдікпен тартылатын мемлекеттік қарыздар, мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдарының немесе донор-елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың меншікті қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа қаражат);

      "Бюджеттік бағдарламаның коды" деген 13-бағанда "Іс-шара" деген жол бойынша қаржыландыратын іс-шаралар бойынша Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес бюджеттік бағдарламаның коды көрсетіледі.

      "*" белгісі бар кестенің ұяшықтары толтырылмайды.

  Қазақстан Республикасының
Стратегиялық даму жоспарын,
Елді аумақтық-кеңістікте
дамытудың болжамды схемасын,
мемлекеттік/ үкіметтік
бағдарламаларды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық
жоспарларын және аумақтарды
дамыту бағдарламаларын іске
асыру жөніндегі әдістемеге
2-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік органдар бөлінісінде

      ___________________________________________________

      (мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаның, аумақты дамыту

      бағдарламасының атауы)

болжанатын шығыстар жиынтығы

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің атауы

Болжанатын шығыстар (мың теңге)

1-жыл

2-жыл

n-жыл

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

(Бюджет деңгейі)















(Бюджет деңгейі)









      Ескертпе: мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаның немесе аумақтарды дамыту бағдарламасының болжанатын шығыстарының жиынтығы болжанатын шығыстар жиынтығын толтыру бойынша түсіндірулерге сәйкес осы нысанға қосымшаға сәйкес толтырылады.

  Болжанатын шығыстар
жиынтығына
қосымша

Болжанатын шығыстар жиынтығын толтыру бойынша түсіндірулер

      Мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар немесе аумақты дамыту бағдарламалары бойынша болжанатын шығыстар жиынтығы былайша толтырылады:

      1) "№" деген 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің атауы" деген 2-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы көрсетіледі;

      3) 3-6-бағандарда мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаны немесе аумақты дамыту бағдарламасын іске асырудың әрбір жылы бөлінісінде болжанатын сомалар миллион теңгемен көрсетіледі;

      4) "Барлығы" деген 7-бағанда болжанатын қаражаттың жалпы сомасы миллион теңгемен көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің
2016 жылғы 04 ақпандағы
№ 58 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына,
мемлекеттік және үкімттік бағдарламаларға, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту
бағдарламаларына мониторинг жүргізу жөніндегі
әдістеме
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, мемлекеттік және үкімттік бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Әдістеме Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, мемлекеттік және үкімттік бағдарламаларға (бұдан әрі - стратегиялық және бағдарламалық құжаттар), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізуді әдіснамалық сүйемелдеу мақсатында әзірленген.

      3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының және аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы есептерді және басқа да ақпаратты жинау, жүйелендіру, талдау және жалпылау мониторингілеу болып табылады.

      4. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтардың даму бағдарламаларын мониторингілеу мыналарды:

      тиісті құжатты іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратты алудың тұрақтылығын;

      тиісті құжатты іске асыруда мемлекеттік органдардың іс-қимылдарының келісімділігін;

      өзгеріп отыратын жағдайларды ескере отырып, тиісті құжатты уақтылы өзектендіруді қамтамасыз етеді.

      5. Мониторингілеу:

      ресурстардың пайдаланылуын;

      жоспарланған қызметтің орындалуын;

      жоспарланған нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілуін зерделеу және талдау үшін тұрақты ақпарат жинау арқылы жүзеге асырылады.

      6. Белгілі бір қызметті, іс-шараларды, тікелей және түпкілікті нәтижелерді жүзеге асыруға арналған шығындар мен ресурстар, сондай-ақ осы қызметтің сапалы нәтижелері мониторингілеудің мәні болып табылады.

      7. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын мониторингілеудің негізгі нәтижесі - мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне толық және уақтылы қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.

      8. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторингілеуді жүргізу үшін мыналар:

      ұлттық және ведомстволық статистика;

      төменгі деңгейдегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын мониторингілеудің;

      бюджеттердің атқарылуы туралы есептер;

      сарапшылардың есептері мен қорытындылары;

      басқа да көздер ақпарат көзі болып табылады.

      9. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын мониторингілеудің нәтижелері бойынша оларды түзету жүзеге асырылуы мүмкін.

      10. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларына жүргізілген мониторингілеудің дұрыстығы мен толықтығы әзірлеуші мемлекеттік органдарға және құжаттарды бірлесіп орындаушыларға (мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектордың органдары) және Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде айқындалған тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.

      11. Әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады::

      1) нысаналы индикатор – оған қол жеткізу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін мақсаттың сандық мәні;

      2) нәтиже көрсеткіші – міндеттердің шешілу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін сандық тұрғыдан өлшенетін көрсеткіш;;

      3) көрсеткіштер – нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері;

      4) көрсеткішке қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган – нысаналы индикаторға және (немесе) нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы орган;

      5) бірлесіп орындаушы – стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі, ведомстволық бағынысты және басқа ұйымдар, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу олардың қызметіне байланысты және өзінің өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері шегінде оларға қол жеткізу үшін жауапты.

2. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларының және аумақты дамыту
бағдарламаларының іске асырылуы туралы есеп

      12. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының және аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуын мониторингілеу нәтижелері әзірлеуші мемлекеттік органдар жасайтын құжаттардың іске асырылуы туралы есеп түрінде рәсімделеді.

      13. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есептер жыл қорытындылары бойынша жасалады.

      14. Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы есепті осы Әдістемеге 1-қосымшада берілген нысанға сәйкес ұсынады.

      15. Әзірлеуші-мемлекеттік орган мемлекеттік/үкіметтік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік/үкіметтік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуы туралы есепті осы Әдістемеге 2-қосымшада берілген нысанға сәйкес ұсынады.

      16. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуын мониторингілеу туралы есеп осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.

      17. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжатының түріне байланысты Іске асыру туралы есеп қағаз жеткізгіште және электронды түрде ұсынылады және (немесе) бірінші басшысының қолы қойылған іске асыру туралы есепті жүзеге асыратын мемлекеттік органның веб-порталында (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырылады.

      18. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының және аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуы туралы есеп мемлекеттік органның веб-порталында құжаттарды іске асырудың кезеңінде орналасуы тиіс.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту
бағдарламаларын іске асыру туралы есептерді ұсыну
Параграф 1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму
жоспарын іске асыру туралы есепті ұсыну

      19. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын мониторингілеу (бұдан әрі - Стратегиялық даму жоспары) жылына бір рет жүргізіледі.

      20. Стратегиялық даму жоспарын мониторингілеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар ұсынған ақпарат негізінде жүргізеді.

      21. Егер стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуде бірлесіп орындаушы орган қатысқан жағдайда, онда ол нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес ақпаратты ұсынады.

      22. Нысаналы индикаторларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 маусымына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға осы мемлекеттік органның бірінші басшысының қолы қойылған осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес Стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы ақпаратты ұсынады.

      23. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдардан алынған Стратегиялық даму жоспарының іске асырылуы туралы ақпараттың негізінде осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Стратегиялық даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп пен қорытынды жобасын қалыптастырады.

      24. Қорытынды жобасы осы Әдістеменің 4-тарауына сәйкес ақпаратты қамтиды.

      25. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Стратегиялық даму жоспарының мониторингісі бойынша іске асырылу туралы қалыптастырылған есеп пен қорытынды жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 шілдесіне дейінгі мерзімде ұсынады.

      26. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысының қолы қойылған Стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы есеп (құпия мәліметтерді қамтитын және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) мемлекеттік органның веб-порталына орналастырылады.

      27. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынған Стратегиялық даму жоспарын мониторингілеу бойынша іске асыру туралы есепті және қорытынды жобасын қарағаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі кажет болған жағдайда қорытындының жобасын пысықтайды және оны іске асыру туралы есеппен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ұсынады.

Параграф 2. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті
ұсыну

      28. Мемлекеттік бағдарламаны мониторингілеу жылдың қорытындысы

      бойынша жылына бір рет жүргізіледі.

      29. Мемлекеттік бағдарламаның мониторингісін мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуші мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы уәкілеттік берген өзге мемлекеттік орган мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушылар ұсынған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен жүргізеді.

      30. Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты бірлесіп орындаушы өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін бірлесіп орындаушы орган басшысының қол қоюымен ақпаратты әзірлеуші мемлекеттік органға не мониторинг жүргізуге Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы уәкілеттік берген өзге мемлекеттік органға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес ұсынады.

      31. Әзірлеуші мемлекеттік орган не мониторинг жүргізуге Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы уәкілеттік берген өзге мемлекеттік орган есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейінгі мерзімде бірлесіп орындаушыдан алған іске асырылу барысы туралы ақпарат негізінде мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы есепті осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес қалыптастырады және бірінші басшының қол қоюымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады, сондай-ақ оны веб-порталға (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

      32. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер негізінде олардың әрқайсысы бойынша қорытынды жобалар қалыптастырады және іске асыру туралы есептермен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейінгі Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады және оларды (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) мемлекеттік органның веб-порталына орналастырады.

      33. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есеп пен мониторинг жөніндегі қорытындылар жобаларын қарағаннан кейін қажет болған жағдайда қорытынды жобаларын пысықтайды және іске асырылу туралы есептермен бірге қорытындыны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.

Параграф 3. Үкіметтік бағдарламаны іске асыру туралы есепті
ұсыну

      34. Үкіметтік бағдарламаны мониторингілеуді оны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган жүргізеді.

      35. Үкіметтік бағдарламаны мониторингілеу жылдың қорытындысы бойынша жылына бір рет жүргізіледі.

      36. Үкіметтік бағдарламаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы өз құзыреті шегінде оны іске асыру барысы туралы ақпаратты есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде оны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға басшының қол қоюымен ақпаратты ұсынады.

      37. Үкіметтік бағдарламаларды әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган бірлесіп орындаушы ұсынған бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы ақпарат негізінде үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепті қалыптастырады және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейінгі мерзімде оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қол қоюымен веб-порталға (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

      38. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган үкіметтік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер негізінде олардың әрқайсысы бойынша қорытынды жобаларын қалыптастырады және оларды іске асыру туралы есептермен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.

Параграф 4. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске
асыру туралы есепті ұсыну

      39. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын мониторингілеуді есепті жылдың қорытындылары бойынша әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.

      40. Мемлекеттік органдар операциялық жоспардың іске асырылу барысын талдау негізінде есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанына дейін стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есепті қалыптастырады және бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті (құпия мәліметтерді қамтитын және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) мемлекеттік органның веб-порталына орналастырады.

Параграф 5. Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру туралы
есепті ұсыну

      41. Мемлекеттік органдар жыл қорытындысы бойынша жылына бір рет ұсынатын ақпараттың негізінде Аумақтарды дамыту бағдарламасының мониторингін жүргізеді.

      42. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму бағдарламасын мониторингілеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы жүргізеді.

      43. Ауданның (облыстық маңызы қаланың) даму бағдарламасын мониторингілеуді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      44. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізу үшін:

      облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасына іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде бірлесіп орындаушылардан алған ақпарат негізінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есепті қалыптастырады және оны облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі қол қойған есепті веб-порталға (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

      45. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органында веб-портал болмаған жағдайда, іске асыру туралы есеп облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің веб-порталында орналастырылады.

      46. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларына мониторинг үшін:

      ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;

      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей бірлесіп орындаушылардан алған ақпарат негізінде ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есепті қалыптастырады және аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкімінің қол қоюымен оны веб-порталға (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

      47. Аудандың (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органында веб-портал болмаған жағдайда, іске асыру туралы есеп аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің веб-порталында орналастырылады.

4. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг бойынша
қорытынды

      48. Іске асыру туралы есептер негізінде қорытынды дайындалады.

      49. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға бағалау жүргізу жылы мониторинг бойынша қорытынды қалыптастырылмайды.

      50. Мониторингілеу бойынша қорытынды:

      1) деректемелерді (стратегиялық және бағдарламалық құжат бекітілген актінің атауын, нөмірін, күнін, әзірлеуге жауапты мемлекеттік органды, бірлесіп орындаушыны, іске асыру мерзімдерін, оның ішінде кезең бойынша);

      2) есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелерді, оның ішінде есепті кезеңдегі аралық мәндерімен қоса алғанда, нақты қол жеткізілген көрсеткіштерін (аралық немесе түпкілікті мәндерге қол жеткізілмеген жағдайда, қол жеткізілмеу себептерін көрсету);

      3) есепті кезеңге жоспарланған іс-шаралар санын, оның ішінде орындалған және орындалмаған іс-шаралардың себептерін көрсете отырып орындалмаған іс-шаралар санын;

      4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылу барысына ықпал ететін факторларды талдауды;

      5) іс-шараларды орындауға есепті кезеңге бөлінген және игерілмеген, қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, іс-шараларды орындауға арналған бюджеттік және өзге де қаржы қаражаты туралы ақпаратты;

      6) жүргізілген бақылау іс-шаралары, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы мәліметтерді;

      7) әзірлеуші мемлекеттік органның стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты;

      8) қорытындылар мен ұсыныстарды қамтиды.

  Қазақстан Республикасының
Стратегиялық даму жоспарына,
мемлекеттік және үкіметтік
бағдарламаларға, мемлекеттік
органдардың стратегиялық
жоспарларына және аумақтарды
дамыту бағдарламаларына мониторинг
жүргізу жөніндегі әдістемеге
1-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасының _______ жылға дейінгі Стратегиялық
даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп

      Бекітілген __________________________________________________________

      Есепті кезең ________________________________________________________

      Мемлекеттік орган ___________________________________________________

1-бөлім. Ақпараттық бөлім

      1.1. Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу

Атауы

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Базалық (шығыс) мән

Орындалу туралы ақпарат

Жауапты орындаушылар

жоспар

факт

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

8

9


1-нысаналы индикатор






*



n-нысаналы индикатор






*



1-нәтижелер көрсеткіші






*



1 іс-шара

*








n-іс-шара

*








*








      1.2. Орындалмаған іс-шаралар мен игерілмеген қаржы қаражаты туралы ақпарат

2-бөлім. Талдамалық жазба бөлімі
3-бөлім. Бағалау нәтижелері бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар

      Бірінші басшы ______________________________________

      қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Ескертпе: Қазақстан Республикасының _______ жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының іске асырылуы туралы есептерді толтыру бойынша түсіндірулерге сәйкес осы форматқа қосымшаға сәйкес толтырылады.

  Қазақстан Республикасының
_______ жылға дейінгі Стратегиялық
даму жоспарының іске асырылуы
туралы есептің нысанына
қосымша

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының іске
асырылуы туралы есептерді толтыру бойынша түсіндірулер

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын (бұдан әрі – Стратегиялық даму жоспары) іске асыру туралы есептер мынадай тәртіппен толтырылады:

      1. "Бекітілген" деген жол бойынша Стратегиялық даму жоспары бекітілген нөмірі мен күні көрсетіледі;

      2. "Есепті кезең" деген жолға қорытындысы бойынша есеп ұсынылатын жыл көрсетіледі;

      3. "Мемлекеттік орган" деген жол бойынша есепті құрастыратын және беретін мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.

      4. "Ақпараттық бөлім" деген 1-бөлімнің "Стратегиялық мақсаттаға қол жеткізу" деген 1.1-кіші бөлім:

      1) "Басымды бағыт" деген жол бойынша бекітілген Стратегиялық даму жоспарына сәйкес басымды бағыттың атауы көрсетіледі;

      2) "Стратегиялық мақсат" деген жол бойынша Стратегиялық даму жоспарында айқындалған стратегиялық мақсаттың атауы көрсетіледі;

      3) "Стратегиялық мақсат іске асырылатын төмен тұрған құжат" деген жол бойынша мақсаттар, нысаналы индикаторлар, міндеттер, нәтижелер көрсеткіштері немесе іс-шаралар түрінде Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық мақсаттары декомпозицияланған немесе каскадталған мемлекеттік немесе үкіметтік бағдарламалардың, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарларының немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының атауы көрсетіледі;

      4) "Мақсат" деген жол бойынша Стратегиялық даму жоспарының тиісті мақсатына қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік немесе үкіметтік бағдарламалар, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарлары немесе аумақтарды дамыту бағдарламалары мақсаттарының атауы келтіріледі;

      5) "Міндеті" деген жол бойынша Стратегиялық даму жоспарының тиісті стратегиялық мақсатына қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік немесе үкіметтік бағдарламалардың, міндеттерінің атауы көрсетіледі;

      6) "№" деген 1-бағанда көрсеткіштің және іс-шараның реттік нөмірі көрсетіледі;

      7) "Атауы" деген 2-бағанда:

      "Нысаналы индикатор" деген жол бойынша Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық мақсатына қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік немесе үкіметтік бағдарламалардың, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарларының немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларының атауы көрсетіледі;

      "Нәтижелер көрсеткіші" деген жол бойынша Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық мақсатына қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік немесе үкіметтік бағдарламалардың нәтижелер көрсеткіштерінің атауы келтіріледі;

      "Іс-шаралар" деген жол бойынша Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық мақсатына қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік немесе үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары іс-шараларының атауы көрсетіледі;

      8) "Ақпарат көзі" деген 3-бағанда көрсеткіштерге нақты қол жеткізілуді растайтын ақпарат көзі көрсетіледі;

      9) "Өлшем бірлігі" деген 4-бағанда көрсеткіштер мен іс-шаралардың өлшем бірлігі көрсетіледі;

      10) "Базалық (шығыс) мән" деген 5-баған бойынша:

      "Нысаналы индикатор" және "Нәтижелер көрсеткіші" деген жол бойынша мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында және аумақтарды дамыту бағдарламаларында бекітілген (түзетуді есепке алмай) көрсеткіштердің мәндері көрсетіледі;

      "Іс-шаралар" деген жол бойынша мемлекеттік/үкіметтік бағдарламаның немесе аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарында бекітілген іс-шаралар көрсетіледі;

      Бұл ретте, қаржы қаражаты арқылы іске асырылатын іс-шаралар миллион теңге түрінде көрсетіледі;

      11) "жоспар" деген 6-бағанда:

      "Нысаналы индикатор" және "Нәтижелер көрсеткіші" деген жол бойынша мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында және аумақтарды дамыту бағдарламаларында бекітілген түзетуді ескере отырып көрсеткіштердің жоспарлы мәндері көрсетіледі;

      "Іс-шаралар" деген жол бойынша заттай мәнде өлшенетін іс-шаралар үшін Іс-шаралар жоспарының түзетулерін ескере отырып олардың сандық мәндері, қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар үшін бюджетті нақтылауды және түзетуді ескере отырып қаржы қаражатының сомасы миллион теңгеде көрсетіледі;

      12) "факт" деген 7-бағанда:

      "Нысаналы индикатор" және "Нәтижелер көрсеткіші" деген жол бойынша көрсеткіштердің нақты қол жеткізілген мәндері көрсетіледі;

      "Іс-шаралар" деген жол бойынша заттай мәнде өлшенетін іс-шаралар үшін іс-шаралардың нақты орындалған мәндері көрсетіледі, қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар үшін есепті кезеңде тиісті іс-шараларды іске асыруға нақты игерілген қаржы қаражатының сомасы миллион теңгеде көрсетіледі;

      Бағалау жүргізілген жылдары бұл бөлім әрбір бағаланатын жыл бойынша жаңа 6 және 7-бағандарға ұқсас "жоспар" және "факт" деген жаңа бағанмен толықтырылады.

      13) "Қаржыландыру көзі" деген баған осы іс-шаралардың қаржыландыру көздері көрсетілетін қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар бойынша;

      14) "Жауапты орындаушылар" деген 9-баған көрсеткіштерге қол жеткізуге және іс-шаралардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар мен бірлесіп орындаушылар көрсетіледі.

      5. "Ақпараттық бөлім" деген 1-бөлімнің "Орындалмаған іс-шаралар мен игерілмеген қаржы қаражаты туралы ақпарат" деген 1.2-кіші бөлімде орындалмаған жоспарланған іс-шаралар мен олардың орындалмау себептері, орындалмаған іс-шаралардың елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайына әсер етеуі туралы ақпарат көрсетіледі.

      6. "Талдамалық жазба" деген 2-бөлім:

      шешілуіне Стратегиялық даму жоспары бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу деңгейі, Стратегиялық даму жоспарын іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері (бұл ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылғы есепке енгізіледі) туралы ақпаратты;

      бюджеттік инвестицияларды іске асырумен байланысты Стратегиялық даму жоспарын іске асыру шараларының іс жүзіндегі деңгейін анықтау бойынша шығу іс-шаралардың нәтижелері туралы мәліметтерді;

      орындалмаған іс-шаралардың елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға ықпалы туралы ақпаратты;

      игілік алушылардың қанағаттанушылығы деңгейі, оның ішінде жоспарланғанға қарағанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің көлемінің нақты деңгейі туралы ақпаратты (бұл ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылғы есепке енгізіледі);

      мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері бойынша іс-шараларды қоса алғанда жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді қамтиды.

      7. "Бағалау нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсыныстар" деген бөлім қорытындылар мен ұсыныстарды, оның ішінде стратегиялық даму жоспарын түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері жөніндегі, қолданыстағы заңнаманың өзгеруі туралы және басқа ұсыныстарды қамтиды.

      8. "*" белгісі бар кестенің үяшығы толтырылмайды.

  Қазақстан Республикасының
Стратегиялық даму жоспарына,
мемлекеттік және үкіметтік
бағдарламаларға, мемлекеттік
органдардың стратегиялық
жоспарларына және аумақтарды
дамыту бағдарламаларына мониторинг
жүргізу жөніндегі әдістемеге
2-қосымша

      Нысан

(Мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды және аумақтарды дамыту
бағдарламаларын) іске асыру туралы есеп

      Есепті кезеңі ____________________

      Бекітілген __________________________

      Мемлекеттік орган ___________________________________________

      20_______ жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық бағыты (мемлекеттік бағдарламалар үшін)

1. Бағдарламаны іске сыру барысы туралы ақпарат

Атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

Қаржыландыру көзі

Бюджеттік бағдарламаның коды

Орындалуы туралы ақпарат

Базалық (бастапқы) мәні

жоспар

факт

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Бағыт

1.1-мақсат


1-нысаналы индикатор







*

*



n-нысаналы индикатор







*

*


1.1.1-міндет


1-нәтижилер көрсеткіші







*

*



n-нәтижилер көрсеткіші







*

*



1-іс-шара


*









n-іс-шара


*








2. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау

Нысаналы индикатордың/нәтиже көрсеткішінің атауы

Бірлесіп орындаушы

Өзара іс-қимылды талдау

1

2

3







3. Сыртқы әсерді талдау

Сыртқы әсер факторлары және олардың нысаналы индикаторға/нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсері

Қабылданған шаралар

1

2



4. Қаржы қаражатын игеру

Қаржыландыру көзі

Жоспар, млн.теңге

Факт, млн.теңге

Пайдаланбаудың себептері

1

2

3

4

1-көз




2-көз







Барлығы





      5. Талдамалық жазба

      Бірінші басшы __________________________________

      Қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Облыстың, республикалық маңызы

      қаланың, астананың, ауданның

      (облыстық маңызы бар қаланың)

      әкімі __________________________________

      Қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Ескертпе: іске асыру туралы есеп (мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есептерді толтыру бойынша түсіндірулерге сәйкес осы форматқа қосымшаға сәйкес толтырылады.

  Іске асыру туралы есептің
(мемлекеттік/үкіметтік
бағдарламаларды, аумақтарды дамыту
бағдарламаларын) нысанына
қосымша

Мемлекеттік, үкіметтік және бағдарламаларды, аумақтарды дамыту
бағдарламаларын іске асыру туралы есептерді толтыру бойынша
түсіндірулер

      Мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру туралы есептер мынадай тәртіппен толтырылады:

      1. "Есепті кезең" деген жол бойынша оның қорытындысы бойынша есеп ұсынылатын кезең көрсетіледі.

      2. "Бекітілген" деген жол бойынша Бағдарламаны бекітілген құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.

      3. "Мемлекеттік орган" деген жол бойынша есепті құрастыратын және беретін мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.

      4. "20__ жылға дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық бағыттары" деген жол мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті қалыптастыру кезінде толтырылады. Мұнда, шеңберінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жүзеге асырылатын тиісті онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық бағытының атауы көрсетіледі.

      5. "Бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпарат" 1-бөлімде:

      1) "Бағыты" деген жол бойынша аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша өңірді дамытудың даму негізгі бағыттары көрсетіледі.

      "Бағыты" деген жол бойынша мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар үшін толтырылмайды;

      2) "Мақсат" деген жол бойынша Бағдарламада айқындалған мақсаттың атауы көрсетіледі;

      3) "Міндет" деген жол бойынша Бағдарламада айқындалған міндеттің атауы көрсетіледі;

      "Міндет" деген жол аумақтарды дамыту бағдарламасы үшін толтырылмайды;

      4) "№" деген 1-бағанда көрсеткіш пен іс-шараның реттік нөмірі көрсетіледі;

      5) "Атауы" деген 2-бағанда:

      "Нысаналы индикатор" деген жол бойынша Бағдарламаның нысаналы индикаторларының (тиісті мақсаттың) атауы көрсетіледі.

      "Нәтижелер көрсеткіші" деген жол бойынша мемлекеттік/үкіметтік бағдарламаның тиісті міндеттерінің шешілу дәрежесін сипаттайтын нәтижелер көрсеткіштері көрсетіледі;

      "Нәтиже көрсеткіші" деген жол аумақтарды дамыту бағдарламасы үшін толтырылмайды;

      "Іс-шара" деген жол бойынша Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес келетін іс-шаралар көрсетіледі;

      6) "Өлшем бірлігі" деген 3-бағанда көрсеткіштерінің өлшем бірлігі көрсетіледі;

      7) "Ақпарат көзі" деген 4-бағанда нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштерге нақты қол жеткізуді растайтын ақпарат көздері көрсетіледі.

      "Ақпарат көзі" деген бағанда "Іс-шаралар" деген жол бойынша толтырылмайды.

      8) "Жауапты орындаушылар" деген 5-бағанда Бағдарламаның көрсеткіштеріне қол жеткізуге және іс-шаралардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп орындаушылар көрсетіледі;

      9) "Базалық (бастапқы) мән" деген 6-бағанда:

      "Нысаналы индикатор" және "Нәтижелер көрсеткіші" деген жолдар Бағдарламаларда бекітілген (түзетулерді есепке алмағанда) бойынша көрсеткіштердің мәні көрсетіледі;

      "Іс-шара" деген жол бойынша заттық мәнде өлшенетін іс-шаралар үшін Бағдарламаны іске асыру бойынша Іс-шаралардың жоспарында (түзетулерді есепке алмағанда) бекітілген олардың сандық мәндері көрсетіледі; қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар үшін - Бағдарламаны іске асыру бойынша Іс-шаралардың жоспарында (түзетулерді есепке алмағанда) бекітілген қаржы қаражатының сомасы көрсетіледі.

      10) "жоспар" деген 7-бағанда:

      "Нысаналы индикатор" деген жол бойынша түзетулерді ескере отырып Бағдарламада бекітілген нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндер көрсетіледі;

      "Нәтижелер көрсеткіші" деген жол бойынша түзетулерді ескере отырып Бағдарламада бекітілген нәтижилер көрсеткіштерінің жоспарлы мәндер көрсетіледі;

      "Іс-шара" деген жол бойынша заттай мәнде өлшенетін іс-шаралар үшін олардың Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын түзетуді ескере отырып сандық мәндері, қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар үшін – бюджетті нақтылауды және түзетуді ескере отырып қаржы қаражаттының сомасы миллион теңгеде көрсетіледі;

      11) "факт" деген 8-бағанда:

      "Нысаналы индикатор" және "Нәтижелер көрсеткіші" нәтижилерінің фактік жеткізілген мәндер көрсетіледі;

      "Іс-шара" деген жол бойынша заттай мәнде өлшенетін іс-шаралар үшін іс-шаралардың іс жүзінде орындалған мәндер көрсетіледі; қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар үшін – есепті кезеңде тиісті іс-шараны іске асыруға қаржы қаражаттының іс жүзінде игерілген сомасы бюджет бойынша бөліністе миллион тенгеде үтірден кейін ондық мәнде көрсетіледі.

      Бағалау жүргізу жылдарында осы бөлім әр бағаланатын жыл бойынша 6, 7 және 8-бағандарға жаңа "Базалық (бастапқы) мәні", "жоспар" және "факт" деген бағандарда ұқсас толтырылады.

      12) "Қаржыландыру көзі" деген 11-бағанда осы іс-шараның қаржыландыру көзі көрсетіледі.

      "Қаржыландыру көзі" деген бағанда "Нысаналы индикатор" және "Көрсеткіштердің нәтижесі" деген жолдар толтырылмайды;

      13) "Бюджеттік бағдарламаның коды" деген 10-бағанда іс-шара есебінен іске асырылатын бюджеттік бағдарламаның коды көрсетіледі.

      "Бюджеттік бағдарламаның коды" деген бағанда "Нысаналы индикатор" және "Көрсеткіштердің нәтижесі" деген жолдар толтырылмайды;

      14) "Орындалуы туралы ақпарат" деген 11-бағанда көрсеткіштердің іс жүзіндегі және жобалық мәндерінің сәйкессіздігінің себептер туралы қысқаша ақпаратты және іс-шаралардың қысқаша орындалуы туралы ақпаратты көрсете отырып "Орындалған", "Орындалмаған" немесе "Ішінара орындалған" деп көрсетіледі.

      6. "Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау" деген 2-бөлім.

      осы бөлімдегі ақпарат бірлесіп орындаушының іс-қимылы (әрекетсіздігі) нәтижесінде қол жеткізілмеген көрсеткіштер бөлінісінде келтіріледі:

      1) "Нысаналы индикатордың/нәтиже көрсеткішінің атауы" деген 1-бағанда бірлесіп орындаушының іс-қимылы (әрекетсіздігі) нәтижесінде есепті жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізілмеген (орындалмаған) көрсеткіштердің атауы көрсетіледі;

      2) "Бірлесіп орындаушы" деген 2-бағанда ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын және көрсеткіштерге қол жеткізілуін оның іс-қимылдарына байланысты органның атауы көрсетіледі;

      3) "Өзара іс-қимылды талдау" деген 3-бағанда көрсеткіштерге қол жеткізілуді қамтамасыз ету бойынша оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушы қабылдаған шаралар туралы ақпарат, сондай-ақ көрсеткіштерге қол жеткізілмеу себебі көрсетіледі.

      7. "Сыртқы әсерді талдау" деген 3-бөлім:

      1) "Сыртқы әсер факторлары және олардың нысаналы индикаторға/нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсері" деген 1-бағанда сыртқы факторлар және олардың көрсеткішке қол жеткізу үшін оң және теріс әсерлері көрсетіледі;

      2) "Қабылданған шаралар" деген 2-бағанда көрсеткішке қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органның теріс салдарды еңсеру бойынша қабылданған нақты шаралар және (немесе) оларға қол жеткізуге сыртқы факторлардың оң әсерін пайдалану туралы ақпарат көрсетіледі.

      8. "Қаржы қаражатын игеру" деген 4-бөлім Бағдарламаны іске асыру туралы есепті қалыптастыруға арналған:

      1) "Қаржыландыру көзі" деген 1-бағанда құжатты қаржыландыру көзі көрсетіледі;

      2) "Жоспар, млн.теңге" деген 2-бағанда есепті кезеңге жоспарланған қаржы қаражатының сомасы миллион тенгеде көрсетіледі.

      Егер бағдарламаны қаржыландыру көзі республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты болса, онда осы бағанда түзетілген бюджеттің сомасы көрсетіледі;

      3) "Факт, млн.теңге" деген 3-бағанда есепті кезеңде қаржы қаражатының нақты игерілген сомасы миллион тенгеде келтіріледі;

      4) "Пайдаланбаудың себептері" деген 4-бағанда қаржы қаражатын игермеудің себептері көрсетіледі;

      5) осы бөлімнің соңындағы "Жиыны" деген жолда есепті кезеңнің соңына бағдарламалық құжатты іске асыруға жоспарланған және игерілген қаржы қаражатының жалпы сомасы көрсетіледі.

      9. Есептер талдамалық жазбахатты қамтиды.

      10. Іске асырылуы туралы есептің талдамалық жазбахаты:

      шешілуіне құжат бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу деңгейі, құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері (бұл ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылғы есепке енгізіледі) туралы ақпаратты;

      бюджеттік инвестицияларды іске асырумен байланысты құжаттың іске асыру шараларының іс жүзіндегі деңгейін анықтау бойынша шеттегі іс-шаралардың нәтижелері туралы мәліметтерді;

      орындалмаған іс-шаралардың елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға ықпалы туралы ақпаратты;

      жоспарланғанға қарағанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер көлемінің нақты деңгейі туралы ақпаратты (бұл ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылғы есепке енгізіледі);

      мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері бойынша іс-шараларды қоса алғанда жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;

      қорытындылар мен ұсыныстарды, оның ішінде құжатты түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері жөніндегі, қолданыстағы заңнаманың өзгеруі туралы және басқа ұсыныстарды қамтиды.

      11. "*" белгісі бар кестенің ұяшығы толтырылмайды.

  Қазақстан Республикасының
Стратегиялық даму жоспарына,
мемлекеттік және үкіметтік
бағдарламаларға, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларына
және аумақтарды дамыту бағдарламаларына
ониторинг жүргізу жөніндегі әдістемеге
3-қосымша
  Нысан


      Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуы

туралы есеп

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.01.2017 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________
(Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)

      ________________________ жылдарға арналған,

      (жоспарлы кезең)

      __________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген бұйрықтың атауы)

      20____жылғы "___"_____________№ ______ бұйрығымен бекітілген

      Есеп беру кезеңі:______________________

1. Тәуекелдерді басқаруды талдау

Ықтимал тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралар

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралардың іс жүзінде орындалуы

Ескертпе
(орындалуы/орындалмауы туралы ақпарат)

1

2

3

4

1 - стратегиялық бағыт

1.1 - мақсат





n-стратегиялық бағыт

...

2. Мақсаттарға және нысаналы индикаторларға қол жеткізу

Нысаналы индикатордың атауы

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Ескертпе
(орындалуы/орындалмауы
туралы ақпарат)

Жоспар

Факт

1

2

3

4

5

6

1 - стратегиялық бағыт

1.1 - мақсат

1-нысаналы индикатор






n-нысаналы индикатор






n-стратегиялық бағыт

...

3. Талдамалық жазба

Мемлекеттік органның бірінші басшысы

______________________________қолы
Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      Ескертпе: мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы есеп мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы есепті толтыру бойынша түсіндірулерге сәйкес осы форматқа қосымшаға сәйкес толтырылады.

  Мемлекеттік органның
стратегиялық жоспарының іске
асырылуы туралы есептің
нысанына қосымша

Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы есепті толтыру бойынша түсіндірулер

      Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы есеп мынадай тәртіппен толтырылады:

      1. "(әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)" деген жолда стратегиялық жоспарды әзірлеуші мемлекеттік органның толық атауы көрсетіледі.

      2. "(жоспарлы кезең)" деген жолда стратегиялық жоспар әзірленген жоспарлы бесжылдық кезеңдегі есепті жыл көрсетіледі.

      3. "(мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген бұйрықтың атауы)" деген жолда мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген бұйрықтың деректемелері (нөмірі мен күні) көрсетіледі.

      4. "Есеп кезеңі" деген жолда есепті кезең (есепті жыл) көрсетіледі.

      5. "Тәуекелдерді басқаруды талдау" деген 1-бөлім:

      1) "Стратегиялық бағыт" деген жолдарда мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттар көрсетіледі;

      2) "Мақсат" деген жолдарда мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған мақсаттар көрсетіледі;

      3) 1-бағанда мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында көзделген тәуекелдердің атауы көрсетіледі;

      4) 2-бағанда мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында жоспарланған тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар көрсетіледі;

      5) 3-бағанда тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралардың іс жүзінде орындалуы жөніндегі ақпарат келтіріледі;

      6) 4-бағанда тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралардың орындалуы немесе орындалмауы туралы ақпарат келтіріледі.

      6. "Мақсаттарға және нысаналы индикаторларға қол жеткізу" деген 2-бөлім:

      1) "Стратегиялық бағыт" деген жолдарда мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттар көрсетіледі;

      2) "Мақсат" деген жолдарда мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған мақсаттар көрсетіледі;

      3) бірінші бағанда мемлекеттік органның мақсаттары мен стратегиялық бағыттары бөлінісінде мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспарынан алынған нысаналы индикатордың атауы келтіріледі;

      4) екінші бағанда іс жүзінде қол жеткізілген нысаналы индикаторлардың (статистикалық деректер, есептеу формулалары және тағы басқа) анықтығын растайтын ақпарат көзі көрсетіледі;

      5) үшінші бағанда нысаналы индикаторлардың өлшем бірліктері көрсетіледі;

      6) төртінші бағанда есепті кезеңдегі нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәні көрсетіледі;

      7) бесінші бағанда есепті кезеңдегі нысаналы индикаторлардың нақты мәндері көрсетіледі;

      8) алтыншы бағанда нысаналы индикаторлардың орындалуы немесе орындалмауы туралы ақпарат келтіріледі.

      7. Іске асыру туралы есепте талдамалық жазба қамтылады.

      8. Іске асыру туралы есептің талдамалық жазбасында:

      проблемалардың шешілуі мен мақсаттарға қол жеткізілу дәрежесі, құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы ақпарат (бұл ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылы есепке енгізіледі);

      нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға ықпалы туралы ақпарат;

      игілік алушылардың қанағаттанушылық (болған жағдайда) деңгейі, оның ішінде жоспарланғанға қарағанда ұсынылған мемлекеттік қызметтердің нақты көлемінің деңгейі туралы ақпарат;

      жүргізілген бақылау іс-шаралары, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдамалық іс-шаралар туралы мәліметтер;

      тұжырымдар мен ұсыныстар, оның ішінде құжатты түзету, қаржыландыру көлемі жөніндегі, қолданыстағы заңнаманы өзгерту туралы және басқа ұсыныстар қамтылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 4 ақпандағы
№ 58 бұйрығына
4-қосымша

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына,
мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға бағалау жүргізу
жөніндегі әдістеме
1. Негізгі ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға бағалау жүргізу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларына сәйкес әзірленді.

      2. Әдістеме уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларының іске асырылу тиімділігіне бағалау жүргізу бойынша әдіснамалық көмек көрсету мақсатында әзірленді және көрсетілген құжаттарды бағалау жөніндегі есептің нысаны мен оны құрастыру тәртібін белгілейді.

      3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру нәтижелілігі мен тиімділігіне қол жеткізу дәрежесін айқындау құралы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын бағалау болып табылады.

      4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалау:

      барлық бағалау кезеңіндегі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептің;

      статистикалық ақпараттың;

      бақылау тексерістерінің;

      мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының;

      үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми институттардың, халықаралық сарапшылардың және басқалардың бағалауы негізінде жүргізіледі.

2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық даму жоспарының іске
асырылуын бағалау

      5. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының (бұдан әрі – Стратегиялық даму жоспары) іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ол іске асырылғаннан кейін бес жыл өткен соң жүргізеді.

      6. Стратегиялық даму жоспарының іске асырылуына бағалауды жүргізу жылдарында бірлесіп орындаушылар, стратегиялық мақсатқа қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар ұсынған Стратегиялық даму жоспарының іске асырылуы туралы ақпарат және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырған іске асыру туралы есеп бүкіл бағалану кезеңі үшін қалыптастырылады.

      7. Бағалау жүргізу үшін Стратегиялық даму жоспарының іске асырылуы туралы ақпаратты бірлесіп орындаушы мен стратегиялық мақсатқа қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес ұсынады.

      8. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қалыптастыратын Стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы есеп Стратегиялық даму жоспарына бағалау жүргізу жөніндегі есеп:

      1) құжаттың деректемелерін:

      атауын, нөміріне сілтемені, құжаттың күнін;

      әзірлеуші мемлекеттік органды;

      іске асыру, оның ішінде кезең-кезеңмен іске асыру мерзімдерін;

      2) шешуші бағыттар бөлінісіндегі:

      ағымдағы жағдай мен қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпаратты;

      қол жеткізілмеген стратегиялық мақсаттар жөніндегі ақпаратты және олардың ауытқу себебін;

      алға қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді, олардың өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсерін бағалауды қамтиды.

      Стратегиялық даму жоспарын іске асырудан болған әлеуметтік-экономикалық әсерді айқындау үшін республикалық бюджетте қаражат бар болған жағдайда әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізіледі;

      3) бағалау нәтижелері бойынша тұжырымдар мен ұсыныстарды қамтиды.

      Осы бөлім:

      есепті кезеңде Стратегиялық даму жоспарының іске асырылуын бағалау қорытындылары туралы қажетті тұжырымдарды;

      Стратегиялық даму жоспарын одан әрі іске асыру, оны түзету, қосымша нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде МЖЖ құжаттарын әзірлеу немесе қолданыстағыларды түзету, жауапты орындаушылардың жоспарланған іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау жөніндегі және тағы басқа да ұсыныстарды қамтиды.

      9. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Стратегиялық даму жоспарының іске асырылуын бағалау туралы есептің негізінде бағалау жөніндегі қорытындының жобасын қалыптастырады.

      10. Қорытынды жобасы:

      1) деректемелерді (Стратегиялық даму жоспары бекітілген актінің атауы, нөмірі, күні, стратегиялық жоспарды, әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар, іске асыру, оның ішінде кезең-кезеңмен іске асыру мерзімдері);

      2) бағаланатын кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелерді;

      3) Стратегиялық даму жоспарының іске асырылу барысына ықпал еткен факторларды талдауды;

      4) жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;

      5) Стратегиялық даму жоспарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты, оның ішінде алдыңғы бағалаудың нәтижелері бойынша;

      6) бағалау нәтижелері жөніндегі қорытындыларды және Стратегиялық даму жоспарын іске асыру барысында жақсарту бойынша ұсынымдарды қамтиды.

      11. Бағалау жөніндегі қорытынды жобасын және барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есепті Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.

3. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаның іске асырылуын
бағалау

      12. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды бағалау оларды іске асырудың әрбір үш жылы өткеннен кейін (аралық) және жоспарлы кезең қорытындылары бойынша (түпкілікті) жүзеге асырылады.

      13. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға бағалау жүргізілетін жылы бірлесіп орындаушылар мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуы туралы ақпаратты бүкіл бағаланатын кезең үшін қалыптастырады және әзірлеуші мемлекеттік органға не

      Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы уәкілеттік берген өзге мемлекеттік органға:

      мемлекеттік бағдарламалар үшін - Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістеменің 30-тармағына сәйкес;

      үкіметтік бағдарламалар үшін - Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістеменің 36-тармағына сәйкес нысан бойынша және мерзімдерде ұсынады.

      14. Әзірлеуші мемлекеттік орган бірлесіп әзірлеушілер ұсынған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпараттың негізінде барлық бағаланатын кезең үшін мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепті қалыптастырады және:

      мемлекеттік бағдаламалар үшін - Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістеменің 31-тармағына сәйкес;

      үкіметтік бағдарламалар үшін - Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістеменің 37-тармағына сәйкес нысан бойынша және мерзімдерде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік/үкіметтік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер негізінде:

      мемлекеттік бағдарламалар бойынша – мемлекеттік бағдарламаны бағалау жөніндегі қорытындының жобасын;

      үкіметтік бағдарламалар бойынша – үкіметтік бағдарламаны бағалау жөніндегі қорытындыны қалыптастырады.

      16. Мемлекеттік бағдарламаны бағалау жөніндегі қорытындының жобасын және үкіметтік бағдарламаны бағалау жөніндегі қорытындыны қалыптастыру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды мына бағыттар бойынша жүргізеді:

      жоспарлаудың сапасы - 20%;

      қол жеткізілген нәтижелер - 50%;

      әлеуметтік-экономикалық тиімділік - 30%.

      Әрбір бағыты қорытынды рейтингте белгілі бір үлес салмағы болады және ол өлшемшарттардың белгілі бір санын қамтиды.

      Бөлімнің ішіндегі критерийлерге әрбір бағыт үшін сомасы 100% құрайтын үлестік салмақтар беріледі.

      Бұл ретте, әрбір критерийге нөлден төртке дейінгі балл беріледі.

      17. "Жоспарлау сапасы" деген бөлім

      мынадай өлшемшарттар бойынша бағалау жүргізіледі:

      1) "Нысаналы индикаторларды жоспарлау сапасы" өлшемшарты бойынша бағалау.

      "Көрсеткіштерді жоспарлау сапасы" өлшемшарты бойынша бағалау жауапты мемлекеттік орган құжатты іске асыру уақытында болжамды мәндерін қайта қараған көрсеткіштердің үлесін анықтау жолымен жүргізіледі.

      Осы өлшемшарт бойынша балл мына формула бойынша есептеледі:




мұнда


      Кпоказ– нысаналы индикаторларды жоспарлаудың сапасы;

      Кпоказ– құжатты іске асыру уақытында болжамды мәндері қайта қаралған көрсеткіштердің (нысаналы индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштерінің) саны не көрсеткіш алып тасталған;

      n - құжаттағы көрсеткіштердің барлығы.

      Егер Кпересм- 10% - 10%-дан төмен болса, 4 балл қойылады;

      егер Кпоказ- 10% - 30% аралығында болса, 3 балл қойылады;

      егер Кпоказ- 30%-50% аралығында болса, 2 балл қойылады;

      егер Кпоказ- 50%-70% аралығында болса, 1 балл қойылады;

      егер Кпоказ- 70%-дан жоғары болса, 0 балл қойылады.

      Осы өлшемшартты есептеу мысалы осы Әдістемеге 1-қосымшада көрсетілген.

      2) "Іс-шараларды жоспарлаудың сапасы" өлшемшарты бойынша бағалау.

      "Іс-шараларды жоспарлаудың сапасы" өлшемшарты бойынша бағалау жауапты мемлекеттік орган құжатты іске асыру уақытында іске асыру мерзімдерін ұлғайту жағына қайта қараған іс-шаралардың үлесін анықтау жолымен жүргізіледі.

      Осы өлшемшарт бойынша балл мына формула бойынша есептеледі:




мұнда


      Кмеопр– нысаналы индикаторларды жоспарлаудың сапасы;

      Кпересм– жауапты мемлекеттік орган құжатты іске асыру уақытында іске асыру мерзімдерін ұлғайту жағына қайта қараған іс-шаралардың саны. Бұл ретте, мерзімдерді ауыстыру бюджеттік қаржыландырудың көлемін қысқартумен байланысты емес.

      m - жоспарланған іс-шаралардың барлығы.

      Егер Кмеопр- 10% - дан төмен болса, 4 балл қойылады;

      егер Кпересм- 10% - 30% аралығында болса, 3 балл қойылады;

      егер Кмеопр- 30%-50% аралығында болса, 2 балл қойылады;

      егер Кмеопр- 50%-70% аралығында болса, 1 балл қойылады;

      егер Кмеопр- 70%-дан жоғары болса, 0 балл қойылады.

      Осы өлшемшартты есептеу мысалы осы Әдістемеге 1-қосымшада баяндалған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар тиімділігіне жүргізілетін бағалау шеңберінде келтірілген кейбір өлшемшарттардың балдарын есептеу мысалдарында көрсетілген.

      18. "Қол жеткізілген нәтижелер" бағыты.

      Бағалау мынадай өлшемшарттар бойынша жүргізіледі:

      1) "Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі" критерийі бойынша бағалау.

      "Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі" деген өлшемшарт бойынша бағалау есептi кезеңдегі нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің нақты қол жеткізілген мәндерін нысаналы индикаторлар мен нәтижилер көрсеткіштерінің жоспарлы мәндерімен салыстыру арқылы жүргізіледі.

      Осы өлшемшарт бойынша балл мына формула бойынша есептеледі.




мұнда


      Сци+пр – нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі;

      t – бағалаудың уақыт кезеңі (бағаланатын жылдар саны);

      n1, n2 – нысаналы индикаторлар және тиісінше нәтижелер көрсеткіштерінің саны;


– мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаның іске асырылу барысында j-жылы қол жеткізілген i-нысаналы индикаторының (нәтижелер көрсеткішінің) нақты мәні;

– бекітілген мемлекеттік/үкіметтік бағдарламаның i-нысаналы индикаторының (нәтиже көрсеткішінің) жоспарлы мәні;

      Егер нысаналы индикатордың (нәтижелер көрсеткішінің) нақты мәні жоспарланғаннан артық болса, онда қол жеткізу дәрежесі бірге теңестіріледі


      Егер нысаналы индикатор (нәтиже көрсеткіші) мәнінің төмендеуі оң болса, онда

) құжатының іске асырылу тиімділігі формуласында олардың орындары алмасады.

      Егер кейбір нысаналы индикатор (нәтижелер көрсеткіші) үшін

онда нысаналы индикаторға (нәтижелер көрсеткішіне) қол жеткізу дәрежесін нөлге тең деп қабылдаймыз.

      Егер Сци+пр - 90% - 100% аралығында болса, 4 балл қойылады;

      Егер Сци+пр - 80% - 90% аралығында болса, 3 балл қойылады;

      Егер Сци+пр - 70%-80% аралығында болса, 2 балл қойылады;

      Егер Сци+пр - 60%-70% аралығында болса, 1 балл қойылады;

      Егер Сци+пр - 60%-дан төмен болса, 0 балл қойылады;

      Бағалаудың соңғы жылында нысаналы индикаторлардың (нәтижелер көрсеткіштерінің) іс жүзіндегі мәндері болмаған жағдайда, осы нысаналы индикаторлар (нәтижелер көрсеткіштері) бойынша бағалау соңғы жыл ескерілмей жүргізіледі.

      Осы өлшемшартты есептеу мысалы осы Әдістемеге 1-қосымшада көрсетілген.

      2) "Іс-шаралардың ісе асырылу толықтығы" өлшемшарты бойынша бағалау.

      Осы өлшемшарт бойынша балл мына формула бойынша есептеледі:




мұнда


      См – мемлекеттік/үкіметтік бағдарламалардың іс-шараларының іске асырылу уақтылылығының дәрежесі пайызбен;

      t – бағаланатын жылдар саны;


- j-жылы белгіленген талаптарды сақтай отырып, орындалған іс-шаралардың саны;

– j-жылы іске асыру үшін жоспарланған іс-шаралардың саны.

      Егер См 90 % - 100 % аралығында болса, 4 балл қойылады;

      Егер См 80 % - 90 % аралығында болса, 3 балл қойылады;

      Егер См 70 % - 80 % аралығында болса, 2 балл қойылады;

      Егер См 60 % - 70 % аралығында болса, 1 балл қойылады;

      Егер См 60 % төмен болса, 0 балл қойылады;

      Осы өлшемшартты есептеу мысалы осы Әдістемеге 1-қосымшада көрсетілген.

      19. "Әлеуметтік-экономикалық тиімділік" бағыты.

      Осы бағыт бойынша бағалау мынадай өлшемшарттар бойынша жүргізіледі:

      1) "Игілік алушылардың қанағаттанушылық деңгейі" өлшемшарты бойынша бағалау (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды қоспағанда).

      Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелерінің негізінде айқындалады.

      Егер сауалға жауап берген игілік алушылардың 90% және одан астамы мемлекеттік/үкіметтік бағдарлама нәтижелеріне қанағаттанса, 4 балл қойылады;

      Егер сауалға жауап берген игілік алушылардың 75% бастап 90% дейінгі бөлігі мемлекеттік/үкіметтік бағдарлама нәтижелеріне қанағаттанса, 3 балл қойылады.

      Егер сауалға жауап берген игілік алушылардың 50% бастап 75% дейінгі бөлігі мемлекеттік/үкіметтік бағдарлама нәтижелеріне қанағаттанса, 2 балл қойылады.

      Егер сауалға жауап берген игілік алушылардың 25% бастап 50% дейінгі бөлігі мемлекеттік/үкіметтік бағдарламаның нәтижелеріне қанағаттанса, 1 балл қойылады.

      Егер сауалға жауап берген игілік алушылардың кемінде 25% мемлекеттік/салалық бағдарламаның нәтижелеріне қанағаттанса, 0 балл қойылады.

      2) "Іске асыру кезеңінде бюджет қаражаттарының игерілу дәрежесі" өлшемшарты бойынша бағалау.

      Осы өлшемшарт бойынша балл мына формула бойынша есептеледі:




мұнда


      Сб.с. – іс жүзіндегі шығындардың жоспарланған деңгейге сәйкес келуі дәрежесі;

      Зо – мемлекеттік/үкіметтік бағдарламаны іске асыру үшін іс жүзінде игерілген шығындардың көлемі;

      Зв – мемлекеттік/үкіметтік бағдарламаны іске асыруға бөлінген шығындардың көлемі;

      Знеосв – іс-шаралар бөлінісінде игерілмеген шығындардың көлемі;

      b – игерілмеген қаражаты бар әрбір іс-шараға берілетін коэффициент, (егер іс-шара толық көлемде іске асырылса, b=1, егер іс-шара ішінара іске асырылса немесе іске асырылмаса b=0).

      егер Сб.с 98 % - 100 % аралығында болса, 4 балл қойылады;

      егер Сб.с 96 % - 98 % аралығында болса, 3 балл қойылады;

      егер 94 % - 96 % аралығында болса, 2 балл қойылады;

      егер 92 % - 94 % аралығында болса, 1 балл қойылады;

      егер 92 %-дан төмен болса, 0 балл қойылады.

      Осы өлшемшартты есептеу мысалы осы Әдістемеге 1-қосымшада көрсетілген.

      3) "Мақсаттарды іске асырудың тиімділігі" өлшемшарты бойынша бағалау.

      Бұл өлшемшарт басқа елдер бойынша статистикалық мәліметтері бар нысаналы индикаторлар (нәтиже көрсеткіштері) арқылы бағалауға болатын мақсаттар үшін ғана есептеледі.




мұнда


      Эпоказ– көрсеткішті іске асыру тиімділігінің дәрежесі;

      Егер жоғары мәндер үздік нәтижеге сәйкес болған жағдайда:



      Егер жоғары мәндер нашар нәтижеге (мысалы, жұмыссыздық деңгейі) сәйкес болған жағдайда мына формула қолданылады:



      Бұл өлшемшарт жоғарыда көрсетілген формулалар бойынша тек мынадай жағдайларда есептеледі:


- жоғары мәндері үздік нәтижеге сәйкес болған көрсеткіштер үшін,

- жоғары мәндері нашар нәтижеге сәйкес болған көрсеткіштер үшін.

      Егер жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаса бұл өлшемшартқа 0 балл қойылады.


- Қазақстандағы тиісті t бағалау кезінде және құжатты іске асыруды бастау кезінде көрсеткіштің мәні;

- таңдаудағы q елінің тиісті t бағалау кезінде және құжатты іске асыруды бастау сәтіндегі көрсеткішінің мәні;

      s – қарастырылатын кезең ішінде көрсеткіш мәнін жақсартқан елдер саны

      n – нысаналы индикаторлар (нәтижелер көрсеткіштері)

      егер Эцелей 120 %-дан жоғары болса, 4 балл қойылады;

      егер Эцелей 110 % - 120 % аралығында болса, 3 балл қойылады;

      егер Эцелей 100 % - 110 % аралығында болса, 2 балл қойылады;

      егер Эцелей 90 % - 100 % аралығында болса, 1 балл қойылады;

      егер Эцелей 90 %-дан төмен болса, 0 балл қойылады.

      Егер бірнеше мақсаттар бағаланған жағдайда бұл өлшемшарт бойынша балл алу үшін алынған Эцелей-нің орташа арифметикалық мәні есептеледі

      Осы өлшемшартты есептеу мысалы осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес баяндалған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар тиімділігіне жүргізілетін бағалау шеңберінде кейбір өлшемшарттардың балдарын есептеу мысалдарында көрсетілген.

      20. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаның қорытынды рейтингі мына формула бойынша айқындалады:




мұнда


      r – өлшемшартты балдық бағалау;

      w – тиісті бағыттың ішіндегі өлшемшарттың үлес салмағы;

      p, f, v – тиісінше 1, 2 және 3 бағыттардағы өлшемшарттар саны.

      21. Бағалаудың рейтингтік шәкілі.

      Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаның іске асырылу тиімділігін айқындау мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар диапазондарын шәкілі бойынша осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды бағалау нәтижелері осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.

      22. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларының тиімділігіне жүргізілген бағалаудың негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік бағдарламаны бағалау жөніндегі қорытындының жобасын және үкіметтік бағдарламаны бағалау жөніндегі қорытындыны қалыптастырады және олар:

      1) құжаттың деректемелерін:

      құжаттың атауын, нөміріне сілтемені, күнін;

      әзірлеуші мемлекеттік органды;

      бірлесіп орындаушылар;

      іске асыру мерзімдерін;

      2) есепті кезең ішінде қол жеткізілген нақты нәтижелер, оның ішінде есепті кезеңге арналған аралық мәндермен қоса нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері (аралық немесе түпкілікті мәндерге қол жеткізілмеген жағдайда оның себебін көрсету керек);

      3) есепті кезең ішінде қаржыландыру көздеріне қарай бөле отырып, бөлінген және игерілген бюджеттік және өзге де қаржы қаражатты көрсетумен орындалған және орындалмаған іс-шаралар туралы ақпаратты (орындамаған жағдайда оның себебін көрсету керек);

      4) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаның іске асырылу барысына ықпал ететін факторларды талдауды;

      5) өткізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;

      6) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаға орындаушы жауапты мемлекеттік орган енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты;

      7) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаға алдыңғы бағалау нәтижелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпаратты;

      8) осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаның іске асырылу тиімділігін бағалау нәтижилерін қамтиды.

      9) талдау нәтижелері бойынша ұсыныстарды:

      есепті кезең ішінде мемлекеттік/үкіметтік бағдарламаның іске асырылуын бағалау қорытындылары туралы қажетті қорытындыларды;

      мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаны одан әрі іске асыру, оны түзету, қосымша нормативтік құқықтық актілер әзірлеу немесе қазіргілерін түзету, жауапты орындаушылардың жоспарланған іс-шараларды уақтылы іске асыруын қамтамасыз ету, мемлекеттік органның қызметін жақсарту бойынша, қаржыландыру көлемдері мен көздері бойынша шаралар қабылдау және басқа да ұсыныстарды қамтиды.

      23. Мемлекеттік жоспарлауды бағалау жөніндегі қорытындының жобасы мен үкіметтік бағдарламаны бағалау жөніндегі қорытындыны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің Кеңсесіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларында белгіленген мерзімде ұсынады.

  Қазақстан Республикасының
Стратегиялық даму жоспарын,
мемлекеттік/үкіметтік бағдарламалар
бағалау жүргізу бойынша әдістемеге
1-қосымша

Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар тиімділігіне
жүргізілетін бағалау шеңберінде кейбір өлшемшарттардың
баллдарын есептеу мысалдары

      1. "Жоспарлаудың сапасы" бағыты

      1) "Көрсеткіштерді жоспарлаудың сапасы" өлшемшарты.

      2011 жылы 3 көрсеткіштің мәндері нашарлану жағына қайта қаралды,

      2012 жылы 1 көрсеткіштің мәні нашарлану жағына қайта қаралды

      Жалпы 12 көрсеткіш көзделген болатын.



      Осылайша, өлшемшарт бойынша 3 балл беріледі.

      2) "Іс-шараларды жоспарлаудың" өлшемшарты.

      2011 жылы 7 іс-шара бойынша іске асыру мерзімдері ауыстырылды

      2012 жылы 3 іс-шара бойынша бюджеттік қаржыландыру көлемінің қысқаруына байланысты іске асыру мерзімдері ауыстырылды.

      Жалпы 24 іс-шара көзделген болатын.



      Осылайша, өлшемшарт бойынша 2 балл беріледі.

      2. "Қол жеткізілген нәтижелер" бағыты

      1) "Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі" өлшемшарты

Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің атауы

Өлш.бірл.

2011 жыл

2012 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Жоспар

Нақты

Жоспар

Нақты

НИ (ТКН) қол жеткізуі бойынша бағалау

Нысаналы индикаторлар

1. 1- нысаналы индикатор

млн. теңге

841 614,10

1 315 340,40

1 122 125,20

1 020 519,00

1
(1315340,40/ 841614,10>1)

0,90

2. 2-нысаналы индикатор

2008 жылға қарай, %-бен

120

187,55

160

145,5

1
(187,55/120>1)

0,90

3. 3-нысаналы индикатор

2008 жылға қарай, %-бен

115

105

160

111,8

0,91

0,69

4. 4-нысаналы индикатор

2008 жылға қарай, %-бен

115

110

160

113

0,95

0,70

Жиыны






3,86

3,22

Нәтиже көрсеткіштері:

1. 1-нәтиже көрсеткіші

мың тонна

3195

3141,08

3195

2707

0,98

0,84

2. 2-нәтиже көрсеткіші

мың тонна

2900

3092,2

2900

2373,2

1

0,81

3. 3-нәтиже көрсеткіші

мың тонна

526

280

526

464

0
(280/526<0.6)

0,88

ЖИЫНЫ






1,98

2,54


      Сци+пр =0,6*(3,86+3,22)/(4*2)+0,4*(1,98+2,54)/(3*2)=76%,

      мұндағы 4 – нысаналы индикаторлардың саны, 3 - нәтиже көрсеткіштерінің саны, 2 – бағдарламаны іске асыру жылдары

      өлшемшарт үшін балл: 2 балл.

      2) "Іс-шаралардың іске асырылу толықтығы" өлшемшарты

      Мысалы, 2011 жылы мемлекеттік/үкіметтік бағдарлама бойынша жоспарланған 48 іс-шараның 30 іс-шарасы толық орындалды.

      2012 жылы жоспарланған 12 іс-шараның 11 іс-шарасы толық орындалды.

      Балды осы өлшемшарт бойынша есептейміз:

      См=1/2*(30/48+11/12)*100 %=77 %=2 балл;

      3. "Әлеуметтік-экономикалық тиімділік" бағыты

      1) "Іске асыру кезеңінде бюджет қаражатының игерілу дәрежесі" өлшемшарты.

      Мысалы, мемлекеттік/үкіметтік бағдарламаның іс-шараларын РБ қаражаты есебінен қаржыландыру:

      2011 жыл:

      бөлінгені – 5 579,95 млн. теңге, оның ішінде:

      игерлгені – 4 756,89 млн. теңге;

      игерілмегені – 823,06 млн. теңге, оның ішінде:

      толық іске асырылған іс-шаралар бойынша - 23,06 млн. теңге;

      толық іске асырылмаған іс-шаралар немесе ішінара іске асырылған іс-шаралар бойынша - 800 млн. теңге.

      2012 жыл:

      бөлінгені – 1 298,58 млн. теңге, оның ішінде:

      игерілгені – 1 221,83 млн. теңге;

      игерілмегені – 76,75 млн. теңге, оның ішінде:

      толық іске асырылған іс-шаралар бойынша – 16,75 млн. теңге;

      толық іске асырылмаған іс-шаралар немесе ішінара іске асырылған іс-шаралар бойынша – 60 млн. теңге.

      Балды осы өлшемшарт бойынша есептейміз:



      2) "Мақсаттарды іске асырудың тиімділігі" өлшемшарты № 1 көрсеткіш:


көрсеткіштің мәні*

ел

құжатты іске асырудың басы

құжатты іске асырудың соңы

Қазақстан

73

75

1 ел

72

73

2 ел

74

78

3 ел

73

70


      *Көрсеткіштің жоғары мәндері үздік нәтижеге сәйкес



      Ескертпе: 3 ел бойынша көрсеткіш есепте ескерілмейді, себебі оның мәні бұл ел үшін нашарлады.

      Әрі қарай, № 2 көрсеткіш бойынша ұқсас болды десек Э2=70%

      Өлшемшарт бойынша баллды есептейміз:



      Демек, "Мақсаттарды іске асырудың тиімділігі" өлшемшарты бойынша - 0 балл.

  Қазақстан Республикасының
Стратегиялық даму жоспарын,
мемлекеттік/ үкіметтік бағдарламалар
бағалау жүргізу бойынша әдістемеге
2-қосымша

Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар диапазондарының шәкілі

Бағдарламаны бағалау диапазоны бірлікте

Рейтинг

-ден

дейін

0

1

Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаның тиімсіз іске асырылуы

1

2

Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаның төмен деңгейдегі тиімділікпен іске асырылуы

2

3

Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаның орташа деңгейдегі тиімділікпен іске асырылуы

3

4

Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаның жоғары деңгейдегі тиімділікпен іске асырылуы

  Қазақстан Республикасының
Стратегиялық даму жоспарын,
мемлекеттік/ үкіметтік бағдарламалар
бағалау жүргізу бойынша әдістемеге
3-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асырудың
тиімділігін бағалау нәтижелері

№ р/с

Бағалау өлшемшарты

Баға (балл)

Өлшемшарт салмағы

Бағыт салмағы

1

2

3

4

5

1

Жоспарлау сапасы



20 %

1.1

Көрсеткіштерді жоспарлау сапасы


50 %


1.2

Көрсеткіштерді жоспарлау сапасы


50 %


2

Қол жеткізілген нәтижелер



50 %

2.1

Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі


60 %


2.2

Іс-шаралардың іске асырылу толықтығы


40 %


3

Әлеуметтік-экономикалық тиімділік



30 %

3.1

Игілік алушылардың қанағаттану деңгейі


20 %


3.2.

Іске асыру кезеңінде бюджет қаражатының игерілу дәрежесі


40 %


3.3.

Мақсаттарды іске асырудың тиімділігі


40 %


Жалпы баға:





      *Ескертпе: 1) егер "Мақсаттарды іске асырудың тиімділігі" 3.3-өлшемшарты есептелмесе, онда 3.1 және 3.2-өлшемшарттарының салмағы тиістісіне 40% және 60%-ды құрайды;

      2) егер "Игілік алушылардың қанағаттану деңгейі" 3.1-өлшемшарты бағаланбаса,, онда 3.2 және 3.3-өлшемшарттарының салмағы 50% құрайды;

      3) егер "Игілік алушылардың қанағаттану деңгейі" 3.1-өлшемшарты және "Мақсаттарды іске асырудың тиімділігі" 3.3-өлшемшарты екеуі де есептелмесе, онда барлық 3.2-өлшемшарт 100 % болады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 04 ақпандағы
№ 58 бұйрығына
5-қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір
бұйрықтарының тізбесі

      1) "Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру және мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 50 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 қарашада № 9872 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 қарашада жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу мен мониторингін жүргізу жөніндегі әдістемелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 50 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 324 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 мамырда № 11032 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 мамырда жарияланған);

      3) "Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасына, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға бағалау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 365 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 мамырда № 11215 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады