БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10830 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Зиянды және қауіпті өндірістік факторларымен жұмысқа, сондай-ақ жерасты жұмыстарына адамдарды қабылдауды олар алдын ала медициналық қарап-тексеруден өткеннен кейін және денсаулығының жай-күйі бойынша қарсы көрсеткіштердің болмауы анықталғаннан кейін жұмыс беруші жүзеге асырады";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Жұмыскер медициналық қарап-тексеруден жалтарған жағдайда немесе өткізілген қарап-тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдарды орындамаса, жұмыскер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек міндеттерін орындаудан шеттетіледі".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Энергетика министрі | Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
____________ Т. Дүйсенова
2016 жылғы 7 мамыр