Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 наурызда № 13523 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 198 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.06.2023 № 198 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.09.2022 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің міндетін атқарушы
Б. Нұрымбетов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 25 ақпандағы
№ 146 бұйрығымен бекітілген

Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2009 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      қызметтерді алушы – арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға жүгінген адам;

      ақылы негіздегі арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – ақылы қызметтер) – қызметтерді алушының қаражаты есебінен ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс қызметтер.

      3. Ақылы қызметтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11038 болып тіркелген) Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына (бұдан әрі – Стандарттар) сәйкес қызметтерді алушыларға көрсетіледі.

2. Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тәртібі

      4. Ақылы қызметтердің көрсетілуіне мұқтаж адам немесе оның заңды өкілі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектіге мынадай құжаттарды ұсыну жолымен жүгінеді:

      1) осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініші;

      2) қызметтерді алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі.

      4) зейнеткерлер үшін жасына байланысты зейнетақы алушының куәлігінің көшірмесі;

      5) Стандарттарға сәйкес нысандар бойынша медициналық карта;

      6) мекенжай анықтамасы.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.09.2022 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Ақылы қызметтер көрсетуге медициналық қарсы көрсетілімдер Стандарттарға сәйкес айқындалады.

      6. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъект осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектінің басшысы ақылы қызметтердің көрсетілуіне мұқтаж адамға ақылы қызметтер ұсыну туралы шешім қабылдаған жағдайда, олардың арасында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі – Шарт) жасалады.

      7. Ақылы қызметтерді ұсынудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дәйексіздігі;

      2) ақылы қызметтер көрсетуге медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы.

      8. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген негіздер бойынша сәйкес болмаған жағдайда, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъект ақылы қызметтердің көрсетілуіне мұқтаж адамды ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақылы қызметтерді ұсынудан бас тарту туралы хабардар етеді.

      9. Шартты уақытша тоқтата тұруға қызметтерді алушының немесе оның заңды өкілінің жеке өтініші бойынша жол беріледі.

      10. Қызметтерді алушы туралы ақпараттың құпиялылығы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес қамтамасыз етіледі.

  Ақылы негізде арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      ______________________________________

      (ұйымның атауы)

      азамат (-ша)__________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________________________________

      (туған күні, айы және жылы)

      Тұрғылықты мекенжайы _________________

      ______________________________________

      Байланыс телефоны ____________________

Өтініш

      Сізден, стационар, жартылай стационар, үйде күтім жасау жағдайларында (қажетінің астын сызу керек) маған 20 ___ жылғы "____" __________ бастап 20 ___ жылғы "____" __________ аралығындағы кезеңге ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді сұраймын.

      Күні ____________________ Қолы________________

  Ақылы негізде арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      ______________________________________

      (ұйымның атауы)

      азамат (-ша)__________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________________________________

      (туған күні, айы және жылы)

      Тұрғылықты мекенжайы _________________

      ______________________________________

      Байланыс телефоны ____________________

Өтініш

      Сізден, стационар, жартылай стационар, үйде күтім жасау жағдайларында (қажетінің астын сызу керек) 20 ___ жылғы "____" __________ бастап 20 ___ жылғы "____" __________ аралығындағы кезеңге ______________________________ мекенжайында тұратын, байланыс телефоны _________________ және ________________________ мекенжайы бойынша тіркелген азамат (-ша) __________________________ мүддесін білдіре отырып, оған ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді сұраймын.

      Күні ____________________ Қолы________________

  Ақылы негізде арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Ақылы қызметтер көрсетуге арналған
№ ____ шарт

      _______________________ қаласы 20___ жылғы "____" _________

      (қаланың, ауданның, ауылдың атауы)

      Бұдан әрі "Орындаушы" деп аталатын 20__ жылғы "____" __________________ № ______ бекітілген _________________ негізінде әрекет ететін _______________________________________ (бұдан әрі – Ұйым) атынан __________________________ (ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), бір тараптан және бұдан әрі "Қызметтерді алушы" деп аталатын __________ жылы туған, ______________ берген жеке куәлігінің № ______________ ___________________________________ мекенжайы бойынша тіркелген, байланыс телефоны ____________________, ___________________ мекенжайында тұратын ___________________ (қызметтерді алушының немесе оның заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) екінші тараптан (бұдан әрі – Тараптар) төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

1. Шарттың нысанасы

      1. Орындаушы Қызметтерді алушының немесе оның заңды өкілінің жазбаша өтініші және осы Шарт негізінде, толық ақы төлеу шарттарымен ақылы қызметтер көрсетуге міндеттенеді.

2. Шарт бойынша төлем сомасы және оны енгізу тәртібі

      2. Қызметтерді алушы немесе оның заңды өкілі қызметтерге ақыны арнаулы әлеуметтік қызметтердің келісілген көлемінің негізінде төлейді.

      3. Қызметтерді алушы немесе оның заңды өкілі Шарттың 2-тармағында көзделген қызметтер үшін ұйымның жеке шотына (бұдан әрі – шот) төлем енгізеді.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4. Қызметтерді алушы:

      Орындаушыдан қызметтерді ұйымдастыруға және олардың тиісінше атқарылуын қамтамасыз етуге қатысты мәселелер жөнінде ақпарат алуға;

      осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Орындаушыға ұсыныстар енгізуге құқылы.

      5. Қызметтерді алушы:

      ақылы қызметтер үшін төлемді уақтылы жүргізуге;

      ақылы қызметтер көрсететін адамдарға құрметпен қарауға;

      ақылы қызметтерден бас тарту себептері туралы ақылы қызметтерді ұсынғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын Орындаушыға хабарлауға;

      осы Шарт талаптарының өзгеруіне алып келетін, жаңадан туындаған мән-жайлар туралы Орындаушыны уақтылы хабардар етуге міндетті.

      6. Орындаушы, Қызметтерді алушы Шарт талаптарын бұзған жағдайда, ақылы қызметтерді мерзімінен бұрын тоқтатуға құқығы бар.

      7. Орындаушы:

      Орындаушымен және Қызметтерді алушымен келісілген көлемдерде және мерзімдерде қызметтер көрсетуге;

      Қызметтерді алушыға ақылы көрсетілетін қызметтер тарифтерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға;

      Қызметтерді алушыға ақылы көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасы туралы толық әрі шынайы ақпарат беруге;

      осы Шарттың талаптары мен Қызметтерді алушының заңнамада және осы Шартта көзделген құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге;

      Шарт бойынша өз міндеттерін орындаған кезде Қызметтерді алушы туралы белгілі болған жеке сипаттағы ақпаратты жария етпеуге міндетті.

4. Ақылы қызметтер көрсету тәртібі

      8. Осы Ақылы қызметтер көрсетуге арналған шартқа қол қойылғаннан кейін және ақылы қызметтер көрсету басталғанға дейін Қызметтерді алушы немесе оның заңды өкілі қызмет құнының 100% мөлшерінде төлемді енгізеді.

      Қызметтерді алушы немесе оның заңды өкілі ақылы қызметтер көрсету басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұйымның шотына төлемді енгізеді.

      Қызметтерді алушы қайтыс болған жағдайда, енгізілген төлемдерді қайтару Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және Ақылы қызметтер көрсетуге арналған шартта көзделген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

      9. Ақылы қызметтердің сапасы, олардың көлемі мен ұсынылу мерзімдері бойынша наразылықтарын Қызметтерді алушы немесе оның заңды өкілі сапасыз қызмет көрсетілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Орындаушыға ұсынады.

      10. Орындаушы наразылық шағымы түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей өз қызметкерінің кінәсі бойынша жол берілген кемшіліктерді жояды.

      11. Орындаушы шарт бойынша міндеттемелерді орындауды үшінші тұлғаларға бермейді.

5. Тараптардың жауапкершілігі

      12. Қызметтерді алушы белгіленген мөлшерде ақылы қызметтерге ақы төлеуден бас тартқан жағдайларда, Орындаушы осы Шарттың іс-әрекетін тоқтата тұру немесе тоқтату мәселесін заңнамаға сәйкес шешеді.

      13. Ақылы қызметтер көрсету кезінде кемшіліктер орын алған жағдайда, Қызметтерді алушы өз таңдауы бойынша:

      көрсетілген қызметтердің кемшіліктерін өтеусіз жоюды;

      көрсетілген қызметтер бағасын тиісінше азайтуды;

      көрсетілген қызметтердің кемшіліктерімен байланысты өзіне келтірілген шығындарды толық өтеуді талап етеді.

      14. Егер Орындаушы Шартта белгіленген мерзімде көрсетілген қызметтердің кемшіліктерін жоймаған болса, Қызметтерді алушы Ақылы қызметтер көрсетуге арналған шартты бұзады және шығынның толық өтелуін талап етеді.

      Егер Қызметтерді алушы сондай-ақ көрсетілген қызметтердің елеулі кемшіліктерін тапса немесе Шарт талаптарынан өзге де айтарлықтай ауытқулар орын алса, ақылы қызметтер көрсетуге арналған Шартты бұзады.

      Егер Қызметтерді алушы қызметтердің кемшіліктері көрсетілетін қызметті оларды қабылдағанға дейін немесе осы кезге дейін туындаған себептерден пайда болғанын дәлелдесе, Орындаушы қызметтердің кемшіліктері үшін жауап береді.

      15. Ақылы қызметтер көрсетудің белгіленген мерзімдері бұзылған жағдайда, Орындаушы мерзімінен кешіктірілген әрбір күн (егер мерзім сағатпен белгіленген болса, сағат) үшін қызмет көрсету бағасының үш пайызы мөлшерінде Қызметтерді алушыға тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.

      Мерзімінен кешіктірілген әрбір күн (егер мерзім сағатпен белгіленген болса, сағат) үшін қызмет көрсетудің басталу және (немесе) оның кезеңін орындау мерзімін бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбы (өсімпұл) қызмет көрсету басталғанға дейін және (немесе) оның кезеңі орындалғанға дейін немесе Қызметтерді алушы осы тармақта көзделген талаптарды қойғанға дейін өндіріліп алынады.

      Мерзімінен кешіктірілген әрбір күн (егер мерзім сағатпен белгіленген болса, сағат) үшін қызмет көрсетудің аяқталу және (немесе) оның кезеңін орындау мерзімін бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбы (өсімпұл) қызмет көрсету аяқталғанға дейін және (немесе) оның кезеңі орындалғанға дейін немесе Қызметтерді алушы осы тармақта көзделген талаптарды қойғанға дейін өндіріліп алынады.

      Қызметтерді алушы өндіріп алған тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдардың) мөлшері қызметтің жекелеген түрінің бағасынан немесе, егер қызметтің жекелеген түрінің орындалу бағасы белгіленбесе, тапсырыстың жалпы бағасынан аспайды.

      Тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдардың) мөлшері қызмет көрсету бағасына сүйене отырып есептеледі, егер бұл баға Қызметтерді алушының талабы ерікті түрде қанағаттандырылған күні немесе егер ол ерікті түрде қанағаттандырылмаған болса, сот шешімі шығарылған күні сол жердегі тапсырыстың жалпы бағасына сүйене отырып көрсетілмесе.

      Шарт бұзылған кезде Орындаушы қызмет көрсету процесінде орын алған өз шығындарын өтеуді, сондай-ақ, егер Қызметтерді алушы көрсетілген қызметті қабылдап алған жағдайды қоспағанда, көрсетілген қызмет үшін төлемді талап етпейді.

      Егер Орындаушы қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан немесе Қызметтерді алушының кінәсінен орын алғанын дәлелдесе, Қызметтерді алушының осы тармақта белгіленген талаптары қанағаттандыруға жатпайды.

6. Шарт талаптарына өзгерістер енгізу
және Шартты бұзу тәртібі

      16. Осы Шарттың талаптарына өзгерістер енгізу немесе оны бұзу оның ажырамас бөлігі болып табылатын Тараптардың жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.

      17. Шарт:

      1) Қызметтерді алушының немесе оның заңды өкілінің өтініші бойынша;

      2) Қызметтерді алушының мүгедектігі алынып тасталған жағдайда;

      3) Қызметтерді алушы ішкі тәртіпті бірнеше рет бұзған жағдайда;

      4) ақылы қызметтер көрсетуге медициналық қарсы көрсетілімдер анықталған жағдайда;

      5) Қызметтерді алушы шарт талаптарын бұзған жағдайда бұзылады.

      18. Қызметтерді алушы қайтыс болған жағдайда, Тараптардың еркіне қарамастан, Шарт бұзылады.

      19. Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Тараптар шарттың бұзылу сәтіне дейін үш жұмыс күн бұрын жазбаша түрде екінші тарапты алдын ала ескертеді және ақша қаражаттары Қызметтерді алушыға немесе Қызметтерді алушының заңды өкіліне Қызметтерді алушының жеке шотына қайтарылады.

7. Дауларды шешу

      20. Шарт нысанасы бойынша туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.

      21. Егер Тараптар келісімге келе алмаған жағдайда, дау сот тәртібімен шешіледі.

8. Шарттың қолданылу мерзімі

      22. Осы Шарт Тараптар оны жасасқан күннен бастап күшіне енеді және 20___ жылғы "____" _______________ дейін қолданылады.

9. Қорытынды ережелер

      23. Осы Шарт заңды күші бірдей екі данада жасалды, олардың біреуі Орындаушыда, екіншісі - Қызметтерді алушыда болады.

      24. Осы Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша түрде ресімделіп, Тараптардың уәкілетті тұлғалары оларға тиісінше қол қойған болса, жарамды деп есептеледі.

10. Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары

"Орындаушы"

_______________________________

(ұйымның атауы)

_______________________________

(заңды мекенжайы)

Байланыс телефоны

_______________________________

Банк деректемелері:

_______________________________

_______________________________

_______________________________

_______________________________

Бизнес-сәйкестендiру нөмiрі

_______________________________

_______________________________

_______________________________

(Орындаушының тегі, аты,

әкесінің аты (бар болса)

Қолы ________ Күні ________

"Қызметтерді алушы"

Тегі___________________________

Аты____________________________

Әкесінің аты (бар болса)

_______________________________

Тіркелген мекенжайы

_______________________________

_______________________________

Нақты тұрғылықты мекенжайы

_______________________________

_______________________________

Байланыс телефоны

_______________________________

Жеке басын куәландыратын

құжаттың №

_______________________________

_______________________________

берілген

_______________________________

Қызметтерді алушының тегі, аты,

әкесінің аты (бар болса)

Қолы __________ Күні __________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады