"Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 272 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 мамырда № 13705 болып тіркелді

        БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарында:
      мынадай мазмұндағы 20-1 және 20-2 тармақтармен толықтырылсын:
      «20-1. Педагог қызметкер біліктілік талаптарына сай өтініштің негізінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес біліктілік санатын беру (растау) үшін мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтеді.
      20-2. Аудандық, қалалық, облыстық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері жалпы негізде аттестаттаудан өтеді.
      Әдістемелік жұмыстан оқытушылық қызметке ауысқан кезде әдіскердің біліктілік санаты дипломда көрсетілген оқыту пәні бойынша біліктілік санатына теңестіріледі және оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
      Оқытушылық қызметтен әдістемелік жұмысқа ауысу кезінде пән бойынша біліктілік санаты әдіскердің біліктілік санатына теңестіріледі және оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.».
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Білім беру ұйымының әр педагог қызметкері бойынша аттестаттау комиссиясы мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) біліктілік санаты талаптарына сәйкес;
      2) біліктілік санаты талаптарына сәйкес емес.».
      мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
      «4. Қорытынды ереже
      35. Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) туралы бұйрықты барлық деңгейдегі басшылар 1 шілдеден кешіктірмей шығарады және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзеу), қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне біліктілік санатының берілуіне/расталуына сәйкес еңбекақы төлеу деңгейі жаңа оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап белгіленеді.
      36. Біліктілік санатын беру (растау) үшін педагог қызметкерді аттестаттау туралы куәліктерді беру осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 31 тамыздан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
      Аттестатталған педагог қызметкерлерге біліктілік санатын беру (растау) туралы куәліктерді беру осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналында тіркеледі.
      37. Біліктілік санаттарын беру (растау) үшін педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмысқа шыққаннан кейін соңғы үш жылдың талдау қорытындысы бойынша:
      1) бала күтімі бойынша демалыстан шыққан;
      2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде қызметтік іссапарда, оқуда (тағылымдамада) болған;
      3) Қазақстан Республикасының ішінде жұмыс орнын ауыстырған;
      4) Білімін, еңбек өтілі мен біліктілік санатын растайтын құжаттары бар болған жағдайда алыс және жақын шет елдерден Қазақстан Республикасына келген;
      5) Білім беру саласының уәкілетті органынан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан келген педагог қызметкерлерге жүргізіледі.
      38. Жасы бойынша зейнетке шығуға 3 жылдан аспайтын уақыт қалған педагог қызметкерлердің бұрын берілген біліктілік санаты сақталады.».
      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына бір данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде баспа және электронды түрде жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрінің
      міндетін атқарушы                          Е. Иманғалиев

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі    
орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін
оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарында жұмыс істейтін педагог     
қызметкерлер мен оларға теңестірілген   
тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары
мен шарттарына 2-қосымша          

нысан

КУӘЛІК
Біліктілік санаттарын беру/растау үшін педагог
қызметкерді аттестаттау туралы

Осы куәлік __________________________________________________________
_____________________________________________________________ берілді
      (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда))

      Біліктілік санаттарын беру/растау жөніндегі аттестаттау
комиссиясының 20____жылғы «___»_____________ шешіміне
және ________________________________________________________________
                   (білім беру ұйымының толық атауы)

20____жылғы «___»______________ бұйрығына сәйкес ____________________
__________________________________ біліктілік санаты берілді/расталды
         (лауазым атауы)

      Комиссия төрағасы _____________________________________________
               (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)

      Комиссия хатшысы _____________________________________________
               (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)

      Мөр орны

      Тіркеу нөмірі ________

      Берілген күні 20___ жылғы «____» ________________

      Беру орны

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі    
орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін
оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарында жұмыс істейтін педагог     
қызметкерлер мен оларға теңестірілген   
тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары
мен шарттарына 3-қосымша          

нысан

Біліктілік санаттарын беру/растау туралы куәліктерді
тіркеу және беру журналы
_____________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

р/с

Тегі, аты, әкесінің аты

Лауазым атауы және берілетін біліктілік санаты

Аттестаттау комиссиясы шешімінің күні

Біліктілік санаттарын беру/растау туралы бұйрықтың күні мен нөмірі

Куәліктің берілген күні

Алған педагогтың қолы















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады