Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 217 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 сәуірде № 13623 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 124 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.03.2017 № 124 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының 5-тармағынажәне "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12705 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 585 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12231 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Әкімшілік департаменті (А.М. Қайырбекова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 217 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының 5-тармағына, "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12705 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметші) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.

      2. Қызметшілердің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

      3. Қызметшінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

      Қызметшіні бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді.

      Әлеуметтік демалыстағы қызметшілер бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің осы тармағында көрсетілген мерзімде өтеді.

      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және қызметшінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

      Қызметшінің тікелей басшысы өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға болып табылады.

      5. Жылдық бағалау:

      1) қызметшінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

      2) қызметшінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан;

      3) айналмалы бағалаудан құралады.

      6. Мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлға қызметшінің жұмысын бағалауды өткізу үшін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, персоналды басқару қызметі (бұдан әрі – Қызмет) оның жұмыс органы болып табылады.

      7. Комиссияның мәжілісі оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

      Комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      8. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      9. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссияның хатшысы болып Қызметтің қызметшісі табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. Қызметші жұмысының жеке жоспары Қызметшімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың бірінші қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылады.

      11. Қызметшіні лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы Қызметші жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.

      12. Қызметші жұмысының жеке жоспарына:

      1) Қызметші туралы дербес деректерді (Т.А.Ә. (болған жағдайда), атқаратын лауазымының, Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы);

      2) Министрліктің стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда оның функционалдық міндеттеріне сәйкес Қызметшінің жұмыс іс-шараларының атауы кіреді.

      Іс-шаралар қолжетімді, іске асатын, Қызметші жұмысының функционалды бағытымен байланысады, нақты аяқтау нысанына ие болады.

      Іс-шаралардың саны мен күрделілігі Министрлік салыстыруында анықталады;

      3) Қызметшінің және оның тікелей басшысының қолдары, жеке жоспарға қол қою күнін қамтиды.

      13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана Қызметке беріледі. Екінші дана Қызметшінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Қызмет Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырды.

      Қызмет бағалауға жататын қызметшілерді және бағалауды іске асыратын тікелей басшыларды бағалау туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.

      16. Негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.

      17. Көтермелеу баллдары:

      1) ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіші;

      2) мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет көрсеткіші;

      3) тәлімгер функциясын атқару көрсеткіші;

      4) негізгі жұмыспен қатар, құрамында мемлекеттік құпия мәліметтері бар құжаттармен жұмыс жүргізу көрсеткіші үшін қойылады.

      18. Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін қызметшіні тікелей басшыдан бекітілген шкалаға сәйкес "+1"-ден "+5" баллға дейін иеленеді.

      19. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.

      20. Орындау тәртібін бұзуға:

      1) жоғары тұрған органдардың, басшылықтың, тікелей басшының тапсырмаларын және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу;

      2) жоғары тұрған органдардың, басшылықтың тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапасыз орындау жатады.

      21. Еңбек тәртібін бұзуға:

      1) дәлелді себепсіз жұмыста болмауы;

      2) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;

      3) қызметшілердін қызметтік әдепті бұзуы жатады.

      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде Қызмет, қызметшінің тікелей басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілдің құжатпен дәлелденген мәліметі болады.

      22. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қызметшіге әр бұзу фактісі үшін "-2" мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.

      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, қызметші тікелей басшыға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін жібереді.

      24. Тікелей басшы қызметшінің еңбек тәртібін бұзғаны туралы Қызмет және Әдеп жөніндегі уәкілдің берген мәліметтерін есепке ала отырып, қызметшінің бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (онда бұрыс мәліметтер болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.

      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағы қызметшімен расталады.

      Қызметшінің бас тартуы құжаттарды Комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болып табылмайды. Бұл жағдайда Қызметтің жұмыскері және қызметшінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт құрастырады.

5. Жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалау

      26. Жылдық бағалауды өткізу үшін қызметші тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.

      27. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету еңгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.

      28. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын қызметші растайды.

      Қызметшінің бас тарту құжаттарды Комиссияның отырысына жіберуге кедергі болып табылмайды. Бұл жағдайда Қызметтің жұмыскері және қызметшінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

6. Айналмалы бағалау

      29. Айналмалы бағалау

      1) тікелей басшыны;

      2) қызметшіге бағыныштыларды;

      3) тікелей бағыныштылар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін бір құрылымдық бөлімше немесе қызметте лауазымды атқаратын тұлғаларды (болған жағдайда) бағалау болып табылады.

      30. Осы Әдістеменің 29-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізімін (үштен аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай Қызмет бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.

      31. Осы Әдістеменің 29-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.

      32. Толтырылған бағалау парақтары оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде Қызметке жіберіледі.

      33. Қызмет айналмалы бағалаудың орта бағасын есептейді.

      34. Айналмалы бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

7. Қорытынды баға

      35. Қызметшінің тікелей басшысы қызметшінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:




– тоқсандық баға;

      a – көтермелеу баллдары;

      в – айыппұл баллдары.

      36. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады:

      80 баллдан төмен - "қанағаттанарлықсыз"

      80-нен 105 баллға дейін – "қанағаттанарлық"

      106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) – "тиімді"

      130 баллдан астам – "өте жақсы".

      37. Қызмет қызметшінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:




– жылдық баға;

– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).

      Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 36-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл,

      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл,

      "тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,

      "өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;


– жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән);

– айналмалы бағалау (орта арифметикалық мән).

      38. Жылдың қорытынлы бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:

      3 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";

      3 баллдан бастап 4 баллға дейін – "қанағаттанарлық;

      4 баллдан бастап 5 балға дейін – "тиімді";

      5 балл – "өте жақсы".

8. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      39. Қызмет Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      Қызмет Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін);

      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;

      4) осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

      40. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:

      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса. Бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;

      2) қызметшіні бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.

      41. Қызмет бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.

      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі. Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болып табылмайды. Бұл жағдайда Қызметтің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

      42. Осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы Қызметте сақталады.

9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

       43. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      44. Қабылданған шешім туралы ақпаратты Министрлік екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

      45. Қызметші бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

10. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      46. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      47. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар қызметшілерге төленеді.

      48. Қызметшіні оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша қызметшінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

      Қызметші Комиссия оның жұмысын жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.

      49. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлемгер ретінде бекітілмейді.

      50. Қызметшінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, Қызметші "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі турлы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.

      51. Қызметшіні бағалаудың нәтижесі оның қызметтік тізіміне енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің жұмысын
бағалау әдістемесіне
1-қосымша

       Нысан

      "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің

      жеке жұмыс жоспары

      __________________________________жыл

      (жеке жоспар құрастырылатын кезең)

      Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):______________________

      Қызметшінің лауазымы: _____________________________________

      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      ___________________________________________________________

№ р/с

Шаралардың аталуы

Іс-шараның нәтижесі

1



2



3




Қызметші

Т.А.Ә.(болған жағдайда)

____________________________

күні _______________________

қолы ____________________

Тікелей басшы

Т.А.Ә. (болған жағдайда)

_________________________________

күні ____________________________

қолы ___________________________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің жұмысын
бағалау әдістемесіне
2-қосымша

      Нысан

      Бағалау парағы

      _____________________тоқсан_____жыл

      (бағаланатын кезең)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      ___________________________________________________________________

      Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:


Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

Тікелей басшының бағалауы

Ескерту

№ р/с

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

1








2










Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

Бағалау нәтижесі:




Қызметші

Т.А.Ә. (болған жағдайда) 

__________________________

күні

_________________________

қолы

__________________________

Тікелей басшы

Т.А.Ә. (болған жағдайда)

____________________________

күні

____________________________

қолы ____________________________


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің жұмысын
бағалау әдістемесіне
3-қосымша

      Нысан

      Бағалау парағы

      ______________________________ жыл

      (бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      ___________________________________________________________________

      Жеке жоспарды орындау бағасы:

№ р/с

Аталуы

Маңызы

(2-ден 5-ке дейін)

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

Басшының бағалау нәтижелері

Ескерту

1






2






3






Қызметші

Т.А.Ә. (болған жағдайда) 

____________________________

күні _______________________

қолы _______________________

Тікелей басшы

Т.А.Ә. (болған жағдайда)

_____________________________

күні_________________________

қолы ________________________


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің жұмысын
бағалау әдістемесіне
4-қосымша

      Нысан

      Айналмалы бағалау нәтижелері

      __________________________________________________ жыл

      (бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      _____________________________________________________________________

№ р/с

Құзіреттін аталуы

Маңызы

Баға (балл)

Тікелей басшы




1.

Бастамашылығы

2-ден 5 ке дейін


2.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5 ке дейін


3.

Қызметтік этиканы сақтау

2-ден 5 ке дейін



БАРЛЫҒЫ:


Бағынышты адам




1.

Жұмысты жоспарлай білу

2-ден 5 ке дейін


2.

Жұмысқа негіздей білу

2-ден 5 ке дейін


3.

Қызметтік этиканы сақтау

2-ден 5 ке дейін



БАРЛЫҒЫ:


Әріптесі




1.

Топта жұмыс істей білу

2-ден 5 ке дейін


2.

Қызметтік этиканы сақтау

2-ден 5 ке дейін



БАРЛЫҒЫ:


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің жұмысын
бағалау әдістемесіне
5-қосымша

      Нысан

      Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      ________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      _____________________________________________________________

      (бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең

      (тоқсан және (немесе) жыл)

      Бағалау нәтижелері

р/с

Қызметшілердің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Комиссияның ұсыныстары

1.




2.




      Комиссия қорытындысы:

      ___________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Тексерген:

      Комиссия төрағасы: _______________________ Күні: ____________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

      Комиссия мүшесі: _________________________ Күні: _____________

       (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

      Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: _____________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады