"Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 223 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 387 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 30 мамырда № 13750 болып тіркелді

      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7793 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 22 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                   Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму   
министрінің         
2016 жылғы 19 сәуірдегі   
№ 387 бұйрығына       
қосымша            

«Қазақстан Республикасы    
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің          
2012 жылғы 29 маусымдағы   
№ 223 бұйрығымен       
бекітілген»          

Нысан              

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫ ТАЛАПТАРЫНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫН ЖОЮ ТУРАЛЫ №________ НҰСҚАМА
ПРЕДПИСАНИЕ ОБ УСТРАНЕНИИ НАРУШЕНИЯ ТРЕБОВАНИЙ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ОБ ЭНЕРГОСБЕРЕЖЕНИИ И ПОВЫШЕНИИ ЭНЕРГОЭФФЕКТИВНОСТИ №_______

20__ жылғы/года «__» _______

______________________________________
құрастыру орны/место составления

      20___ жылғы «___» _____ тексеру тағайындау туралы № ______ актінің негізінде
      На основании Акта о назначении проверки от «____» __________ 20___ года № _____
_____________________________________________________________________
  (тексерілетін субъектінің атауы/наименование проверяемого субъекта)

қатысуымен/в присутствии ___________________________________________
_____________________________________________________________________
  (тексеруді жүргізу кезінде сол жерде болған жеке немесе заңды тұлға
                       өкілінің аты-жөні, лауазымы
        фамилия, инициалы, должность представителя физического или
       юридического лица, присутствовавших при проведении проверки)

      Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру туралы заңнамасы талаптарының сақталуына
тексеру (іріктелген, жоспардан тыс) жүргізілді/проведена
____________________ проверка (выборочная, внеплановая) cоблюдения
требований законодательства Республики Казахстан об энергосбережении
и повышении энергоэффективности
      20___ жылы «___» _____ тексеру нәтижелерi туралы № _______
актімен
      Актом о результатах проверки «____»_______ 20_____ года № _____
      талаптардың бұзушылықтары анықталды/установлены нарушения
требований
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (тексеру парағының атауы, бекітілген күні, №/наименование
                проверочного листа, дата утверждения, №)
      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы»
2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының
7-бабына сәйкес НҰСҚАМА беремін:
      В соответствии со статьей 7 Закона Республики Казахстан от 13
января 2012 года «Об энергосбережении и повышении
энергоэффективности» ПРЕДПИСЫВАЮ:
      1. Мынадай бұзушылықтар жойылсын/Устранить следующие
нарушения:

р/с № Нормативтік құқықтық актілердің тиісті тармақтарына сілтемені көрсете отырып анықталған бұзушылықтар/Выявленные нарушения с указанием ссылки на соответствующие пункты нормативных правовых актов Жою мерзімдері /Сроки устранения
1 2 3

1



2



3





      2. Нұсқаманың орындалғаны туралы ақпаратты растайтын
құжаттар қосымшасымен ұсыну/Представить информацию об исполнении
предписания с приложением подтверждающих документов в:
_____________________________________________________________________
      (тексеруді жүргізген органының атауы/наименование органа,
                        осуществившего проверку)

      Тексеру жүргізуге, нұсқаманы рәсімдеуге және беруге
уәкілетті лауазымды тұлға (лар)/Должностное (ые) лицо (а),
уполномоченное (ые) на проведение проверки, оформление и выдачу
предписания:
_____________________________________________________ _______________
   (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/      (қолы/подпись)
      (Фамилия, имя, отчество (при его наличии)
_____________________________________________________ _______________
   (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/      (қолы/подпись)
      (Фамилия, имя, отчество (при его наличии)
_____________________________________________________ _______________
   (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/      (қолы/подпись)
      (Фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      Нұсқамамен таныстым және бір данасын алдым:/С предписанием
ознакомлен и один экземпляр получил:
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объекті) басшысы (өкілі)/ (қолы/подпись)
Руководитель (представитель) проверяемого субъекта (объекта)
                                                    _________________
                                                       (күні/дата)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады