Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1200 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 9 қаңтарда № 14653 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 326 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 30.03.2017 № 326 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы" Казақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің қағидалары бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметі туралы ереже" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 106 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9242 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметі туралы ереже" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 106 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 195 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13799 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтытың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1200 бұйрығымен бекітілген

Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметі туралы қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қызметінің тәртібін және құрамын айқындайды.

      2. Комиссия Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (әрі қарай – Министрлік) жанынан құрылады.

      3. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының лицензиялау және сот сараптама қызметі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

2-тарау. Комиссия құрамының қызметінің тәртібі

      4. Комиссияның құрамы мүшелердің тақ санынан (кемінде бес адам) тұрады. Комиссия төрағасын Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары Комиссия мүшелері қатарынан тағайындайды.

      Комиссия құрамына Министрліктің Сот сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің және сот сараптама органдарының ғылыми дәрежесі немесе осы арнаулы ғылыми білім саласында кемінде 5 жыл ғылыми және сарапшылық жұмыс өтілі бар өкілдері енгізіледі.

      Комиссияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 48 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне арызданушының сәйкестігін анықтау (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10309 болып тіркелген) болып табылады.

      Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:

      1) жеке адамға сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны беру, әрекетін тоқтата тұру, сондай-ақ қайта жалғастыру және тоқтату туралы шешім қабылдайды;

      2) "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы талап арызды дайындау туралы ұсыныс жасайды.

      7. Комиссия төрағасы оның жұмысына басшылық жасайды, Комиссия отырысын өткізеді, Комиссия жұмысын жоспарлайды және оның жұмысына бақылауды жүзеге асырады.

      Комиссия төрағасы болмаған жағдайда (іссапар, еңбекке уақытша жарамсыз, демалыс) оның міндетін бекітілген Комиссия құрамының тізімі бойынша бірінші тұрған Комиссия төрағасының орынбасары, ол болмаған жағдайда тізім бойынша келесісі атқарады.

      8. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелері отырыстың уақыты мен орны туралы хабардар етіледі.

      9. Комиссия мүшелері отырысқа қатысу жөніндегі өз өкілеттіктерін басқа адамдарға бермейді.

      10. Комиссия хатшысы отырысты өткізуге арналған материалдарды дайындауды жүзеге асырады және оларды Комиссияға ұсынады, ісін жүргізеді.

      Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

      11. Комиссия шешімі лицензиялауға ұсынылған құжаттардың, Комиссия мүшелерінің қатысып отырған санының қарапайым көпшілігінің ашық дауыс беру арқылы қорытынды беруінің негізінде қабылданады және оны төрағалық етуші хабарлайды.

      Дауыстардың саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      12. Комиссия отырысы хаттамаланады, отырысты өткізу нәтижесі бойынша Комиссия отырысының хаттамасына Комиссия мүшелері қол қояды.

      13. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда Комиссия мүшелері өз пікірлерін жазбаша түрде баядауға құқылы, ол отырыс хаттамасына тіркеледі.

      14. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны беру кезінде беру немесе беруден бас тартуды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады