"Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 181 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 сәуірде № 13639 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.05.2020 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5148 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2008 жылғы 13 наурыздағы № 38 (1264) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесінде:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидалары";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарынан еткен мұғалімдерге белгіленген қосымша ақыларды қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне айлық тарифтік ставкалардың (лауазымдық жалақылардың) жекелеген қосымша ақылардың және үстемеақылардың мөлшерлерін өзгерту:

      1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қантардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттында, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалардың, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартында өзгеше көзделмесе, біліктілік санатын беру кезінде оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап;

      2) жұмыс стажының көбейген күнінен бастап;

      3) құрметті атақ берілген кұнінен бастап;

      4) білім алған (техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі, жоғары білім) немесі білімі туралы құжатын қалпына келтірген жағдайда - тиісті құжат берілген кұнінен бастап;

      5) ғылыми атақ берілген жағдайда - Төралқаның немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім саласындағы бақылау комитетінің диплом беру туралы шешім шығарған кұнінен бастап жүргізіледі";

      14-тармақтың екінші абзацы, 17 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тілінде мәтін өзгермейді:

      "Егер жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау қатарынан екі айдан асқан болса, педагогикалық қызметкерге еңбекақы оның орнын алмастырған күннен бастап осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген жалпы тәртіп бойынша нақты педагогикалық жүктеменің барлық сағаттары үшін төленеді.";

      "17. Қосымша білім беру ұйымдарындағы, жалпы білім беретін мектептердегі және басқа да білім беру ұйымдарындағы жұмысы негізгі жұмыс орны болып есептелетін қосымша білім беретін педагогтерге айлық жалақы осы Қағидалардың 9-тармағында қарастырылған тәртіппен белгіленеді, ал егер негізгі жұмыс орны болып есептелмесе, онда айлық жалақы сабақ өткізілген нақты сағаттар санына қарай және ставканы орташа айлық сағат нормасына бөлу жолымен белгіленеді.";

      "33. Мектеп мұғалімдерінің созылмалы науқасы бар балаларды жеке-дара үйде оқытқаны үшін, сондай-ақ денсаулығына байланысты арнайы медициналық топқа жатқызылған оқушылармен дене шынықтыру сабағын жүргізгені үшін айлық жалақы осы Қағидалардың 9-тармағында қарастырылған тәртіппен белгіленеді.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Мектептер мен мектеп-интернаттардағы (даму және оқу мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы түзету ұйымдарынан басқа) оқушы (тәрбиеленуші) саны 15-тен кем сыныптарда сынып жетекшілігі және дәптерлер мен жазба жұмыстарын тексергені үшін лауазымдық айлықақыларына (ставкаларына) қосымша ақы төлеу "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен (бұдан әрі - Үкімет қаулысы) белгіленген мөлшерден 50 пайыз мөлшерінде жүргізіледі. Бұл тәртіп сондай-ақ сыныптарды кіші топтарға бөлгенде де қолданылады;";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тілінде мәтін өзгермейді:

      "39. Құрамында шағын комплекты сыныптары бар негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында сабақ жүргізу және осы сыныптардың (сынып - комплектілердің) мұғалімдеріне еңбекақы төлеу осы Қағидалардың жоғарыда көрсетілген тармақтарында қарастырылған тәртіппен жүргізіледі.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Үкімет қаулысымен белгіленген көтермелеудің, қосымша ақының және үстемеақының сомалары нақты жүктемеге байланысты:

      1) жалпы білім беретін мектептер мен барлық үлгідегі және түрдегі мектеп-интернаттардың 1-4-сыныптарының мұғалімдерін қоспағанда, мұғалімдер мен оқытушыларға дәптер мен жазба жұмыстарын тексергені үшін;

      2) мамандандырылған мектептер мен дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда, мектеп-интернат-колледждерде бейіндік бағыттағы пәндер бойынша оқытқаны үшін;

      3) жекелеген пәндерді тереңдете оқытатын оқу орындарының (сыныптардың, топтардың) бейіндік бағыттағы пәндер бойынша педагог қызметкерлеріне, жаңашылдық, эксперименттік режимде жұмыс істейтін (лицейлердің, гимназиялардың, техникалық лицейлердің, мектепке дейінгі және жалпы білім беру бағытындағы оқу-тәрбие кешендерінің), сондай-ақ балаларды тәрбиелеу шет тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлерге;

      4) ауылдық жерлерде жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының ауылдық жерлердегі мамандарының жұмысы үшін;

      5) дене бітімнің даму мүмкіндіктері шектеулі балалармен; білім беру ұйымдарында оқуға тиіс ақыл-ойының даму мүмкіндіктері шектеулі балалармен, психоневрологиялық патологиясы бар (білім беру ұйымдарында оқуға тиіс емес) балалармен жұмыс істегені үшін;

      6) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары мен тәрбие колонияларындағы, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері жанындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы, мектептердегі, кешкі (ауысымдық) жалпы орта білім беретін мектептердегі және оқу-консультациялық пункттердегі және басқа да мінез-құлқы девиантты балаларға арналған мекемелердегі балалармен жұмыс істегені үшін;";

      7) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлерінде, балалар интернат үйлерінде, отбасылық үлгідегі балалар үйлерінде, пана үйлерінде, мектеп интернаттарда және мүмкіндіктері шектеулі балалар контингенті бар интернат-үйлерде, сәбилер үйлерінде (сыныптарда, топтарда) жетім балалармен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істегені үшін;

      8) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлеріне өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін;

      9) білім беру бағдарламалары бойынша біліктіліктерін арттырудан өткен бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары мұғалімдерінің біліктілік деңгейі үшін, бірақ Заңнында белгіленген тәртіппен оқу жүктемесі нормативінен көп емес төленеді.";

      мынадай мазмұндағы 40-1 тармақ пен толықтырылсын:

      "40-1. Қосымша ақы тиісті деңгейдегі бағдарлама бойынша сертификат негізінде жүзеге асырылады.

      Тиісті деңгейдегі бағдарлама бойынша сертификат алған мұғалім еңбекақысына:

      1) бірінші (ілгері) деңгейдегі - лауазымдық жалақысының 100 %-ы;

      2) екінші (негізгі) деңгейдегі - лауазымдық жалақысының 70 %-ы;

      3) үшінші (базалық) деңгейдегі - лауазымдық жалақысының 30 %-ы көлемінде қосымша ақы алады.

      Біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарынан өткен және тиісті деңгейдегі бағдарламаны растаған мұғалімдерге қосымша ақы:

      1) қаңтар мен тамыз айлары аралығында оқығандарға - ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен бастап;

      2) қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында оқығандарға - келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізіледі.

      2016 жылғы 1 қаңтарына дейін квалификациялық емтихан тапсырған мұғалімдерге сертификаттың қолдану мерзімінің аяқталуына дейін есептеу жасалады.";

      43 және 44-тармақтар алынып тасталсын.

      2. Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Ә.М. Рахымжановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 24 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      _______________ Т. Дүйсенова

      2016 жылғы 5 наурыз



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады