"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы органдарында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 52 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 374 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 шілдеде № 13859 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 306 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 27.03.2017 № 306 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы органдарында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10277 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 наурызда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

29

Сот-психиатриялық сараптама

Сот-психиатриялық зерттеу

29.1


       ".

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптамалық қызметті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б. Имашев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады