"Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 70 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 наурызда № 13446 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 13.11.2020 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 60-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6175 болып тіркелген, Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында № 13 болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарда:

      1-тармақтың 2) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің жедел ден қою, айдауылдау қызметкерлері";

      1-тармақтың 4) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері (жедел ден қою, айдауылдау қызметкерлерінен басқа)".

      Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын Талаптардағы 87-қосымшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ағзасы және қоректенуі, пропорциялық дене бітімі жақсы дамыған қызметке орналасушылар мына жағдайларда қатардағы және басшы құрам адамдары лауазымына қызметке жарамды деп танылады:

      I, III, IV бағандары бойынша куәландырылушылар бойы кемінде 170 см (әйелдер үшін 160 см);

      ІІ баған бойынша куәландырылушылар бойы кемінде 170 см (әйелдер үшін 165 см), жол-патрульдік полициясының саптық бөліністерінің қызметкерлері бойы кемінде 175 см (әйелдер үшін 165 см), мемлекеттік өртке қарсы қызметке (тікелей өрт сөндіруге қатысатындар) бойы кемінде 165 см, дене салмағының индексі кемінде 19 кг/м2;

      I, ІІ, III, IV бағандары бойынша куәландырылушылар прокуратура, мемлекеттік кірістер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі, өртке қарсы қызмет және ішкі істердің қылмыстық-атқару жүйесі үшін бойы кемінде 165 см (әйелдер үшін – 160 см), ішкі істер органдарына қызметке түсетіндер және кандидаттар үшін, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің жоғары оқу орындарына түсетіндер үшін бойы кемінде 170 см (әйелдер үшін 160 см), ДМИ кемінде 18,5 кг/м2".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы басқармасының бастығы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3), және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясына (Н.Ш. Исабеков) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ___________Т. Дүйсенова

      2016 жылғы 16 ақпан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады