"Білім беру қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 218 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 сәуірде № 13667 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 351 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 17.08.2020 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11120 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Білім беру қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) іске асырылатын білім беру оқу бағдарламаларына байланысты қосымша келесі құжаттар ұсынылады:

      бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

      үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері;

      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

      үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері;

      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

      техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқытудың толық кезеңін қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген, сұратылып отырған мамандықтың оқу жұмыс жоспарының электрондық көшірмелері;

      сұратылып отырған мамандыққа немесе біліктілікке сәйкес практикадан өткізу базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;

      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқытудың толық кезеңін қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген сұратылып отырған мамандықтың оқу жұмыс жоспарының электрондық көшірмелері;

      сұратылып отырған мамандыққа немесе біліктілікке сәйкес практикадан өткізу базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;

      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымының басшысы бекіткен білім беру бағдарламаларының және оқу жоспарларының электрондық көшірмелері;

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің оқу әдебиеті қорына берілген дінтану сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі;

      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      республикалық діни бірлестік қолдаухатының электрондық көшірмесі;

      мәлімделген діни білім беру бағдарламаларына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің қорытынды хатының электрондық көшірмесі;

      жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

      жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқытудың толық кезеңін қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген, сұратылып отырған мамандықтың оқу жұмыс жоспарының электрондық көшірмелері;

      оқытудың толық кезеңін қамтитын сұратылып отырған мамандыққа сәйкес практикадан өткізу базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;

      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      "магистр" дәрежесін бере отырып жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 12, 13, 14-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

      жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқытудың толық кезеңін қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген, сұратылып отырған мамандықтың оқу жұмыс жоспарының электрондық көшірмелері;

      білім беру немесе ғылыми немесе ғылыми-білім беру ұйымдарымен немесе ғылыми-өндірістік орталықтармен оқытудың толық кезеңін қамтитын ынтымақтастық туралы келісімдердің электрондық көшірмелері;

      оқытудың толық кезеңін қамтитын Техникалық ерекшеліктер мен Жұмыстардың күнтізбелік жоспарымен қоса ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге арналған ұйымдармен және кәсіпорындармен шарттардың электрондық көшірмелері;

      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      оқытудың толық кезеңін қамтитын практикадан өткізу базалары ретінде айқындалған, оның ішінде ғылыми тағылымдамадан өтетін ұйымдармен шарттардың электрондық көшірмелері;

      жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын (резидентура) іске асыратын білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметі үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3, 4, 5, 6, 7, 13, 14-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

      жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқытудың толық кезеңін қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген, сұратылып отырған мамандықтың оқу жұмыс жоспарының электрондық көшірмелері;

      практикадан өткізу базалары ретінде айқындалған, оқытудың толық кезеңін қамтитын ұйымдармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;

      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты "философия докторы (PhD)" және "бейіні бойынша доктор" дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 3, 4, 5, 6, 13, 14-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

      жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқытудың толық кезеңін қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген сұратылып отырған мамандықтың оқу жұмыс жоспарының электрондық көшірмелері;

      ғылыми алмасу мәселелерін регламенттейтін келісімдердің электрондық көшірмелері;

      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      "философия докторы (PhD)" және "бейіні бойынша доктор" дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметі үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 3, 4, 5, 6, 9, 14, 15-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

      жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқытудың толық кезеңін қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеген, сұратылып отырған мамандықтың оқу жұмыс жоспарының электрондық көшірмелері;

      оқытудың толық кезеңін қамтитын шетелдік ғалымдармен келісімдердің электрондық көшірмелері;

      оқытудың толық кезеңін қамтитын Техникалық ерекшеліктер мен Жұмыстардың күнтізбелік жоспарымен қоса ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге арналған ұйымдармен және кәсіпорындармен шарттардың электрондық көшірмелері;

      оқытудың толық кезеңін қамтитын аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми алмасу туралы шарттардың электрондық көшірмелері;

      сұратылып отырған мамандық бейініне сәйкес шетелдік жоғары оқу орнының бағдарламаларын аккредиттеу туралы куәліктің электрондық көшірмелері;

      оқытудың толық кезеңін қамтитын, сұратылып отырған мамандыққа сәйкес практикадан өткізу базалары ретінде айқындалған ұйымдармен шарттардың және ғылыми тағылымдамадан өту шарттарының электрондық көшірмелері;

      ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.edu.gov.kz, control.edu.gov.kz интернет-ресурстарында орналыстырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.";

      1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      16-қосымша алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ____________________Ә.Ө.Исекешев

      2016 жылғы 31 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________________Е.А. Досаев

      2016 жылғы 30 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 218 бұйрығына
1-қосымша
  "Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер

      _______________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)

      (______________ жағдай бойынша)

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Туған жылы мен жері

Тұрғылықты ме кен жайы

Базалық білімі, мамандығы, бітірген жылы

Негізгі жұмыс орны (ұйым ның мекен жайы)

Қосымша жұмыс орны (қоса атқару)

Сотталмағандығы (сотталғандығы) туралы мәлімет

Санаты, берілген күні, санат берілгені туралы бұйрықтың нөмірі*

Дәрігерлік бақылаудан өткені туралы мәлемет (санитарлық кітаптың болуы)

Магистр академиялық дәрежесі туралы мәлімет (мамандығы, бітіру жылы)

Ғылым кандидаты дәрежесібар болуы, мамандығы, берілген жылы

Ғылым докторы дәрежесі бар болуы, мамандығы, берілген жылы

Доктор (PhD) дәрежесі бар болуы, мамандығы, берілген жылы

Оқытатын пәні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

















      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Ескертпе* бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары үшін

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 218 бұйрығына
2-қосымша
  "Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер

      _______________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)

      (______________ жағдай бойынша)

Р/с

Кәсіп, мамандық бойынша оқу пәні, қызмет түрі, оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының бөлімі

Пәнді оқитын білім алушылардың саны (болжамды жинақталуы)

Оқу әдебиеті (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары)

Оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттер (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары) *

Данасының саны

1

2

3

4

5

6







Барлығы:


      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Ескертпе *техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін толтырылады

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 218 бұйрығына
3-қосымша
  "Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

      Нысан

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, соның ішінде
медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке
лицензия туралы мәліметтер

      ______________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)

      (______________ жағдай бойынша)

Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Медициналық пункттің алаңы (м2)

Медициналық қызметке лицензия туралы мәлімет (нөмірі)

Ескертпе

1

2

3

4






      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 218 бұйрығына
4-қосымша
  "Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша

      Нысан

Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру
объектісінің болуы туралы мәліметтер

      _________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)

      (_____________ жағдай бойынша)

Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Тамақтану объектісінің атауы (асхана, буфет, дәмхана)

Өткізу қабілеті (отыратын орындар саны)

Тамақтану объектісінің санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкестігі туралы санитариялық- эпидемиологиялық қорытындының болуы (күні және нөмірі)

Ескертпе (тамақтану объектісін жалға берген жағдайда жалға алушылар туралы мәліметтерді көрсету)

1

2

3

4

5







      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 218 бұйрығына
5-қосымша
  "Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша

      Нысан

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасы мен техникалық
оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер

      _________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)

      (______________ жағдай бойынша)

Құрылыстың үлгісі (үлгі жоба, ыңғайластырылған, өзге) білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Материалдық қаржы активтерінің болуы (меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі)

Жалпы алаңы барлығы (м2), пайдалы алаңы (м2), оқу алаңы (м2)

Үй-жайлардың түрі (кабинеттер, дәрісхана аудиториялары, практикалық сабақтарға арналған кабинеттер, нақты мамандықтар, кәсіптер бойынша зертханалар мен шеберханалар, мәжіліс және дене шынықтыру залдары), әлеуметтік-тұрмыстық және өзге мақсаттағы, олардың саны

1

2

3

4






      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 218 бұйрығына
6-қосымша
  "Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
6-қосымша

      Нысан

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі,
соның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері
кабинеттерінің болуы туралы туралы мәліметтер

Ауданы көрсетілген ғимараттың (құрылыстың) нақты мекенжайы

Атауы мен ауданы* көрсетілген пәндер кабинеті

Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу-тәжірибелік учаскелер, оқу шаруашылыктары, оқу полигондары*(м2)

Оқу зертханалары* (м2)

Түрі, саны, шығарылым күні көрсетілген оқу-зертхана жабдықтарының тізбесі

Мәжіліс залы, спорт залы (м2)

Компьютерлердің жалпы саны көрсетілген компьютерлік сыныптар (м2), мультимедиалық техникалармен жарақталуын көрсету

Кітапхана

1

2

3

4

5

6

7

8










      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Ескертпе * техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін сұратылып отырған мамандық немесе біліктілік бөлінісінде беріледі

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 218 бұйрығына
7-қосымша
  "Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
7-қосымша

      Нысан

Ағымдағы оқу жылына сұратылып отырған мамандық немесе
біліктілік бойынша бір маманға кететін ең төменгі шығыс
туралы мәліметтер *

Мамандықтың атауы

Шығыстар көлемі *

4 айға

8 айға

1

2

3





      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Ескертпе * магистратура мамандықтары бойынша лицензия алған кезде ғылыми-педагогикалық магистратура үшін бөлек, бейіндік магистратура үшін бөлек шығыстардың сомасы жеке көрсетілуі қажет

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 218 бұйрығына
8-қосымша
  "Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
8-қосымша

      Нысан

Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер
қорының бары туралы мәліметтер

      ___________________________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)

      (______________ жағдай бойынша)

Р/с

Кәсіп, мамандық бойынша оқу пәні

Атауы, жасалған жылы

Авторлары

1

2

3

4






      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 218 бұйрығына
9-қосымша
  "Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
9-қосымша

      Нысан

Лицензияланатын мамандыққа сәйкес бакалавриат және/немесе
магистратура (алдыңғы деңгей) бойынша лицензияның бар
болуы туралы мәліметтер

Р/ с

Бакалавриат мамандығының атауы

Лицензияның нөмірі, берілген күні

Магистратура мамандығының атауы*

Лицензияның нөмірі, берілген күні

1

2

3

4

5







      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 218 бұйрығына
10-қосымша
  "Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
10-қосымша

      Нысан

Жүргізетін пәннің бейініне сәйкес бес жылда бір рет
кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан
өткені туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Тақырыптың атауы

Оқыған орны мен кезеңі

Оқыған ұйымның атауы

Сағаттар саны

Аяқталу нысаны

1

2

3

4

5

6

7









      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 218 бұйрығына
11-қосымша
  "Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
11-қосымша

      Нысан

Бір оқытушыға есептегенде студенттер контингентінің
сәйкестігі туралы мәліметтер

Мамандықтың атауы

Сұратылып отырған мамандық бойынша болжамды студенттер (адам) контингенті

Сұратылып отырған мамандық бойынша профессор-оқытушылар құрамы туралы мәліметтер (адам)

мемлекеттік тілде

орыс тілінде

мемлекеттік тілде

орыс тілінде

1

2

3

4

5





      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 218 бұйрығына
12-қосымша
  "Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
12-қосымша

      Нысан

АҚ "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында" тіркелген,
жоғары оқу орнының іргелі және қолданбалы тақырыптары
көрсетілген, білім беру ұйымының ғылыми-зерттеу
жұмысы туралы мәліметтер

Ғылыми-зерттеу жұмыстары тақырыбының атауы

АҚ "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында" тіркелгені туралы мәліметтер

Қаржыландыру көздері

Қаржыландыру көлемі

Іске асырылу мерзімі

Қоса орындаушылар (болған жағдайда)

Тапсырыс берушілер (болған жағдайда)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9











      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 218 бұйрығына
13-қосымша
  "Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
13-қосымша

      Нысан

Тиісті мамандықтар бойынша жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары
мен оқу құралдары, көрсетілген ғылыми жетекшілер туралы
ақпараттарды қамтитын ғылыми жетекшілікті жүзеге асыру
туралы мәліметтер

Р/с №

Ғылыми жетекшінің Т.А.Ә. (бар болса)

Білімі туралы ақпарат ("ғылым кандидаты" және/немесе "бейіні бойынша доктор" және/немесе "философия докторы (РhD)" дәрежесі бар болуы туралы мәліметтер, резидентураны бітіргені туралы мәліметтер)

Жұмыс өтілі (ғылыми-педагогикалық, клиникалық)

Жарияланымдар тізбесі

Оқу құралдарының тізбесі

отандық мерзімді басылымдарда

шетелдік мерзімді басылымдарда

халықаралық конференция еңбектерінде

1

2

3

4

5

6

7

8










      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 218 бұйрығына
14-қосымша
  "Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
14-қосымша

      Нысан

Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік,
клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы
туралы мәліметтер *

Ғылыми-зерттеу институтының, клиникалық базасының, ғылыми зертханасының, техникалық паркінің, бизнес-инкубаторының болуы (қажеттісін таңдау)

Орналасқан мекенжайы

Меншік құқығында немесе шарт негізінде

Ескертпе (базаның қызметі туралы қысқаша ақпарат)

1

2

3

4






      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 218 бұйрығына
15-қосымша
  "Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
15-қосымша

      Нысан

Шетелдік ғалымдар туралы туралы мәліметтер

      _______________________________________________________________

      (Білім беру ұйымының атауы) (__________ жағдай бойынша)

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Туылған жылы мен орны

Азаматтығы

Базалық білімі, мамандығы, бітірген жылы

Негізгі жұмыс орны (организацияның атауы, мекенжайы)

Қосымша жұмыс орны (қоса атқарушы)

ғылым кандидаты, мамандығы, берілген жылы

ғылым докторы, мамандығы, берілген жылы

(PhD) докторы, мамандығы, берілген жылы

Жүргізетін пәні, сабағы (ғылыми жетекші туралы мәлімет)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11













      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады