Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары бойынша мамандықтар мен біліктіліктер тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 58 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 сәуірде № 13654 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 123 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары бойынша мамандықтар мен біліктіліктер тізбесі бекітілсін.

      2. Академияның Ректоры Ұ.С. Байжанов:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Бас Прокуроры

А. Дауылбаев


  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 58 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясымен жүзеге асыратын білім беру
бағдарламалары бойынша мамандықтар мен біліктілік тізбесі

№ п/п

Шифр

Мамандық (дәреже)

Біліктілік атаулары

1.

6М030100

"Құқықтану" мамандығы бойынша құқық магистрі (бейінді бағыт)

-

2.

6М030100

"Құқықтану" мамандығы бойынша заң ғылымдарының магистрі (ғылыми және педагогикалық бағыт)

-

3.

6D030100

"Құқықтану" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) (ғылыми және педагогикалық бағыт)

-

4.

6М030300

"Құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша құқық магистрі (бейінді бағыт)

-

5.

6М030300

"Құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша заң ғылымдарының магистрі (ғылыми және педагогикалық бағыт)

-

6.

6D030300

"Құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) (ғылыми және педагогикалық бағыт)

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады