"Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 224 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 8 шілдеде № 13897 болып тіркелді.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Объектілерді пайдаланған кезде мыналарға:

      ғимаратты немесе құрылысты күрделі жөндеу мен реконструкциялау жөніндегі іс-шара сәйкестендірілген құрылыс материалдарын қолдана отырып, қасбетті бірыңғай стильде кешендік безендіруді көздейтін жағдайларды қоспағанда, ғимараттың, құрылыс сәулет стилін бұзуға;

      көп пәтерлі тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қасбет бөлігінде спутниктік немесе эфирлік сигналын қабылдау үшін Қазақстан Республикасы аумағында телерадиоканалдарды таратуға лицензиясы жоқ, байланыс және (немесе) телерадиохабарларын тарату операторларының спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын орнатуға жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:

      "31-1. СЖТ және техникалық шарттар ұсыну туралы өтініш ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің атына "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі:

      1) жобалауға арналған бекітілген тапсырма;

      2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат немесе реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) жергілікті атқарушы органның шешімі;

      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы (бұдан әрі – сауалнама парағы);

      4) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін).

      Егер өтінішті уәкілетті өкiлi беретін болса:

      заңды тұлға үшін – өкілеттілігін растайтын құжат бойынша;

      жеке тұлға үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша беріледі.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:

      "34-1. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі жоспарланған құрылыс бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес келген жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ дайындайды.

      ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі дайындалған материалдарды және құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жібереді немесе "электрондық үкімет" веб-порталына орналастырады.";

      мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:

      "35-1. Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге мынадай құжаттарды береді:

      1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша СЖТ;

      2) техникалық шарттар.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалауға берілген өтініштерді қарау мерзімі:

      СЖТ және техникалық шарттарды беруге өтінішті берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, 6 (алты) жұмыс күнінен аспайды;

      бастапқы беру материалдарын (СЖТ, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алуға өтініш берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

      Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жобалар бойынша өтініштерді қарау мерзімі:

      СЖТ және техникалық шарттарды беруге өтінішті берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды;

      бастапқы беру материалдарын (СЖТ, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алуға өтініш берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 17 (он жеті) жұмыс күнінен аспайды.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдар мен рұқсат беру құжаттарын алуға арналған өтініш ЖАО-ға, "электрондық үкімет" веб-порталына немесе Мемлекеттік корпорацияға, беріледі, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жобалауға арналған бекітілген тапсырма;

      2) өтінішті қарайтын мемлекеттік органның құжаттардың түпнұсқалылығын салыстырып тексеруі үшін түпнұсқаларды бере отырып, өтініш берушінің өзгертілетін объектіге меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, не оның көшірмесі;

      3) объектінің меншік иесінің (тең меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;

      4) егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;

      5) өзгертілетін үй-жайдың техникалық паспортының көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексеруі үшін ұсынылады);

      6) техникалық жоба;

      7) сауалнама парағы мен топографиялық түсірілім (қосымша инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);

      8) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі (егер реконструкциялау жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздейтін болса) (түпнұсқаны салыстырып тексеру үшін ұсынады);

      9) жеке басын куәландыратын құжат.

      Егер өтінішті уәкілетті өкiлi беретін болса: заңды тұлға үшін – өкілеттілігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша ұсыну қажет.";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінде есепке алынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органда объектiнi тiркеу үшiн негiз болып табылады.";

      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Объект жылжымайтын мүлікке құқықтарды иеленуге тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелгенге дейін ЖАО-ның сәулет, қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне есепке алу және объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін есепке алу журналына енгізу үшін объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылады.

      Салыстырып тексеру үшін, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің түпнұсқасы қоса беріледі, оған бір жұмыс күні ішінде ЖАО-ның сәулет, қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінде есепке алынғаны туралы тиісті белгі қойылады.";

      Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесінің баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ тіркелген бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Қ. Бишімбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникация министрі

      Д. Абаев ______________

      2016 жылғы 7 маусым



  Құрылыс саласындағы құрылыс
салуды ұйымдастыру және
рұқсат беру рәсімдерінен
өту қағидаларына
1-қосымша

      нысан

      _______________________________

      _______________________________

      _______________________________

Бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ)
және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш

      Өтініш берушінің аты: _________________________________________

      (Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның

      атауы)

      Мекенжайы: ____________________________________________________

      Телефоны: _____________________________________________________

      Тапсырыс беруші: ______________________________________________

      Жобалаушы № ГСЛ, санаты: ______________________________________

      Атауы _________________________________________________________

      Жобаланатын объектінің атауы:

      _______________________________________________________________

      Жобаланатын объектінің мекенжайы:

      _____________________________________________________________________

      Сізден


1- пакет (сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды)

2- пакет (сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ), тік жоспарлау

      белгілерін, түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған көшірмені, жолдар

      мен көшелердің көлденең қималарын, техникалық шарттарды, сыртқы

      инженерлік желілер трассасының схемаларын)

      беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын

      құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      күні: 20__ ж. "_____"_______________

      Тапсырды: __________________________

      қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады