"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11193 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы";
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидалары";
Қағидалардың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы заңдарына сәйкес азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (бұдан әрі – пиротехникалық заттар мен бұйымдар) сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін айқындайды.";
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сатып алу, сақтау және есепке алу тәртібі";
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3, 3-4-тармақтармен толықтырылсын:
3-1. Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды әзірлеу, өндіру, пайдалану және сату жөніндегі қызметтің кіші түріне лицензиясы бар заңды тұлғалар (бұдан әрі – Заңды тұлғалар) оларды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсаты негізінде сатып алады.
3-2. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар сатып алынғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес келетін және есепке алынатын өнімнің сақталуын, есепке алынуын және бар-жоғын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық өнімді сату үшін арнайы жабдықталған меншікті немесе жалға алу құқығындағы үй-жайлардың және (немесе) сақтау қоймаларына орналастырылады.
3-3. Заңды тұлғалар қызмет көрсететін аумағында дайын пиротехникалық өнімдерді сату үшін арнайы жабдықталған үй-жай және (немесе) сақтау қоймасы орналасқан ішкі істер органына пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сатып алуға рұқсатты алу үшін:
1) сатып алуға рұқсат алуға арналған еркін нысандағы өтінішін;
2) сатып алу кезінде пиротехникалық заттар мен бұйымдарға рұқсаты бар адамдарда "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша (психикалық аурулар, алкоголизм немесе нашақорлық) көрсеткіштердің жоқтығы туралы медициналық анықтамаларды;
3) пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сатып алуға жауапты адамды (дарды) тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесін;
4) ерекшеліктерін қоса бере отырып, пиротехникалық заттар мен бұйымдарды жеткізуге немесе сатып алуға арналған шарттың (келісімшарттың) көшірмесін ұсынады.
Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау жөніндегі полиция қызметкері ұсынылған құжаттарды және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтерді:
пиротехникалық заттар мен бұйымдарға рұқсаты бар адамдарда соттылығының болмауы;
заңды тұлғада азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, пайдалану, сату қызметінің кіші түрлеріне лицензиясының, арнайы жабдықталған (меншікті немесе жалға алу құқығындағы) үй-жайлардың болуы мәніне тексереді және салыстыра тексеру нәтижелері қағаз тасымалдағышта қоса беріледі.
3-4. Пиротехникалық бұйымдарды сату жөніндегі қызметтің кіші түріне лицензиясы бар заңды тұлғалар I-ден бастап III-ші сыныпты қауіпті пиротехникалық заттар мен бұйымдарды жеке тұлғаларға жеке пайдалану үшін сатып алуға рұқсатынсыз (еркін түрде) сатады.";
осы бұйрық 3-қосымшамен толықтырылсын.".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу қорытындысын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | |
полиция генерал-полковнигі | Қ. Қасымов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
________________ Д. Абаев
2016 жылғы 31 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
________________Ә. Исекешев
2016 жылғы 30 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 26 мамыр
нысан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
_____________________________________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
Азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасаған
бұйымдарды сатып алуға № ___ рұқсат
Қызмет түрі _________________________________________________________
Сатып алу мақсаты ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН, заңды тұлғаның мекенжайы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),
қызметтік телефоны)
жеке жауапкершілігіне берілді.
Азаматтық пиротехникалық заттардың және бұйымдардың атауы мен саны осы рұқсатқа қосымшада көрсетілген
Рұқсаттың берілген күні 20 жылғы " "
Рұқсаттың қолданылу мерзімі 20 жылғы " "
Рұқсатты берген органның басшысы ____________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған кезде)
Мөр орны
Азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға № ___ рұқсатқа қосымша |
Азаматтық пиротехникалық заттардың және бұйымдардың атауы мен саны
Р/с № | Атауы | Саны | Ескертпе |