"Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 308 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 маусымда № 13765 болып тіркелді

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7876 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 609-614 (27687) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларында:
      2-тармақта:
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) оқу-әдістемелік құрал (бұдан әрі – ОӘҚ) – оқыту пәнін, оның тарауын, бөлігін оқыту және меңгеру немесе тәрбиенің әдістемелері бойынша материалдарды қамтитын оқу басылымының түрі;»;
      мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
      «23) бірыңғай базалық оқулық – бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда міндетті түрде пайдаланылатын оқулық.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау ҚР МЖБС-ға, үлгілік оқу жоспарларына, оқу пәні (пәндері) бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына, психологиялық-педагогикалық және дидактикалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. «Оқулық» орталығы оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға ғылыми және педагогикалық сараптаманы жүргізеді.»;
      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға, соның ішінде электрондық жеткізгіштердегі ғылыми және педагогикалық сараптама жасау мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріне ғалымдарды, жоғары және бірінші санатты мұғалімдерді жұмылдыра отырып жасалады, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша ғалымдар мен техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары, өндіріс, кәсіпорын және басқа да ұйым өкілдері тартыла отырып жүргізіледі.
      Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мамандықтарына арналған оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сараптама ғалымдарды, жоғары оқу орындарының оқытушыларын, өндіріс, кәсіпорын және басқа да ұйым өкілдерін жұмылдыра отырып жасалады.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Уәкілетті орган оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптамаға қабылдауды мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлері үшін ағымдағы жылғы қаңтар мен мамыр аралығындағы кезеңде, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері үшін ағымдағы жылғы қаңтар мен қазан аралығындағы кезеңде ұйымдастырады.»;
      12-тармақта:
      4-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар үшін пән бойынша оқу бағдарламасы;»;
      7-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      7) техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білімнің оқу басылымдары үшін – техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының республикалық оқу-әдістемелік бірлестік шешімінен үзінді, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдары үшін – мамандықтардың топтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің шешімінен үзінді;
      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) төлемді растайтын құжат (сараптаманы ақылы негізде өткізген жағдайда)»;
      13-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 19 және 19-1-баптарына сәйкес сараптаманы өткізу үшін материалдарды қабылдаудан бас тартады.»;
      16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейіне арналған оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға, соның ішінде электрондық жеткізгіштерде:
      оң сараптамалық шешім алған жағдайда – «білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылады», ал сынаққа жолданатын оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға – «білім беру ұйымдарында сынақтан өткізуге ұсынылады»;
      сараптамалық шешімде жоюды қажет ететін ескертулер болған жағдайда – «өңдеуді қажет етеді», соның ішінде сынаққа жіберілетін оқу әдебиеттері үшін;
      теріс сараптамалық шешім алған жағдайда – «білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылмайды», сонымен бірге сынаққа жіберілетін оқу әдебиеттеріне – «білім беру ұйымдарында сынақтан өткізуге ұсынылмайды.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар бастауыш білім берудің жаңартылған білім мазмұны бойынша сынақтан өтеді.»;
      мынадай мазмұндағы 20-1, 20-2, 20-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «20-1. Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сынақ өткізу республикалық және жергілікті бюджет қаражаты және әзірлеушінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
      20-2. Министрлік оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сынақ өткізетін эксперименттік білім беру ұйымдарының тізімін және оқулықтар мен ОӘК тізбесін қалыптастырады.
      20-3. Министрлік сынақ өткізудің мерзімін белгілейді және сынақты өткізуге жауапты ұйымды анықтайды.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сынақ нәтижелерін сынақты өткізуге жауапты ұйымдар «Оқулық» орталығына тапсырады.»;
      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары уәкілетті органға келесі оқу жылына Оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тiзбесiне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес тендердің нәтижелері бойынша оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды жеткізу жөнінде мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты жыл сайын жиырма бесінші мамырға дейін, ал оныншы тамыздан кешіктірмей бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің оқулықтары, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуі туралы ақпаратты ұсынады.
      25. Министрлік оқулықтар мониторингінің нәтижелері бойынша білім беру ұйымдары тарапынан сұраныссыз қалған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды Тізбеден алып тастау туралы шешім қабылдайды.»;
      26-тармақта:
      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Министрлік оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптама және сынақ жүргізу нәтижелерін қарастыру жөніндегі Республикалық комиссияны (бұдан әрі – Республикалық комиссия) құрады.
      жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Пәндік комиссиялар:
      1) мектепке дейінгі оқыту және тәрбие, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлеріне арналған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды, олардың сараптама, сынақ нәтижелерін қарастырады;
      2) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлеріне арналған оқулықтарды қоғамдық бағалау қорытындыларын қарастырады.»;
      27-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) сараптама нәтижелерін және пәндік комиссиялардың ұсыныстарын есепке ала отырып, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 27) тармақшасына сәйкес оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды, бірыңғай базалық оқулықтарды іріктейді;»;
      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Республикалық комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.
      Отырыс Республикалық комиссия мүшелерінің жартысынан көп бөлігі қатысқанда заңды болып табылады.
      Оң сараптамалық қорытынды алған және бірыңғай базалық оқулық ретінде анықталмаған оқулықтар Тізбеге қосымша пайдаланылатын оқулықтар ретінде енгізіледі.
      Республикалық комиссияның шешімі қайта қарастырылмайды.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешімге шағым жасауға болады.
      29. Тізбеге бір оқу пәні бойынша бестен артық емес балама оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар енгізіледі.
      Министрлік бекіткен Тізбе www.edu.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылады.»;
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Уәкілетті органның «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етіледі» деген грифі мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінің оқу әдебиеттері үшін келесі төрт оқу жылы ішінде, арнайы білім беру ұйымдары үшін келесі алты оқу жылы ішінде қолданыста болады, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлерінің оқу әдебиеттері үшін шектелмейді.».
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Н. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін осы бұйрықтың көшірмесін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармалары осы бұйрықты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С.Н. Нюсуповке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым Министрі                  Е. Сағадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады