"Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2014 жылғы 14 наурыздағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 195 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 маусымда № 13799 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1200 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 29.12.2016 № 1200  (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 106 бұйрығына (әрі қарай -
Ереже), (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9242 болып тіркелген, 2014 жылы 31 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің ережесінде:
      34-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және сот-сараптама қызметін лицензиялау саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
      4. Комиссияның құрамы мүшелердің тақ санынан (кемінде бес адам
емес) тұрады. Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары Комиссия төрағасы болып табылады.
      Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің  сот сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің және ғылыми дәрежесі немесе осы ғылым саласында кемінде 5 жыл ғылыми және сарапшылық өтілі бар Сот сараптамасы орталығының өкілдері енгізіледі».
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны беруді немесе беруден бас тартуды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті жүргізеді».
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама  қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                            Б. Имашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады