Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін арналған өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету депратаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) Басшысының 2016 жылғы 3 мамырдағы № 6001-16-7-6/183 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 489 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 2 маусымда № 13762 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 6001-18-7-6/121 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 265 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының 06.04.2018 № 6001-18-7-6/121 және ҚР Ішкі істер министрінің 06.04.2018 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сот органдарының әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдердің тиімділігі мен сапасын арттыру және тиісті күзетін қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін арналған өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі (Д.М. Омаров) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары Қ.О. Елібаевқа және Соттардың әкімшілеріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз
ету департаментінің
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Соты аппаратының) басшысы
____________І. Испанов

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_____________Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының жанындағы Соттардың
қызметін қамтамасыз ету департаменті
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының аппараты) басшысының
2016 жылғы 3 мамырдағы
№ 6001-16-7-6/183
және Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 5 мамырдағы № 489
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Соттар, Департамент және оның аумақтық огандары ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің "Қалалар мен облыстардың мамандандырылған күзет қызметі басқармасы" (МКҚБ) Мемлекеттік мекемесі сот приставтарымен өзара әрекеттесе отырып қамтамасыз етеді.

      3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) басшылық – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, облыстық және оларға теңестірілген соттардың сот алқаларының төрағалары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Жоғарғы Сот аппаратының) басшысы және оның орынбасарлары, Соттар әкімшілері басшылары және олардың орынбасарлары;

      2) бақылау және рұқсат беруді басқару жүйесі (бұдан әрі – БРБЖ) – техникалық, ақпараттық, бағдарламалық үйлесімділікке ие және соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимаратына келетін адамдарға, сондай-ақ іргелес жатқан аумақтағы көлікке рұқсат беруді бақылауды және басқаруды жүзеге асыратын бірлесе жұмыс істейтін техникалық бақылау және басқару құралдарының (механикалық, электрмеханикалық, электрлік, электрондық құрылғылар, конструкциялар және бағдарламалық құралдар) жиынтығы;

      3) бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі – БӨП) – келушілер мен көлік құралдарын өткізуді қамтамасыз етуге арналған арнайы үй-жай;

      4) біржолғы рұқсаттама – сот, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарына біржолғы кіруге (шығуға) құқық беретін құжат;

      5) келуші – соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарына келген, кәмелет жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам, сот процесіне қатысушылар, оның ішінде тыңдаушылар мен байқаушылар

      6) МКҚБ қызметкері – соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарында өткізу режимін қамтамасыз ететін қызметкер немесе БӨП бойынша кезекші

      7) өткізу және объектішілік режим – ішкі тәртіпті, өрт қауіпсіздігін сақтауды, сондай-ақ адамдардың бақылаусыз кіруі (шығуы), көлік құралдарының кіруі (шығуы), күзетілетін объектіге мүлікті бақылаусыз алып кіру (алып шығу), әкелу (әкету) және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес соттардың, Департаменттің және оның аумақтық органдарының аумағына және ғимараттарына алып өтуге (алып жүруге) тыйым салынған заттардың тізбесіне сәйкес соттардың, Департаменттің, оның аумақтық органдарының аумағына және ғимараттарына алып өтуге (алып жүруге) тыйым салынған заттарды (бұдан әрі – тыйым салынған заттар) санкцияланбаған алып өту (алып жүру) мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық іс-шаралардың жиынтығымен қамтамасыз етілетін соттардың, Департаменттің, оның аумақтық органдарының ғимараттары және оларға іргелес жатқан аумақтар шегінде белгіленген тәртіп;

      8) пайдаланушының уақытша карточкасы – келуші туралы деректерді қамтитын және Жоғарғы Сот және Департамент ғимаратына өту үшін оқитын құрылғымен ақпарат алмасу арқылы жұмыс істейтін электрондық коды бар БРБЖ пластикалық картасы

      9) соттар – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, жергілікті және басқа да соттар;

      10) полиция бекеті – соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимаратына кіретін орын немесе МКҚБ қызметкерлері өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерін орындайтын күзетілетін аумақ учаскесі.

      11) техникалық бақылау – тыйым салынған заттарды санкцияланбаған алып кіруді (алып шығуды), әкелуді (әкетуді), алып өтуді (алып жүруді) анықтауға арналған арнайы техникалық құралдарды қолдана отырып өткізілетін іс-шаралар жиынтығы.

      4. Жоғарғы Сот және Департамент аумағына және ғимаратына өткізу режимін ұйымдастыруды бақылау Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (бұдан әрі - ӘПК), жергілікті соттар мен Департаменттің аумақтық органдарының ғимараттарында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстардың және Астана, Алматы қалаларының мамандандырылған күзет қызметі басқармаларына жүктеледі,

      5. Өткізу режимі соттардың, Департаменттің және оның аумақтық органдарының кіру топтарында орнатылған БРБЖ арқылы жүзеге асырылады. Пайдаланушының уақытша карточкалары бойынша кіретін келушілердің фотобейнелері бар есептік деректері БРБЖ деректер қорына енгізіледі.

      6. Келушілер осы Қағидаларда белгіленген өткізу және объектішілік режимдер талаптарын сақтауы, сот қызметінің белгіленген тәртібін және жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларын сақтауы қажет.

      7. МКҚБ қызметкері күн сайын МКҚБ басшылығына және кезекшілік бөлімге сот ғимаратында өткізу және объектішілік режимдердің бұзылғандығы туралы рапортпен баяндайды, сондай-ақ Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөліміне (бұдан әрі - ІҚБ) хабарлайды.

2. Өткізу объектішілік режимдерді қамтамасыз ету тәртібі

      8. Өткізу режимі мынадай:

      1) соттар, Департамент және оның аумақтық органдары аумағына, әкімшілік ғимараттарына бөтен адамдардың өтуін болдырмау;

      2) тізбеде көрсетілген нәрселер мен заттардың алып кіруді (алып шығуды), әкелуді (әкетуді), алып өтуді (алып жүруді) болдырмау;

      3) шақырылғандарды қоспағанда, өзге де үй-жайларға келушілердің санкцияланбаған кіруін болдырмау;

      4) Соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарын терроризмге қарсы қорғау деңгейін арттыру;

      5) "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қоғамдық тәртіпті қорғау және сақтау, судьялардың, қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.

      9. Соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарына кіру мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

      1) пайдаланушының уақытша карточкасы – Жоғарғы Соттың және Департаменттің келушілеріне бір адамға және бір рет келу үшін ғана беріледі. Уақытша карточка жеке басты куәландыратын құжат болған кезде ресімделеді;

      2) біржолғы рұқсаттама – жергілікті соттар мен Департаменттің аумақтық органдарының келушілеріне бір адамға және бір рет келу үшін ғана беріледі. Рұқсаттама жеке басты куәландыратын құжат болған кезде, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді;

      3) келушілердің, оның ішінде Департаменттің құрылымдық бөлімшелері, Соттар әкімшілері мен соттар кеңселері ұсынған сот процестеріне қатысушылардың тізбелері негізінде жүзеге асырылады.

      10. Пайдаланушының уақытша карточкасы мен біржолғы рұқсаттамалары бойынша келушілерді кіргізу ішкі тәртіпке сәйкес белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

      11. Біржолғы рұқсаттамаларды беру сот кеңсесінің немесе Соттар әкімшісінің қызметкері жүзеге асырады.

      12. Біржолғы рұқсаттама келушіге біржолғы рұқсаттамада көрсетілген соттар мен Соттардың әкімшісі үй-жайына келуіне құқық береді. Келуші ғимаратқа кірген кезде МКҚБ қызметкеріне біржолғы рұқсаттаманы және жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді, оның деректері тиісті журналда тіркеледі.

      13. Біржолғы рұқсаттамаға сот не Соттар әкімшісі қызметкерінің белгі жасауынсыз келушінің шығуына жол берілмейді.

      14. Пайдаланушының уақытша карточкасын не біржолғы рұқсаттамасын ресімдеуге өтінімдерді Департаменттің, Сот не Соттар әкімшісі кеңсесінің қызметкерлері белгіленген жұмыс уақытында қабылдайды.

      15. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар аттары жазылған адамдар үшін ғана жарамды. Оларды басқа адамдарға беруге рұқсат берілмейді.

      16. Кіру құқығына құжаттарды ресімдеуде бұзушылық, құжаттың жасанды болудың және оны берушіге сәйкес болмауының, фотобейненің кіруші келбетімен сәйкес келмеуінің белгілері және өзге де бұзушылықтар анықталған жағдайда МКҚБ қызметкері осы адамды ұстауға шаралар қолданып, МКҚБ және ІҚБ басшылығына бұл туралы хабарлайды.

      17. Сот, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарына қызметкерлердің ауызша өкімі бойынша келушілердің кіруіне жол берілмейді.

      18. Төтенше жағдайлар уақытында келушілерді өткізу тоқтатылады.

      19. Пайдаланушының уақытша карточкасына не келушінің біржолғы рұқсаттамасына телефон арқылы тапсырыс беруге:

      1) басшылық;

      2) судьялар;

      3) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және олардың орынбасарларының;

      3) Соттар әкімшісі құрылымдық бөлімшелері басшыларының;

      4) жергілікті соттардың кеңселері меңгерушілерінің құқығы бар.

      20. Келушінің біржолғы рұқсаттамасына тапсырыс берілген кезде рұқсаттамаға тапсырыс берген адамның лауазымы, келушінің тегі, аты мен әкесінің аты, кабинет нөмірі, сондай-ақ келушімен бірге жүру үшін жауапты қызметкердің тегі мен аты-жөні хабарланады.

      Бірге жүретін адам ғимаратқа кірген кезден және ғимаратқа шыққан кезге дейін келушімен бірге жүруді қамтамасыз етеді.

      Бірге жүретін адамсыз келушілер ғимаратқа жіберілмейді.

      21. Келушілер құрылымдық бөлімшенің қызметтік үй-жайларында осы бөлімшелер қызметкерлерінің қатысуымен ғана болады, жауапкершілік рұқсаттамаға тапсырыс берген адамға жүктеледі.

      22. Соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарына кірген кезде келушілерге, оның ішінде сот процесіне қатысушыларға қатысты бақылаудың арнайы жабдығы мен техникалық құралдары пайдаланыла отырып техникалық бақылау жүзеге асырылады.

      Жоғарыда көрсетілген жабдық пен техникалық құралдар қол жүгі мен жеке заттарды қарап-тексеру кезінде де пайдаланылады.

      Бақылаудың арнайы техникалық құралдары іске қосылған жағдайда МКҚБ қызметкері адамға көзбен қарап-тексеру үшін заттарды көрсетуді ұсынады.

      Арнайы құралдарды пайдалана отырып техникалық бақылау көрсетілген құралдардың істен шығуы (не олардың болмауы) себебі бойынша мүмкін болмаған жағдайларда келуші дербес МКҚБ қызметкеріне көзбен шолып қарап-тексеру үшін қол жүгін (сөмкелер, портфельдер, пакеттер, барсеткалар және т.б.) ашық түрде көрсетеді.

      23. Келушінің заттарында өткізу үшін тыйым салынған нәрселер бар екеніне жеткілікті негіздеулер бар болған кезде сыртқы тексеріп-қарау жүргізіледі. Сыртқы тексеріп-қарауды тексеріп-қаралатын адаммен бір жыныстағы МКҚБ қызметкерлері жеке үй-жайда және сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі, бұл ретте МКҚБ қызметкерінің әрекеттері жеке тексеріп-қарауды жүргізген кезде тексеріп-қаралатын адамның абырой мен қадір-қасиетіне қысымшылық жасамауға тиіс.

      24. Адамның техникалық бақылаудан немесе тексеріп-қараудан өтпеуі оның ғимаратқа өтуінен бас тартуы үшін негіз болып табылады.

      25. Келушілерге және сот процесіне қатысушыларға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 19-бабында және Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 345-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбеде көрсетілген техникалық құралдарды сот ғимаратына алып кіруге (алып өтуге) рұқсат берілмейді.

      26. Сот процесіне қатысушы сотта істі талқылау басталғанға дейін іске қатысатын адамдардың пікірін ескере отырып, фото- және бейнеге түсіру құралдарын сот отырысы залында пайдалану туралы өтінішпен төрағалық етушіге жүгінуге құқылы.

      27. Келушіде, сот процесіне қатысушыда оқ ататын, суық қару, арнайы құралдар, оқ-дәрілер (рұқсат ету құжаттарынсыз), есірткі заттары, жарылғыш, жанғыш, тез тұтанатын, уытты, улы, радиоактивті заттар анықталған кезде МКҚБ қызметкері оны ұстауға шаралар қолданады және кейіннен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес әрекет етеді.

      28. Сот, Департамент және оның аумақтық органдары аумағына және ғимаратына тізбенің 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген алып өтуге тыйым салынған заттар ғимаратқа кіру кезінде полиция бекетіндегі арнайы жеке ұяшықтарда қалдырылады.

      29. Сот ғимаратына қарумен немесе арнайы құралдармен келген және оларға рұқсаты бар адамдар оларды МКҚБ полициясы нарядының арнайы сейфінде қалдырады, бұл туралы тиісті журналда жазба жасалады.

      30. МКҚБ қызметкерлерінің мен сот приставтарының Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" және "Сот приставтары туралы" заңдарында айқындалған тәртіппен арнайы құралдарды, оқ ататын және өзге де қаруды қолдануға, дене күшін, оның ішінде күрестің жауынгерлік тәсілдерін қолдануға құқығы бар.

      31. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сот, Департамент және оның аумақтық органдары аумағына және ғимаратына бұқаралық ақпарат құралдарының шақырылған өкілдерінің олардың кәсіби қызметіне байланысты бейне, кино және фотоаппаратурасымен кіруіне рұқсат етіледі.

      32. Сот процесіне қатысушылар полиция бекетіне ұсынылған тізімдер бойынша соттарға өтеді. Сот приставтары олар техникалық бақылаудан өткеннен кейін күту залына өздерінің бірге жүруін қамтамасыз етеді.

      33. Сот процесіне қатысушыларды тіркеуді сот приставы не сот кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады. Сот процесіне қатысушыларды тіркеу сот ғимаратына кірген кезде жеке басты куәландыратын құжатты көрсету бойынша жүргізіледі.

      Тараптардың өкілдері қосымша олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге тиіс.

      34. Сот процесіне қатысушылар күту залында күтеді, оларға судьялардың және қызметкерлердің қызметтік үй-жайларына шақырусыз кіруге тыйым салынады.

      35. Хат-хабарды тапсыру (алу) үшін келген келушілерді ғимаратқа кіргізу (МКҚБ полициясы посты арқылы) олар техникалық бақылаудан өткен соң жүзеге асырылады, хат-хабарды алғанға дейін келушілер күту залында болады.

      36. Судьялардың, Департамент және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің азаматтарды (туыстарды, таныстарды) жеке мәселелер бойынша қабылдауына тыйым салынады.

      37. Басшылық келушілерді қабылдаған кезде оларды алып жүруді сот приставы не басшылық айқындайтын Департаменттің, Сот әкімшісінің қызметкері жүзеге асырады.

      38. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін және демалыс күндері келушілерді ғимаратқа кіргізу тоқтатылады.

      39. Келушілердің сот, Департамент және оның аумақтық органдары ғимаратына алкогольдік, есірткілік немесе уыттық масаң күйінде кіруіне рұқсат берілмейді.

  Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының, жергілікті соттарының, Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз ету
департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының аппаратының) және оның аумақтық
органдарының аумағында және ғимараттарында
келушілер үшін өткізу және объектішілік
режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі
қағидаларға 1-қосымша

Сот, Департамент және оның аумақтық органдары аумағына және ғимаратына алып өтуге (алып жүруге) тыйым салынған заттардың тізбесі

      1) Атыс және суық қару;

      2) Жарылғыш заттар, жарылатын құрылғылар, тез тұтанатын сұйықтықтар;

      3) Уландырғыш заттар;

      4) Қатты әсер ететін улы заттар;

      5) Бактериологиялық, биологиялық және химиялық заттар;

      6) Радиоактивті заттар;

      7) Есірткілік, психотроптық заттар;

      8) Бейне-, кино- және фотоаппаратура;

      9) Жазатын құрылғылар, көзбен байқау құралдары, есептегіш техника;

      10) Радиотехникалық және басқа аппаратура;

      11) Қоңырау/хабарлама/жауап функциялары бар телефондарды қоспағанда, мобильдік құрылғылар (интернет модульдері бар ұялы телефондар, смартфондар, планшеттер және т.б.);

      12) Машиналық ақпарат жеткізгіштер (флеш-карталар, USB-дискілер т.б.);

      13) Техникалық, оның ішінде деректер беруге, сондай-ақ халықаралық жаһандық желілерге және Интернет желісіне шығуға мүмкіндігі бар сымсыз құрылғылар (Wi-Fi, Bluetooth, 3G, 4G және т.б.)

  Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының, жергілікті соттарының, Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз ету
департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының аппаратының) және оның аумақтық
органдарының аумағында және ғимараттарында
келушілер үшін өткізу және объектішілік
режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі
қағидаларға 2-қосымша

      Нысан

Біржолғы рұқсаттама

Біржолғы рұқсаттама түбіртек № ___________

Азамат (ша)______________________

Құжат№___________________________

Қайдан келді_____________________

Кімге келді______________________

Ғимарат № _____каб. № ___________

Бірге жүретін____________________

Берілген уақыты__________________

Берілген күні____________20_____ж.

Рұқсаттама бюросының қолы _____________________

Біржолғы рұқсаттама № ___________

Азамат (ша) ___________________________берілді

Құжат№____________________________

Қайдан келді______________________

Кімге келді_______________________

Ғимарат № _______ каб. №__________

Бірге жүретін____________________

Берілген уақыты___________________

Берілген күні____________20_____ж.

Рұқсаттама бюросының қолы ______________________



Рұқсаттама Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды

Келушінің шыққан уақыты _________

Шақырған адамның қолы ___________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады