Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 162 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 13 мамырда № 13701 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 34 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.04.2022 № 34 (мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректер тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Тізбеде көрсетілген құрылымдық бөлімшелер ашық деректер интернет-порталында ашық деректерді уақтылы орналастыруды және өзектілендіруді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________ Ә. Исекешев

      2016 жылғы 8 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 11 сәуірдегі
№ 162 бұйрығымен бекітілді

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректер тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.01.2021 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с №

Ашық деректер жинағының атауы

Өзектендіру кезеңі

Ұсыну мерзімі

Дереккөзі (ашық деректер интернет-порталы автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) арқылы немесе мемлекеттік органдардың API жүйесі аркылы)

Жауапты тұлға

1

Моноқалалар тізбесі

жыл сайын

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

Өңірлік даму департаменті (бұдан әрі – ӨДД)

2

Қала құраушы заңды тұлғалардың тізбесі

жыл сайын

1 мамырға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

ӨДД

3

Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендер

жыл сайын

2-тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

ӨДД

4

"Дипломмен ауылға" жобасы шеңберінде тұрғын үй сатып алуға немесе құрылысына бюджеттік кредит алған мамандар саны

жыл сайын

1-тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

ӨДД

5

Халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп іске асырылатын гранттық жобалардың саны (байланысты гранттар)

жыл сайын

тиісті жылға арналған байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін бекіту бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы қабылданғаннан кейін екі аптаның ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

Инвестициялық саясат департаменті (бұдан әрі – ИСД)

6

Халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп іске асырылатын гранттық жобалардың саны (байланысты емес гранттар)

жыл сайын

тиісті жылға арналған байланысты емес гранттарды тартуға арналған басым жобалардың тізбесін бекіту бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы қабылданғаннан кейін екі аптаның ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

ИСД

7

Қаралған бюджеттік инвестициялардың (техникалық-экономикалық негіздеме, қаржы-экономикалық негіздеме) саны

ай сайын

есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-на дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

ИСД

8

Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттері

жыл сайын

тиісті жылға жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттері туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы қабылданғаннан кейін екі аптаның ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті

9

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша берілген кепілдіктер саны

жыл сайын

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

Кәсіпкерлікті дамыту департаменті (бұдан әрі – КДД)

10

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қалалардағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілген микрокредиттер саны

жыл сайын

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

КДД

11

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілген гранттар саны

жыл сайын

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

КДД

12

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша берілген субсидиялар саны

жыл сайын

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

КДД

13

"Іскерлік байланыстар" құралы бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілері қатарынан оқытылғандар саны

жыл сайын

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

КДД

14

"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының базасында "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құрамдауышы бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілері қатарынан оқытылғандар саны

жыл сайын

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

КДД

15

"Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (Аға сеньорлар)" құрамдауышы бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілері қатарынан оқытылғандар саны

жыл сайын

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

КДД

16

"Бизнестің жол картасы 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағыты шеңберінде "Бизнес-мектеп" құрамдауышы бойынша оқытылғандар саны

жыл сайын

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

КДД

17

"Бизнестің жол картасы 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағыты шеңберінде жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдау бойынша берілген консультациялар саны

жыл сайын

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

КДД

18

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі

қажеттілігіне қарай

бекітілгеннен кейін бір ай ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

Табиғи монополияларды реттеу комитеті
(бұдан әрі-ТМРК)

19

ТМРК құрылымы

қажеттілігіне қарай

бекітілгеннен кейін бір ай ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

ТМРК

20

Табиғи монополиялар субъектілерінің тіркелімдері (ТМС)

қажеттілігіне қарай

бұйрық қабылданғаннан кейін 10 күн ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

ТМРК

21

Мемлекеттік тіркелімнің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектілері көрсететін қызметтердің тарифтері

қажеттілігіне қарай

бекіткеннен кейін 10 күн ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

ТМРК


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады