Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 306 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 сәуірде № 14992 болып тіркелді.

      "Сот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған осы бұйрықтың қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 306 бұйрығымен
бекітілді

Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 12.12.2017 № 1568 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.06.2018 № 899 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Сараптама түрі

Сарапшылық мамандық

Мамандық шифрі

1

Құжаттардың сот сараптамасы

Жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу

1.1

Құжаттарды сот-техникалық зерттеу

1.2

Сот автортану зерттеуі

1.3

2

Сот портреттік сараптамасы

Сот-сараптамалық габитологиялық зерттеу

2.1

3

Сот бейнефонографиялық сараптамасы

"Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу.
Дауысты және дыбысталған сөздерді спектральді (аспаптық) зерттеу"

3.1

"Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу.
Дауыс және дыбысталған сөздерді аудитивтік және лингвистикалық зерттеу"

3.2

4

Сот фототехникалық сараптамасы

Сот-сараптамалық фототехникалық зерттеу

4.1

5

Сот трасологиялық сараптамасы

Сот-сараптамалық трасологиялық зерттеу

5.1

6

Сот баллистикалық сараптамасы

Сот-сараптамалық баллистикалық зерттеу

6.1

7

Заттар мен материалдардың сот сараптамасы
 

Лакты бояу материалдарын, жабындар мен полимер материалдарын сот-сараптамалық зерттеу

7.1

Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу

7.2

Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу

7.3

Топырақты сот-сараптамалық зерттеу

7.4

Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу

7.5

Спирт құрамды сұйықтықтарды сот-сараптамалық зерттеу

7.6

Арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу

7.7

Әйнектен, керамикадан және силикат құрылыс материалдарынан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу

7.8

8

Жол-көлік оқиғасы жағдайлары мен көлік құралдарының сот сараптамасы

Жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

8.1

Сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеу

8.2

Көлік құралдарын сот-сараптамалық зерттеу

8.3

ЖКО орнындағы жолдың техникалық күйін, жол жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

8.4

9

Сот экономикалық сараптамасы

Шаруашылық операцияларын сот-сараптамалық зерттеу

9.1

Сот-сараптамалық бухгалтерлік зерттеу

9.2

Сот-сараптамалық қаржы-несиелік зерттеу

9.3

Сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу

9.4

10

Сот тауартану сараптамасы

Азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

10.1

Азық-түлік тауарларын сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

10.2

Сот-сараптамалық автотауартану зерттеуі

10.3

Сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуі

10.4

Дыбыстау-бейнелеу және бағдарламалық өнімдерін сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

10.5

11

Сот құрылыс сараптамасы

Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу

11.1

Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу

11.2

12

Сот технологиялық сараптамасы

Сот-сараптамалық технологиялық зерттеу

12.1

Компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеу

12.2

13

Сот өрт-техникалық сараптамасы

Өрт жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

13.1

Сот-сараптамалық электротехникалық зерттеу

13.2

14

Сот жарылыс-техникалық сараптамасы

Жарылыс жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

14.1

15

Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды сот-сараптамалық зерттеу

15.1

16

Сот биологиялық сараптамасы

Өсімдік тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеу

16.1

Жануар тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеу

16.2

17

Сот молекулярлық-генетикалық сараптамасы

Сот-сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеу

17.1

18

Адамның психофизиологиялық процестерінің сот сараптамасы

Сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық зерттеу

18.1

Сот-сараптамалық психологиялық-филологиялық зерттеу

18.2

Сот-сараптамалық инженерлік-психофизиологиялық зерттеу

18.3

19

Сот экологиялық сараптамасы

Сот-сараптамалық экологиялық зерттеу

19.1

20

Гендік түрлендірілген организмдердің сот сараптамасы

Гендік түрлендірілген организмдерді сот-сараптамалық зерттеу

20.1

21.

Сот дінтанушылық сараптамасы

Сот-сараптамалық дінтанушылық зерттеу

21.1

Діни сипаттағы объектілерді сот-сараптамалық дінтанушылық саясаттанушылық зерттеу

21.2

22

Сот техногендік апаттар сараптамасы

Теміржол көлігін сот-сараптамалық зерттеу

22.1

23

Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің материалдары бойынша мәйіттердің, жәбірленушілер мен айыпталушылардың және өзге де тұлғалардың сот-медициналық сараптамасы

Сот-жалпысараптамалық зерттеу

23.1

24

Сот-гистологиялық сараптамасы

Сот-гистологиялық зерттеу

24.1

25

Сот-биологиялық (медициналық) сараптамасы

Сот-биологиялық (медициналық) зерттеу

25.1

26

Медициналық-криминалистикалық сараптамасы

Сот медициналық-криминалистикалық зерттеу

26.1

27

Химия-токсикологиялық сараптамасы

Сот химия-токсикологиялық зерттеу

27.1

28

Сот-наркологиялық сараптамасы

Сот-наркологиялық зерттеу

28.1

29

Сот-психиатриялық сараптамасы

Сот-психиатриялық зерттеу

29.1

30.

Сот психологиялық сараптамасы

Сот-сараптамалық психологиялық зерттеу

30.1

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 27 наурыздағы
306 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы органдарында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 52 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10277 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы органдарында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 52 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 348 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11482 болып тіркелген, 2015 жылғы 09 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы органдарында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 52 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 374 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13859 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады