"Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 8-НҚ қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 маусымда № 13777 болып тіркелді

      «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12680 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне 2016 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы Ұлттық комиссияның төрағасы болып табылады.
      Ұлттық комиссияның жұмыс органы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) болып табылады.
      Ұлттық комиссияның төрағасы осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген ұйымдар басшыларының ұсыныстары негізінде Ұлттық комиссияның дербес құрамын бекітеді.
      Ұлттық комиссия Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің (келісім бойынша) өкілдерінен, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның екі өкілінен және екеуі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының мүдделерін білдіретін Есеп комитетінің бес өкілінен тұрады.
      Өкілдік мемлекеттік саяси қызметшілер және/немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері деңгейінде қамтамасыз етіледі.».
      2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
      атқарылуын бақылау жөніндегі
      есеп комитетінің Төрағасы                  Қ. Жаңбыршин

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ___________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы 11 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады