"Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 473 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 маусымда № 13782 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 43-2-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9200 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 сәуірде "Егемен Қазақстан" газетінде № 63 (28287) жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тілінде мәтіні өзгермейді:

      "Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тілінде мәтіні өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидасы бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тілінде мәтіні өзгермейді:

      "Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидалар";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тілінде мәтіні өзгермейді:

      "1. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 43-2-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Рұқсат алу үшін еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тіркелген жері бойынша көші-қон полициясы бөлінісіне мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру (ұзарту) туралы сауалнама-өтініш;

      2) жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегені туралы түбіртек көшірмесін (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі);

      3) Мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы белгісі бар жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі);

      4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 86/е нысан бойынша медициналық анықтаманы;

      5) жүргізілген дактилоскопиялау және суретке түсіру туралы анықтама – осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке ұсынады (Көшіп келушінің алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде еңбек рұқсатын алғаны туралы мәліметтер болған кезде дактилоскопиялау және суретке түсіру жүргізілмейді).

      Басқа құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Қазақстан Республикасына кірген немесе бастапқы тіркелген кезде көрсетілген шетелдіктің кіру мақсаты еңбекші көшіп келушіге рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайды.";

      17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Рұқсатты ұзарту үшін еңбекші көшіп-келуші Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тіркелген жері бойынша көші-қон полициясы бөлінісіне мынадай құжаттарды:

      1) Қағиданың 5-бабының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды;

      2) еңбекші көшіп-келушіге бұрын берілген рұқсат;

      3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көшіп-келуші арасында жасалған еңбек шартының көшірмесін;

      4) медициналық сақтандырудың көшірмесін (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі).";

      22-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "22. Еңбекші көшіп келушінің рұқсатын ұзарту материалдары рұқсатты бастапқы берген жеріне жіберілмейді, ол ұзартуды ресімдеген көші-қон полициясы бөлінісінде сақталады. Рұқсатты бастапқы алудың және ұзарту материалдарын сақтау мерзімі – 1 жыл.

      Рұқсат абайсызда бүлінген немесе жоғалған жағдайда, қызметкер аумақтық ішкі істер органдары бөлінісі басшылығының атына ерікті түрде ресімделген өтініштің негізінде "Бүркіт" БАЖ бойынша тиісті тексерістен кейін рұқсаттың телнұсқасын береді.";

      Қағидаға 1, 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 3 мамырдағы
№ 473 бұйрығына
1-қосымша
  Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру,
ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ
еңбекші көшіп келушілерді тіркеу,
олардың дактилоскопиялық,
фотоесептерін қалыптастыру және
жүргізу қағидасына
1-қосымша

      Нысан

ЕҢБЕКШІ КӨШІП КЕЛУШІНІҢ РҰҚСАТЫ
№ ____________________

      Тегі ________________________________________________________________

      Аты _________________________________________________________________

      Әкесінің аты (болса) ________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың №__________________________________

      Азаматтығы __________________________________________________________

      20___жылғы "____" _______ бастап 20___ жылғы "____" _______

      аралығында

      ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДА ҮЙ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІ РЕТІНДЕ ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ

      АСЫРУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

      Көші-қон полициясының жауапты қызметкері

      20___ жылғы "___" _________ М.О.

      Т.А.Ә (болса)., лауазымы ________________________________ қолы.

      Еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзімі 20 __ жылғы "____"

      _______ дейін ұзартылды.

      Көші-қон полициясының жауапты қызметкері

      20___ жылғы "___" _________ М.О.

      Т.А.Ә (болса)., лауазымы ________________________________ қолы.

      Еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзімі 20___ жылғы "____"

      _______ дейін ұзартылды.

      Көші-қон полициясының жауапты қызметкері

      20___ жылғы "___" _________ М.О.

      Т.А.Ә (болса)., лауазымы ________________________________ қолы.

      Еңбекші көшіп келуші рұқсатының жарамдылық мерзімі 20 ___ жылғы "___"

      _______ дейін ұзартылды.

      Көші-қон полициясының жауапты қызметкері

      20___ жылғы "___" _________ М.О.

      Т.А.Ә(болса)., лауазымы ________________________________ қолы.

      РҰҚСАТ ЖЕКЕ БАСТЫ КУӘЛАНДЫРАТЫН ҚҰЖЗАТТЫ

      ҰСЫНҒАН КЕЗДЕ ҒАНА ЖАРАМДЫ

      Көші-қон полициясының жауапты қызметкері

      20___ жылғы "___" _________ М.О.

      Т.А.Ә (болса)., лауазымы _______________________________ қолы.

      Рұқсаттың көлемі 88х125 мм.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 3 мамырдағы
№ 473 бұйрығына
2-қосымша
  Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру,
ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ
еңбекші көшіп келушілерді тіркеу,
олардың дактилоскопиялық,
фотоесептерін қалыптастыру және
жүргізу қағидасына
2-қосымша

      Нысан

Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру (ұзарту) туралы
сауалнама-өтініш

      ІД КҚПБ (б) бастығы ____________

      Азамат (азаматтығы) ___________________

      Тегі _________________

      Аты _________________

      Әкесінің аты (болса) _________________

      Туған күні _______________________

      Туған жері _______________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы мен № _____________________

      Сізден жұмыс беруші - жеке тұлғаларда үй шаруашылығында

      жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) үшін еңбекші көшіп келушіге

      1, 2, 3 ай мерзімге (керек емесінің астын сызыңыз) рұқсат

      беруіңізді/ұзартуыңызды (керек емесінің астын сызыңыз) сұраймын.

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

      Тұрақты тұратын жерім _________________________________________

      (азаматтығы, тұрақты тұратын жерінің толық мекенжайы, ел, облыс,

      қала, аудан, кент, көше, үйдің нөмірі, телефон, оның ішінде ұялы

      телефон көрсетіледі).

      Отбасы құрамы: ________________________________________________

      (отбасы жағдайы, жұбайының анықтамалық деректері/ және (Т.А.Ә

      (болса)., туған жылы), балалар саны, үй телефоны көрсетіледі).

      Шетелдегі ықтимал байланыстары:

      (күтпеген мән-жайлар туындаған кезде байланысты ықтимал орнату

      үшін жақын туыстары, олардың байланыстары көрсетіледі).

      4. Қазақстан Республикасындағы туыстары немесе таныстары

      (туыстық дәрежесі, толық мекенжайы, байланыс телефоны, оның ішінде

      ұялы телефоны көрсетіледі).

      _______________________________________________________________

      5. Қазақстан Республикасында уақытша тұратын мекенжайы (қала,

      аудан, көше, үй, пәтер, телефон, оның ішінде ұялы телефон).

      _______________________________________________________________

      6. Жұмыс берушінің мекенжайы __________________________________

      (жұмыс орны, қала, аудан, көше, үй, пәтер, телефоны, оның ішінде ұялы

      телефоны

      6-тармақ ұзартқан кезде толтырылады.

      Көші-қон және салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы

      ескертілдім.

      Т.А.Ә (болса). қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады