"Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 5 ақпандағы № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 наурызда № 13510 болып тіркелді

      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 15 Жарлығына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 90 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде тіркелген № 8780, 2013 жылғы 7 қарашадағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және «Егемен Қазақстан» 06.11.2013 ж. № 247 (28186) газетінде жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптарында:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
      «Бірінші топқа Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі – Бас прокуратура), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – ҚСжАЕАК) және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы қызметкерлерінің лауазымдары жатады»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Бірінші топтағы лауазымдарыға прокуратура органдарында мына біліктілік талаптары белгіленеді:
      1) бірінші кіші топ үшін (департамент бастығы, Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі (C-GP-1)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, не құқық қорғау органдарының лауазымдарында тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес қызмет өтілінің, не мемлекеттік қызметте он бір жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он үш жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
      2) екінші кіші топ үшін (Бас прокуратура департаменті бастығының орынбасары, дербес басқармасының бастығы (C-GP-2)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында жеті жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, не құқық қорғау органдарының лауазымдарында сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не мемлекеттік қызметте он жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес өтілінің, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он екі жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
      3) үшінші кіші топ үшін (Бас прокуратура басқармасының, ҚСжАЕАК бастығы, Бас Прокурордың аға көмекшісі (C-GP-3), Академия басқармасының бастығы, Академия ректорының көмекшісі (C-AGP-3)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында алты жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты айдан кем емес немесе осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, не құқық қорғау органдарының лауазымдарында сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің, не мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
      4) төртінші кіші топ үшін (Бас прокуратураның басқарма бастығының орынбасары, Бас прокуратура бөлімінің, ҚСжАЕАК бастығы, Бас Прокурордың кеңесшісі (C-GP-4)), Академия бөлімінің бастығы, Академия кезекші бөлімінің бастығы (C-AGP-4)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында бес жылдан кем емес, не құқық қорғау органдарының лауазымдарында жеті жылдан кем емес, оның ішінде келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, не мемлекеттік қызметте сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
      5) бесінші кіші топ үшін (Бас прокуратура басқармасының, бөлімінің, ҚСжАЕАК аға прокуроры (C-GP-5), Академияның аға прокуроры (C-АGP-5)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда төрт жылдан кем емес қызмет өтілінің, не мемлекеттік қызметте алты жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда сегіз жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
      6) алтыншы кіші топ үшін (Бас прокуратура басқармасының, бөлімінің, ҚСжАЕАК прокуроры (C-GP-6), Академияның прокуроры, инспекторы (C-АGP-6)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарының лауазымдарында үш жылдан кем емес қызмет өтілінің, не мемлекеттік қызметте бес жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жеті жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
      7) жетінші кіші топ үшін (Академия институтының директоры, Академия профессоры (C-AGP-1)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі) кәсіби, Кәсіби деңгейді арттыру институты директоры лауазымын қоспағанда ғылыми дәрежесі болуы;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, не құқық қорғау органдарында тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес қызмет өтілінің, не мемлекеттік қызметте он бір жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында бес жылдан кем емес өтілінің, не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметте он екі жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында алты жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он үш жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
      8) сегізінші кіші топ үшін (Академия институты директорының орынбасары, Академия факультетінің деканы (C-AGP-2)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі) кәсіби, ғылыми дәрежесі болуы;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында жеті жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, не құқық қорғау органдарында сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не мемлекеттік қызметте он жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында бес жылдан кем емес өтілінің, не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметте он бір жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында бес жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он екі жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
      9) тоғызыншы кіші топ үшін (Академияның кафедра меңгерушісі, орталық бастығы, бас ғылыми қызметкер, Оқу кеңесінің хатшысы (C-AGP-3)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі) кәсіби, орталық бастығы лауазымын қоспағанда ғылыми дәрежесі болуы;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында алты жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты айдан кем емес немесе осыған тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, не құқық қорғау органдарында сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында үш жылдан кем емес өтілінің, не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметте тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында үш жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
      10) оныншы кіші топ үшін (Академия доценті, жетекші ғылыми маманы (С-АGP-4)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі) кәсіби, ғылыми дәрежесі болуы;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында бес жылдан кем емес қызмет өтілінің, не құқық қорғау органдарында жеті жылдан кем емес, оның ішінде келесі төмен тұрған лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, не мемлекеттік қызметте сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында екі жылдан кем емес өтілінің, не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметте сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында екі жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
      11) он бірінші кіші топ үшін (Академияның аға оқытушысы, аға ғылыми қызметкері (C-AGP-5)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі) кәсіби, ғылыми дәрежесі болуы;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарының лауазымдарында төрт жылдан кем емес қызмет өтілінің, мемлекеттік қызметте бес жылдан кем емес өтілінің, не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметте жеті жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда сегіз жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
      12) он екінші кіші топ үшін (Академияның оқытушысы, ғылыми қызметкері (C-AGP-6)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі) кәсіби, ғылыми дәрежесі болуы;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарының лауазымдарында үш жылдан кем емес қызмет өтілінің, мемлекеттік қызметте бес жылдан кем емес өтілінің, не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметтегі сегіз жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жеті жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
      2. Академия Ректоры осы бұйрықты мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мен келісімдеу үшін шаралар қабылдасын.
      3. Академия Ректоры осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуі және белгіленген заңнамалық тәртіпте оның ресми жариялануы бойынша шараларын қабылдасын.
      4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.
      6. Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                                    А. Дауылбаев


      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының 
      Мемлекеттік қызмет істері министрі
      ________________ Т. Донақов
      2016 жылғы 12 ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады