"Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 9 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 наурызда № 13427 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 № 248 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6877 тіркелген, 2011 жылғы 31 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 226-227 (26625) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін айқындау және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";

      3-тармақта:

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 1 (бір) айдан аспайтын мерзімге берілген қарызды, кредиттік желі шеңберінде төлем карточкасы бойынша берілген қарызды, овердрафт кредитін, сондай-ақ оның шеңберінде қарыз алу үшін қарыз беру туралы шарт (шарттар) жасау немесе қарыз алушы өтініш (өтініштер) беру қажет болатын кредиттік желіні ұсыну (ашу) туралы келісімді қоспағанда, бизнес-жоспарға немесе қарыздың техника-экономикалық негіздемесіне және (немесе) қарыз алушы берген өтінішке сәйкес келетін банктік қарыздың (бұдан әрі - қарыз) мақсаты.

      Осы қаулының мақсаттары үшін кредиттік желіні ұсыну (ашу) туралы келісім ретінде қарыз алушыға кредиттік желіні ұсыну (ашу) туралы келісімнің ажырамас бөлігі (бөліктері) болып табылатын шартта (шарттарда) немесе өтініште (өтініштерде) өзі кредиттің сомасын және алу уақытын, бірақ кредиттеудің осындай нысаны үшін банктің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларында және кредиттік желіні ұсыну (ашу) туралы келісімде айқындалған сома және уақыт шеңберінде анықтауға мүмкіндік беретін талаптармен жасалған банктік қарыз шартының түрі түсініледі;

      3) қарыз сомасы мен валютасы;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алынуға тиісті комиссиялардың және басқа да төлемдердің толық тізбесі, сондай-ақ олардың мөлшерлері;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қарыз алушының құқықтары мынадай мүмкіндіктерді көздейтін талаптардан тұрады:

      1) қарызды қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбын және басқа айыппұл санкцияларын төлемей, қарыз берілген күннен бастап банк есептеген сыйақыны төлей отырып, қарызды қайтару шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес қарыз алған жеке тұлғаның;

      2) негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне түскен жағдайда одан кейінгі жұмыс күні тұрақсыздық айыбын және басқа айыппұл санкцияларын төлемей, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлеуді жүргізеді;

      3) өтініш бойынша 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ақысыз, айына кем дегенде 1 (бір) рет шарт бойынша борышты өтеу есебіне түсетін кезекті ақшаны бөлу (негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздық айыбына, айыппұлдарға және басқа да төлеуге тиісті сомаларға) туралы ақпаратты жазбаша нысанда алу;

      4) шарт бойынша берілген ақшаны ішінара немесе толық мерзімінен бұрын банкке қайтару туралы өтініш бойынша ақысыз, 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде негізгі борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, айыппұлдар және басқа да төлеуге тиісті сомаларға бөлінген, мерзімі өткен төлемдерді көрсете отырып қайтарылуға тиісті соманың мөлшері туралы мәліметті жазбаша нысанда алу;

      5) 1 (бір) жылға дейін мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң, бір жылдан астам мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап 1 (бір) жыл өткен соң тұрақсыздық айыбын және басқа айыппұл санкцияларының түрлерін төлемей, қарызды ішінара немесе толық көлемде мерзімінен бұрын өтеу;

      6) қарыз алушы үшін шарт талаптарының жақсару жағына қарай оларды өзгерту туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде банк ұсынған жақсартатын талаптардан шартта көзделген тәртіпте бас тартуға;

      7) алатын қызметтер бойынша даулы жағдайлар туындаған кезде "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде банкке жазбаша өтініш жасау және жауап алу.";

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Банктер туралы заңның 34-бабының 3-тармағында көзделген, сондай-ақ шартта белгіленген жағдайларда шарттың талаптарын қарыз алушы үшін оларды жақсарту жағына қарай біржақты тәртіппен өзгерту;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Банктің міндеттері талаптарды көздейтін мынадай талаптардан тұрады:

      1) шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбын немесе басқа айыппұл санкцияларының түрлерін ұстамай, қарыз берілген күннен бастап есептелген сыйақыны ұстай отырып, осы қаулының 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген қарызды қабылдау;

      2) қарыз алушының өтініші бойынша 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ақысыз, айына кем дегенде 1 (бір) рет шарт бойынша борышты өтеу есебіне түсетін кезекті ақшаны бөлу (негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздық айыбына, айыппұлдарға және басқа да төлеуге тиісті сомаларға) туралы ақпаратты жазбаша нысанда беру;

      3) берілген ақшаны ішінара немесе толық мерзімінен бұрын банкке қайтару туралы қарыз алушының өтініші бойынша ақысыз, 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде негізгі борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, айыппұлдар және басқа да төлеуге тиісті сомаларға бөлінген, мерзімі өткен төлемдерді көрсете отырып қайтарылуға тиісті соманың мөлшері туралы оны хабардар ету;

      4) қарыз алушыны шарт талаптарының жақсару жағына қарай оларды өзгерту туралы шартта көзделген тәртіпте хабардар ету;

      5) шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін кешіктіру басталған кезде қарыз алушыны шартта көзделген тәсілмен және мерзімде, бірақ міндеттемелерді орындау мерзімін кешіктіру басталған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей, шарт бойынша төлемдерді енгізу қажеттілігі және қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамау салдары туралы хабардар ету. Тараптардың келісімі бойынша шарт бойынша кезекті төлемдер туралы хабардар ету мерзімі мен тәсілдері шартта қарастырылады.

      6) "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде қарыз алушының жазбаша өтінішін қарау және оған жазбаша жауап дайындау;

      7) шарт бойынша (талап ету) құқығын үшінші тұлғаларға беру кезінде (егер беру құқығы шартта көзделген болса) берілген талап ету құқығының толық көлемде, негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздық айыбына, айыппұлдарға және басқа да төленуге тиісті сомаларға бөле отырып, ағымдағы және мерзімі өткен берешектің қалдығын, сондай-ақ, банкке немесе талап ету құқығы берілген тұлғаға қарызды өтеу бойынша одан кейінгі төлемдер белгілеу тәртібін көрсете отырып, бұл жөнінде борышкерді (оның уәкілетті өкілін) 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабардар ету.";

      7-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қарыз алушы – жеке тұлғамен шарт жасасу күніне белгіленген қарызға қызмет көрсету бойынша комиссиялар мен өзге де төлемдердің мөлшерлерін және есептеу тәртібін бір жақты тәртіппен ұлғайту жағына өзгерту;";

      5) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Жалпы бөлім) (бұдан әрі – Кодекс) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім) көзделген жағдайларда, сондай-ақ шартта көзделген мынадай жағдайларда банкте міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды талап ету құқығының туындауы:";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) 1 (бір) жылға дейінгі мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап 6 (алты) айға дейін, 1 (бір) жылдан астам мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап 1 (бір) жылға дейін негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара мерзімінен бұрын өтеу немесе толығымен мерзімінен бұрын өтеу жағдайларын қоспағанда, қарыздарды мерзімінен өтегені үшін тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының өзге түрлерін өндіріп алу;";

      8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жеке тұлғамен шартты жасасқанға дейін банк Банктер туралы заңның 39-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген іс-шараларды жүзеге асырады. Бұл ретте банк оның ішкі қағидаларына сәйкес сараланған және аннуитеттік төлемдер әдістерімен банктік қарызды өтеу кестелерінің жобаларын есептеу кезінде қолданылатын кезеңділікпен есептелген қарызды өтеу кестелерінің қосымша жобаларын ұсынуы мүмкін.

      9. Шартқа тараптардың қолдары қойылған қарызды өтеу кестесі қоса беріледі, онда:

      шарттың нөмірі мен жасалған күні;

      қарыз сомасы мен валютасы;

      өтеу күндері және негізгі борышты, сыйақыны өтеу сомасы және олардың жиынтық мәні көрсетілген кезекті төлемдердің мөлшерлері;

      келесі өтеу күніндегі негізгі борыштың қалдықтары;

      төленуі тиіс негізгі борыш пен сыйақының жалпы жиынтық сомасы және олардың жиынтық мәні;

      қарызды өтеу кестесі жасалған күн көрсетіледі.

      Сыйақы мөлшерлемесі өзгермелі шарт бойынша қарызды өтеу кестесі оның берілу күніне жасалады және одан кейін кезекті төлемдердің мөлшерлері түзетіледі және шартта белгіленген тәртіппен қарыз алушыға (тең қарыз алушыға) жіберіледі.

      Егер қарыз алушы (тең қарыз алушы) жеке тұлға болып табылса, қарызды беру күніне жасалған қарызды өтеу кестесінде сондай-ақ қарыз алушының (тең қарыз алушының) таңдаған әдісі туралы белгісі бар банк ұсынған өтеу әдістерінің тізбесі болады.

      Қарызды өтеу кестесінен басқа қарыз алушы – жеке тұлғамен жасалатын шартқа осы қаулының қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған қол қойылған және банктің мөрі (ол болған кезде) басылған жадынама қоса беріледі.

      Қарыз алушының ақшалай міндеттемелерінің сомасын (мөлшерін) және (немесе) оларды төлеу мерзімін өзгертуге әкеп соғатын қарыз талаптары өзгертілген кезде банк жаңа талаптарды ескере отырып банктік қарыз шарты бойынша жаңа қарызды өтеу кестесін және қарыз алушы – жеке тұлға үшін жадынаманы жасайды және береді.

      Қарыз алушының өтініші негізінде кредиттік желі шеңберінде қарыздың кезекті бөлігін беру кезінде қарыз алушыға қарызды өтеу кестесі және осы тармақтың талаптарына сәйкес осы қаулыға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы – жеке тұлға үшін жадынама беріледі.

      8-тармақтың және осы тармақтың талаптары 1 (бір) айдан аспайтын мерзімге берілген қарызға, кредиттік желі шеңберінде төлем карточкасы бойынша берілген қарызға, овердрафт кредитіне, сондай-ақ оның шеңберінде қарыз алу үшін қарыз беру туралы шарт (шарттар) жасасу немесе қарыз алушы өтініш (өтініштер) беру қажет болатын кредиттік желіні ұсыну (ашу) туралы келісімге қолданылмайды.

      10. Шарт банк пен қарыз алушының арасында жазбаша нысанда қажет болған жағдайда басқа тiлдердегi аудармасын қоса берумен, қазақ және орыс тілдерінде, ал шетелдік тұлғалармен шарт жасасқан жағдайда – қазақ тілінде және тараптарға қолайлы тілде жасалады.

      Кодекстің 388-бабының талабына сәйкес баспада жарияланатын шарттың үлгі талаптарын қоспағанда, шарттың мәтіні А4 форматты парақтарда, "Тimеs New Rоmаn" шрифтінің мөлшері 12-ден кем емес, әдеттегі әріпаралық, бір жоларалық интервалмен және абзац шегінісін қолдана отырып теріледі.

      Осы қаулының 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында және 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген талаптар шарттың бірінші бетінен бастап көрсетілген жүйелілікпен көрсетіледі.

      Кредиттік желі ұсыну (ашу) туралы келісімді, сондай-ақ оның шеңберінде шартты (шарттарды) жасау немесе қарыз алушының кредиттік желі ұсыну (ашу) туралы келісімнің ажырамас бөлігі (бөліктері) болып табылатын және соның (солардың) негізінде кезекті қарызды беру жүзеге асырылатын өтінішті (өтініштерді) беруі арқылы кредиттік желі ұсыну кезінде:

      кредиттік желі ұсыну (ашу) туралы келісімде кредиттік желінің жалпы сомасы мен жалпы мерзімі көрсетіледі;

      осы қаулының 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 9), 12) және 16) тармақшаларында көзделген талаптар шартта немесе өтініште көрсетілген жүйелілікпен көрсетіледі;

      осы қаулының 2, 4, 4-1, 5, 6 және 7-тармақтарында, 3-тармағының 8), 10), 11), 13), 14), 15), 17), 18) және 19) тармақшаларында көзделген талаптар кредиттік желі ұсыну (ашу) туралы келісімде көрсетілген жағдайда, оларды шартта қосымша көрсету талап етілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 10-2-тармақпен толықтырылсын:

      "10-2. Тараптар Кодекстің 381-бабына сәйкес шарттың элементтері қамтылатын аралас шартты жасаған кезде аралас шарт осы қаулының 10-тармағының бірінші және екінші бөліктерінің талаптарына сәйкес келеді.

      Шарт бөлігіндегі аралас шартта осы қаулының 10-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген талап ескеріле отырып осы қаулының 2-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес міндетті талаптар қамтылады.

      Егер шартта оның жекелеген талаптары Кодекстің 388-бабына сәйкес оларға сілтеме бар үлгілік талаптармен айқындалатын болса, не Кодекстің 389-бабына сәйкес қосылу талаптарымен шарт жасалған жағдайда, банк пен қарыз алушының қолтаңбалары қамтылатын шарттың (қосылу туралы өтініш) бөлігі осы қаулының 10-тармағының бірінші және екінші бөліктерінің талаптарына сәйкес келеді және шарттың бірінші бетінен бастап көрсетілген жүйелілікпен осы қаулының 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 9), 11), 12), 13), 14) және 16) тармақшаларында көзделген талаптар қамтылады.

      Тараптардың келісімі бойынша банк пен қарыз алушының қолтаңбалары қамтылатын шарттың бөлігінде осы тармақта көзделмеген қосымша талаптар қамтылады.";

      қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он жетінші, он сегізінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма жетінші, отыз алтыншы, отыз жетінші және отыз тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 28 қантардағы
№ 9 қаулысына
қосымшасы
  "Банктік заем шартының міндетті талаптарының
тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының
"Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу
ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы
№ 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының
2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына
қосымша

      Нысан

      Қарыз алушы жеке тұлғаға арналған

      банктік қарыз шарты бойынша жадынама

      ___ жылғы ____________ (күні, айы, жылы) № ___________

      _____________ жылғы жағдай бойынша (күні, айы, жылы)

1

Қарыз сомасы және валютасы


2

Қарыз мерзімі


3

Төлемдер саны


4

Сыйақы мөлшерлемесінің түрі (белгіленген немесе өзгермелі), жылдық пайыздармен сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері


5

Дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері


6

Өтелетін жалпы сома


7

Сыйақының жиынтық сомасы


8

Негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері


9

Сақтандыру шарттарының мерзімін ұзарту мерзімі


10

Банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес айыппұлдардың, өсімпұлдардың өзге де түрлері (оның ішінде қарызды мақсатты пайдаланбағаны, сақтандыру шарттарын уақтылы ресімдемегені үшін және сол сияқты)

1)___________________________

   (айыппұлдың, өсімпұлдың

  атауы, олардың мөлшерлері)

2)___________________________

   (айыппұлдың, өсімпұлдың

  атауы, олардың мөлшерлері)

3)___________________________

   (айыппұлдың, өсімпұлдың

  атауы, олардың мөлшерлері)

11

Банк өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, банк мөрі (ол болған кезде)


12

Қарыз алушы ____ жылғы ______№ ___________ (күні, айы, жылы) банктік қарыз шартының талаптарымен танысқан

13

Қарыз алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы


14

Күні


      Осы Жадынаманың және _____ жылғы ____________ (күні, айы, жылы) № ___

      __________ банктік қарыз шартының мәтіні арасында алшақтықтар немесе қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда шарттың мәтініне басымдық беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады