БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1307) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесінде:
2-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. 5-8 (9), 10 (11) сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін өткізіледі. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген оқу бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарларына сәйкес білім беру ұйымдары оқу пәндерінің тізбесін (2-ден артық емес), қажеттілігін, нысандары мен мерзімдерін белгілейді.»;
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
««Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 маусымдағы Заңының 5-бабы, 29-1) тармақшасына сәйкес тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының, халықаралық мектептердің бітірушілері осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша жалпы орта білім туралы аттестаттың қорытынды бағаларын ҰБТ сертификаттарының балына ауыстыру шкаласы негізінде берілген ҰБТ сертификатын алу арқылы ҰБТ-дан босатылады.»;
17 және 18 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Қорытынды аттестаттауға Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары жіберіледі.
18. Жалпы білім беретін мектептердің 5-11 (12) сыныптарындағы білім алушылардың пәндер бойынша қорытынды бағасы тоқсандық, жылдық және емтихан бағаларын ескере отырып орташа арифметикалық баға негізінде қойылады. Дау тудыратын жағдайда бағаны дөңгелектеу көтеру жағына жасалады.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. 9 (10), 11 (12) сыныптардың бітірушілерін мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға білім алушылар шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда жіберіледі және ол оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды емтихандар немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өткізіледі.
Оқушылардың халықаралық алмасу желісінде шетелде оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын 11 (12) сыныпты бітірушілер Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында 11 (12) сынып үшін қорытынды емтиханнан өтуі қажет. Шетелде оқыған пәндерден алған бағаларын, білім беру ұйымдарында алдыңғы сыныптарда алған жылдық және қорытынды бағаларын есепке ала отырып және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін оларға жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.
Оқушылардың халықаралық алмасу бағдарламасының финалистері оқушылардың халықаралық алмасу желісімен кеткенге дейін оқыған жалпы білім беретін мектебіндегі контингенттің есебінде толық оқу курсын оқыған кезеңде болады.»;
81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«81. Республикалық комиссия жазбаша жұмыстарды тексеруді және емтихан комиссияларының қазақ тілі мен әдебиетінен, орыс тілі мен әдебиетінен, математика пәндерінен үміткерлерге қойған бағаларын растауды, сондай-ақ «Алтын белгі» белгісін алуға үміткерлердің құжаттарын осы Ереженің және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 532 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10115 болып тіркелген) «Алтын белгі» белгісі туралы ереженің талаптарына сәйкестігін тексерген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ұсынған актілерді қарауды жүзеге асырады.»;
83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«83. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының және республикалық білім беру ұйымдарының, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер бойынша (үміткерлердің құжаттарын тексеру актілері) ұсыныстары Министрлікке ағымдағы жылғы 25 мамырдан кешіктірілмей жеткізілуі керек.»;
«7. Жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстерндерді аттестаттау» деген тарау алынып тасталсын.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу ережесінде:
2-тармақтың:
4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) кәсiптiк даярлықты бағалау - техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары бітірушілерінің кәсіптік қызметтің тиісті түрінің шеңберінде жұмысты орындауға біліктілік деңгейiнің сәйкестігі дәрежесін (қабілетін) анықтау;»;
6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) біліктілік комиссиясы - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бітірушісінің кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау және бiлiктiлiк деңгейін анықтау үшін құрылатын алқалық орган.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Аралық аттестаттауды өткізу кезінде емтихан билеттері бойынша тапсырмаларды орындау үшін:
әрбір білім алушыға ауызша емтиханға 25 минуттан көп емес;
жазбаша емтиханды өткізуге:
1) әдебиет (шығарма) бойынша 6 астрономиялық сағаттан;
2) математика және арнайы пәндер бойынша 4 академиялық сағаттан;
3) мемлекеттік тіл және орыс тілі (мазмұндама) бойынша 3 астрономиялық сағаттан;
4) мемлекеттік тіл және орыс тілі бойынша (диктант) 2 астрономиялық сағаттан көп емес уақыт қарастырылған.
Жазбаша емтихан (тест тапсырмалары) жұмыстары білім беру ұйымының мөртабаны қойылған қағаздарда орындалады.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен аттестаттау емтихан комиссиясы құрылады.
Аттестаттау емтихан комиссиясының құрамы кәсіпорындардың білікті мамандарынан, арнайы пәндер оқытушыларынан, өндiрiстiк оқыту шеберлерiнен және оқу орнын басқарудың алқалық органдары өкілдерінен, яғни жұмыс берушілер өкілдерінен 65% және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдерінен 35% арақатынасында құрылады.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Комиссияға мынадай материалдар мен құжаттар ұсынылады:
мамандықтар (кәсіптер) бойынша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы басшысының білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрығы;
білім алушылардың қорытынды бағаларының жиынтық ведомосы;
оқу бағдарламаларына сәйкес қорытынды емтиханға енгізілген емтихан билеттерінің жиынтығы мен мәселелер тізбесі;
білім алушылардың денсаулық жағдайына байланысты қорытынды аттестаттау мерзімін жылжытуды растауға құқық беретін құжаттар.»
34-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«34-1. Білім алушылардың кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру - білікті жұмысшы кадрлардың кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілік беру туралы сертификат беру үшін қажетті шарт болып табылатын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың бөлігі.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Білім алушылардың кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру «Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7786 болып тіркелген) Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
37-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Біліктілік деңгейін көрсете отырып диплом беру туралы шешім арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихандар және (немесе) дипломдық жобаларды қорғау нәтижелері негізінде қабылданады.».
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев