Өндіріс және қоршаған орта статистикасында деректерді редакциялау бойынша әдістемені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының м.а. 2016 жылғы 29 наурыздағы № 51 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 сәуірде № 13626 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 23.08.2021 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Өндіріс және қоршаған орта статистикасында деректерді редакциялау бойынша әдістеме бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төрағаның


міндетін атқарушы

Б. Иманәлиев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының міндетін
атқарушының
2016 жылғы "29" наурыздағы
№ 51 бұйрығымен
бекітілді

Өндіріс және қоршаған орта статистикасында деректерді редакциялау бойынша әдістеме

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 23.08.2021 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Өндіріс және қоршаған орта статистикасында деректерді редакциялау бойынша әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес қалыптастырылатын және бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және оның аумақтық бөлімшелері әкімшілік деректерді пайдалана отырып, жалпымемлекеттік статистикалық байқау шеңберінде өндіріс және қоршаған орта статистикасы бойынша статистикалық ақпаратты қалыптастыру кезінде қолданады.

      3. Әдістемеде Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар мен мынадай негізгі анықтамалар қолданылады:

      1) агрегаттау – жинақтау, топтастыру немесе жеке көрсеткіштерді жалпыланған көрсеткіштерге жеткізудің басқа тәсілдері;

      2) донорлық деректер – алдын ала анықталған сипаттамалардың бірдей жиынтығы бар статистикалық байқауға ұқсас қатысушының деректері.

      3) жүктеу (шартты есептеу) - жоқ немесе қате мәндерді дұрыс және ішкі келісілген мәндерге ауыстыру;

      4) макроредакциялау – агрегатталған (жиынтық) статистикалық деректерді редакциялау;

      5) микроредакциялау – алғашқы статистикалық деректерді редакциялау;

      6) редакциялау – бұл алдын-ала белгіленген ережелерге сәйкес қолайсыз, қарама-қайшылықты және өте күмәнді немесе мүмкін емес мәндерді анықтау және кейіннен өзгерту үшін респонденттерден жиналған деректерді, сондай-ақ агрегатталған деректерді жүйелі түрде тексеру;

      7) статистикалық бірлік – статистикалық мақсатта қолдану үшін құқықтық бірлік негізінде жасалған абстрактілік бірлік;

      8) статистикалық көрсеткіштер жіктеуіші (бұдан әрі - СКЖ) - ресми статистика шеңберінде статистикалық көрсеткіштерді жіктеу және кодтау тәртібін анықтайтын жіктеуіш. СКЖ статистикалық тәжірибеде пайдаланылатын кіріс және шығыс көрсеткіштердің жүйеленген тізбесін білдіреді;

      9) статистикалық көрсеткіштер – бұл қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық сипаттамасы, орын мен уақыттың нақты жағдайларында құбылыстың немесе процестің мәнін көрсетеді.

      4. Статистикада қателер тіркеу қателері (немесе мазмұн қателері), қамту қателері және репрезентативтілік қателері деп жіктеледі.

      5. Кездейсоқ тіркеу қателері статистикалық нысандарды толтыру кезінде қате жазудан, ұқыпсыздықтан және абайсыздықтан туындайды. Тіркеу қателері алғашқы статистикалық деректерді қасақана бұрмалаумен немесе сұрақтың мағынасын дұрыс түсінбеумен немесе жауапты жазу ережелерін бұзумен байланысты пайда болады.

      Тіркеу қателерінің негізгі себептері:

      дұрыс қалыптастырылмаған сауалнамалар немесе нысандар, оларды толтыру жөніндегі жеткіліксіз немесе дұрыс емес нұсқаулықтар;

      интервьюердің сұрақты дұрыс дыбыстамауы (сұрақтың тұжырымын қысқарту немесе өзгерту, респондентке сұрақтың мәнін толық түсіндірмеу), жауаптың дұрыс жазылмауы;

      жауаптардағы деректерді кодтау дұрыс емес, пернетақтаны дұрыс пайдаланбау нәтижесінде деректерді дұрыс енгізбеу.

      6. Қамтудағы қателердің көздері зерттелетін статистикалық бірліктердің дұрыс жасалмаған, толық емес немесе дәл емес тізімдері, сондай-ақ аумақтық статистика бөлімшелері мамандарының объективті және субъективті себептер бойынша барлық байқау бірліктерін қамтуға қабілетсіздігі болып табылады.

      7. Репрезентативтілік қателері тек жаппай емес статистикалық байқау барысында орын алады және зерттелген жиынтық құрылымы жағынан бас жиынтықтан ерекшеленуінде көрініс табады. Репрезентативтілік қателерінің орын алуының негізгі себебі бас жиынтықтың біркелкі болмауы болып табылады.

      8. Пайдаланылатын әдістер бойынша редакциялау екі типке жіктеледі. Бірінші типке статистикалық редакциялау жатады, ол белгілі бір ықтималдылық үлесінде қате болатын деректер мәндерін сәйкестендірумен байланысты. Редакциялаудың бұл түрімен қате мәндерді ауыстырудың және деректердегі олқылықтарды толтырудың стохастикалық әдістерінің кең класы байланысты.

      Екінші типке белгілер мен көрсеткіштердің мәндері алдын ала белгіленген ережелерге (арақатынастарға) сәйкестігі тұрғысынан тексерілетін деректердің логикалық және арифметикалық бақылаулары жатады. Логикалық немесе арифметикалық бақылаудан өтпейтін деректер мәндері қате болып табылады және респондентте нақтыланғаннан кейін түзетіледі.

      9. Редакциялау жүйесін жоспарлау кезеңінде есепке алынатын ақпараттың сапасына әсер ететін негізгі факторларға келесілер жатады:

      1) жиналатын деректердің сапасы статистикалық нысандарды тиянақты әзірлеумен және жетілдірумен қамтамасыз етіледі;

      2) мерзімді байқауларды жүргізу барысы тұрақты негізде талданып отырады, оның нәтижесі деректерді редакциялаумен, тікелей ақпаратты жинаумен айналысатын мамандар мен тиісті нысандарды әзірлеушілер арасында "кері байланыс" болып табылады;

      3) редакциялауға бөлінген ресурстық қамтамасыз ету байқау қорытындыларының сапасына неғұрлым елеулі әсер ететін мәселелерге шоғырланған.

      10. Байқаудың келесі циклдері үшін статистикалық нысандар мен деректерді жинау стратегиясын (жоспарын) жетілдіру қателер деңгейін, респонденттердің мөлшері мен жіктеудің бөлінетін топтарына тиесілігін талдау негізінде жүзеге асырылады.

      11. Байқауларды жүргізу барысында жиынтық қорытындыларға неғұрлым әсер ететін қателерді түзетуге бағытталған мақсатты редакциялауды орындау жүзеге асырылады.

      12. Жаппай байқауларды өткізу кезінде ең алдымен ірі бірліктердің деректерін түзету жүзеге асырылады, себебі байқаудың едәуір шағын бірліктерінің көрсеткіштер мәндеріне қосатын үлесі айтарлықтай емес. Іріктемелі байқаулар деректерінің олқылықтарын редакциялау және толтыру барысында іріктемені жоспарлау сатысында оларға берілген бірліктердің іріктемелі салмақтары есепке алынады.

      13. Әрбір нақты жағдайда әр объект бойынша деректерді редакциялауды қолданудың экономикалық әсері бағаланады.

      14. Деректерді редакциялау кезінде байқаудың алғашқы статистикалық деректерінің уақыт бөлінісінде бірізділігін қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Байқаудың нәтижелері басқа байқаулардың қорытындыларымен келісілген жағдайда редакциялау кезеңі осы байқаулар деректерінің микродеңгейде салыстырмалылығымен қамтамасыз етіледі.

      Редакциялау рәсімін пайдалану кезінде қажет болған жағдайда бастапқы деректерге қайтып келуді қамтамасыз ету үшін объектілер бойынша деректерге енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты жинақтау болып табылады.

      15. Өндіріс және қоршаған орта статистикасының барлық салаларында қалыптастырылатын статистикалық көрсеткіштерді қате және толық емес деректерді анықтауға тексеру алғашқы статистикалық деректер деңгейінде және біріктірілген (жиынтық) деректер деңгейінде жүзеге асырылады және бақылаудың келесі түрлері қарастырылған:

      1) арифметикалық-логикалық бақылау (бұдан әрі - АЛБ);

      2) форматты-логикалық бақылау (бұдан әрі - ФЛБ);

      3) төтенше мәннің бар болуына бақылау;

      4) белгіленген жол берілетін шегіне сәйкестікке бақылау;

      5) жоқ мәндердің бар болуына бақылау.

      Бақылаудың талаптарына сәйкес келмеген әр белгі үшін тексерудің нәтижелері бойынша түзету қажеттілігі және оның типі анықталады.

      Көрсеткішке байланысты микроредакциялау немесе макроредакциялау қолданылады.

      16. Алғашқы және шығыс деректердің АЛБ және ФЛБ талаптарына сәйкестігін бақылау өндіріс және қоршаған орта статистикасының барлық салалары бойынша жүзеге асырылады және көрсеткіштерді қалыптастыру және деректерді өңдеу бойынша тиісті жүйелерде қарастырылған.

      17. Статистикалық нысандарды "он-лайн" режимінде қабылдау кезінде алғашқы статистикалық деректердің АЛБ және ФЛБ талаптарына сәйкестігін тексеру оны алғашқы статистикалық деректерді сақтау қоймасына (бұдан әрі - АСДС) жіберу сәтіне дейін автоматты түрде жүзеге асырылады. Көрсетілген бақылаулардан өтпеген алғашқы статистикалық деректерді жіберу бұғатталады және алғашқы қорға қате деректердің түсу ықтималдығы азайтылады немесе толығымен алынып тасталады.

      18. Қағаз тасығыштардағы статистикалық нысандарда алынған алғашқы статистикалық деректерді АЛБ және ФЛБ сақтауына тексеру жүйеге алғашқы статистикалық деректерді енгізу кезінде автоматты түрде жүзеге асырылады. Көрсетілген бақылау түрлерінен өтпеген қате деректер табылған жағдайда оларды редакциялау респонденттен нақтылағаннан кейін және ол түзетілген статистикалық нысанды ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Деректерді нақтылау мүмкін болмаған кезде аумақтық статистика бөлімшесінің маманы алғашқы статистикалық деректерге түзетулерді өзі енгізеді. Егер бақылауға сүйене отырып түзетулер енгізу мүмкін болмаса, мұндай деректер өңдеуден алынып тасталады және одан әрі редакциялау жоқ мәндер жағдайы сияқты жүзеге асырылады.

      19. Статистикалық ақпаратты түзу кезінде алғашқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін респонденттерден қосымша ақпарат талап етеді.

      20. Егер көрсеткіш бойынша деректер белгіленген тәртіппен ұсынылған статистикалық нысанда болмаса, бұл ретте АЛБ және ФЛБ талаптары сақталған жағдайда деректердің мұндай болмауы қате болып саналмайды және редакцияланбайды. Егер бұл ретте көрсеткіш бойынша деректер жоқ болуы АЛБ немесе ФЛБ талабын бұзса, деректер респонденттен нақтыланады және редакцияланады.

      21. Өндіріс және қоршаған орта статистикасында ай сайын немесе тоқсан сайын қадағаланатын көрсеткіштер (жедел деректер) бар және жыл өткен соң жылдық деректермен нақтыланады. Мұндай көрсеткіштер үшін жедел деректердің мұрағаттық қорын редакциялау қолданылады. Жылдық деректермен нақтылауға жататын көрсеткіштер тізбесі осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.

      22. Осындай көрсеткіштер бойынша кезекті есепті жыл ішінде нақты көлем индексін сапалы есептеу үшін өткен жылға осы көрсеткіштер бойынша жедел деректердің мұрағаттық қоры олар бойынша алынған жылдық деректерді есепке ала отырып қайта есептеледі.

      23. Мұрағаттық қорды қайта есептеу әрбір жеке өңір үшін біріктірілген деректер деңгейінде жүзеге асырылады. Республика бойынша нақтыланған қорытынды өңірлер бойынша деректерді қосындылаумен анықталады.

2. Аграрлық сектор статистикасында деректерді редакциялау

1-параграф. Белгіленген жол берілетін шектен шығатын мәндерді редакциялау

      24. Белгіленген жол берілетін шектен шығатын мәндердің болуына бақылау алғашқы статистикалық деректерді енгізгеннен кейін жүйеде автоматты түрде жүзеге асырылады. Алғашқы статистикалық деректер "Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілген қызметтердің) анықтамалығына" (бұдан әрі - АШӨСЖ) сәйкес енгізіледі. Аграрлық сектор статистикасында жол берілетін мәндердің шегі келесі көрсеткіштер үшін белгіленген:

      1) шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстың бір басының орташа тірі салмағы;

      2) тірідей салмақта шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілген мал мен құстың сойыс салмағындағы шығымы;

      3) мал мен құстың өнімділігін сипаттайтын жекелеген көрсеткіштер: бір сауын сиырға келетін орташа сүт сауымы; бір мекиен тауыққа жұмыртқаның орташа шығымы; бір қойдан орташа жүн қырқымы;

      4) 100 аналыққа есептегендегі төлдің шығысы.

      Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер үшін жол берілетін мәндердің шегі осы Әдістемеге 2, 3, 4, 5-қосымшаларда келтірілген. Жол берілетін шекті мәні белгіленетін көрсеткіштер тізімі қажеттілігіне қарай ұлғаяды.

      Елеулі ауытқулар анықталған жағдайда деректер респонденттен нақтыланады және респондент түзетілген алғашқы статистикалық деректерді ұсынғаннан кейін тиісті өзгертулер енгізіледі. Белгілі бір себептер бойынша деректерді нақтылау мүмкін болмаған жағдайда, редакциялау қолданылады.

      25. Деректерді редакциялау кезінде заңды тұлғалар бойынша есептелмеген статистикалық бірліктер бойынша деректер кәсіпорындардың аумағы және өлшемділігі (ірі, орта, шағын) бойынша, дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары және халықтың шаруашылықтары бойынша – аумақ бойынша есептеледі.

      26. Әр көрсеткіш үшін жол берілмейтін мәндерді редакциялаудың өзіндік ерекшеліктері бар:

      1) "шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстың бір басының орташа тірі салмағы" (СКЖ коды 143501) есепті көрсеткіші. Жол берілетін мәндердің шегі осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес белгіленген. Осы көрсеткіш бойынша жол берілмейтін мәнді табу алғашқы статистикалық деректердің мүмкін болатын қате мәнін куәландырады, олардың негізінде ол есептеледі: "мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені" (СКЖ коды 14320301) баспен немесе "мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені (тірідей салмақта)" (СКЖ коды 14340104) центнермен есептеледі.

      Жол берілмейтін мәнді редакциялау жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді редакциялау арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады;

      2) "мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені" мал басымен және "мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені (тірідей салмақта)" центнермен.

      Жол берілетін мәннің шегі тікелей осы көрсеткіштер үшін белгіленбейді. Олар "шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстың бір басының орташа тірі салмағы" көрсеткіші бойынша жол берілмейтін мәнді тапқан жағдайда редакциялауға ұшырайды. Редакциялау алдында деректер респонденттен нақтыланады.

      Шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстың басы туралы алғашқы статистикалық деректерді нақтылау мүмкін болмаған кезде көрсеткіштің мәні шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстың тірі салмағы туралы алғашқы статистикалық деректер бойынша центнермен есептеледі. Бұл әдіс тек центнермен есептелген "мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені (тірідей салмақта)" көрсеткіші бойынша алғашқы статистикалық деректер күмән келтірмейтін жағдайда ғана қолданылады. Редакциялау кезінде союға өткізілген мал мен құстың жалпы тірі салмағы туралы алғашқы статистикалық деректер есеп бермегендермен ұқсас атрибуттары бар есеп берген бірліктер тобы бойынша есептелген ауыл шаруашылығы жануарларының осы түрі бойынша союға өткізілген мал мен құстың орташа тірі салмағына бөлінеді. Бұл жағдайда алынған мән табын басының қозғалыс теңгерімі бойынша АЛБ талаптарын бұзбайды. Теңгерім бұзылған жағдайда "мал мен құстың өзге де шығуы" көрсеткіші бойынша теңгерімдеуші түзету жасалады (СКЖ коды 14320399).

      "Мал мен құстың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені (тірі салмақта)" мәнін центнерде нақтылау мүмкін болмаған кезде, көрсеткіштің мәні шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстың саны туралы деректер бойынша есептеледі. Бұл әдіс тек мал басымен "мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені" көрсеткіші бойынша алғашқы статистикалық деректер күмән тудырмайтын жағдайда ғана қолданылады. Редакциялау кезінде шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстардың саны туралы алғашқы статистикалық деректер есеп бермегендермен ұқсас атрибуттары бар есеп берген бірліктер тобы бойынша есептелген ауыл шаруашылығының осы түрі бойынша союға өткізілген мал мен құстардың орташа тірідей салмағына көбейтіледі. Бұл ретте алынған мән АЛБ талаптарын бұзбайды, мысалы, центнерде "мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені (тірідей салмақта)" көрсеткішінің мәнінен төмен емес;

      3) есепті көрсеткіш "тірідей салмақта шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстың сойыс салмағындағы шығымы" (СКЖ коды 143606).

      Жол берілетін мәндердің шегі осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген. Осы көрсеткіш бойынша жол берілмейтін мәнді табу алғашқы статистикалық деректердің мүмкін болатын қате мәні туралы куәландырады, олардың негізінде ол есептеледі: "мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені (тірідей салмақта)" (СКЖ коды 14340104) немесе "мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені (сойыс салмақта)" (СКЖ коды 14340105).

      Жол берілмейтін мәнді редакциялау жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді редакциялау арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады;

      4) есепті көрсеткіш "бір сауын сиырға келетін орташа сүт сауымы" (СКЖ коды 143502).

      Жол берілетін мәндердің шегі осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес белгіленген. Осы көрсеткіш бойынша жол берілмейтін мәнді табу алғашқы статистикалық деректердің мүмкін болатын қате мәні туралы куәландырады, олардың негізінде ол есептеледі: "мал шаруашылығы өнімдерінің жеке түрлерін өндіру (сиырдың шикі сүті)" (СКЖ коды 143401, АШӨСЖ коды 014120100) немесе "сауын сиыр басының орташа саны" (СКЖ коды 143303).

      Жол берілмейтін мәнді редакциялау жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді редакциялау арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады;

      5) "мал шаруашылығы өнімдерінің жеке түрлерін өндіру (сиырдың шикі сүті)" және "сауын сиыр басының орташа саны".

      Осы көрсеткіштер үшін жол берілетін мәннің шегі белгіленбейді. Ол "Бір сауын сиырға келетін орташа сүт сауымы" көрсеткіші бойынша жол берілмейтін мәнді тапқан жағдайда редакциялауға ұшырайды. Редакциялау алдында деректер респонденттен нақтыланады.

      Сүтті өндіру туралы алғашқы статистикалық деректерді нақтылау мүмкін болмаған кезде, көрсеткіштің мәні сауын сиыр басының саны туралы алғашқы статистикалық деректер бойынша есептеледі. Бұл әдіс тек "сауын сиыр басының орташа саны" көрсеткіші бойынша алғашқы статистикалық деректер күмән тудырмайтын жағдайда ғана қолданылады. Редакциялау кезінде сауын сиырдың орташа басы туралы алғашқы статистикалық деректер есеп бермегендермен ұқсас атрибуттары бар есеп берген бірліктер тобы бойынша есептелген, бір сауын сиырға келетін орташа сүт сауымына көбейтіледі.

      Сауын сиыр басының орташа саны туралы алғашқы статистикалық деректерді нақтылау мүмкін болмаған кезде, көрсеткіштің мәні сауылған сиыр сүтінің жалпы көлемі туралы алғашқы статистикалық деректері бойынша есептеледі. Бұл әдіс "мал шаруашылығы өнімдерінің жеке түрлерін өндіру (сиырдың шикі сүті)" көрсеткіші бойынша алғашқы статистикалық деректер күмән тудырмайтын жағдайда ғана қолданылады. Редакциялау кезінде сауылған сиыр сүтінің жалпы көлемі туралы алғашқы статистикалық деректер есеп бермегендермен ұқсас атрибуттары бар есеп берген бірліктер тобы бойынша есептелген, бір сауын сиырға келетін орташа сүт сауымына бөлінеді.

      Редакциялау кезінде алынған мән АЛБ талаптарын бұзбайды;

      6) есепті көрсеткіш "бір мекиен тауыққа жұмыртқаның орташа шығымы" (СКЖ коды 143503). Жол берілетін мәннің шегі осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес белгіленген. Осы көрсеткіш бойынша жол берілмейтін мәнді табу алғашқы статистикалық деректердің мүмкін болатын қате мәні туралы куәландырады, олардың негізінде ол есептеледі: "жұмыртқа өндіру (тауықтың қабығындағы жұмыртқасы, жаңа жиналып алынған)" (СКЖ коды 14340101, АШӨСЖ коды 014721) немесе "мекиен тауықтардың орташа саны" (СКЖ коды 143304).

      Жол берілмейтін мәнді редакциялау жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді редакциялау арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады;

      7) "жұмыртқа өндіру (тауықтың қабығындағы жұмыртқасы, жаңа жиналып алынған" және "мекиен тауықтардың орташа саны". Тікелей осы көрсеткіштер үшін жол берілетін мәннің шегі белгіленбейді. Олар "бір мекиен тауыққа жұмыртқаның орташа шығымы" көрсеткіші бойынша жол берілмейтін мәнді тапқан жағдайда редакциялауға ұшырайды. Редакциялау алдында деректер респонденттен нақтыланады.

      Жұмыртқа өндіру бойынша алғашқы статистикалық деректерді нақтылау мүмкін болмаған кезде, көрсеткіштің мәні мекиен тауықтардың саны туралы алғашқы статистикалық деректер бойынша есептеледі. Бұл әдіс "мекиен тауықтардың орташа саны" көрсеткіші бойынша деректер күмән тудырмайтын жағдайда ғана қолданылады. Редакциялау кезінде мекиен тауықтардың орташа саны туралы алғашқы статистикалық деректер есеп бермегендермен ұқсас атрибуттары бар есеп берген бірліктер тобы бойынша есептелген, бір мекиен тауыққа келетін жұмыртқаның орташа шығымына көбейтіледі.

      Мекиен тауықтардың орташа саны туралы алғашқы статистикалық деректерді нақтылау мүмкін болмаған кезде көрсеткіштің мәні алынған тауық жұмыртқасының жалпы көлемі туралы алғашқы статистикалық деректер бойынша есептеледі. Бұл әдіс "жұмыртқа өндіру (тауықтың қабығындағы жұмыртқасы, жаңа жиналып алынған)" көрсеткіші бойынша алғашқы статистикалық деректер күмән тудырмайтын жағдайда ғана қолданылады. Редакциялау кезінде алынған тауық жұмыртқасының жалпы көлемі туралы алғашқы статистикалық деректер есеп бермегендермен ұқсас атрибуттары бар есеп берген бірліктер тобы бойынша есептелген, орташа жұмыртқалағыштыққа бөлінеді.

      Редакциялау кезінде алынған мән АЛБ талаптарын бұзбайды;

      8) есепті көрсеткіш "бір қойдан орташа жүн қырқымы" СКЖ коды 143504). Жол берілетін мәннің шегі осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес белгіленген. Осы көрсеткіш бойынша жол берілмейтін мәнді табу алғашқы статистикалық деректердің мүмкін болатын қате мәні туралы куәландырады, олардың негізінде ол есептеледі: "мал шаруашылығы өнімдерінің жеке түрлерін өндіру (тірі қойдан қырқылған жүн, жуылмаған (тобымен жуылғанды қоса алғанда)" (СКЖ коды 143401, АШӨСЖ коды 014530100) немесе "қырқылған қой саны" (СКЖ коды 143307).

      Жол берілмейтін мәнді редакциялау жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады;

      9) "мал шаруашылығы өнімдерінің жеке түрлерін өндіру (тірі қойдан қырқылған жүн, жуылмаған (тобымен жуылғанды қоса алғанда)" және "қырқылған қой саны". Тікелей осы көрсеткіштер үшін жол берілмейтін мәннің шегі белгіленбейді. Олар "бір қойдан орташа жүн қырқымы" көрсеткіші бойынша жол берілмейтін мәнді тапқан жағдайда редакциялауға ұшырайды. Редакциялау алдында деректер респонденттен нақтыланады.

      Қой жүнін өндіру туралы алғашқы статистикалық деректерді нақтылау мүмкін болмаған кезде, көрсеткіштің мәні қырқылған қойдың саны туралы алғашқы деректер бойынша есептеледі. Бұл әдіс "қырқылған қой саны" көрсеткіші бойынша алғашқы статистикалық деректер күмән тудырмайтын жағдайда ғана қолданылады. Редакциялау кезінде қырқылған қойдың саны туралы алғашқы статистикалық деректер есеп бермегендермен ұқсас атрибуттары бар есеп берген бірліктер тобы бойынша есептелген, бір қойдан орташа жүн қырқымына көбейтіледі.

      Қырқылған қой саны туралы алғашқы статистикалық деректерді нақтылау мүмкін болмаған кезде, көрсеткіштің мәні қырқылған қой жүнінің жалпы көлемі туралы алғашқы статистикалық деректер бойынша есептеледі. Бұл әдіс "мал шаруашылығы өнімдерінің жеке түрлерін өндіру (тірі қойдан қырқылған жүн, жуылмаған (тобымен жуылғанды қоса алғанда)" көрсеткіші бойынша деректер күмән тудырмайтын жағдайда ғана қолданылады. Редакциялау кезінде қырқылған қой жүнінің жалпы көлемі туралы алғашқы статистикалық деректер есеп бермегендермен ұқсас атрибуттары бар есеп берген бірліктер тобы бойынша есептелген, бір қойдан орташа жүн қырқымына бөлінеді.

      Бұл ретте алынған мән АЛБ талаптарын бұзбайды;

      10) есепті көрсеткіш "100 аналыққа есептегендегі төлдің шығысы" (СКЖ коды 143305). Жол берілетін мәннің шегі осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес белгіленген. Осы көрсеткіш бойынша жол берілмейтін мәнді табу алғашқы статистикалық деректердің мүмкін болатын қате мәні туралы куәландырады, олардың негізінде ол есептеледі: "алынған төл" (СКЖ коды 14320201) немесе "аналық мал басының орташа саны" (СКЖ коды 143302). Жол берілмейтін мәнді редакциялау жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады;

      11) "алынған төл" және "аналық мал басының орташа саны". Тікелей осы көрсеткіштер үшін жол берілетін мәннің шегі белгіленбейді. Олар "100 аналыққа есептегендегі төлдің шығысы" көрсеткіші бойынша жол берілмейтін мәнді тапқан жағдайда редакциялауға ұшырайды. Редакциялау алдында деректер респонденттен нақтыланады немесе есептер тексеріледі.

      Алынған төл бойынша алғашқы статистикалық деректерді нақтылау мүмкін болмаған кезде көрсеткіштің мәні аналық мал басының орташа саны туралы деректер бойынша есептеледі. Бұл әдіс "аналық мал басының орташа саны" көрсеткіші бойынша алғашқы статистикалық деректер күмән тудырмаған жағдайда ғана қолданылады. Редакциялау кезінде аналық малдың орташа саны туралы алғашқы статистикалық деректер есеп бермегендермен ұқсас атрибуттары бар есеп берген бірліктер тобы бойынша есептелген, 100 аналыққа есептегендегі төлдің орташа шығымына бөлінеді. Теңгерім бұзылған жағдайда "мал мен құстың өзге де түсімі" көрсеткіші бойынша теңгерімдік түзету жүзеге асырылады.

      Аналық мал басының орташа саны туралы алғашқы статистикалық деректерді нақтылау мүмкін болмаған кезде көрсеткіштің мәні алынған төл туралы деректер бойынша есептеледі. Бұл әдіс "алынған төл" көрсеткіші бойынша алғашқы статистикалық деректер күмән тудырмайтын жағдайда ғана қолданылады. Редакциялау кезінде алынған төл туралы алғашқы статистикалық деректер есеп бермегендермен ұқсас атрибуттары бар есеп берген бірліктер тобы бойынша есептелген, 100 аналыққа есептегендегі төлдің орташа шығымына көбейтіледі.

      Бұл ретте алынған мән мал басы қозғалысының теңгерімі бойынша АЛБ талаптарын бұзбайды.

2-параграф. Экстремалдық мәндерді редакциялау

      27. Экстремалдық мәндердің болуына бақылауды жүзеге асыру кезінде әрбір статистикалық көрсеткіш бойынша шек қойылады, бұдан жоғары көрсеткіштің мәні әлеуетті экстремалдық деп саналады. Аталған шек логикаға, қолданыстағы нормаларға сүйене отырып, сондай-ақ өткен кезеңдердегі ұсынылған алғашқы статистикалық деректерді талдау немесе есепті кезеңде ұсынылған статистикалық көрсеткіш бойынша барлық алғашқы статистикалық деректерді талдау негізінде белгіленеді.

      Аграрлық сектор статистикасында шекті мәндердің екі түрі белгіленеді:

      1) алдыңғы кезеңдердегі оның деректері негізінде әрбір зерттелетін бірлік үшін жеке белгіленетін көрсеткіштің жеке шекті мәні (алғашқы статистикалық деректерді бірінші рет ұсынған бірліктерден басқа);

      2) көрсеткіштің жалпы шекті мәні есепті кезеңде және алдыңғы кезеңдерде есеп бергендердің деректері негізінде барлық зерттелетін бірліктер үшін белгіленеді.

      28. Жылдық кезеңділікпен қалыптастырылатын көрсеткіш үшін жеке шекті мән жеке зерттелетін бірліктер соңғы үш жылда тапсырған деректердің екі есе еселенген ең жоғары мәні ретінде анықталады. Айлық немесе тоқсандық кезеңділікпен қалыптастырылатын көрсеткіш үшін жеке шекті мән жеке зерттелетін бірліктер соңғы үш жылда тиісті айға/тоқсанға тапсырған деректердің екі есе еселенген ең жоғары мәні ретінде анықталады.

      29. Жылдық кезеңділікпен қалыптастырылатын көрсеткіштің жалпы шекті мәнін есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:



      мұнда:

      Z max есепті жыл - көрсеткіштің есепті жылдағы шекті мәні;

      Z max алдыңғы жыл - көрсеткіштің алдыңғы жылда есеп бергендер бойынша ең жоғары мәні;

      Z орташа есепті жыл - көрсеткіштің есепті жылда есеп бергендер бойынша орташа мәні;

      Z орташа алдыңғы жыл - көрсеткіштің алдыңғы жылда есеп бергендер бойынша орташа мәні.

      30. Ай сайынғы және тоқсан сайынғы кезеңділікпен қалыптастырылатын көрсеткіштің жалпы шекті мәнін есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:



      Z max алдыңғы ай/тоқсан * Z орташа есепті ай/тоқсан

      Z max есепті ай/тоқсан = , (2)

      Z орташа алдыңғы ай/тоқсан

      мұнда:

      Z max есепті ай/тоқсан - көрсеткіштің есепті айдағы/тоқсандағы шекті мәні;

      Z max алдыңғы ай/тоқсан - көрсеткіштің алдыңғы үш жылғы тиісті айда/тоқсанда есеп бергендер бойынша ең жоғары мәні;

      Z орташа есепті ай/тоқсан - көрсеткіштің есепті айдағы/тоқсандағы есеп бергендер бойынша орташа мәні;

      Z орташа алдыңғы ай/тоқсан - көрсеткіштің алдыңғы үш жылғы тиісті айда/тоқсанда есеп бергендер бойынша орташа мәні.

      31. Аталған бақылау түрі қатаң болып табылмайды. Редакциялау респонденттерден деректерді нақтылағаннан кейін жүзеге асырылады. Экстремалды мәндерді ауыстыру жеке шекті мәннен және жалпы шекті мәннен бір мезгілде асқан кезде жүзеге асырылады. Донорлық мән ретінде ауыстыру үшін экстремалдық мән анықталған есеп берген бірліктерге ұқсас бірліктер тобы бойынша көрсеткіштің орташа мәні қолданылады.

3-параграф. Жоқ мәндерді редакциялау

      32. Деректер зерттелетін бірліктер толық қамтылмаған және сұрақнамалар толық толтырылмағанда, сондай-ақ көрсеткіш бақыланбаған немесе кезеңділігі, жіктелімдері және басқа параметрлері бойынша шектеулермен бақыланған жағдайда болмайды.

      33. Егер деректер алғашқы статистикалық деректерді ұсынбау себебінен жоқ болса, жүктеу жүргізіледі.

      34. Айлық және тоқсандық кезеңділіктегі көрсеткіштердің көпшілігі теңгерімнің құрамдас элементтері болып табылады. Өсімдік шаруашылығында бұл астық және майлы дақылдар қозғалысының теңгерімін құрайтын көрсеткіштер, мал шаруашылығында - табын айналымының теңгерімі. Теңгерімді сақтау үшін оның соңғы көрсеткіштері (есепті айдың соңында қолда бары) келесі айдың басына өтеді.

      Донорлық ретінде өткен кезеңдегі зерттелетін бірліктің өзінің деректері қолданылады. Есеп бермеген бірлік бойынша есепті кезеңнің басына көрсеткіштің мәні өткен кезеңнің соңына оның алғашқы статистикалық деректерінен көрсеткіштің мәніне тең болып қабылданады. Бұл ретте теңгерімнің өзі қозғалыссыз қалады (түсу және шығу нөлге теңестіріледі). Есепті кезеңнің соңына көрсеткіштің мәні есепті кезеңнің басына көрсеткіштің мәніне тең болып қабылданады. Аграрлық сектор статистикасында мұндай көрсеткіштерге мыналар жатады: "дәнді және бұршақты дақылдардың қолда бары" (СКЖ коды 142601) "майлы дақылдар тұқымдарының қолда бары" (СКЖ коды 142701), "мал мен құстың саны" (СКЖ коды 143201).

      35. Егер алғашқы статистикалық деректер қандай да бір себептермен түспеген жағдайда және бұдан әрі желтоқсандағы есепте жыл соңындағы теңгерім "майлы дақылдар тұқымдарының өзге де шығысы" (СКЖ коды 14260399) немесе "мал мен құстың өзге де шығыны" (СКЖ коды 14320399) көрсеткіштері бойынша тиісінше теңгерімнің шығыс бөлігіндегі мән негізінде нөлге теңестіріледі.

      36. Теңгерім бөлігі болып табылмайтын ай сайынғы көрсеткіштер үшін жүктеу жүзеге асырылмайды.

      37. Жоқ жылдық кезеңділіктегі көрсеткіштер үшін жүктеу екі әдіспен жүзеге асырылады: егер көрсеткіш ай сайынғы немесе жылдық негізде қалыптастырылса, онда донорлық ретінде ай сайынғы статистикалық байқаулардың шеңберінде берілген деректерден есеп бермеген бірліктің өзінің деректері қолданылады, егер көрсеткіш тек жылдық негізде қалыптастырылса онда жүктеу есеп берген бірліктердің алғашқы деректерінің негізінде біріктірілген деңгейде есептеу жолымен жүзеге асырылады.

      38. Бірінші тәсілде: көрсеткіш ай сайынғы деректер 12 айға қосылады және есеп бермеген респондент бойынша жылдық есеп үшін донорлық ретінде қолданылады. Осы жүктеу түрі келесі көрсеткіштер үшін жүзеге асырылады: "алынған төл" (СКЖ коды 14320201), "өз өңірі шегінде сатып алынған мал мен құс" (СКЖ коды 14320202), "мал мен құстың өзге де түсімі" (СКЖ коды 14320299), "мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені" (СКЖ коды 14320301), "мал мен құстың өлім-жітімі және қырылуы" (СКЖ коды 14320302), "өз өңірі шегінде сатылған мал мен құстар" (СКЖ коды 14320303), "мал мен құстың өзге де шығыны" (СКЖ коды 14320399), "қырқылған қой саны" (СКЖ коды 143307), "елтіріге сойылған қозылар саны" (СКЖ коды 143308), "мал шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру" (СКЖ коды 143401), "мал шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлерін өткізу" (СКЖ коды 143402), "бастапқы өңдеуге өткізілген жүн" (СКЖ коды 14340201), "Өзінің жеке тұтынуына пайдаланылған мал шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлері" (СКЖ коды143403), "жаңа түсімнен алынған майлы дақылдар тұқымдары" (СКЖ коды 14270201).

      Кейбір көрсеткіштер үшін орташа арифметикалық, орташа өлшенген, орташа хронологиялық және басқа әдістермен бір жылдағы орташа мәндері қолданылады. Мұндай көрсеткіштерге мыналар жатады: "аналық мал басының орташа саны" (СКЖ коды 143302), "мекиен тауықтардың орташа саны" (СКЖ коды 143304), "сауын сиыр басының орташа саны" (СКЖ коды 143303). "Мал мен құстың саны" (СКЖ коды 143201) және "қолда бар болған малдың тірі массасындағы салмағы" (СКЖ коды 143301) көрсеткіштері бойынша жылдық деректерді жүктеу үшін қаңтар (жыл басына) және желтоқсанға (жыл соңына) респонденттердің тиісті деректері донорлық ретінде қолданылады.

      39. Көрсеткіш тек жылдық негізде қалыптастырылған жағдайда, донорлық ретінде есеп бермеген бірліктің өзінің қолда бар басқа көрсеткіштері негізінде есептелген деректер және есеп берген бірліктердің қолда бар деректер қоры бойынша есептелген деректер қолданылады. Донорлық деректер АКТ=1 белсенділік белгілерімен есеп бермеген заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтарына және барлық есеп бермеген жұртшылық шаруашылықтарына қолданылады.

      Мұндай тәсіл мысалы, "жекелеген ауыл шаруашылығы дақылдарын жалпы жинау" көрсеткіші бойынша жоқ деректерді жүктеу үшін қолданылады. Жүктеу басқа байқаулардан осы респондент бойынша: "ауылшаруашылық дақылдарының (алдын ала) егістік алқабы" (СКЖ коды 142102) немесе "ауылшаруашылық дақылдарының нақтыланған егіс алқабы" (СКЖ коды 142108) көрсеткіштері бойынша мәліметтер белгілі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Редакциялау кезінде алдын ала немесе нақтыланған алаң туралы қолда бар деректер Әдістеменің 22-тармағында көрсетілген есеп бермегендермен ұқсас атрибуттары бар есеп берген бірліктер тобы бойынша есептелген, ауыл шаруашылығы дақылдарының осы түрі бойынша орташа түсімділікке көбейтіледі. Есептеу әрбір есеп бермеген зерттелетін бірлік үшін жүргізіледі, содан кейін қосындыланады. Алынған мән алғашқы қорға кіргізілмей, біріктірілген деңгейде есептік деректерге қосылады.

      40. Зерттелетін бірліктердің басқа деректерін есептеу үшін пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, донорлық ретінде есеп бергендердің деректері пайдаланылады. Бірінші кезекте есеп бермегендермен ортақ атрибуттары бар әлеуетті донорлардың тобы анықталады. Одан кейін топтан көрсеткішінің ең төменгі мәнімен донор іріктеп алынады. Осы мән есеп бермеген респондент үшін донорлық ретінде пайдаланылады. Жүктеудің бұл түрі аграрлық сектор статистикасының "ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер" (СКЖ коды 141101013), "өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруге жұмсалған шығындар" (СКЖ коды 141301), "мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге жұмсалған шығындар" (СКЖ коды 141302), "өткізілген ауылшаруашылық өнімдерінің құны" (СКЖ коды 141303), "өткізілген ауылшаруашылық өнімдерінің өзіндік құны" (СКЖ коды 141304) сияқты көрсеткіштеріне қолданылады.

3. Өнеркәсіп статистикасы деректерін редакциялау

1-параграф. Жедел деректерді редакциялау

      41. Енгізу кезеңінде деректерді редакциялау (микроредакциялау) мыналарды қамтиды:

      1) алынған деректерді салыстыру немесе динамикалық қатардың сәйкестігі арқылы деректердің анықтығын тексеруді:

      ағымдағы жылдың алдыңғы айлары үшін және өткен жылдың тиісті айларына айлық кезеңділікпен статистикалық нысандар;

      ағымдағы жылдың алдыңғы тоқсандары үшін және алдыңғы жылдың тиісті тоқсанына тоқсандық кезеңділікпен статистикалық нысандар;

      өткен жыл үшін жылдық кезеңділікпен статистикалық нысандар үшін.

      Тексерудің бұл тәсілінде деректер алдыңғы мәндермен немесе белгілі бір есепті кезеңге шекті мәндермен салыстырылады;

      2) экстремалдық мәндер кезіндегі деректердің анықтығын тексеруді, бұл әдісте өнімдер өндірісінің немесе өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтердің өсуі немесе төмендеуінің объективті себептері болған жағдайда бастапқы экстремалдық мәндерді енгізу қабылданады;

      3) (АЛБ және ФЛБ) нысандары көрсеткіштері арасындағы бөлімдердің арасындағы деректердің анықтығын тексеру:

      заттай көріністегі деректердің болуы кезінде өнімнің құндық көріністегі көрсеткіштерінің көрініс табуы міндетті;

      құндық көріністе өндірілген тауар өнімдерінің құндық көрсеткіштерінің қосындысы құндық көріністе алғашқы 4 таңбаға дейін Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) сәйкес қызмет түрлерінің кодымен сәйкес келетін өнім түрлерінің қосындысына тең немесе көп болуы тиіс;

      құндық көріністе өңделме шикізаттан өңделген деректердің қосындысы ЭҚЖЖ бойынша қызметтің тиісті түрлерінің құнына тең немесе аз болуы тиіс;

      жеке өндірістік қажеттіліктерге (зауытішілік айналым) пайдаланылған өнімнің құндық көрсеткіштерінің қосындысы ЭҚЖЖ тиісті кодының құнына тең немесе аз болуы тиіс;

      4) алғашқы статистикалық деректердің болмауына объективті себептердің болуы кезінде жол беріледі.

      42. 1-П нысаны бойынша (айлық, тоқсандық, жылдық) деректерді өңдеу деректерді редакциялау (макроредакциялау) кезеңінде:

      1) "Қосылған құн салығынсыз кәсіпорынның қолданыстағы бағасында есепті айда өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі" бөлімі бойынша келесі ФЛБ жүзеге асырылады:

      құндық көріністе өнеркәсіп өнімдерін (тауарларды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемі (СКЖ коды 15110101) басқа тараптарға, өзінің күрделі құрылыстары мен өзінің өнеркәсіптік емес бөлімшелеріне өткізу, еңбекақы есебінен өзінің қызметкерлеріне беру, сондай-ақ тапсырыстар бойынша орындалған өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуге арналған кәсіпорынмен өңделген барлық дайын өнімдердің (өнімдер), өздері өңдеген жартылай фабрикаттардың (өзінің шикізаты мен материалдарынан, сондай-ақ тапсырыс берушінің шикізаты мен материалынан) құнынан қалыптасады. Қосылған құн салығынсыз, акцизсіз және зауытішілік айналымсыз, аяқталмаған өндіріс және өңделме шикізат құнынсыз есептеледі;

      2) құндық көріністе өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі (тауар, көрсетілген қызмет) мен өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілген қызмет көлемін (СКЖ коды 151101012) бақылау мынадай формулалар бойынша жүзеге асырылады:


Оө ≥ Оқ ,

(3)

      мұнда:

      Оө - құндық көріністегі өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі (тауар, қызмет);

      Оқ - өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілген қызмет көлемі.


Оө ≥ Оз.а.,

(4)

      мұнда:

      Оз.а. - құндық көріністегі өз мұқтаждықтарына пайдаланылған өнім (зауытішілік айналым) (СКЖ коды 15110103).


Оө , Оқ , Оз.а. , Оқалд , Оаяқт , Оқұны ≥ 0,

(5)

      мұнда:

      Оқалд - құндық көріністегі есепті айдың соңындағы дайын өнім қалдықтары (СКЖ коды 151202);

      Оаяқт - есепті айдың соңындағы аяқталмаған өндіріс көлемі (СКЖ коды 15110104);

      Оқұны - басқа кәсіпорындарға өңдеуге тапсырылған шикізаттың құны (СКЖ коды 15110105);

      3) "Заттай көріністегі өнім өндірісі және құндық көріністегі өндірілген өнім көлемі" бөлімі бойынша мынадай ФЛБ жүзеге асырылады:

      есепті айдағы заттай көріністегі өнеркәсіптік өнім өндірісі (тауар шығарылымы) (СКЖ коды 15110201) есепті айдағы заттай көріністегі өз мұқтаждықтарына пайдаланылған өнім көлемі және есепті айдағы заттай көріністегі шикізаттан өндірілген өнім көлемі қосындысынан көп немесе тең:


Оз ≥ Оп.з. + Оөңделме з. ,

(6)

      мұнда:

      Оз - есепті айдағы заттай көріністегі өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі;

      Оп.з - есепті айдағы заттай көріністегі өз мұқтаждықтарына пайдаланылған өнім;

      Оөңделме з. - есепті айдағы заттай көріністегі өңделме шикізаттан өндірілген өнім.

      есепті айда құндық көріністегі өнеркәсіптік өнім (тауар, көрсетілетін қызмет) өндірісінің көлемі есепті айда құндық көріністегі өз мұқтаждықтарына пайдаланылған өнім көлемі және есепті айда құндық көріністегі өңделме шикізаттан өндірілген өнім көлемі қосындысынан көп немесе тең:


Оө ≥ ∑ Оп.қ + Оөңделме қ.,

(7)

      мұнда:

      Оө - құндық көріністегі өнеркәсіптік өнім (тауар, көрсетілетін қызмет) өндірісінің көлемі;

      Оп.қ - есепті айда құндық көріністегі өз мұқтаждықтарына пайдаланылған өнім;

      Оөңделме қ. - есепті айда құндық көріністегі өңделме шикізаттан өндірілген өнім.


Оз , Оө , Оп.з , Оп.қ , Оөңделме з., Оөңделме қ., Оқалд.з , Оө.з ≥ 0,

(8)

      мұнда:

      Оқалд.з - есепті айдың соңындағы заттай көріністегі дайын өнім қалдықтары;

      Оө.з - өткен жылғы тиісті айда заттай көріністегі өндірілген өнім (тауарлық шығарылым) көлемі;

      4) "Қосалқы қызмет түрлері бойынша өндірілген өнім және көрсетілген қызметтер көлемі" бөлімі бойынша:


Оқайталама≥ 0,

(9)

      мұнда:

      Оқосалқы - қосалқы қызмет түрлері бойынша өндірілген өнім және көрсетілген қызметтер көлемі.

      5) "Өз өндірісінің жөнелтілген өнімдерінің көлемі ҚҚС-сыз және акциздерсіз кәсіпорынның қолданыстағы бағасымен" бөлімі бойынша құндық көріністе өз өндірісінің жөнелтілген өнеркәсіптік өнімдерінің көлемі (СКЖ коды 151201) ішкі нарыққа жөнелтілген өнім (тауар, қызмет) көлемінен көп немесе тең:


Ожөн ≥ Ожөн.ішкі ,

(10)

      мұнда:

      Ожөн - құндық көріністе өз өндірісінің жөнелтілген өнеркәсіптік өнімінің көлемі;

      Ожөн.ішкі - ішкі нарыққа жөнелтілген өнеркәсіптік өнімінің көлемі.


Ожөн.ішкі ≥ Ожөн.мем + Ожөн.ұлт ,

(11)

      мұнда:

      Ожөн.мем - ішкі нарыққа мемлекеттік сатып алу бойынша жөнелтілген өнеркәсіптік өнімінің көлемі;

      Ожөн.ұлт - ішкі нарыққа ұлттық компаниялардың сатып алуы бойынша жөнелтілген өнеркәсіптік өнімінің көлемі.

      6) "Есепті айда заттай көріністе өз өндірісінің жөнелтілген өнім көлемі" бөлімі бойынша:


Ожөн.з ≥ Ожөн.ішкі.з ,

(12)

      мұнда:

      Ожөн.з - заттай көріністе өз өндірісінің жөнелтілген өнеркәсіптік өнімінің көлемі (СКЖ коды 151203);

      Ожөн.ішкі.з - ішкі нарыққа заттай көріністе өз өндірісінің жөнелтілген өнеркәсіптік өнімінің көлемі.


Ожөн.ішкі.з ≥ Ожөн.мем.з + Ожөн.ұлт.з ,

(13)

      мұнда:

      Ожөн.мем.з - ішкі нарыққа мемлекеттік сатып алу бойынша заттай көріністе өз өндірісінің, жөнелтілген өнеркәсіптік өнімдерінің көлемі;

      Ожөн.ұлт.з - ішкі нарыққа ұлттық компаниялардың сатып алуы бойынша заттай көріністе өз өндірісінің, жөнелтілген өнеркәсіптік өнімдерінің көлемі.

2-параграф. Жоқ мәндерді редакциялау

      43. Ұсынылған статистикалық нысандарда көрсеткіш бойынша деректердің болмауы кезінде АЛБ және ФЛБ талаптары сақталады, мұндай жоқ деректер қате болып саналмайды және редакцияланбайды. Егер бұл ретте көрсеткіш бойынша деректердің болмауы АЛБ немесе ФЛБ талабын бұзса, онда респонденттен деректер нақтыланады және жоғарыда аталған редакциялау типтерінің біреуін қолдану қажет.

      44. Кәсіпорындардың толық емес қамтылуымен және шығарылатын өнім туралы есептіліктің алынбауымен байланысты жоқ немесе өткізіп алынған мәндерді редакциялау (статистикалық себептер) белгілі бір алгоритм негізінде бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, автоматты түрде жүзеге асырылады.

      45. Статистикалық себептер бойынша жасырылған, ай сайын өндірілген өнім көлемі мынадай формула бойынша анықталады:




(14)

      мұнда:


- статистикалық себептер бойынша жасырылған, өндірілген өнім көлемі;

- алдыңғы жылы шағын кәсіпорындар өндірген өнім көлемі;

- белсенді шағын кәсіпорындар саны;

- есепті кезеңде есеп берген шағын кәсіпорындар саны;

- шығарылым туралы мәліметтері жоқ кәсіпорындар саны (есеп бермеген кәсіпорындар саны).

3-параграф. Индекстердің өзара үйлесу жүйесі

      46. Нақты тауарлар деңгейінде, сондай-ақ барлық ЭҚЖЖ топтамалары бойынша экономикалық қызмет түрі бойынша өндіріс индекстерінің барлық жиынтығы арақатынастардың және өзара үйлесудің мынадай жүйесіне логикалық түрде сәйкес келеді.

      47. Жыл басынан бергі кезеңге өндіріс индексінің шамасы, өткен жылғы тиісті кезеңге қатынасы бойынша, есептеулердің барлық деңгейінде жыл басынан бергі кезеңге кіретін айлар бойынша индекстердің ең жоғары және ең төменгі мәндері арасындағы интервалға түседі.

      Бұл ретте жыл басынан бергі кезеңдегі индекс осы айлардағы кезеңге кіретін индекстерден орташа арифметикалық мәнге жақын болады. Маусымдық белгісі анық тауарлар және қызмет түрлері бойынша ерекшелік болуы мүмкін (мысалы, электр энергиясын және жылу энергиясын өндіру жылдың қысқы айларына қарай жоғарылайды; ауылшаруашылық өнімдерді қайта өңдеу керісінше жаз және күз айларына қарай жоғарылайды; қант өндіру – күзде, қант қызылшасын жинаудың аяқталысымен).

      Кезеңдегі индекс орташа арифметикалық мәннен және айлық өндіріс деңгейіндегі күрт ауытқу жағдайында: мысалы, өндірістік циклінің ұзақтығы айдан көп болатын тауарлар (қызмет түрлері) бойынша, сонымен қатар өндірісті жедел қайта құрылымдау және өндірістік процестердің жоғары бір қалыпты емес себептері бойынша елеулі ауытқиды.

      Базисті жылдың айнымас жағдайында өткен жылғы тиісті айға өндірістің индексі ("тікелей" индекс) өткен айға есептелген ("тізбекті" индекс) он екі индекстің тізбектілігінің көбейтіндісіне тең болуы тиіс.

      Жедел деректер негізінде қалыптастырылған, бұрын жарияланған индекстер ай сайын қайта қаралмайды. Ай сайынғы индекстерді қайта қарау және қайталап жариялау (қажет болған кезде) 1-П жылдық нысанын өңдеу нәтижелері бойынша заттай және құндық көріністегі тауарлар негізіндегі жылдық қорытындыларын алғаннан кейін жылына бір рет жүргізіледі.

      Осы жерде, ай сайынғы және жылдық индекстерді келісу жолымен жылдық әзірлемелердің нақтыланған деректері негізінде қалыптастырылатын ай сайынғы (жедел) индекстерді жылдық индекстермен үйлестіру жүзеге асырылады.

      48. Нақтыланған жылдық деректер бойынша есептелген өндірістің жылдық индекстері айлық жедел деректер негізінде есептелген индекстермен сәйкес келеді.

      49. Айлық және жылдық деректер бойынша есептеулердің нәтижелерін келісу алгоритмі қорытынды индекстің қысқа мерзімді үрдістері айлық деректермен анықталуы тиіс, ал жылдық деректер индекстің ұзақ мерзімді үрдістерін анықтау үшін қажет.

      50. Жедел және жылдық әзірлемелер бойынша индексті есептеулердің деректерін салыстыру кезінде ең алдымен айырмашылық себептері талданады: олар тек бұрын ұсынылған айлық динамикадағы нақтылаулармен ғана туындағанын немесе нақты қызмет түрі бойынша қосымша тауарлардың қосылуымен немесе ассортиментті құрам бойынша тауарлар топтарының ажырауына негізделген. Соңғы екі жағдайда, нақтылаудың шамасы елеулі болған жағдайда, ерекшелігі ретінде өндіріс индексін айлық есептеу бойынша өткенді шолатын қайта есептеуімен, тауар қоржынына толықтырулар енгізуге болады.

      51. Жедел тәртіпте ескерілетін тауарлар бойынша индекстерді келісу кезінде, жедел индекстерді қайта санау кезінде жылдық әзірлемелер шеңберінде қалыптастырылған, нақтыланған айлық деректер пайдаланылады.

      52. Өндіріс индекстерін есептеудің жаңа базисті жылға ауысуы кезінде, өндіріс индекстері динамикалық қатарлардың "бірігуін" қамтамасыз ету қажет, яғни өткен кезеңдерге (жылдарға) өндіріс индекстерін жаңа қоржын, жаңа жіктеу құрылымын ескере отырып ретроспективтік қайта есептеу.

4. Құрылыс және инвестициялар статистикасында деректерді редакциялау 1-параграф. Жедел деректерді редакциялау

      53. Алғашқы статистикалық деректерді енгізу деңгейінде жедел деректерді қалыптастыру кезінде құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша барлық статистикалық байқауларда көрсеткіштердің ең жоғары және ең төменгі мәндеріне – өңірдің және республиканың дерекқорларындағы күрт ауытқитын мәндерге талдау жүзеге асырылады. Редакциялау респонденттерден деректерді нақтылағаннан кейін жүзеге асырылады.

      54. Алғашқы статистикалық деректер "он-лайн" режимде оларды АСДС-ға жіберу сәтіне дейін АЛБ және ФЛБ талаптарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеріледі. Деректерді АСДС-ға қайта жіберу қателерді тексергеннен және түзеткеннен кейін жүзеге асырылады.

      55. Инвестициялық салымдардың толық көлемін және орындалған құрылыс жұмыстарының көлемін қамтамасыз ету үшін ай сайын алғашқы статистикалық деректерді өңдеу деңгейінде негізгі капиталға инвестициялардың көлемін статистикалық себептер бойынша ескерілмеген кәсіпорындарға орындалған құрылыс жұмыстарының көлемін жете бағалау жүзеге асырылады.

      56. Кәсіпорындар мынадай себептер бойынша жедел статистикалық байқау кезінде есептелмей қалуы мүмкін:

      1) кәсіпорындардың толық қамтылмауы;

      2) кәсіпорындардан есептілікті алмау;

      57. Ай сайынғы негізгі капиталға инвестициялар көлемін және есептеу алгоритміне сәйкес орындалған құрылыс жұмыстарының көлемін жете бағалау жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда түзету жүзеге асырылады.

      58. Редакциялау өңірлердің экономикалық әлеуетін ескере отырып, динамикалық қатарларға талдау жүргізу жолымен жүзеге асырылады. Бұдан әрі қайта өңделген қайта бағалау көлемдері алгоритмге сәйкес бөлінеді және агрегаттау кезеңінде құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша есеп берген кәсіпорындардың деректеріне қосылады.

      59. Негізгі капиталға инвестициялардың толық қамтылмауына жете бағалау көлемін және жылдық көлеміне дейін есептеу алгоритмі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 296 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14601 болып тіркелген) Инвестициялық қызмет көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемесінде келтірілген.

      60. Кәсіпорындардың толық қамтылмауына орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша жете бағалау және тоқсандық көлемді алғанға дейін және шағын кәсіпорындардың аралық көлемі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 245 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14444 болып тіркелген) Құрылыс қызметінің көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемеге сәйкес жүргізіледі.

      61. Құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша нақтыланған жылдық деректер жарияланғаннан кейін құрылыс және инвестициялық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің нақты көлем индексін (есебін) анықтау үшін жедел есептілікте шілде айынан бастап өткен жылдың архивтік деректер базасы жылдық деректер негізіндегі есептеу алгоритміне сәйкес қалыптастырылған деректерге алмастырылады.

2-параграф Жылдық кезеңділік көрсеткішінің алғашқы статистикалық деректерін редакциялау

      62. Құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша жылдық кезеңділіктің алғашқы статистикалық деректері айлық кезеңділіктің жедел деректерімен салыстырылады.

      63. Орындалған құрылыс жұмыстарының және негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі есепті жылдың қаңтар-желтоқсан кезеңіндегі ірі, орта және шағын кәсіпорындар бойынша деректер базасын салыстыру жолымен алғашқы статистикалық деректерді енгізу деңгейіндегі жылдық деректермен салыстырылады. Міндеттерді қоюда тиісті рұқсат етілген бақылау қарастырылған. Елеулі ауытқулар анықталған кезде себептері нақтыланады.

      64. Міндеттер қойылымында қарастырылған бақылаулар орындалмаған жағдайда және деректер базасын салыстыру кезінде қате деректер тек нақтыланып респонденттер түзетілген есеп ұсынғаннан кейін ғана түзетіледі. Қандай да бір себептерге байланысты респонденттен деректерді нақтылау мүмкін болмаған жағдайда деректер қарастырылатын есептік жылғы қаңтар-желтоқсандағы жедел есеп деректерімен алмастырылады.

3-параграф. Объектілер мен қуаттарды пайдалануға беру бойынша статистикалық байқаудың алғашқы деректерін редакциялау

      65. Заңды тұлғалар (салушылар) және жеке құрылыс салушылардың объектілер мен қуаттылықтарды пайдалануға беру туралы деректерді редакциялауды статистикалық нысандардың айлық және жылдық кезеңділіктегі міндеттер қойылымында қарастырылған АЛБ мен ФЛБ тексеру, сондай-ақ аумақтық статистика органдары мамандары Негізгі қорлар жіктеуішіне (бұдан әрі - НҚЖ) сәйкес объектілерге, қуаттылықтарға және өлшем бірліктерге кодтың дұрыс берілуін тексеру арқылы жүзеге асырады.

      66. Міндеттер қойылымында қарастырылған бақылаулар орындалмаған немесе мамандар НҚЖ-мен сәйкессіздіктер тапқан жағдайда қате деректер респонденттер түзеткен статистикалық нысанды нақтылағаннан және ұсынылғаннан кейін ғана түзетіледі. Қандай да бір себептер бойынша деректерді нақтылау мүмкін болмаған жағдайда, алғашқы статистикалық деректер келесі есептік кезеңде нақтыланған деректерді енгізу мақсатында өңдеуден алынып тасталады.

      67. НҚЖ-мен деректердің сәйкессіздіктерін анықтауды алғашқы статистикалық деректерді енгізу деңгейінде аумақтық бөлімшелердің мамандары жүзеге асырады. Сәйкессіздіктер анықталған кезде деректер респонденттен немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардан нақтыланады.

      68. Жылдық нысан бойынша деректерді нақтылау мүмкін болмаған кезде, олар қаралатын есепті жылдың қаңтар-желтоқсанындағы жедел деректермен алмастырылады.

      69. Деректерді өңдеу деңгейінде жеке құрылыс салушылар пайдалануға берген объектілер бойынша тексерілген және редакцияланған деректер міндеттерді қоюда көрсетілген қосу алгоритміне сәйкес заңды тұлғалар (салушылар) пайдалануға берген объектілер бойынша АСДС-ға тиісті көрсеткіштерге (қуаттар мен құрылыс объектілері) қосылады.

5. Қоршаған орта статистикасында деректерді редакциялау

1-параграф. Көрсеткіштердің экстремалдық мәндерін редакциялау

      70. Қоршаған орта статистикасы бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде әлеуетті қателерді жоюдың тағы бір тәсілдерінің бірі көрсеткіштердің экстремалдық мәндерін редакциялау болып табылады және алынған деректерді өткен жылғы тиісті кезеңдермен салыстыру арқылы респонденттерден алынған алғашқы ақпараттарды тексеру кезінде қолданылады. Бұл ретте редакциялау қандай да бір себептер бойынша деректерді нақтылау мүмкін болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

      Анықталған экстремалдық көрсеткіштерді редакциялау кезінде мәндерді орташа ұлғайған немесе төмендеген шамаға түзете отырып, өткен жылғы байқау нәтижесінде алынған мәндерге ауыстыруды жүзеге асыру қажет. Белгілі бір респондент бойынша деректерді қолдану мүмкін болмаған кезде, өткен жылы есеп берген басқа респонденттердің деректері пайдаланылады. Әлеуетті донор-респонденттердің тобы орналасқан орны, қызмет түрінің сипаты, кәсіпорынның өлшемі сияқты және ауыстыруды қажет ететін көрсеткішті сипаттайтын басқа да белгілері бойынша есеп бермеген респонденттің ұқсас белгілері бойынша алдын ала анықталуы тиіс. Осы топтан көрсеткіштің ең кіші мәні бар донор-респондент іріктеліп алынады және оның деректері көрсеткіштің жоқ мәнін ауыстыру үшін пайдаланылады.

2-параграф. Жоқ мәндерді редакциялау

      71. Қоршаған орта статистикасы бойынша зерттеу жүргізу барысында есептердің жекелеген айқындамалары бойынша толық емес есептерді алу, есеп беретін респонденттер тобының толық қамтылмауы себебінен және жоқ деректердің пайда болуына әкелетін басқа да себептерден пайда болатын деректердің жоқ айқындамалары кездеседі.

      Көрсеткіштің жылдар қатарындағы динамикасын бұзбау, сондай-ақ зерттеулердің жалпы нәтижесіне көрсеткіштің жоқ деректерінің әсерін төмендету үшін тәжірибеде деректерді анық және іштей келісілген мәндерге ауыстыру әдістерінің кең шеңбері пайдаланылады.

      Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсынбау себебі бойынша деректер болмаған және бұл жағдай көрсеткіштің бірнеше жылдағы серпініне әсер етсе немесе бұзса, жоқ деректерді ұқсас респонденттің (донордың) деректеріне жүктеу жүргізіледі.

      Жоқ мәндерді редакциялау механизмі көрсеткіштердің экстремалдық мәндерін редакциялау кезіндегі сияқты әдіспен жүзеге асырылады.

  Өндіріс және қоршаған орта
статистикасында деректерді
редакциялау бойынша
әдістемеге
1-қосымша

Жылдық деректермен нақтылануға жататын көрсеткіштер тізімі

СКЖ коды

Ведомстволық жіктеуіштің коды

Көрсеткіш атауы

14110101


Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілген қызметтерінің) жалпы шығарылымы

143401

АШӨСЖ 014120100

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру (сиырдың шикі сүті)

АШӨСЖ 014530100

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру (тірі қойдан қырқылған, жуылмаған жүн (тобымен жуылғанды қоса алғанда)

14340101

АШӨСЖ 014721

Жұмыртқа өндіру (тауықтың қабығындағы жаңа жиналып алынған жұмыртқасы)

14340104


Мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені (тірідей салмақта)

14260201


Жаңа өнімнен алынған дәнді және бұршақты дақылдар

14270201


Жаңа түсімнен алынған майлы дақылдар тұқымдары

143201


Мал мен құстың саны

162101


Орындалған құрылыс жұмыстарының (көрсетілген қызметтерінің) көлемі

161101


Негізгі капиталға салынған инвестициялар

15110101


Құндық көріністегі өнеркәсіптік өнімдер (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) өндірісінің көлемі

151201


Нақты көріністе өндірілген өнімдер

  Өндіріс және қоршаған орта
статистикасында деректерді
редакциялау бойынша
әдістемеге
2-қосымша

"Шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстың бір басының орташа тірі салмағы" (СКЖ коды 143501) көрсеткіші бойынша жол берілетін мәндердің шектері

АШӨСЖ коды

Атауы

Шектеу, кг

01.41.1

Сүтті табынның ірі қара малы

230-550

01.41.10.110

Сүтті табынның сиырлары

380-550

01.42.1

Өзге де ірі қара мал мен енекелер

230-550

01.42.11.110

Етті табынның сиырлары

380-550

01.43.10

Жылқылар және жылқы тектес жануарлар

270-600

01.44.10

Түйелер және түйе тәрізділер

370-1000

01.45.11

Қойлар

30-65

01.45.12

Ешкілер

30-65

01.46.10

Шошқалар

70-150

01.47.1

Үй құсы

0,5-8,0

01.49.11

Үй қояндары

2,5-4,0

01.49.12

Басқа топтамаларға енгізілмеген фермада өсірілетін құс

1-300

01.49.19

Басқа топтамаларға енгізілмеген фермада өсірілетін өзге де малдар

250-350

01.49.19.120

Маралдар

250-300

  Өндіріс және қоршаған орта
статистикасында деректерді
редакциялау бойынша
әдістемеге
3-қосымша

"Тірідей салмақта шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстың сойыс салмағындағы шығымы" (СКЖ коды 143501) көрсеткіші бойынша жол берілетін мәндердің шектері

АШӨСЖ коды

Атауы

Шектеу, %

01.41.1

Сүтті табынның ірі қара малы

50-59

01.42.1

Өзге де ірі қара мал мен енекелер

50-59

01.43.10

Жылқылар және өзге де жылқы тектес жануарлар

48-53

01.44.10

Түйелер және түйе тәрізділер

48-54

01.45.11

Қойлар

43-58

01.45.12

Ешкілер

43-58

01.46.10

Шошқалар

66-78

01.47.1

Үй құсы

61-80

01.49.19.120

Маралдар

45-48

  Өндіріс және қоршаған орта
статистикасында деректерді
редакциялау бойынша
әдістемеге
4-қосымша

Мал мен құстың өнімділігін сипаттайтын жекелеген көрсеткіштер бойынша жол берілетін мәндердің шектері

СКЖ коды

Атауы

Өлшем бірлігі

Шектеу

143502

Бір сауылатын сиырға келетін орташа сүт сауымы

кг

23-ке дейін

143503

Бір жұмыртқалайтын тауыққа келетін орташа жұмыртқа шығымы

дана

30-ға дейін

143504

Бір қойдан қырқылған орташа жүн қырқымы

кг

4,5-ке дейін

  Өндіріс және қоршаған орта
статистикасында деректерді
редакциялау бойынша
әдістемеге
5-қосымша

"100 аналыққа есептегендегі төлдің шығымы" (СКЖ коды 143305) көрсеткіші бойынша жол берілетін мәндердің шектері

АШӨСЖ коды

Атауы

Шектеу, бас

01.41.1

Сүтті табынның ірі қара малы

≤ 95

01.42.1

Өзге де тірі ірі қара мал мен енекелер

≤ 95

01.43.10

Жылқылар және өзге де жылқы тектес жануарлар

≤ 78

01.44.10

Түйелер және түйе тәрізділер

≤ 55

01.45.11

Қойлар

≤ 110

01.45.12

Ешкілер

≤ 120

01.46.10

Шошқалар

≤ 2100

01.49.19.120

Маралдар

≤ 70

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады