"Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 мамырда № 13747 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз!

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12517 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 15 мамырдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 27 сәуірдегі
№ 190 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 748 бұйрығымен бекітілген

Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 85-бабының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және реттеушілік әсерге талдау жүргізу және енгізілетін және қолданыстағы реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әзірлеуші-орган – құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін жергілікті атқарушы органдар;

      2) қоғамдық талқылаулар – реттеу субъектілерінің және өзге мүдделі тұлғалардың жаңа реттеуді енгізу, қолданыстағы реттеуді қатаңдату, қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қарау мәселелері бойынша шешім қабылдау процесіне қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін, процесс барысында реттеу субъектілерімен кері байланыс болатын, олардың пікірлері мен ұсыныстары алынатын іс-шара;

      3) мүдделі тұлғалар – енгізілетін немесе қолданыстағы реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізумен байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалар;

      4) өңірлік кәсіпкерлер палатасы – Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүйесіне аумақтық деңгейде кіретін облыс, республикалық маңызы бар қала және астана кәсіпкерлерінің палатасы (бұдан әрі – өңірлік палата).

      5) реттегіш құрал – жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әсер ету тәсілдері, оның ішінде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын рұқсаттар мен хабарламалар, Кәсіпкерлік кодекстің 13-тарауына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақпараттық құралдар, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйымға міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу;

      6) реттеу субъектілері – реттегіш құралдарды көздейтін немесе реттеуді қатаңдататын нормативтік құқықтық актілер әрекеті қолданылатын субъектілер, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілер мен өзге тұлғалар.

      3. Реттеушілік әсерді талдауға, міндетті түрде:

      1) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары;

      2) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының тұжырымдамалары;

      3) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары;

      4) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық құралдарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, Кәсіпкерлік кодекстің 82-бабының 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары;

      6) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көздейтін техникалық регламенттердің жобалары;

      7) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін, жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің жобалары жатады.

      Бұл ретте, заң жобаларының тұжырымдамалары Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылғанға дейін реттеушілік әсерді талдаудан өтеді.

      4. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар консультативтік-кеңесші орган – Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) қарауына шығарылады.

      Жаңа реттегіш құралдарды енгізу Ведомствоаралық комиссия отырысында қаралғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

2-тарау. Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу тәртібі
1-параграф. Реттеушілік әсерді талдауды жүргізудің жалпы шарттары

      5. Реттеушілік әсерді талдау белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу немесе анық айқындалған проблемаларды шешу үшін реттеудің баламалы тәсілдерін бағалау арқылы нақты реттегіш құралдарды пайдалану бөлігінде мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында реттегіш құралдары енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін жүргізіледі.

      6. Реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган), Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және осы Қағидаларға сәйкес басқа да мүдделі тұлғалар жүргізеді.

      Егер Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттар жобаларында басқару басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын жаңа реттегіш құралды енгізуді немесе салада не қызмет аясында реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормалар болған жағдайда, реттеуші мемлекеттік орган құжаттар жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органның сұранымы бойынша мұндай реттегіш құралдар бойынша реттеушілік әседі талдауды жүргізеді.

      7. Реттеушілік әсерді талдау рәсімі мынадай кезеңдерді:

      1) осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес енгізілетін жаңа реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдау және реттеуді қатаңдату нәтижелері бойынша талдамалық нысанды (бұдан әрі – талдамалық нысан) толтыру;

      2) реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізуді;

      3) осы Қағидалардың 3-тармағының 7) тармақшасында көзделген құжаттар бойынша реттеушілік әсерге талдауды жүргізуді қоспағанда уәкілетті органның қорытындысын;

      4) реттеуші мемлекеттік органдар жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың түйіндерімен келіспеген жағдайда уәкілетті органның, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының немесе өзге мүдделі тұлғалардың реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізуін;

      5) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін:

      осы Қағидалардың 3-тармағының 1)-6)-тармақшаларында көзделген құжаттардың жобалары бойынша Ведомствоаралық комиссияда;

      осы Қағидалардың 3-тармағының 7)-тармақшысынды көзделген құжаттардың жобалары бойынша "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар құратын, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультативтік-кеңестік органда (бұдан әрі – Комиссия) қарастыруды қамтиды.

2-параграф. Енгізілетін жаңа реттегіш құралдардың реттеушілік
әсеріне талдауды жүргізу және реттеуді қатаңдату тәртібі

      8. Енгізілетін жаңа реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды және реттеуді қатаңдатуды реттеуші мемлекеттік орган:

      1) жаңа реттегіш құралдарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату үшін осы Қағидалардың 3-тармағының 1) - 6) тармақшаларында көзделген құжаттар жобаларын әзірлеу;

      2) талдамалық нысанды толтыру;

      3) осы Қағидалардың 2-тарауының 7-параграфына сәйкес реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізу;

      4) қоғамдық талқылау нәтижелері бойынша талдамалық нысанды және (немесе) осы Қағидалардың 3-тармағының 1)-6) тармақшаларында көзделген құжаттар жобаларын пысықтау және оларды, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық талқылау есебін уәкілетті органға жіберу іс-қимылдарын рет-ретімен орындау арқылы жүргізеді.

      9. Реттеуші мемлекеттік органдардың реттеушілік әсерді талдау рәсімдерін сақтауы туралы теріс қорытынды алған кезде реттеуші мемлекеттік орган осы Қағидалардың 3-тармағының 1)-6) тармақшаларында көзделген талдамалық нысанды және (немесе) құжаттар жобаларын пысықтайды. Пысықталған құжаттар уәкілетті органға қайта ұсынылады.

3-параграф. Қолданыстағы құжаттарды қайта қарау тәртібі

      10. Қолданыстағы реттегіш құралдарға қатысты реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қолданыстағы құжаттарды қайта қарау тәртібімен жүргізеді.

      11. Қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қарауды реттеуші мемлекеттік органдар жоспарларына сәйкес жүзеге асырады. Жоспарлар бекітілген күнінен бастап 5 жыл ішінде бұрын реттеушілік әсеріне талдау жүргізілмеген барлық реттегіш құралдарға талдау жүргізуге болатындай етіп жасалуы тиіс.

      Бұрын реттеушілік әсеріне талдау жүргізілген қолданыстағы реттегіш құралдар да осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес Ведомствоаралық комиссия ұсынған мерзімге сәйкес жоспарларға қосылады.

      Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген енгізілген өзін-өзі реттеу бойынша реттеушілік әсерді талдау реттеуші мемлекеттік органның қайта қарау тәртібімен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13309 болып тіркелген) Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидаларында көзделген жағдайларда және мерзімде жүргізіледі.

      12. Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері бойынша реттегіш құралды қолдану тиімділігіне қарай реттегіш құралдың күші жойылуы немесе өзгеше түрде қайта қаралуы мүмкін.

      13. Қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қарау тәртібінде реттеушілік әсерді талдау осы Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфына сәйкес жүргізіледі.

4-параграф. Реттеушілік әсерді талдау рәсімдерін сақтау туралы
қорытынды қалыптастыру тәртібі

      14. Уәкілетті орган 3-тармақтың 1)-6) тармақшаларында көзделген талдамалық нысан мен құжаттар жобалары түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидаларда белгіленген рәсімдерді сақтауы, оның ішінде, қоғамдық талқылануы және оларды толтыру дұрыстығы тұрғысынан қарайды.

      Қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Қағидаларға

      3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеушілік әсерді талдау рәсімдерін сақтауы туралы қорытынды (бұдан әрі - қорытынды) қалыптастырады;

      15. Проблеманың болуы фактісін дәлелдейтін және оның ауқымын көрсететін деректердің (цифрлық өлшемде) болмауы негіз болып табылатын, теріс қорытынды болған жағдайда реттеуші мемлекеттік орган талдамалық нысанды және (немесе) осы Қағидалардың 3-тармағының 1)– 6) тармақшаларында көзделген құжаттар жобаларын пысықтайды. Пысықталған құжаттар уәкілетті органға қайта ұсынылады және осы Қағидалардың 2-тарауының 4-параграфына сәйкес қаралады.

      Оң қорытынды берілген жағдайда, уәкілетті орган оны және реттеуші мемлекеттік органдар әзірлеген құжаттардың жобаларын және реттеуші мемлекеттік органның талдамалық нысанын ресми интернет-ресурсқа орналастырады және оларды Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жібереді;

5-параграф. Реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізу тәртібі

      16. Уәкілетті орган, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы немесе өзге мүдделі тұлғалар реттеуші мемлекеттік органдар жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың тұжырымымен келіспеген жағдайда уәкілетті органның оң қорытындысын ұсынғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде талдамалық нысанды толтыру арқылы реттеушілік әсерге балама талдауды жүргізеді.

      Егер осы Қағидалардың 3-тармағының 1)-6) тармақшаларында көзделген құжаттардың жобалары кешендік сипатта болса және техникалық күрделі болып табылса, реттеушілік әсерге баламалы талдауды жүргізу мерзімі 30 жұмыс күніне дейін ұзартылады. Реттеушілік әсерді баламалы түрде талдау мерзімін айқындау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және өз қорытындысында көрсетеді.

      Реттеушілік әсерді баламалы талдау мынадай кезеңдерді:

      1) реттеушілік әсерді баламалы талдау нәтижелері бойынша талдамалық нысанды толтыру;

      2) осы Қағидалардың 2-тарауының 7-параграфына сәйкес реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізу;

      3) қоғамдық талқылау нәтижелері бойынша талдамалық нысанды пысықтау;

      4) реттеушілік әсерді баламалы талдауды нәтижелері бойынша талдамалық нысанды, сондай-ақ баламалы талдау уәкілетті орган жургізген жағдайларды қоспағанда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық талқылау есебін уәкілетті органға жіберу кезеңдерін қамтиды.

      Реттеушілік әсерді баламалы талдау нәтижелері бойынша талдамалық нысанды және қоғамдық талқылаулар есебін уәкілетті орган өз интернет-ресурсында орналастырады және реттеуші мемлекеттік органның/мүдделі тұлғаның назарына жеткізеді.

      17. Реттеуші мемлекеттік орган реттеушілік әсердің баламалы талдау нәтижелерімен келісуін немесе келіспеуін білдіреді.

      Баламалы талдау нәтижелерімен келіскен жағдайда, реттеуші мемлекеттік орган талдамалық нысанды және (немесе) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың жобаларын пысықтайды және оларды уәкілетті органға қайта ұсынады және ол осы Қағидалардың 2-тарауының 4-параграфына сәйкес қаралады.

      Реттеуші мемлекеттік орган баламалы талдау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, талдамалық нысан және (немесе) осы Қағидалардың 3-тармағының 1)-6) тармақшаларында көзделген құжаттар жобалары осы Қағидалардың 2-тарауының 6-параграфына сәйкес қаралады.

6-параграф. Ведомствоаралық комиссияның реттеушілік әсерді
талдау нәтижелерін қарау тәртібі

      18. Реттеушілік әсерді талдауды қарау нәтижелерін уәкілетті орган Ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарады.

      Қарау нәтижелері бойынша Ведомствоаралық комиссия реттеушілік әсерді талдау нәтижелерінің бірін мақұлдау туралы шешім қабылдайды:

      жаңа реттегіш құралды енгізу және (немесе) реттеуді қатаңдату, сондай-ақ реттегіш құралды енгізумен келіскен жағдайда, оны қайта қарауға дейін реттегіш құралдың қолданылу мерзімін айқындау туралы;

      қолданыстағы реттегіш құралды алып тастау, сондай-ақ реттегіш құралды алып тастаумен келіспеген жағдайда, оны қайта қарауға дейін оның одан әрі қолданылу мерзімін айқындау туралы;

      рұқсаттардың немесе хабарламалардың жекелеген түрлерін рұқсат немесе хабарлама жасау тәртібін қолдану тиімділігіне байланысты бір түрден екіншісіне ауыстыру, сондай-ақ рұқсаттың немесе хабарламаның қолданыстағы немесе жаңа түрін оны келесі қайта қарауға дейін оның одан әрі қолданылу мерзімін айқындау туралы шешім қабылдайды.

      19. Ведомствоаралық комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оның көшірмесі, сондай-ақ талдамалық нысандар мен уәкілетті органның қорытындысы олар бекітілгенге дейін осы Қағидалардың 3-тармағының 1)-6) тармақшаларында көзделген құжаттардың жобаларына міндетті қосымша болып табылады.

7-параграф. Реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық
талқылау жүргізу тәртібі

      20. Реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау:

      уәкілетті органның интернет-ресурсында форум режимінде интернет желісі арқылы онлайн талқылау;

      дөңгелек үстелдер, конференциялар, кеңестер және өзгелер арқылы қоғам өкілдерімен және мүдделі тұлғалармен жалпы талқылау тәсілдерінің бірі арқылы жүзеге асырылады.

      21. Қоғамдық талқылау жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар/мүдделі тұлғалар оларды өткізу күнінен кемінде 10 жұмыс күні бұрын оны жүргізу орны, тәсілі және уақыты туралы:

      өзінің ресми интернет-ресурсында хабарландыру беру арқылы мүдделі тұлғаларға;

      жазбаша нысанда – уәкілетті органға, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, мемлекеттік органдар жанындағы сараптамалық кеңес мүшелеріне;

      баспасөз релиздері арқылы – бұқаралық ақпарат құралдарына міндетті түрде хабарлайды.

      Бұл ретте уәкілетті орган реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін талқылауға қатыспайды.

      Жария талқылау тәсілімен жүргізілетін қоғамдық талқылау белгіленген уақытта жүргізіледі және олардың нәтижелерін реттеуші мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы хаттамаға тіркейді.

      Интернет желісі арқылы қоғамдық талқылау нәтижелері бойынша реттеуші мемлекеттік орган/мүдделі тұлға онлайн талқылаудың қорытындысы туралы есеп жасайды, ол реттеуші мемлекеттік органның және (немесе) мүдделі тұлғаның интернет-ресурсында жариялануға тиіс.

      22. Реттеуші мемлекеттік органдардың/мүдделі тұлғалардың қарауы бойынша құжаттар жобаларын талқылау немесе түсіндіру мақсатында өзге іс-шаралар өткізілуі мүмкін.

8-параграф. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің
жобалары бойынша реттеушілік әсерді талдауды жүргізу тәртібі

      23. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің жобалары бойынша реттеушілік әсерді талдауды әзірлеуші орган жүргізеді.

      24. Әзірлеуші орган талдамалық нысанды толтырады, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тарауының 7-параграфына сәйкес реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізеді.

      Қоғамдық талқылаулардың нәтижелері бойынша пысықталған осы Қағидалардың 3-тармағының 7) тармақшасында көзделген талдамалық нысан мен құжат жобасын әзірлеуші орган кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органға енгізеді (бұдан әрі - кәсіпкерлік басқармасы).

      25. Кәсіпкерлік басқармасы 10 жұмыс күні ішінде талдамалық нысанның толтырылу дұрыстығын қарайды.

      Ескертулер болған жағдайда талдамалық нысан әзірлеуші органға пысықтау үшін қайтарылады, ескертулер болмаған жағдайда талдамалық нысан кәсіпкерлік басқармасының интернет-ресурсында орналастырылады және Өңірлік ұлттық кәсіпкерлер палатасына жіберіледі.

      26. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы немесе өзге мүдделі тұлғалар әзірлеуші жүргізген реттеушілік әсерді талдау түйіндерімен келіспеген жағдайда талдамалық нысанды ұсынғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде талдамалық нысандарды толтыру арқылы реттеушілік әсерді баламалы талдауды жүргізеді.

      27. Реттеушілік әсерді талдаудың қарастыру нәтижелерін баламалы реттеушілік әсерді талдау жүргізу мерзімі аяқталғаннан кейін кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Комиссияның қарауына шығарады.

      Қарау нәтижелері бойынша Комиссия реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін мақұлдау немесе мақұлдамау туралы шешім қабылдайды.

      Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, бұл ретте реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін мақұлдау туралы шешім көшірмесі, оларды бекіткенге дейін осы Қағидалардың 3-тармағының 7) тармақшасында көзделген құжаттар жобаларына міндетті қосымша болып табылады.

3-тарау. Реттеушілік әсерді талдауды пайдалану тәртібі

      28. Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері реттеуші мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады.

      29. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттар колданысқа енгеннен кейін, олар барлық бар реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін міндетті түрде ұсына отырып уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген қолданыстағы құжаттарды қайта қарау тәртібінде жүргізілген қолданыстағы реттегіш құралдарға қатысты реттеушілік әсерді талдау нәтижелері уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

      Бұл ретте реттеушілік әсерді талдау нәтижелері көрсетілген құжаттардың барлық әрекет ету мерзімі ішінде кез келген интернет - ресурсын пайдаланушыға қарауға қолжетімді болуы қамтамасыз етіледі.

      30. Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері бойынша реттегіш құралды қолданудың тиімділігіне байланысты реттегіш құралдардың жекелеген түрлері бір түрден екінші түрге ауыстырылуы немесе күші жойылуы мүмкін.

      Тиісінше ұсынымдарды Ведомствоаралық комиссия осы Қағидалардың 2-тарауының 6-параграфына сәйкес әзірлейді.

  Реттегіш құралдардың реттеушілік
әсерін талдауды жүргізу және
пайдалану қағидаларына
1-қосымша

Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау нәтижелері
бойынша талдамалық нысан

      _____________________________________________________________________

      (Реттеуші мемлекеттік органның немесе мүдделі тұлғаның атауы)

      ___________________________________________________ жобасы шеңберінде

      (құжат жобасының атауы)

      Құжат жобасын әзірлеуші______________________________________________

1-ҚАДАМ: Реттеу проблемалары мен мақсаттарын айқындау

1

Проблеманы және проблеманың болу себептерін айқындау (3 сөйлемнен аспайтын, еркін нысанда жазылған мәтін, нысаналы тобы мен себеп-салдарлық байланысты көрсету қажет)

Қолданыстағы реттеу үшін – проблема қалай айқындалғандығы


2

Проблеманың болу фактісін растайтын және оның ауқымын көрсететін деректер бар ма (сандық өлшемде)

Қолданыстағы реттеу үшін – мұндай деректер көрсетілді ме

Жоқ ___

Бар ___ (оларды сипаттаңыз және шамасын көрсетіңіз)




Жоқ ___

Бар ___ (оларды сипаттаңыз және шамасын көрсетіңіз)

3

Кәсіпкерлік немесе кәсіби қызмет саласында міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген реттеуді немесе өзін-өзі реттеуді енгізу мақсаты қандай (ерікті нысанда сипаттаңыз)

Қолданыстағы реттеу үшін– қандай реттеу мақсаты көрсетілді


2-ҚАДАМ: Баламалар

1. Қарауға жоспарланатын баламаларды айқындау (бар нұсқаларды және Сіз қарастырып, талдайтын баламалы тәсілдерді белгілеңіз – кемінде 3 баламалы тәсілді таңдау қажет, біріктіруге болады. Баламаларды айқындау үшін төменде ұсынылған ықтимал нұсқалар тізімін пайдаланыңыз.

1. Реттеудің болмауы (қолданыстағы реттеулер үшін алып тастау)

2. Ақпараттық науқан

3. Бөлінуі тиіс, алайда қазіргі уақытта реттеуші мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын функциялар тізбесін көрсете отырып міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу *

4. Салықтардың, субсидиялардың өзгеруі, мемлекеттік сатып алу, квоталармен сауда жасау, басқа нарықтық тетіктер

5. Жауапкершілікті міндетті сақтандыру

6. Міндетті белгілеу

7. Міндетті есептілік

8. Декларациялау, хабарландыру

9. Қызмет қағидалары және олардың орындалуын тексеру (рұқсат беру құжаттарынсыз)

10. Рұқсат беру құралдары

11. Тыйым салу

12. Мемлекеттік бақылау және қадағалау

13. Жауапкершілікті енгізу (әкімшілік, қылмыстық)

2

Жоспарланатын баламалардың сипаттамасы (реттеушілік нақтылықты көрсете отырып ерікті нысанда барлық таңдалған баламалар сипатталады (жоғарыдағы тізім бойынша)

Қолданыстағы реттеу үшін– қолданыстағы реттеуге баламаларды сипаттау

1-балама

2-балама

3-балама

3*

Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу нұсқасын таңдаған кезде мынадай критерийлерді көрсету қажет

1. Соңғы 5 жылды жылдар бойынша бөле отырып өзін-өзі реттеуді енгізу жоспарланып отырған саладағы жұмыс істеп тұрған кәсіби немесе кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің саны.

_____________________

2. Қауымдастық (одақ) немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы қолданыстағы коммерциялық емес ұйымдардың, оның ішінде, соңғы 5 жылды жылдар бойынша бөле отырып талданатын салада ерікті қатысуға (мүшелікке) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымдарының орналасқан орнының тізбесі.

______________________

3. Әр жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйым немесе ерікті қатысуға (мүшелікке) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымы бойынша мыналарды көрсету қажет:

талдау жүргізу кезінде мұндай коммерциялық емес ұйым құрамына кіретін субъектілер санын: ____________;

талданатын салада нарықта шығарылған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жалпы санынан мұндай коммерциялық емес ұйым, ерікті қатысуға (мүшелікке) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелері шығарған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі: __________.

1а нысаны бойынша өзін-өзі реттеудің оңтайлы құрылымына жүргізілген таңдау нәтижелері бойынша міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген болжамдалатын өзін-өзі реттеу ұйымдарының саны

3-ҚАДАМ: Баламалардың әсерін айқындау

3.1. Экономикалық жүйеге әсер ету

Экономикалық жүйенің төмендегі элементтерін ескере отырып әр баламаның экономикалық жүйеге әсер етуі кезінде пайда мен шығысыларын ерікті нысанда сипаттаңыз:

1. Тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалуына, сондай-ақ халықаралық сауда мен халықаралық инвестициялық ағындарға әсері.

2. Экономикалық өсудің жалпы салдарлары.

3. Жұмыспен қамтуға, жұмыс орындарына әсері.



Пайда

Шығасылар


1-балама




2-балама




3-балама



3.2. Бизнеске әсер ету

Төмендегілерді міндетті түрде ескере отырып әр баламаның бизнеске әсер етуі кезінде пайдасы мен шығасыларының сипаттамасын ерікті нысанда келтіріңіз:

1. Кәсіпорындардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігіне, оның ішінде инновациялар мен дамуына әсері (өзін-өзі реттеуді енгізу кезінде бизнеске кіруде ықтимал қиындықтарды бағалау қажет).

2. Кәсіпорындардың табыстылығы мен тұрақтылығына әсері.

3. Кәсіпорын мөлшеріне байланысты шығасылардың салыстырмалы әсері (шығасылардың салыстырмалы әсері ірі кәсіпорындарға қарағанда шағын кәсіпорындар үшін жоғары бола ма).

1б-нысанына сәйкес бизнес үшін шығасыларды жеке монеталандырыңыз және есептеңіз



Пайда

Шығасылар


1-балама




1б-нысаны бойынша бизнес үшін шығасылар




2-балама




1б-нысаны бойынша әкімшілендіруге шығасылары




3-балама




1в-нысаны бойынша әкімшілендіруге шығасылар



3.3 Мемлекеттік билік органдарына және жалпы қоғамға әсер ету

Төмендегілерді міндетті түрде ескере отырып әр баламаның мемлекеттік билік органдарына және жалпы қоғамға әсер етуі кезінде пайдасы мен шығасыларының сипаттамасын ерікті нысанда келтіріңіз

1. Денсаулық пен өмір қауіпсіздігі (оның ішінде, экономикалық) үшін тәуекелдерге әсері.

2. Экономикалық қылмысты қоса алғанда, қылмысқа әсері.

3. Ықтимал сыбайластық тәуекелдер.

4. Экологияға әсері.

5. Тұтынушылық таңдаудың өзгеруі.

6. Бөлшек бағалардың өзгеруі.

7. Тұтынушылардың хабардар болуына және оларды қорғауға әсері.

1в-нысанына сәйкес реттеуді әкімшілендіруге шығасыларды жеке монеталандырыңыз және есептеңіз



Пайда

Шығасылар


1-балама



1в-нысаны бойынша әкімшілендіруге шығасылар




2-балама



1б-нысаны бойынша әкімшілендіруге шығасылар




3-балама



1в-нысаны бойынша әкімшілендіруге шығасылар



4-ҚАДАМ: Ең оңтайлы реттеу баламасын таңдау

Реттеу нәтижелілігін бағалаудың 5-балдық жүйесінің балдарын айқындау

5 – қойылған міндет толық шешіледі (проблема бұдан әрі жойылады);

4 – қойылған міндет толықтай шешіледі (проблеманың барлық маңызды бөліктері болмайды);

3 – қойылған міндет ішінара шешіледі (проблема айтарлықтай азаяды, проблеманың ең өткір аспектілері шешіледі);

2 – қойылған міндет бірнеше аспектіде шешіледі (кейбір маңызды және өткір аспектілер қалады);

1 – қойылған міндет шешілмейді (проблема қалады)1

Нәтижелілігі бойынша рейтинг (проблеманы шешуде міндеттерге қол жеткізу)

Нәтижелілік балы (5-балдық жүйе)

Тиісті балдың берілуін түсіндіру

1-балама



2-балама



3-балама



Тиімділік бойынша рейтинг

Пайда (қорытынды)

Шығасылар (қорытынды)

1-балама



2-балама



3-балама



Ықтимал тәуекелдерді және іске асырылу тетігін айқындай отырып ең үздік баламаны таңдау (өткен екі кестенің деректерін салыстыру негізінде жүргізіледі)


Рейтинг

Ықтимал тәуекелдер және еңсерілмейтін салдарлар

Ұсынылатын реттеуді іске асыру тетігі


ұсынылатын 1-балама


1. Енгізу мерзімдері мен кезеңдері _________;

2. Реттеуді енгізуге және қойылған индикаторлардың қол жеткізілуіне бағалауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті орган

__________________

5-ҚАДАМ: Бағалау индикаторы


Барынша толық мониторинг жүргізу үшін ақпаратты жинау және талдау жүйесіндегі индикаторлар мен ұсынылатын өзгерістерді анықтаңыз (ықтимал индикаторлар және олардың өлшенуі үшін не істеу қажет) және берілген индикаторға қол жеткізуді бағалау жүзеге асырылатын ақпарат көздерін көрсетіңіз



2

Индикаторларды өлшеудің ұсынылатын кезеңділігі



3

"Проблеманың болу фактісін растайтын және оның ауқымын көрсететін деректер" 1-қадамның 2-тармағында көрсетілген, реттеуді енгізгеннен кейін проблема ауқымының ықтимал өзгерістерін көрсететін, цифрлық өлшемдегі деректердің жоспарланатын өзгеруі (сипаттамада жоспарланатын өзгерістердің уақыт шеңберлерін көрсетіңіз)

Қолданыстағы реттеу үшін–осы реттеуді енгізгеннен кейін проблеманың өзгеру ауқымын көрсететін деректер бар ма












Жоқ____


Иә ____


Иә болса – оларды көрсетіңіз



      11 балды беру балама дұрыс таңдалмаған және оны мүлдем қарастырмау қажет екенін білдіреді

      * - өзін-өзі реттеуді енгізу кезінде толтырылады

      ** - 1 балды беру нұсқа дұрыс таңдалмағанын және оны мүлдем қарастыру қажеттілігінің жоқ екенін білдіреді

      Қолы _________ күні "___" ________201__ж.

1а нысаны Өзін-өзі реттеудің оңтайлы құрылымын таңдау*

Өзін-өзі реттеуге берілетін мемлекеттік функциялар тізбесі:

__________________________________________________________________.

НҚА тізбесі, оның ішінде, өзін-өзі реттеуге берілуі тиіс техникалық реттеу саласындағы НҚА тізбесі:

__________________________________________________________________.

Реттеу нәтижелілігін бағалаудың 5-балдық жүйесінің балдарын айқындау

5 – қаралатын салада/аяда қызметтің барлық спектрінің қамтылуы қамтамасыз етіледі; қоғам тарапынан өзін-өзі реттеу ұйымының саланың/аяның реттелуін дербес қамтамасыз ету қабілетіне сенімі және бекітілген стандарттар мен қағидалардың сақталуына бақылау байқалады; наразылықтар мен дауларды қарастыру тетіктері бар; өңірлерде байланыс тізбесі байқалады.

Қаралатын салада/аяда міндетті мүшелікпен кәсіпкерлердің жұмыс істеп тұрған қауымдастықтары (одақтары) бар.

4 – қаралатын салада/аяда қызметтің барлық спектрінің қамтылуы қамтамасыз етіледі; қоғам тарапынан өзін-өзі реттеу ұйымының саласының/аясының реттелуін дербес қамтамасыз ету қабілетіне сенімі және белгіленген стандарттар мен қағидалардың сақталуына бақылау байқалады; наразылықтар мен дауларды қарастыру тетіктері бар; өңірлердегі байланыс ішінара болып отыр.

Қаралатын салада/аяда міндетті мүшелікпен кәсіпкерлердің жұмыс істеп тұрған қауымдастықтары (одақтары) бар.

3 – қаралатын салада/ аяда қызметтің барлық спектрінің қамтылуы қамтамасыз етіледі; өзін-өзі реттеу ұйымының саланың/ аяның реттелуін дербес қамтамасыз ету және белгіленген стандарттар мен қағидалардың сақталуына бақылау қалпына келу сатысында; өңірлерде байланыс жоқ.

Қаралатын салада/аяда кәсіпкерлердің жұмыс істеп тұрған қауымдастықтары (одақтары) бар.

2 – қаралатын салада/ аяда қызметтің барлық спектрінің ішінара қамтылуы; өзін-өзі реттеу ұйымының саланың/аяның реттелуін дербес қамтамасыз ету және белгіленген стандарттар мен қағидалардың сақталуына бақылау мәселелері қалпына келу сатысында, наразылықтар мен дауларды қарау тетіктері бар; өңірлерде байланыс жоқ.

Қаралатын салада/аяда кәсіпкерлердің жұмыс істеп тұрған қауымдастықтары (одақтары) бар.

1 – қаралатын салада/ аяда қызметтің барлық спектрінің ішінара қамтылуы; өзін-өзі реттеу ұйымының саланың/аяның реттелуін дербес қамтамасыз ету және белгіленген стандарттар мен қағидалардың сақталуына бақылау мәселелері қалпына келу сатысында, наразылықтар мен дауларды қарау тетіктері жоқ; өңірлерде байланыс жоқ.

Қаралатын салада/аяда кәсіпкерлердің жұмыс істеп тұрған қауымдастықтары (одақтары) жоқ.**

Нәтижелілік бойынша рейтинг

Нәтижелілік балы (5-балдық жүйе)

Тиісті балдың берілуін түсіндіру

1-балама

Бір өзін-өзі реттеу ұйымы (жұмыс істеп тұрған ұйым базасында)



2-балама

Екі және одан көп, нақты саны көрсетіледі _____ (жұмыс істеп тұрған ұйым базасында)



3-балама

Өзге өзін-өзі реттеу ұйымы (мысалы, бірнеше жұмыс істеп тұрған өзін-өзі реттеу ұйымдарын шоғырландыру арқылы бір ұйымды құру және басқа).



      * - өзін-өзі реттеуді енгізу кезінде толтырылады

      ** - 1 балды беру нұсқа дұрыс таңдалмағанын және оны мүлдем қарастыру қажеттілігінің жоқ екенін білдіреді

1б-нысаны Бизнес үшін шығасыларды есептеу (монеталандыру

      Баламаны пайдалану қандай реттегіш іс-қимылды болжайды?


Иә

Жоқ

Өндіріс құралдарына инвестициялар, үй-жайлардың, зертханалардың өзгеруі, персоналды оқыту, өзге қажетті әкімшілік емес шығасылар



Тәуелсіз сараптамадар, бағалаулар, қорытындылар үшін үшінші тұлғаларды пайдалану қажеттілігі



Мемлекетке мерзімді түрде есеп беру (немесе есептілікті ұлғайту)



Арнайы мемлекеттік тексерулер субъектісі болу (немесе тексерулер мен санкциялардың қолданыстағы режимін қатаңдату)



Мемлекеттік органдардан анықтамалар мен рұқсаттар алу



Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізумен байланысты шығасылар



Өзге (айқындау)




      Реттеу субъектісінің бір орта статистикалық кәсіпорнына шығасыларды есептеу

1-кесте

Бір реттік инвестициялар

Техникалық қызмет көрсету, қолдау шығыстары (жыл ішінде)

Жиыны

Өндіріс құралдарына инвестициялар, үй-жайлардың, зертханалардың өзгеруі, персоналды оқыту




5 жылдағы шығыстар

Х




2-кесте

Сараптама мен қорытынды шығыстарға

Үшінші тұлғалармен мерзімді қызмет көрсету (жыл ішінде)

Жиыны

Тәуелсіз сараптамалар, бағалаулар, қорытындылар үшін үшінші тұлғаларды пайдалану қажеттілігі



Х

5 жылғы шығыстар





3-кесте

Мемлекеттік баждар

Жыл ішінде жұмыс уақыты шығындарының бағасы (адам күндерді біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Жиыны

Мемлекетке мерзімді түрде есеп беру



Х

5 жылдағы шығыстар





4-кесте

Жыл ішінде тексерушілермен жұмыс жасауға жұмыс уақыты шығынының бағасы (адам күндерді біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Жыл ішінде ықтимал айыппұл санкциялары (айып бағасы оның салыну ықтималдылығына көбейтіледі)

Жиыны

Мемлекеттік тексерулер (баламасы бойынша мамандандырылған)



Х

5 жылдағы шығыстар





5-кесте

Құжаттар үшін мемлекеттік баждар, басқа тікелей төлемдер

Жыл ішінде оларды алуға жұмыс уақыты шығынының бағасы (адам күндерді біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Жиыны

Рұқсаттарды, өзге мемлекеттік құжаттарды алу



Х

5 жылдағы шығыстар





6-кесте

Өзін-өзі реттеу ұйымын құрумен байланысты шығындар

Жыл ішінде өзін-өзі реттеу ұйымы жұмысшыларының жұмыс уақыты шығынының бағасы (адам күндерді біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету

Жиыны

Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізумен байланысты шығыстар




Х

5 жылдағы шығыстар






      1-6-кестелердегі деректер ("Жиыны" деген бағандағы 5 жылдағы шығыстар) қосылады___теңге

      Осы шама бұл баламаның субъектілері болып табылатын кәсіпорындар санына (кәсіпкерлік субъектілеріне) көбейтіледі _________теңге

1в-нысаны Мемлекеттік органдар үшін әкімшілік реттеу
шығасыларын есептеу (монеталандыру)

      Баламаны пайдалану қандай іс-қимылды болжайды?

      Егер балама бірнеше мемлекеттік органның жұмысын болжаса, 1-кесте олардың әрқайсысы мемлекеттік органды көрсете отырып жеке толтырылады

1-кесте

Жыл ішінде жұмыс уақыты шығынының бағасы (адам күндерді біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Жиыны

Есептілікті алу және талдау



Тексеру жүргізу



Рұқсаттар беру



Өзге бақылау нысандары (айқындау)



5 жыл бойынша жиыны




      Балама жаңа мемлекеттік органды құруды немесе жұмыс істеп тұрған органның жаңа құрылымдық бөлімшесін болжай ма Иә ____ Жоқ ___

      Ия болса – жаңа органның немесе құрылымдық бөлімшенің толық жоспарланатын жылдық бюджетін айқындаңыз ____ х5 = _____

Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық
нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу кезінде талдамалық нысан мынадай қадамдар бойынша толтырылады:

      1-қадам: Проблеманы және реттеу міндеттерін айқындау.

      1.1. Шешілуі болжанатын проблема, сондай-ақ оның болу себептері сипатталады (қолданыстағы реттеулер үшін – бар проблеманы көрсету).

      Проблемаларды айқындау шешім іздеуге ынталандыратын сипаттамасы бар анық және нақты жазылуы тиіс.

      Проблеманың сипаты мен ауқымын сипаттау кезінде жоспарланған мемлекеттік араласу үшін халықтың нысаналы тобын айқындау қажет. Мұндай араласудан пайда алатын халықтың бөлігі (тұтынушылар, кәсіпкерлер және басқа) нынасалы топ болып табылады. Сондай-ақ нақты тұжырымдалған проблема кезінде де, таңдалған халық тобы өте аз болса, мемлекеттік араласу шығасылар мен күтілетін пайданың қатынасын ескере отырып негізсіз болуы мүмкін.

      Проблеманы айқындау кезінде себептерді нақты белгілерден бөле отырып себеп-салдарлық байланысты түсіндіру қажет.

      1.2. Проблеманың болу фактісін проблеманы сипаттамасын барынша нақты түсіну үшін сапалы статистикалық талдау, сондай-ақ мемлекеттік араласудың нақты әсерінің есебі арқылы дәлелдеу қажет. Бұл ретте, орта мерзімді және ұзақ мерзімді уақыт кезеңі бөлінісінде проблема ауқымының серпіні көрсетіледі.

      Осы мақсатта, проблеманы айқындау сатысында қолжетімді сандық және сапалық деректерді:

      статистика және салық органдарының деректерін;

      мемлекеттік органдардың оқиғалар жөнінде есептерді, деректерді жинақтау нәтижелері бойынша статистикалық деректерін;

      құқық қорғау органдарының статистикалық деректерін;

      беделді ұйымдардың әлеуметтік және басқа зерттеулер деректерін жинау ұсынылады.

      Егер ұлттық деректерге қол жеткізу мүмкін болмаса немесе жеткіліксіз болса, салыстырмалы халықаралық деректерді пайдалану ұсынылады. Халықаралық тәжірибені пайдаланудың маңыздылығы деректерді анағұрлым тиімді іздеуге және талдауға алып келеді.

      Жақын уақытта қоғамдық мүдделерге келтірілетін немесе келтірілуі мүмкін зиян айқындалады.

      1.3. Реттеу мақсатын айқындау проблеманы айқындау мен мемлекеттік саясаттың, кейін оларды салыстыра отырып, бірнеше баламасын тұжырымдаудың арасында байланыстырушы буын қызметін атқарады. Мемлекеттік араласудың мақсаттары реттеудің күтілетін нәтижесі ретінде айқындалады. Әрбір мемлекеттік араласу халықтың мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мақсатында мүмкіндігінше барынша мынадай өлшемшарттарға жауап беруі тиіс:

      ерекшелік – міндеттердің кеңінен теріс түсіндірілу ықтималдығын болдырмау үшін, олар барынша нақты жазылады;

      өлшемділік – міндеттер болашақта міндеттердің жетістігін немесе сәтсіздігін айқындау мүмкіндігі үшін, өлшенетін өлшемшарттар негізінде болашақ жағдайды айқындайды;

      қол жетімділік мен шынайылық – міндеттер қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қол жетімді адами және материалдық ресурстар санын және басқа да факторларды ескереді;

      уақытқа тәуелділік – міндеттер реттеу талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін белгілі бір уақыт шегін белгілейді.

      2-қадам: Баламалар

      Туындаған проблеманы шешу мүмкін болатын кемінде 3 балама таңдалады. Олар реттеушілік әсерді талдау процесінде проблемаларды шешу үшін ең озық балама болып табылатын реттегіш құралды таңдау негізі үшін ескеріледі.

      Баламалар тек реттегіш құралдарымен шектеліп қана коймай, белгілі бір проблеманы шешуге және қойылған міндеттерге нарықтық тетіктер арқылы орындауға ынталандыратын басқа шараларды болжай алады. Кестеде негізгі нұсқалар ұсынылған, оларды жиынтықта да пайдалануға болады.

      3-қадам: Баламалар әсерін айқындау

      Реттеушілік баламалардың әсерін талдау оларды салыстыру және барынша пайдалы және ең аз шығасылармен ең оңтайлы нұсқаны таңдау үшін елеулі рөл атқарады. Реттеушілік әсерді талдау әзірлеушілері баламаны қолданудан пайданы және шығасыларды айқындауы қажет, әсер етудің тікелей, сондай-ақ жанама күтілмеген әсер ету ықпалын ескеру керек. Сондай-ақ, генерацияланатын әсер неге әсер ететінін ескеру маңызды.

      Әсер кәсіпкерлерге, тұтынушыларға, жұмыскерлерге, басқа әлеуметтік топтарға, жалпы экономикаға, қоғамға және мемлекетке ықпал етуі мүмкін.

      Баламалы нұсқаның шығасыларын айқындау үшін, кәсіпкерлерге тиісті шығасыларды ескеруі қажет.

      Бұл шығасыларды дұрыс айқындау үшін:

      1) Реттеуші іс-қимылдардың құрамдас бөліктеріне бөле отырып, шығасыларды бағалау қажет. Бір реттеушілік балама бірнеше реттеушілік іс-қимылды қамти алатындығын атап өткен жөн.

      2) Әр реттеушілік іс-қимыл бойынша қаржылық әсер жиілігін айқындау қажет.

      Жыл сайынғы немесе қайта шығасылар біржолғы шығасыларға қарағанда, маңыздырақ болуы мүмкін.

      3) Жоғарыда келтірілген деректерді қолдана отырып, ұсынылып отырған баламалы шараны сақтауға толық шығасыларды есептеу;

      4) Шығасылар ауқымын бағалау немесе басқа сөзбен айтқанда, қанша жеке кәсіпкерлік субъектісі осы реттегіш баламаны сақтауы керек және бұл ретте олар қандай шығынға ұшырайды деген сұраққа жауап беру қажет.

      Сондай-ақ кәсіпорынның көлеміне байланысты шығасылардың салыстырмалы әсерін қарау қажет. Ірі бизнеске салыстырмалы қаржылық әсер мұндай қаржылық жүктеменің шағын бизнеске әсерінен елеулі өзгеше болуы мүмкін.

      Сондай-ақ, ұсынылып отырған балама жеке кәсіпкерлік субъектісінің тыйымдар немесе жеке тауарлар мен қызметтерге бағаларды айқындау, жұмыс сағаттарын, ғимарат көлемін белгілеу және тағы басқа шаралар арқылы шектей ме деген мәселені қарау маңызды, мұндай шараның әсері шараны сақтау бойынша қарапайым тікелей шығасылардан неғұрлым маңызды.

      Пайда баламаны қолдану нәтижесінде халықтың әл-ауқатын жақсарту түрінде айқындалады. Бұдан басқа, мемлекеттік саясатты іске асыру нәтижесінде жол берілмеген шығасылар да пайда деп саналатын болады.

      4-қадам: Неғұрлым оңтайлы реттеуші баламаны таңдау.

      Проблемаларды басқалардан жақсы шешетін балама оңтайлы реттегіш балама болып табылады.

      Нұсқалардың арасындағы салыстыру базалық сценарий негізінде жүргізіледі. Неғұрлым оңтайлы баламаны таңдау жөнінде шешім қабылдау үшін мынадай өлшемшарттар пайданалынады:

      нәтижелілік – таңдалған нұсқалар қойылған міндеттерге қаншалықты жетеді;

      тиімділік – қойылған міндеттер берілген ресурстар деңгейінде немесе ең аз шығасыларда қаншалықты шешілуі мүмкін.

      Тиімділік өлшемшарты негізгі өлшемшарт болып табылады, яғни – ең жақсы балама ең аз шығасылар кезінде ең үлкен игілікті жинақтайды. Баламаларды тиімділік өлшемшарты бойынша салыстырудың бірқатар әдістері бар:

      шығын-пайданы талдау, ол әрбір балама бойынша жинақталатын шығасылар мен пайданы ақшалай өлшемге айырбастау мүмкін болған жағдайда қолданылады. Бұл үшін, әзірлеуші әсер етудің экономикалық және әлеуметтік жақтарын ескеру қажет. Бұл жағдайда, шешім қабылдау өлшемшарты - барлық баламалар осы өлшемшартқа сәйкес жіктелетіндей таза пайда (немесе жалпы пайда мен жалпы шығасылар арасындағы айырма);

      экономикалық тиімділікті талдау, ол барлық баламаларды пайдаланғаннан түскен пайданы ақшалай өлшемге айырбастау немесе оларды нақты есептеу мүмкін емес болғанда аса пайдалы. Дегенмен, түрлі баламалардан жинақталатын пайдалардың өлшем бірлігі, ақшалай өлшемі болмаса да, ұқсас өлшем бірлігі болады. Бұл жағдайда, шешім қабылдау қағидасы жоспарланған пайданың бірлігіне ең кем шығасылар жинақталатын мемлекеттіксаясатты айқындауға әкеледі;

      көп өлшемшартты талдау шығасылар мен пайда бірдей өлшенетін және өлшенбейтін кезде ең жақсы нұсқа болып табылады. Осындай әдіспен талдаушы, бірінші екі әдістер жағдайында тек бір өлшемшартқа қарағанда, шешім қабылдау үшін әртүрлі өлшемшартты бір уақытта анықтайды. Әрбір өлшемшартқа берілетін жүктемені есептеу субъективті тұрғыдан айқындалады. Реттеушілік әсерді талдаудың әзірлеушілеріне баламаларды бағалау өлшемшарты негізінде үнемі іріктеу ұсынылады. Бұл шешім қабылдауға жауапты тұлғаларға барлық ықтимал нұсқаларды зерттеуге мүмкіндік береді. Іріктеу, ықтимал теріс әсерді төмендету мақсатында кез келген ұсынылатын шараның құрылымын жетілдіруге, кез келген теріс әсерлерді жеңілдету үшін ілеспелі шараларды айқындауға және ең жақсы нәтиженің ықтималдығын арттыруға мүмкіндік береді.

      Баламаларды іріктеу үшін, талдаушы:

      белгілі бір міндетке қол жеткізу үшін әртүрлі баламалардың нәтижелілігі және нәтижелерді нақты салыстыру кестесі форматында көрсетуге;

      ең қолайлы балама және басқа мүмкін болатын баламалармен байланыстырылатын оң және теріс әсерлер балансына талдау жасауы тиіс.

      Баламаларды іріктеуді нәтижелілік өлшемшарты негізінде бастау және осылайша нәтижелілігі бойынша ең жоғары балл жинайтын, яғни қойылған тапсырманың талаптарына ең жақсы жауап беретін баламаны айқындау қажет.

      Мемлекеттік шараларды іске асыра отырып байланыстырылатын шығасыларды талдау мақсатында әртүрлі баламалардың тиімділігін айқындау келесі қадам болады. Көп жағдайларда мұндай талдау шараны іске асыру үшін сәйкес келетін бірнеше нұсқаларға әкелуі мүмкін. Мысалы, ең нәтижелі нұсқалар аса жоғары шығасылармен байланысты болуы немесе ең төмен нәтиже беретін нұсқа көптеген оң жанама әсер тудыра алатыны айқындалуы мүмкін. Осылайша, нәтижеліліктің осы аспектілері тиімділік аспектілерімен салыстырылады және нұсқаларды жалпы іріктеуді анықтайды. Процестің толық ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында есепте қол жеткізілген нәтижелерді нақты көрсету керек, оған жоспарланған әсерлерге белігі бір балдарды беру туралы ақпарат пен жүктемелердің қолданылған есептеулерін қосу қажет.

      Кейбір жағдайларда міндеттерді немесе баламаларды қайта тұжырымдау мүмкіндігін есепке алу немесе негізгі жақсы және жаман жақтарын тиімдірек айқындау үшін екінші реттік баламаны әзірлеу керек.

      Таңдау процесінде ұсынылатын шараның оң және теріс әсерлерін абайсызда жасалған жанама әсерлерді қоса алғанда, толық санау керек. Бұл сипаттама барлық ауыспалылар, мүмкіндігі бойынша базалық сценарийден ауытқуларда көрсетілген сандық деректерді қолдануға негізделуі керек. Қорытындыны кесте немесе график түрінде көрсету жиірек пайдалы болып келеді. Жалпы көріністі толықтыру үшін саналмайтын әсерлерді де қолдануға болатынын атап өтуге болады.

      Әдетте, ең тиімді және нәтижелі шара ең жоғары таза пайда әкеледі, ал осы екі есе тестіден өтетін кез келген балама қарастырудан өтуге лайықты. Дегенмен, саналмайтын элементтер таза пайдаға қалай әсер ететіндігі туралы талқылау да маңызды.

      5-қадам: Бағалау индикаторы

      Таңдалған және енгізілген реттегіш құралдардың болжанатын тиімділігін бағалау мүмкіндігі болу үшін іске асырғаннан кейін оларды бағалау индикаторлары мен тетіктері сипатталады. Мұндай бағалау экс-пост бағалау деп аталады және реттеу нәтижелілігін айқындау және қажет болған жағдайда нәтижелерді жақсарта алатын баламалы реформаларды табу үшін жүргізіледі. Экс-пост бағалау кері байланыс үшін пайдалы және реттегіш құралдардың нәтижелілігі мен тиімділігін қамтамасыз ете отырып, бар реттеуіштерді жақсартуға мүмкіндік береді.

      Индикатор өлшенетін шама болып табылады. Индикаторлар әдетте, олар реттеуді орындау проблемаларын, міндеттерін немесе шығасыларын өлшейтін деректерге негізделеді. Реттеушілік әсерді талдауды сүйемелдейтін ұсынылатын әрбір реттегіш құрал бойынша міндеттер мен шығасылар бойынша индикаторлардың шағын санын іріктеу өте маңызды. Осы индикаторлар реттегіш құралдың басты мәні мен оның ең көрнекті әсерлерін көрсетуі және қол жетімді, кезең-кезеңімен өлшенетін болуы тиіс. Өзін-өзі реттеуді енгізу кезінде индикаторды енгізу кезеңділігі үш жылдан аспауы тиіс.

      Бағалау индикаторларының жалпы түрі:

      Сандық индикаторлар: олар тіркелген сандық мәндермен тікелей өлшеу арқылы көрсетіледі (мысалы, бір жылда созылмалы тыныс алу органдарының аурулары нәтижесінде қазалы жағдайлар саны);

      Сапалық индикаторлар: олар, көзқарас, қандай да бір нәрсе туралы болжамдар сияқты жанама өлшенетін аспектілер арқылы көрсетіледі (мысалы, әлеуметтік сұрастыру деректері);

      Тікелей индикаторлар: олар міндеттерге немесе шығасыларға қатысты ауыспалыларды тікелей өлшейді;

      Жанама индикаторлар: олар, тікелей ауыспалыны өлшеу өте күрделі болған кезде, егер осындай өлшеу елеулі шығын, уақыт немесе күрделі есептеуді талап ететін болса, тікелей ауыспалыны ауыстырушыны өлшейді.

      Уәкілетті орган реттеушілік әсерді талдауды толық емес немесе сапасыз дайындаған және бағалау кезінде логикалық қателер болған жағдайда теріс қорытынды береді.

  Реттегіш құралдардың реттеушілік
әсерін талдауды жүргізу және
пайдалану қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Қоғамдық талқылау жүргізу туралы есеп

      ___________________________________________________ жобасы шеңберінде

      (құжат жобасының атауы)

      Жобаның әзірлеушісі__________________________________________________

1

Қоғамдық талқылау:

– оларды өткізу туралы хабардар ету күнін, қоғамдық талқылауды бастау күнін көрсетіңіз


2

Қоғамдық талқылауды өткізу тәсілі (форумдар, кеңестер, сауалнама және т.б. арқылы онлайн талқылау).

Кеңестер, дөңгелек үстелдер, форумдар, сауалнама және басқа түрінде іс-шаралар өткізу кезінде өткізу күнін және қатысушылар санын көрсету қажет.


3

Талқылауды кім жүргізді (барлық ұйымдарды, оның ішінде, мемлекеттік органдарды, қауымдастықтарды, кәсіпкерлерді, қоғамдық бірлестіктерді және т.б. көрсету қажет)


4

Алынған түсіндірмелер, ескертулер мен ұсыныстар

Әрбір ұстанымы бойынша реттеуші мемлекеттік органның/әзірлеуші органның тиісті шешімі бар түсіндірмелер, ескертулер және ұсыныстар түрінде алынған кестені қоғамдық талқылау хаттамасын немесе интернет-ресурстағы қорытындыны қоса беру қажет.

  Реттегіш құралдардың реттеушілік
әсерін талдауды өткізу және
пайдалану қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Реттеушілік әсерді талдау рәсімдерін сақтау туралы қорытынды

      ____________________________________________________жобасы шеңберінде

      (құжат жобасының атауы)

      Жобаны әзірлеуші ____________________________________________________

      Талап/реттеу_________________________________________________________

       (енгізілетін немесе қайта қарастырылатын талап/реттеу)


Уәкілетті орган толтырады

Жалпы бағалау параметрлері

1

РӘТ қоғамдық талқылау жүргізілді

Жоқ ___

Иә ___, "___"_________201__ж.

2

РӘТ әзірлеуде бір немесе бірнеше стандартты қадамның болмауы

Жоқ___

Иә ___

(қадамдар көрсетіледі)

3

Бір немесе бірнеше орындалған қадамдарда тиімді мәннің болмауы

Жоқ ___

Иә ___

Пікірлер

4

Бастапқы дереккөздері немесе олардың мәлімет көздеріне сілтемелер жоқ

Жоқ ___

Иә ___

(РӘТ қадамдары мен бөлімдері көрсетіледі)

РӘТ бөлімдерін бағалау

5

Проблема және оның болу себептері анықталған ба

Жоқ ___

Иә ___

Пікірлер

6

Проблеманың болу фактісін растайтын және оның ауқымын көрсететін деректер ұсынылған ба

Жоқ ___

Иә ___

Пікірлер

7

Реттеу мақсаты сәйкесінше тұжырымдалған ба? Ол проблема анықтамасымен сәйкес келеді ма?

Жоқ ___

Иә ___

Пікірлер

8

Деректердің жоспарлы өзгеруі және аталған өзгерістердің уақыт шеңберлері көрсетілген бе

Жоқ ___

Иә ___

Пікірлер

9

Баламалар анықталған ба

Жоқ ___

Иә ___

10

Баламаларға тұсаукесер және олардың әсеріне талдау жүргізілген бе

Жоқ ___

Иә ___

Сапа пікірлері

11

Ұсынылған баламалар рейтингісін талдау

Жоқ ___

Иә ___

Сапа пікірлері

12

Анықталған реттегіш құралды бағалау индикаторлары анықталған ба

Жоқ ___

Иә ___

Пікірлер

13

Индикаторларды өлшеудің ұсынылатын кезеңділігі

Жоқ ___

Иә ___

Пікірлер

14

Балама РӘТ жүргізу мерзімі

15 және 30 жұмыс күні

(қажеттінің астын сызыңыз)

15

Осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген құжат жобасының болуы

Жоқ ___

Иә ___

Пікірлер

16

Басқа пікірлер



      Қорытынды:

      Қолы_____________ күні "__"__________201__ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады