"Мүлікті жария ету туралы декларацияның нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 593 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 325 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 8 шілдеде № 13895 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүлікті жария ету туралы декларацияның нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 593 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12391 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті жария ету туралы декларацияны толтыру қағидаларында:

      10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте, жария ету субъектісіне екінші деңгейдегі банк арқылы банк белгілеген шартпен декларацияны хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта бойынша қағаз тасымалдағышта тапсыруға рұқсат етіледі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. "Жария етілетін ақшаның сомасы" деген ашық жолда екінші деңгейдегі банкте немесе Ұлттық пошта операторында жария ету мақсаты үшін ашылған банк шотына оларды есептеген (аударған) күнге тиісті шетел валютасын айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютада жария етілетін ақшаның сомасы көрсетіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады