"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 9-1/320 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 9-1/760 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 қарашада № 12301 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 205 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.05.2016 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
     1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 9-1/320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10763 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларында:
      2-тармақта:
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) оператор - «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы;
      3334-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. Қаржы институты тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін және жылдың аяғында 10 желтоқсанға дейін (1 желтоқсандағы жағдай бойынша ақпарат) операторға қаржы институты растаған арнайы банктік шоттан үзінді-көшірмені қоса бере отырып есептілік ұсынады.
      34. Оператор қаржы институтынан осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес субсидиялардың нақты пайланылуы туралы есепті алғаннан кейін оған сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінің төленген қаражатының осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі нысанасына талдау жасайды және тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-ына дейін және жылдың аяғында 10 желтоқсанға дейін (1 желтоқсандағы жағдай бойынша ақпарат) оны әкімшіге жолдайды.»;
      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «58. Оператор қаржы агенті ұсынған ақпарат негізінде қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысының қарауына:
      1) қарыз алушы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарт бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толық өтеген жағдайда; Қарыз алушы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарт бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толығымен өтеген күн пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды тоқтату күні болып есептеледі;
      2) субсидиялауды тоқтату туралы қаржы агентінің көтерген бастамасын;
      3) қарыз алушы негізгі борыштың бір бөлігін және/немесе сыйақының субсидияланбайтын бір бөлігін өтеу бойынша міндеттемелерін қатарынан күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімде орындамаған жағдайда қаржы агентін субсидиялауды тоқтау туралы мәселені шығарады.»;
      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «62. Әкімші мен оператор арасындағы өзара қатынастарды реттеу үшін 10 (он) жұмыс күні ішінде оператор қызметтеріне төлеу сомаларын көрсете отырып, оператордың қызметтер ұсыну тәртібін, шарттарын, сондай-ақ тараптардың жауапкершіліктерін және өзге де шарттарды көздейтін қаржылық сауықтыру үшін АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша оператордың қызметтерін көрсету жөніндегі шарт (бұдан әрі – қызметтер көрсету жөніндегі шарт) жасалады.
      Қызметтер көрсету жөніндегі шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін, осы Қағидаларда көзделген оператордың функциясын әкімші жүзеге асыра алады.»;
      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын;
      қаржы агентінің қатысуымен қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартына 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шарушылығы министрі                   А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ___________________ Б.Сұлтанов
      2015 жылғы 17 тамыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 30 қазан

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2015 жылғы 24 тамыздағы   
№ 9-1/760 бұйрығына    
1-қосымша         

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін
қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт
шеңберінде кредиттік және лизингтік
міндеттемелер бойынша пайыздық  
мөлшерлемені субсидиялау қағидаларына
3-1-қосымша         

20___ж. ____ тоқсандағы субсидиялардың нақты пайдаланылуы
туралы есеп

Р/с

Қарыз алушының атауы

БСН/ЖСН

Кредит сомасы теңге

Барлық көзделген субсидиялар (Комиссияның хаттамасы бойынша бекітілген), теңге

Барлық аударылған субсидия, теңге

Ауытқу (+, -) (+) артық төлем, (-) жетіспеу, теңге

Қарыз алушы төлейтін сыйақы сомасы, субсидияны шегергенде, теңге

Ауытқу (+, -) (+) артық төлем, (-) жетіспеу, теңге

Әкімшінің Қаржы агентіне

Қаржы институтының қарыз алушыға

Субсидиялау шарты бойынша

өтеу фактісі бойынша

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

Барлығы (6б.- 8б.)

оның ішінде есепті кезеңде (7б.-9б)

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

Барлығы (12б.- 14б.)

оның ішінде есепті кезеңде (13б.- 15б.)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

Қаржы институтының атауы
























































ЖИЫНЫ:

















Қазақстан Республикасы        
Ауыл шаруашылығы министрінің     
2015 жылғы 24 тамыздағы       
№ 9-1/760 бұйрығына         
      2-қосымша              

Қаржы агентінің қатысуымен қаржылық  
сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен 
субъектілерінің кредиттік және    
лизингтік міндеттемелері бойынша   
сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартына
4-қосымша              

20___ж. ____ тоқсандағы субсидиялардың нақты пайдаланылуы
туралы есеп

Р/с №

Қарыз алушының атауы

БСН/
ЖСН

Кредит сомасы теңге

Барлық көзделген субсидиялар (Комиссияның хаттамасы бойынша бекітілген), теңге

Барлық аударылған субсидия, теңге

Ауытқу (+, -) (+) артық төлем, (-) жетіспеу, теңге

Қарыз алушы төлейтін сыйақы сомасы, субсидияны шегергенде, теңге

Ауытқу (+, -) (+) артық төлем, (-) жетіспеу, теңге

Әкімшінің Қаржы агентіне

Субсидиялау шарты бойынша

өтеу фактісі бойынша

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

Барлығы (6б.- 8б.)

оның ішінде есепті кезеңде (7б.-9б)

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

Барлығы (12б.- 14б.)

оның ішінде есепті кезеңде (13б.- 15б.)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Қаржы институтының атауы















































ЖИЫНЫ:














      Қаржы агентінің басшысы ________________(қолы, Т.А.Ә.)

      Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады