Кредиттік серіктестіктерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 мамырда № 13688 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 915 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 24.09.2020 № 915 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған кредиттік серіктестіктерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2016 жылғы 5 сәуірдегі
  № 161 бұйрығымен
  бекітілген

Кредиттік серіктестіктерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді
заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау
мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Кредиттік серіктестіктерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (бұдан әрі – ФАТФ) халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленген.

      2. Осы Талаптарда қаржы мониторингінің субъектілеріне кредиттік серіктестер (бұдан әрі – Субъектілер) жатады.

      3. Егер Талаптарда өзгеше көзделмесе, онда Талаптарда қолданылған ұғымдар Заңда және "Кредиттік серіктестіктер туралы" 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағынада пайдаланылады.

      4. Талаптар мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) клиент – Субъектілердің қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың нысаны – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру ережесімен айқындалған нысан (бұдан әрі – ҚМ-1 нысаны);

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері – Субъектілерді қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру процестеріне немесе өзге қылмыстық істерге қасақана немесе байқаусыз тарту мүмкіндігі;

      5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерінің мониторингі, айқындау, сондай-ақ оларды төмендету бойынша Субъектілер қабылдайтын шаралар жиынтығы (қызметтерге, клиенттерге қатысты);

      6) алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Ішкі бақылау:

      1) Субъектілердің Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі – АЖ/ТҚҚ) туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз етуі;

      2) Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) және терроризмдi қаржыландыру (бұдан әрі – АЖ/ТҚ) тәуекелдерін басқару үшін жеткілікті деңгейде қолдауы;

      3) АЖ/ТҚҚ тәуекелдерін төмендету мақсатында жүзеге асырылады.

      6. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. ІБҚ АЖ/ТҚҚ-ға бағытталған жұмыстың ұйымдық негіздерін реттейтін және Субъектілердің АЖ/ТҚҚ мақсатында іс-әрекет жасау тәртібін белгілейтін құжат болып табылады.

      9. ІБҚ Заңның 11-бабы 3-тармағына сәйкес бағдарламаларды қамтиды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. АЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Субъектілер күнтізбелік 30 күн ішінде ІБҚ-ға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

2-тарау. ІБҚ іске асыру және сақтау үшін жауапты қаржы мониторингі субъектілері қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы:

      1) жауапты тұлға не құрылымдық бөлімше қызметінің сипаттамасын қоса алғанда ішкі бақылауды ұйымдастыру тәртібінен, сонымен қатар АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру барысында Субъектілердің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл рәсімінен;

      2) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою шараларды қабылдау, жеке тұлғаға іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасаудан бас тарту және клиентпен іскерлік қатынастарды орнатуды тоқтату рәсімінен;

      3) зерделеуге жататын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды Субъектілердің күдікті операция ретінде тану рәсімінен;

      4) Клиенттің қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларды күдікті ретінде тану рәсімінен";

      5) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы, клиентпен іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды жүргізуден бас тарту фактілері туралы, уәкілетті органға мәліметтерді, ақпаратты және құжаттарды беру үшін қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету нұсқамалары мен регламенттерін қоса алғанда, уәкілетті органға ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар туралы мәліметтер мен ақпараттар беру рәсімінен;

      6) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қосқанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар, сонымен қатар күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін құжаттық тіркеу және сақтау рәсімінен.

      Қаржы мониторингіне жататын және уәкілетті органға берілетін операцияларды құжаттық тіркеу нөмірленген, тігілген, басшының қолы және мөрімен бекітілген қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерінің есебі журналында жазылады.

      Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерінің есебі журналында:

      ақпаратты уәкілетті органға беру нөмірі мен күні;

      хаттаманы жіберу негізі;

      уәкілетті органның ҚМ-1 нысанын қабылдауы/қабылдамауы туралы хабарлама нөмірі мен күні.

      7) Субъектілердің қызметкерлері оларға белгілі болған АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы, ІБЕ Субъектілер қызметкерлерінің бұзу фактілері туралы басшыны ақпараттандыру рәсімінен құралады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12-1. ІБЕ ұйымдастыру, іске асыру және сақтау мониторингі бойынша ІБЕ жауапты тұлға не құрылымдық бөлімше тағайындауды көздейді.

      Жауапты тұлғаның лауазымына жоғарғы білімі жоқ, экономикалық қызмет саласында ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қасақана жасалған қылмыстары үшін алынбаған және жойылмаған сотталғандығы бар тұлға тағайындалмайды.

      Ескерту. 2-тарау 12-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес Субъектілердің функциялары:

      1) ІБҚ-ға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуді;

      2) Заңға сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті органға беруді ұйымдастыру және бақылауды;

      3) клиент операцияларын күдікті ретінде тану туралы шешімдер қабылдауды;

      4) Клиент операцияларын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларға, қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларға жатқызу туралы шешімдер қабылдауды;

      5) клиент операцияларын тоқтату не жүргізуден бас тарту және уәкілетті органға жіберу қажеттігі туралы шешімдер қабылдауды;

      6) клиенттермен іскерлік қатынастар орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдауды;

      7) клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне қатысты қабылданған шешімдерді құжаттық тіркеуді;

      8) ІБҚ-ны іске асыру барысында алынған деректер негізінде клиенттің дерекнамасын қалыптастыруды;

      9) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды;

      10) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтер, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар және күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелері клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кемiнде бес жыл сақтауды қамтамасыз ету;

      11) АЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға сәйкес өзге қызметтер.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Субъектілер жүктелген функцияларға сәйкес:

      1) өз қызметін жүзеге асыру барысында алынған ақпаратты құпия сақтауды қамтамасыз етеді;

      2) АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат береді;

      3) Заңның 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес уәкілетті органға оның сұратуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.

      15. Субъектілер клиенттер мен өзге де тұлғаларға осындай клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға бергені туралы хабарламайды.

3-тарау. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы Субъектілердің тәуекел деңгейін бере отырып АЖ/ТҚ-мен байланысты ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен клиенттің операциялар жасау тәуекеліне бағалау жүргізуін көздейді.

      Тәуекелдер деңгейі клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қолда бар мәліметтер негізінде қалыптастырылады.

      Тәуекелдерді бағалау қорытындылары құжаттық тіркеледі және тиісті мемлекеттік органдар мен Субъектілер мүше болып табылатын қаржы емес ұйымдардың талап етуі бойынша ұсынылады.

      Операциялардың (іскерлік қатынастардың) мониторингі нәтижесі мен клиент (клиенттер тобы) туралы ақпараттарды жаңартуына қарай клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел дәрежесі субъектімен қайта қаралады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасында тәуекелдің жоғары деңгейі:

      1) мынадай:

      ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын;

      жемқорлық немесе өзге қылмыстық әрекеттері жоғары деңгейдегі;

      Біріккен Ұлттар Ұйымы (әрі – БҰҰ) салатын санкцияларға, эмбарго және сол сияқты шараларға ұшыраған;

      террористік (экстремистік) әрекеттерді қаржыландыратын немесе қолдау көрсететін және белгіленген террористік (экстремистік) ұйымдары бар.

      Ескертпе. Осындай мемлекеттерге (аумақтарға) БҰҰ-ның және халықаралық ұйымдардың мәліметтері бойынша сілтемелер уәкілетті органның ресми Интернет-ресурсында жарияланады.

      2) мынадай жағдайларда клиентке:

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлға болып табылған;

      клиент жария халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасы болып табылған;

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның мүддесіне (пайдасына) әрекет ететін тұлға болып табылған;

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның отбасы мүшесі, жақын туысы болып табылған;

      клиент (оның өкілі) не бенефициарлық меншік иесі не клиенттің контрагенті операция бойынша Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 болып тіркелген "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндеттін атқарушы 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген оффшорлық аймақтар тізбесіне енген мемлекетте (аумақта) тіркелген немесе қызметін жүзеге асырған;

      клиент Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енген;

      клиент азаматтығы жоқ болып табылған;

      клиент Қазақстан Республикасында тіркелген немесе келген мекенжайы болмаған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған;

      клиент резидент емес болып табылған;

      клиентпен іскерлік қатынас ерекше (мысалы, Субъекті мен клиенттің арасында түсініксіз географиялық арақашықтық бар) жағдайларда жүзеге асырылған;

      клиенттің қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты;

      клиент берген мәліметтерді тексеру кезінде Субъектіде қиындықтар пайда болған;

      клиент асығыс операция жүргізуді талап еткен;

      клиент пайдаланылуы Субъектінің әдеттегі тәжірибесінен айрықшаланатын, стандартты емес немесе есеп айырысудың әдеттегіден күрделі схемалар жүргізуді талап еткен;

      Клиент жаңа және дамып келе жатқан технологиялар сияқты жаңа, сондай-ақ іс жүзінде бар өнімдерге берудің жаңа механизмдерін қоса алғанда жаңа өнімдерді және жаңа іскерлік тәжірибені пайдаланған;

      клиент қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-қимыл жасаған;

      клиент операциялары бұрын күдікті деп танылған;

      АЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекелімен байланысты клиент туралы өзге ақпарат болған жағдайда;

      3) операциялар:

      қолма-қол есеп айырысуды қоса алғанда, жасырын банк шоттарымен немесе жасырын, ойлап табылған есімдерді пайдаланумен байланысты;

      айқын экономикалық мәні жоқ немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ;

      клиентке тән емес жиілікпен жүргізілген;

      ерекше ірі сомаға жүргізілген;

      АЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекелі туралы ақпарат бар болған жағдайда беріледі.

      Ескертпе. АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі берілген клиенттерге Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары қолданылады.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасында тәуекелдің төмен деңгейі:

      1) мынадай:

      Заңның 4-тармағының 4-тармақшасына сәйкес ФАТФ ұсыныстарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекеттер (аумақтар) тізбесіне енбеген;

      жемқорлық немесе өзге қылмыстық әрекеттері төмен деңгейдегі мемлекеттен (аумақтан) келген жеке және заңды тұлғалардың іскерлік қатынастары мен мәмілелеріне;

      2) клиентке егер клиент:

      қаржы мекемесі – қаржы мониторингі субъектісі болған және соңғы бір жылда АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған жағдайда;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылғанда;

      Қор биржада тіркелген ұйым болып табылғанда;

      3) мынадай:

      мемлекеттік қызметшілердің мүлікті (коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды және өзге мүлікті, сонымен қатар жалдауға берілген мүлікті) сенімгерлікпен басқаруға беру бойынша;

      мүлікті пайдалану тәртібі туралы шартты куәландырумен байланысты операцияларға беріледі.

      АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейі берілген клиенттерге АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қолданылады.

4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы Субъектілердің клиент жүзеге асырған операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қоса алғанда, клиенттер (олардың өкілі) және бенефициарлық меншік иелері туралы бұрын алынған мәліметтерді анықтау, жаңарту бойынша іс-шараларды жүргізуі болып табылады және:

      1) Заңның 5-бабының талаптарына сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды сақтау;

      2) Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру;

      3) Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде көзделгендей клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне қатысты олардың терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысы болғандығы немесе жоқтығы;

      4) Заңның 8-бабының талаптарына сәйкес клиенттiң шетелдiк жария лауазымды тұлғаға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатысы болғандығын тексеру;

      5) сәйкесінше тіркеуі, тұратын жері немесе орналасқан жері бар клиенттерді анықтау:

      ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекетте (аумақта) не Заңның 4-бабы 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес көрсетілген мемлекетте (көрсетілген аумақта) тіркелген банктегі шоттарды пайдаланушы;

      Бұйрықпен бекітілген оффшорлық аймақтарда;

      6) болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу.

      Ескертпе: АЖ/ТҚ тәуекелінің деңгейі жоғары клиент үшін болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу кезінде жасалатын операциялардың қызмет түрі мен қаржыландыру көзі туралы қосымша мәліметтер сұратылады.

      АЖ/ТҚ тәуекелінің деңгейі төмен клиент үшін болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу клиент операцияларының сипаты негізнде анықталады.

      7) тәуекелдерді басқару бағдарламасына сәйкес клиентті тиісінше тексеру бойынша берілген тәуекел деңгейіне қарай клиентке шара қолдану;

      8) клиенттерді сәйкестендіру нәтижелері бойынша алынған мәліметтерді клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы сәйкестендіру мәліметтерінің өзгеруіне қарай, алайда жылына кемінде бір рет жаңарту рәсімдерін қамтиды.

      АЖ/ТҚ тәуекелінің деңгейі жоғары клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту кем дегенде жарты жылда бір рет жүзеге асырылады. АЖ/ТҚ тәуекелінің деңгейі төмен клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту кем дегенде екі жылда бір рет жүзеге асырылады.

      Клиентке іскерлік қатынастарды орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасаудан бас тартылған жағдайда, Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, Субъектілер уәкілетті органға осындай бас тарту фактісі туралы ҚМ-1 нысаны бойынша хабарлама жібереді.

      Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды АЖ/ТҚ мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда, Субъектілер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатады.

      Егер іскерлік қатынастар жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылса, Субъектілер уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша хабарлама жібереді.

      19-1. Егер Субъект КЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды Субъект клиенттеріне қатысты қолдануды тапсырса, Субъект мұндай тұлғалармен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлейді, ол мыналарды қамтиды:

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен Субъектілердің шарт жасау рәсімін сонымен қатар сондай шарт жасауға уәкілетті Субъектінің лауазымды тұлғаларының тізімін;

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен Субъектінің арасындағы шартқа сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін;

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен сәйкестендіру өткізу кезінде алынған мәліметтерді Субъектінің беру мерзімі мен рәсімін;

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалардан алынған мәліметтерді Субъектіге беру мерзімі мен толықтығын қоса алғанда, сәйкестендіру бойынша талаптарды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша Субъектінің қабылдаған шараларының сақталуын бақылауды субъектінің жүзеге асыру рәсімін;

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен олар сәйкестендіру бойынша талаптарды оның ішінде алынған мәліметтерді, сондай-ақ мұндай шешім қабылдауға уәкілетті Субъектінің лауазымды тұлғаларының тізбесін сақтамаған жағдайда олармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы Субъектінің шешім қабылдауының негіздерін, рәсімін және мерзімін;

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалардан алынған мәліметтерді Субъектіге рәсімін, беру мерзімі мен толықтығын қоса алғанда, олардың сәйкестендіру бойынша талаптарды сақтамағаны үшін Субъект сәйкестендіру өткізу тапсырған жауапты тұлғалар туралы ережелерді;

      Сәйкестендіру бойынша талаптарды орындау мақсатында оларға әдістемелік көмек көрсету мәселесі бойынша сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен Субъектілердің өзара іс-қимыл рәсімін;

      Өзара іс-қимыл қағидаларына Субъектінің қосымша шарттар енгізуіне рұқсат етіледі.

      Ескерту. 4-тарау 19-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасы

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасы Заңның 4-бабының 5-тармағында көрсетілген операцияларды анықтау болып табылады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейін берген жағдайда, жоспарланған немесе жүргізілген операциялардың себептерін анықтау мақсатында клиенттің аталған Субъектіде өткізілген барлық операцияларды қосымша зерделейді және тексеруді талап ететін операциялардың сипатын анықтайды.

      Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейін берген жағдайда клиенттің ағымдағы операциясын зерделейді.

      22. Клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын іске асыру аясында алынған мәліметтер құжаттық тіркеледі және клиенттің дерекнамасына енгізіледі.

      23. Заңның 4-бабы 1, 2, 3 және 5-тармақтарында көрсетілген клиент операцияларының мониторингі нәтижесінде анықталғандар туралы мәліметтер мен ақпаратты Субъект қазақ немесе орыс тілдерінде уәкілетті органға ФМ-1 нысаны бойынша ұсынады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Субъектілер міндетті зерделеуге жататын операциялар туралы хабарламаны осындай операция күдікті ретінде танылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей уәкілетті органға ұсынады.

6-тарау. Субъектілер қызметкерлерін АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. АЖ/ТҚҚ мәселесі бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10001 болып тіркелген "Қаржы мониторингі субъектілерін жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 533 бұйрығымен бекітілген жұмыскерлерді даярлау және оқыту жөнінде қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады