Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 5 наурыздағы № 128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 сәуірде № 13584 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.10.2018 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 5 және 6 тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің 04.05.2023 № 156-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 04.05.2023 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған бекітілсін:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің 04.05.2023 № 156-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 04.05.2023 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. "Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 471 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11807 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитетінің төрағасы

      _____________________ С. Айтпаева

      2016 жылғы 9 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 5 наурыздағы
№ 128 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің 04.05.2023 № 156-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 04.05.2023 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – критерийлер) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына (бұдан әрі- Кодекс), Қазақстан Республикасының "Тауар биржалары туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін және тексеру парақтарының нысандарын қалыптастыру қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      2) деректерді қалыпқа келтіру-әртүрлі шкалаларда өлшенген мәндерді шартты жалпы шкалаға келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      3) тәуекел – адамның өмірін немесе денсаулығын бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, оның зардаптарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      4) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі мүмкін дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне барып және (немесе) тексерулердің біліктілік талаптарына сәйкестігін кейіннен профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін тәуекел дәрежелері бойынша Бақылау субъектілерін бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын төмендетуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және (немесе) Бақылау субъектісіне бара отырып, осындай бақылау субъектісін профилактикалық бақылаудан босатуға бағытталған;

      5) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі-объективті критерийлер) – белгілі бір қызмет саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын және бақылаудың жекелеген субъектісіне тікелей тәуелді болмайтын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;

      6) тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері-бақылау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктеріне және осы дамуға әсер ететін факторларға байланысты, бақылау субъектілерін тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі-субъективті критерийлер) – бақылаудың нақты субъектісі қызметінің нәтижелеріне қарай бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;

      8) тексеру парағы – сақталмауы, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіретін бақылау субъектілерінің қызметіне қойылатын талаптардың тізбесі;

      9) іріктеме жиынтығы (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласындағы бақылау субъектілерінің біртекті тобына жататын бағаланатын субъектілердің тізбесі.

2 тарау. Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру және бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тәсілдері

      3. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті критерийлерді айқындау арқылы қалыптастырылады (шешімдерді көп өлшемді талдау).

      Бірінші кезеңде объективті критерийлер бойынша бақылау субъектілері жоғары тәуекел дәрежесіне бөлінеді.

      Тәуекел дәрежесіне жатқызылған салалар үшін бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс бақылау субъектілері қызметін квалификациялық талаптарға сәйкестігін тексеру жүргізіледі.

      Екінші кезеңде субъективті критерийлер бойынша тауар биржасы мынадай тәуекел дәрежесіне жатқызылады:

      жоғары тәуекел.

      Субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі тәуекелдің жоғары дәрежесіне-тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ге дейін қоса алғанда.

      4. Бақылау субъектілеріне профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері объективті және субъективті критерийлерді айқындау арқылы қалыптастырылады.

3-тарау. Объективті критерийлер

      5. Объективті критерийлер бойынша тауар биржалары жоғары тәуекел дәрежесіне жатады.

      6. Бақылау субъектілерін тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызу жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, тауар биржасында коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз етуге, биржалық саудаға қатысушылардың құқықтарын қорғауға және олардың арасындағы коммерциялық құпияның заңсыз таралуына әкеп соғуы мүмкін адал бәсекелестікке байланысты бақылау субъектілерінің қызметі нәтижесінде мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығына байланысты жүзеге асырылады. табиғи бағаны бұзу және тауар нарығын тұрақсыздандыру.

      7. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің қызмет салалары үшін біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру, Бақылау субъектісіне бара отырып профилактикалық бақылау, Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      8. Жүргізілген алдыңғы Профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты біліктілік талаптарына барумен және (немесе) сәйкестігін тексерумен оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.

      9. Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде бақылау субъектісіне бару және (немесе) біліктілік талаптарына сәйкестігі арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері санының ең төменгі жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.

4-тарау. Субъективті критерийлер

      10. Субъективті критерийлерді анықтау келесі кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      11. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының Тауар биржалары туралы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.

      Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру мақсатында тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілеріне барумен алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      2) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.

      Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру мақсатында тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілеріне барумен алдыңғы тексерулер мен Профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      2) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.

      12. Осы Критерийлердің 11-тармағында айқындалған ақпарат көздерінің негізінде осы Критерийлердің 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері айқындалады.

5-тарау. Тәуекелдерді басқару

      13. Адал бақылау субъектілерін (объектілері) көтермелеу және бұзушыларға бақылау шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) тәуекел дәрежесін бағалау субъективті өлшемшарттарымен айқындалатын кезеңге, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) квалификациялық талаптарға сәйкестігін тексеру жүргізуден субъективті өлшемшарттарымен айқындалатын кезеңге босатылады.

      14. Субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері (объектілері) ақпараттық жүйені қолдана отырып, бақылау субъектілері қызметінің тиісті салаларындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне мынадай жағдайларда:

      1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасcа;

      2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан немесе хабарлау тәртібі бойынша талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізуден босату жағдайлары айқындалған болса;

      3) егер субъектілер (объектілер) өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылса ауыстырылады.

      15. Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) хабарлау тәртібі бойынша талаптарға сәйкестігін тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.

6-тарау. Субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі

      16. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу (R) бақылау субъектілеріне (SP) бару арқылы алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін және субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SC) қорытындылау жолымен автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады, кейіннен деректер мәндерін 0-ден 100-ге дейінгі диапазонға қалыпқа келтіреді ұпай.

      Rпром = SP + SC, мұнда

      Rпром-субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

      ЅР-бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC-осы Критерийлердің 12-тармағына сәйкес айқындалған субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші..

      Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласы бақылау субъектілерінің біртекті тобын бақылаудың әрбір субъектісі бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің біртекті тобына жататын бағаланатын бақылау субъектілерінің тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктемелі жиынтық (іріктеме) құрайды.

      17. Бақылау субъектілеріне бару арқылы алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      Осы Критерийлердің 11-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 100 балл теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда:

      SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – маңызды бұзушылықтардың қажетті саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны;

      Шамалы бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда:

      SРн – шамалы бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – кішігірім бұзушылықтардың қажетті саны;

      SР2 – анықталған шамалы бұзушылықтар саны;

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (ЅР) 0-ден 100 балға дейінгі шкала бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және елеусіз бұзушылықтар көрсеткіштерін жинақтау жолымен айқындалады:

      SР = SРз + SРн, мұнда:

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SРн – шамалы бұзушылықтар көрсеткіші.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      18. Осы Критерийлердің 11-тармағына сәйкес айқындалған субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      xi – субъективті критерий көрсеткіші,

      wi – субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi,

      n – көрсеткіштер саны.

      Осы Критерийлердің 11-тармағына сәйкес айқындалған субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      19. Субъектілер бойынша есептелген R көрсеткіші бойынша мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формуланы пайдалана отырып жүзеге асырылады:



      R - бақылаудың жекелеген субъектісінің субъективті критерийлері бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax - бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер бойынша субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесі шкаласы бойынша ең жоғары ықтимал мән (шкаланың жоғарғы шекарасы),

      Rmin - бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер бойынша субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесі шкаласы бойынша мүмкін болатын ең төменгі мән (шкаланың төменгі шекарасы),

      Rпром - осы Критерийлердің 13-тармағына сәйкес есептелген субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

  Қазақстан Республикасының
тауар биржалары туралы
заңнамасының сақталуының
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша

Бақылау субъектілерінің (объектілерінің)
қызметіне қойылатын талаптардың бұзылу дәрежелері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 30.05.2024 № 234-нқ және Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.06.2024 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін

1

Тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу төлемдерінің бекітілген мөлшерлерінің болуы

Елеулі

2

Тауар биржасының тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарын сақтауы

Өрескел

3

Тауар биржасының өткізілген биржалық сауда-саттық бойынша ай сайынғы есепті монополияға қарсы органға уақтылы ұсынуы (ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей)

Елеулі

4

Тауар биржасының өз интернет-ресурсының арнайы бөлімінде стандартталған тауарларға белгіленімдерді белгіленген мерзімде орналастыруы

Елеулі

5

Тауар биржасының өз интернет-ресурсында кепілдік және сақтандыру қорларының ағымдағы мөлшері туралы ақпаратты жариялауы

Елеулі

6

Тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің өзекті тізбесін өз интернет-ресурсының арнайы бөлімінде орналастыру

Елеулі

7

Сауда режимдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, тауар биржасының биржалық сауда-саттықты өткізуі

Өрескел

8

Тауар биржасының биржалық тауарлар тізбесінде көрсетілген биржалық тауарларды тек қана қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізу туралы талапты сақтауы

Өрескел

9

Тауар биржасының биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) өтінімді қабылдаудан бас тартуды ұсыну үшін негіздер болған кезде, оны қабылдаудан бас тартуын ұсынбауы

Өрескел

10

Тауар биржасы биржалық сауданың барлық қатысушыларына биржалық мәмілелер жасасу бойынша тең жағдайларды қамтамасыз етуі

Өрескел

11

Тауар биржасының биржалық сауда-саттық нәтижелерін меншік интернет-ресурсында уақтылы орналастыруы (әрбір сауда-саттық күнінің қорытындылары бойынша келесі жұмыс күнінен кешіктірмей)

Өрескел

12

Тауар биржасының стандартталмаған тауарлар бойынша жасалатын мәмілелердің жеке есебін жүргізуі

Елеулі

13

Тауар биржасының тауар биржасы қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуына, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүддесіне пайдалануға тыйым салу туралы талаптарды сақтауы

Өрескел

14

Тауар биржасының тауар биржасының атынан және есебінен биржалық мәмілелер жасауға тыйым салу туралы талаптарды сақтауы

Өрескел

15

Тауар биржасының өз интернет-ресурсында бекітілген ішкі құжаттарды орналастыруы

Елеулі

16

Тауар биржасының биржалық сауда-саттықты өткізу кестесін өзінің интернет-ресурсында уақтылы орналастыруы (сауда-саттық басталғанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын)

Өрескел

17

Тауар биржасының үміткерді аккредиттеу туралы шешімді уақтылы қабылдауы (өтініш пен тиісті құжаттарды қабылдаған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде)

Өрескел

18

Тауар биржасының үміткерді аккредиттеуден бас тартқан кезде негіздемелерді сақтауы

Өрескел

19

Тауар биржасының тауар биржасы мүшесін аккредиттеуді тоқтата тұру кезінде негіздемелерді сақтауы

Өрескел

20

Тауар биржасының тауар биржасында аккредиттеуді тоқтату кезінде негіздемелерді сақтауы

Өрескел

21

Тауар биржасында брокерлік және дилерлік аккредиттеуді жою туралы негізделген шешім қабылдау

Өрескел

22

Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты емес өзге қызметті жүзеге асыруға тыйым салу туралы талапты сақтауы

Өрескел

23

Тауар биржасының өз интернет-ресурсында биржалық тауарларға белгіленімдерді орналастыруы

Елеулі

24

Қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органға (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей) қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты уақтылы беру

Елеулі

25

Қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты уақтылы ұсыну (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін ол туралы дереу уәкілетті органға хабарлау)

Өрескел

26

Қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты уақтылы ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады)

Өрескел

27

Қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтерді және құжаттарды уақтылы ұсыну ( бақылау субъектісі күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салу бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтерді және құжаттарды сұрау салуды алған күннен бастап жұмыс күнінен кешіктірмей береді)

Өрескел

28

Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде шаралар қабылдау жөніндегі талаптарды сақтау

Өрескел

29

Тауар биржасы әзірлеген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бағдарламасының болуы

Елеулі

30

Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылдау жөніндегі талаптарды сақтау (клиентті оның өкілі мен бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасы қаржы мониторингі субъектілерінің клиент (оның өкілі) туралы мәліметтердің дұрыстығын тіркеу және тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, клиент (оның өкілі) туралы бұрын алынған мәліметтерді жаңарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуден, іскерлік қатынастардың болжамды мақсатын, клиент және олардың өкілдері туралы мәліметтерді белгілеу және тіркеуден тұрады)

Елеулі

31

Бақылау субъектілерінің клиентке ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастарды тоқтату жөніндегі міндеттерді орындауы

Өрескел

32

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатындағы талаптарды қамтитын ішкі бақылау қағидаларының болуы

Өрескел

33

Қабылдаған ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламаларының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі

Өрескел

Біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеру үшін

1

"Тауар биржасы" акционерлік қоғамы" атауын және қоғамның атауын қамтитын тауар биржасының фирмалық атауының болуы

Өрескел

2

Биржалық мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болуы

Өрескел

3

Бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар және Интернетте жұмыс істеп тұрған тауар биржасының өз интернет-ресурсының болуы

Өрескел

4

Клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешені бар тауар биржасының клирингтік орталығының болуы

Өрескел

5

Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес тек стандартталмаған тауарлардың сауда-саттығын ұйымдастыратын тауар биржасының жарғылық капиталының болуы

Өрескел

6

Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес биржалық тауарлардың сауда-саттығын ұйымдастыратын тауар биржасының жарғылық капиталының болуы

Өрескел

7

білім деңгейіне (бірінші басшы үшін – жоғары білім, басшылық лауазымдарды атқармайтын жұмыскерлер үшін – жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі білім) және практикалық қызмет тәжірибесіне (бірінші басшы үшін – биржалық қызмет саласында және (немесе) қаржы ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл) сәйкес келетін тауар биржасы жұмыскерлерінің білікті құрамы және экономикалық қызмет пен сыбайлас жемқорлық қылмыстар саласында қылмыстар жасағаны үшін алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болмауы (бірінші басшы үшін)

Өрескел

8

Уәкілетті органмен келісілген (егер мұндай келісім міндетті болып табылса) және тауар биржасы бекіткен (қабылдаған) тауар биржасына қатысушылар қызметінің шарттары мен тәртібін, тауар биржасының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, қызметтер көрсету, оларға ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін, тауар биржасындағы коммерциялық құпияны, сондай-ақ тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелікті реттейтін тауар биржасының ішкі құжаттарының болуы

Өрескел

  Қазақстан Республикасының
тауар биржалары туралы
заңнамасының сақталуына
тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне
1-қосымша

Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті критерийлер тізбесі

№ п/п

Субъективті критерий көрсеткіші

Субъективті критерий көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (сомасы 100 балдан аспауы тиіс), wi

Шарттар / мәндер, xi

1-шарт / мәні

2-шарт / мәні

3-шарт / мәні

1

2

3

4

5

6

7

Біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеру үшін

1

"Тауар биржасы" акционерлік қоғамы" атауын және қоғамның атауын қамтитын тауар биржасының фирмалық атауының болмауы

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

100

0

1

0

0%

100%

0%

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 5 наурыздағы
№ 128 бұйрығына
2-қосымша

Тексеру парағы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 30.05.2024 № 234-нқ және Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.06.2024 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын тауар биржасына қатысты
_____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес

      Тексеруді/ бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
_____________________________________________________________________

      Тексеруді/ бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
                              №, күні

      Бақылау субъектісінің атауы
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      Орналасқан жерінің мекенжайы
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу төлемдерінің бекітілген мөлшерлерінің болуы



2

Тауар биржасының тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарын сақтауы



3

Тауар биржасының өткізілген биржалық сауда-саттық бойынша ай сайынғы есепті монополияға қарсы органға уақтылы ұсынуы (ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей)



4

Тауар биржасының өз интернет-ресурсының арнайы бөлімінде стандартталған тауарларға белгіленімдерді белгіленген мерзімде орналастыруы



5

Тауар биржасының өз интернет-ресурсында кепілдік және сақтандыру қорларының ағымдағы мөлшері туралы ақпаратты жариялауы



6

Тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің өзекті тізбесін өз интернет-ресурсының арнайы бөлімінде орналастыру



7

Сауда режимдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, тауар биржасының биржалық сауда-саттықты өткізуі



8

Тауар биржасының биржалық тауарлар тізбесінде көрсетілген биржалық тауарларды тек қана қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізу туралы талапты сақтауы



9

Тауар биржасының биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) өтінімді қабылдаудан бас тартуды ұсыну үшін негіздер болған кезде, оны қабылдаудан бас тартуын ұсынбауы



10

Тауар биржасы биржалық сауданың барлық қатысушыларына биржалық мәмілелер жасасу бойынша тең жағдайларды қамтамасыз етуі



11

Тауар биржасының биржалық сауда-саттық нәтижелерін меншік интернет-ресурсында уақтылы орналастыруы (әрбір сауда-саттық күнінің қорытындылары бойынша келесі жұмыс күнінен кешіктірмей)



12

Тауар биржасының стандартталмаған тауарлар бойынша жасалатын мәмілелердің жеке есебін жүргізуі



13

Тауар биржасының тауар биржасы қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуына, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүддесіне пайдалануға тыйым салу туралы талаптарды сақтауы



14

Тауар биржасының тауар биржасының атынан және есебінен биржалық мәмілелер жасауға тыйым салу туралы талаптарды сақтауы



15

Тауар биржасының өз интернет-ресурсында бекітілген ішкі құжаттарды орналастыруы



16

Тауар биржасының биржалық сауда-саттықты өткізу кестесін өзінің интернет-ресурсында уақтылы орналастыруы (сауда-саттық басталғанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын)



17

Тауар биржасының үміткерді аккредиттеу туралы шешімді уақтылы қабылдауы (өтініш пен тиісті құжаттарды қабылдаған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде)



18

Тауар биржасының үміткерді аккредиттеуден бас тартқан кезде негіздемелерді сақтауы



19

Тауар биржасының тауар биржасы мүшесін аккредиттеуді тоқтата тұру кезінде негіздемелерді сақтауы



20

Тауар биржасының тауар биржасында аккредиттеуді тоқтату кезінде негіздемелерді сақтауы



21

Тауар биржасында брокерлік және дилерлік аккредиттеуді жою туралы негізделген шешім қабылдау



22

Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты емес өзге қызметті жүзеге асыруға тыйым салу туралы талапты сақтауы



23

Тауар биржасының өз интернет-ресурсында биржалық тауарларға белгіленімдерді орналастыруы



24

Қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органға (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей) қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты уақтылы беру



25

Қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты уақтылы ұсыну (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін ол туралы дереу уәкілетті органға хабарлау)



26

Қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты уақтылы ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады)



27

Қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтерді және құжаттарды уақтылы ұсыну ( бақылау субъектісі күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салу бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтерді және құжаттарды сұрау салуды алған күннен бастап жұмыс күнінен кешіктірмей береді)



28

Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде шаралар қабылдау жөніндегі талаптарды сақтау



29

Тауар биржасы әзірлеген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бағдарламасының болуы



30

Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылдау жөніндегі талаптарды сақтау (клиентті оның өкілі мен бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасы қаржы мониторингі субъектілерінің клиент (оның өкілі) туралы мәліметтердің дұрыстығын тіркеу және тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, клиент (оның өкілі) туралы бұрын алынған мәліметтерді жаңарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуден, іскерлік қатынастардың болжамды мақсатын, клиент және олардың өкілдері туралы мәліметтерді белгілеу және тіркеуден тұрады)



31

Бақылау субъектілерінің клиентке ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастарды тоқтату жөніндегі міндеттерді орындауы



32

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатындағы талаптарды қамтитын ішкі бақылау қағидаларының болуы



33

Қабылдаған ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламаларының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі



      Лауазымды адам (-дар) _________________________ __________________
                                    лауазымы                   қолы

      ________________________________________________________________
                  тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы______________________ ______________
                                          лауазымы             қолы

      ________________________________________________________________
                  тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 5 наурыздағы
№ 128 бұйрығына
3-қосымша

Тексеру парағы

      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің 04.05.2023 № 156-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 04.05.2023 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 30.05.2024 № 234-нқ және Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.06.2024 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын тауар биржасына қатысты
___________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                              №, күні

      Бақылау субъектісінің атауы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі
____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

"Тауар биржасы" акционерлік қоғамы" атауын және қоғамның атауын қамтитын тауар биржасының фирмалық атауының болуы



2

Биржалық мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болуы



3

Бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар және Интернетте жұмыс істеп тұрған тауар биржасының өз интернет-ресурсының болуы



4

Клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешені бар тауар биржасының клирингтік орталығының болуы



5

Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес тек стандартталмаған тауарлардың сауда-саттығын ұйымдастыратын тауар биржасының жарғылық капиталының болуы



6

Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес биржалық тауарлардың сауда-саттығын ұйымдастыратын тауар биржасының жарғылық капиталының болуы



7

білім деңгейіне (бірінші басшы үшін – жоғары білім, басшылық лауазымдарды атқармайтын жұмыскерлер үшін – жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі білім) және практикалық қызмет тәжірибесіне (бірінші басшы үшін – биржалық қызмет саласында және (немесе) қаржы ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл) сәйкес келетін тауар биржасы жұмыскерлерінің білікті құрамы және экономикалық қызмет пен сыбайлас жемқорлық қылмыстар саласында қылмыстар жасағаны үшін алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болмауы (бірінші басшы үшін)



8

Уәкілетті органмен келісілген (егер мұндай келісім міндетті болып табылса) және тауар биржасы бекіткен (қабылдаған) тауар биржасына қатысушылар қызметінің шарттары мен тәртібін, тауар биржасының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, қызметтер көрсету, оларға ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін, тауар биржасындағы коммерциялық құпияны, сондай-ақ тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелікті реттейтін тауар биржасының ішкі құжаттарының болуы



      Лауазымды адам (-дар) _________________________ ___________________
                                    лауазымы                   қолы

      _________________________________________________________________
            тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы______________________ ______________
                                          лауазымы             қолы

      _________________________________________________________________
                        тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады