"Оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 251 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 сәуірде № 13593 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 17.05.2019 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8890 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 263 (28202) санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген оқыту орыс тіліндегі 1-11-сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер тізбесінде:

      "7-сынып" мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері, 77-1, 77-2, жолдармен толықтырылсын:

      "

77-1

Қазақ тілі. Оқулық. 7-сынып

Т. Артықова,

Г. Ермекбаева

2016

Атамұра

77-2

Физика. Оқулық. 7-сынып

Р. Башарұлы,

У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева

2016

Атамұра


      ";

      "8-сынып" мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері, 176-178, жолдармен толықтырылсын:

      "

176

Қазақ тілі. Оқулық.

8-сынып

Т. Артықова,

Г. Ермекбаева

2016

Атамұра

177

Қазақ тiлi. Оқулық

8-сынып

С. Жұманова

2016

Мектеп

178

Қазақ тілі. Оқулық

8-сынып

С. Дүйсебаев,

А. Қошқари,

Г. Байтілеуова,

Г. Боранбаева

2016

Мектеп


      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құралдар тізбесі, мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері, 145-146, жолдармен толықтырылсын:

      "

145

Зайырлылык және дінтану негіздері

Ғ. Есім,

Е. Смағұлов

2016

Білім

146

Светскость

и основы религиоведения.

Учебник. 9 класс

Есим Г.,

Абуов А.,

Смагулов Е.

2016

Білім


      ".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Н. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармалары осы бұйрықты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С.Н.Нүсіповке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым Министрі

Е. Сағадиев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады