"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 386 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 155 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 наурызда № 13448 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 386 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11186 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. ТЕБ қоймасындағы МТНБ қалдығының шекті лимиті жылдың соңында алдыңғы өткен үш ай ішінде нақты берудің орташа айлық үш еселік мөлшерінен аспайды. Белгіленген лимитті бақылауды ІІМ ӘПК-нің, ІІД ӘПБ-нің, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің және ІІД, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі қаржы қызметтерінің басшылары жүзеге асырады.».
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Алматы және Астана қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
      1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықты зерделеуін және талаптарын сақтауын қамтамасыз етсін;
      2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-полковнигі                         Қ. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады