«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрыгына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9176 бөлып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2014 жылғы 18 наурызда № 52 (27673) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлеріне жіктелім бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауында:
атауы мынадай редакңияда жазылсын:
«Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлеріпің жіктелімі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімі (бұдан әрі - Жіктелім) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын (бұдан әрі - Автомобиль жолдары) күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерін белгілейді.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жіктелім жол-жөндеу жұмыстарының көлемдерін негіздеу және оларды орындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржы қаражаттарын есептеу үшін қолданылады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Жіктелімде мынадай анықтамалар қолданылады:»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Күтіп ұстау жұмыстары жобалық құжаттаманы жасауды талап етпейді. Оларды «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестиңиялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 705 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11928 тіркелғен) және «Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелеріп, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы» 2015 жылғы 17 маусымдағы № 711 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11875 тіркелген) бұйрықтарымен бекітілген қолданыстағы нормативтік қаржыландыруға сәйкес, күтіп ұстауға бөлінген қаражат шегінде ақаулықтар тізбесі бойынша жолдарды тексеру нәтижесіпің негізінде жоспарлайды.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстары көктемгі, жазғы және күзгі кезецде күтіп ұстау, қысқы күтіп ұстау, жолдарды көғалдандыру, жолдар мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару, сондай-ақ өзғе жұмыстарға бөлінеді.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды көктемгі, жазғы, күзгі кезеңдерде күтіп ұстау кезінде, яғни жыл сайын мынадай жұмыстарды орындайды:
1) автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстардың жай-күйін және оларды пайдалану ережелерінің сақталуын патрульдік қадағалау;
2) жер жамылғысы мен су өткізу жүйесі бойынша:
су өткізгіш жыраларды көктемде қардан, ал жазда қоқыстарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жиналған қоқыспен балшықтан тазалау;
жиектердегі, иірімді учаскелердегі кептіргіш науаларды қазу және себу;
жиектерді жоспарлау, шөптермен себу;
шабу және шабылған шөптерді жинау;
шабылған материалдарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жер жамылғысының жиектері мен шеттеріндегі бұталарды қазып алу, ағаштарды, жабайы өсетін бұталарды тамырымен жұлу;
материалдар қоспастан жиектер мен себу бермдерін жоспарлау;
жеке учаскелердегі көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін себу арқылы жиектерді және бермдерді себу, кесу және жоспарлау;
иірім учаскелерді жою;
опырылған, мүжілген жерлерді және сең шығарындыларын тазалау;
жиектерді себу және бекіту;
жеке элементтерін ауыстырумен және жаңа материалдарды пайдалану арқылы жер төсемі, су қайтарғыш, резервтер, бермдер, қорғаныс, бекіту және реттегіш құрылыстарының жеке бұзылуларын түзету;
көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін материалдарды қосу немесе қоспау арқылы жиектерді және бермдерді кесу және жоспарлау;
үйінділердің шайылған жергілікті жерлерін жою, шайылуларды себу;
жаңа жыраларды қазу;
қурап қалған ағаштарды тамырландыру және шауып алу;
3) бөлінген белдеулер бойынша:
су ағысын қамтамасыз ету үшін бөлу жолағын жоспарлау;
бөлу жолағындағы қоқысты жинау, шығару және пайдаға асыруға беру;
шабылған материалдарды тиеу, шығару және пайдаға асыруға беру арқылы жол қозғалысының қауіпсіздігіне ықпал ететін ағаштарды, бұталарды, жабайы өсетін бұталарды шабу және тамырымен жұлу;
бөлінген белдеулерді шабу және шабылған шөптерді, қамыстарды және қурайларды жинау, тиеу, шығару және пайдаға асыруға беру;
еріген және тасқын суларды жіберуді қамтамасыз ететін материалдарды қосу арқылы бөлу жолағын жоспарлау;
4) күрделі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
жүру бөлігін тазалау және жуу;
ылғалдың, ауаның күн радиациясының кіруінен асфальтты-бетонды жабынды тиімді оқшалау үшін жаңартатын сұйықтықты пайдалану, атмосфералық ықпалдың әсерінен бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғының суға төзімділіғін сақтау және қалпына келтіру;
жарықшақтарды құю;
шұңқырларды жою, шарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, жол учаскесінің жиектерін тегістеу;
жергілікті учаскелердің төсемдеріндегі иірімдерді жою;
төсемдегі шорлар мен қауіпті тегіссіздікті кесу, тозу қабатын кейіннен кедір-бұдыр негізді өндеу арқылы ойыстарды бітеу;
жүру бөлігін белгілеу;
ңемент–бетон жамылғыларында жарықшақтарды жөндеу және толтыру;
апатты-қауіпті учаскелерді бағдарлы тәсілмен жөндеу (иірімдерді жою, негіз және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бітеу, тегістейтін қабаттарды қондыру, жол жиектерін бекіту, жабындарды үстіртін өңдеу);
ресайклинг әдісімен учаскелерді жөндеу (иірімді жою, негіз және жабындарды ішінара жөндеу, шұңқырды жөндеу);
жол жабынының үстіңгі қабатын өндеу;
автомобиль жолдарына бағдарлы тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде жолдарды күтіп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістіліғін қалпына келтіруді қамтитын жөндеу жұмыстары кешені, оның ішінде ресайклинг әдісімен жүргізіледі. Жөндеудің бағдарлы тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шогырланған жерлерде орындалады.
Жұмыстар әрі ақаулықтар тізбесі негізінде қолданыстағы ережелерғе сәйкес ресімделген тиісті ақаулықтары мен атқару сметаларын жою үшін қабылданған жұмыстар технологиясы бойынша жолдарды күтіп ұстауды жүргізетін жол ұйымдастыру күштерімен орындалады;
5) жетілдірілген жамылгысы бар жүру бөлігі бойынша:
тұтқыр материалдары көп учаскелерді күтіп ұстау;
жарықшақтарды құю;
шұңқырларды жою, шарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, жол учаскесінің жиектерін тегістеу;
жүру бөлігін белгілеу;
апатты-қауіпті учаскелерді бағдарлы тәсілмен жөндеу (иірімдерді жою, негіз және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бітеу, тегістейтін қабаттарды қондыру, жол жиектерін бекіту, жабындарды үстіртін өңдеу);
ресайклинг әдісімен учаскелерді жөндеу (иірімді жою, негіз және жабындарды ішінара жөндеу, шұңқырды жөндеу);
жол жабынының үстіңгі қабатын өндеу;
автомобиль жолдарына бағдарлы тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде жолдарды күтіп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіруді қамтитын жөндеу жұмыстары кешені, оның ішінде ресайклинг әдісімен жүргізіледі. Жөндеудің бағдарлы тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады.
Жұмыстар әрі ақаулықтар тізбесі негізінде қолданыстағы ережелерге сәйкес ресімделген тиісті ақаулықтары мен атқару сметаларын жою үшін қабылданған жұмыстар технолоғиясы бойынша жолдарды күтіп ұстауды жүргізетін жол ұйымдастыру күштерімен орындалады;
6) өтпелі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
төсемді балшықтан тазалау;
төсемді сумен шаңсыздандыру;
материалдар қосу арқылы тосемді кескіндеу және нығыздау;
төсемдерге тас үгінділері мен иленділерді үю, катундарды жинау;
шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарына материалдарды қосу немесе қоспау арқылы қалпына келтіру;
шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын қалпына келтіру.
7) топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жүру бөлігі бойынша:
материалдарды қосу арқылы пайда болған шұңқырлар, сораптар, басқа тегіссіздіктерді жою үшін төсемді кескіндеу;
ірі тегіссіздіктер пайда болғанға дейін жүргізілетін тегістеу-профилактикалық іс-шаралары;
жолдарды хлорлы кальций, битум және басқа материалдармен шаңсыздандыру;
автомобиль жолдарының кепкен учаскелерін күтіп ұстау, уақытша қоршау, ауа науаларын орналастыру және себу, жол төсемі мен жол жамылғысының үстінен су өтуін қамтамасыз ету;
қиыршықтасты жол жамылғысын тұтқыр және басқа материалдармен шаңсыздандыру;
8) жолдардың жағдайы және абаттандыру, қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілері бойынша:
шу жолақтары, шудан қорғау экрандарын салу және жөндеу;
жетіспейтін белгілерді, қоршауларды орнату, бұзылуларды қалпына түзету, жол белгілері мен қоршаулардың қалқандарын толық ауыстыру, панноларды, жол жиектерінің тастарын орнату және жөндеу, жолды жайғастыру элементтерін қалпына келтіру;
сәулет безендірулері мен абаттандыру элементтерінің жеке бұзылуларын және ақаулықтарын жөндеу;
автопавильондар, дәретханалар, күркелер, жол белғілері, қоршаулар және автомобиль жолдарының басқа жайғастыру элементтерін жөндеу, сырлау және ақтау, тік және көлденең белгілерді түсіру;
күркелер, орындықтарды, дәретханаларды орнату және жөндеу;
жаңа материалдар қолданбастан өтпелі, топырақты және топырақты жақсартылған төсемдері бар жол бойындағы сервис объектілерінің мемлекеттік меншіктегі демалыс алаңдары мен кіреберіс жолдарын кескіндеу;
қоршауларды, сигнал беру бағандарын, белгілерді, қалқандарды үнемі тексеру, бекіткіштерін тарту, қалқандарды түзету, шаң мен балшықтан тазалау, жуу;
автобус аялдамаларын, дәретханаларды, күркелерді, автопавильондарды кезеңді тексеру, шаңнан, балшықтан және қоқыстан тазалау, жуу;
қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру құралдарын күтіп ұстау, күту және жарамдылығын қадағалау;
жүру бөлігін және жиектерді бөтен, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп тондіретін заттардан тазалау;
жолдарды, көпірлерді, жол откізгіштерді, үңгі жолдарды, көлік айрықтарын, паромдық өткелдерді және басқа жол құрылыстарын электрмен жабдықтау желілерін тазалықта және ретке келтірін ұстау, істен шыққан шамдарды, шамшырақтарды, сымдарды, кабельдерді, трансформаторларды, жарық тіреулерін және басқа электрмен жабдықтау элементтерін ауыстыру және жаңаларын монтаждау, радио байланысын, ақы алу жүйесін, зияткерлік көлік жүйесін (ИТЖ), басқа технологиялық және сигнал беру байланысының басқа құралдарын, кабель желілерін, сондай-ақ, бағдаршам объектілерін, қозғалысты ұйымдастыру құралдарын, олардың қызмет етуі үшін байланыс каналдарын жалға алуды қоса алғанда, қозғалысты диспетчерлік және автоматтандырып басқару құралдарын тазалықта және ретке келтірін ұстау;
GPS қондыру және пайдалану;
қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру объектілерінің құралдарын жеке бұзылулардан және ақаулықтардан жөндеу;
жол желілік телеграфтық немесе радио байланыс және басқа технологиялық және сигнал-шақыру байланысын қалпына келтіру;
өлшеу құралдарын, жабдықтарды қондыру, жөндеу және күтіп ұстау, автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшін бағдарламалық қамтамасыз ету;
жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау және жөндеуді жүзеге асыратын көлік құралдарының қозғалысын бақылауға арналған навигациялық жүйелерді күтіп ұстау, қондыру және пайдалану;
жүргіншілер бөлігіне «мысық көз» жол маркерін қондыру (қажет болған жағдайда);
тиісті сертификаттарды, таразы бақылау аркаларының өлшеу құралдарын алумен жыл сайынғы тексеруді жүргізу;
бақылау посттарын, аркалар мен басқа металл құрылымдары және/немесе темір-бетон бұйымдарын, ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілері мен өзгеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло жабдықтарын орнату және/немесе жөндеу, ауыстыру, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;
көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшін өлшеу құралдарын, жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді уақтылы жөндеу және жоспарлы алмастыру төлқұжаттағы мәліметтерінің талаптарына сәйкес реғламенттелген мерзімде жүргізіледі, соның ішінде:
дербес жұмыс станциялары, Орталық басқару пунктінің (бұдан әрі - ОБП) ұйымдастыру техникасы және байланыс құралдары;
жол бойындағы жабдықтар, дербес жұмыс станциялары, ОБП ұйымдастыру техникасы, РТZ басқару жиынтығы, ЛВС коммутаторлары;
жол бойындағы жабдықтар, байланыс құралдары, ОБП серверлік, жүйелік және бейне құрал-жабдықтары;
серверлік жүйелі және бейне құрал-жабдықтары, ал нақты: екі серверден тұратын кластер, мәліметтерді сақтаудың дисктік жүйесі, дабыл-шақыру колонкаларының орталық модульдері, орталық шақыру колонкалары диспетчерлерінің консолі;
жаңа материалдарды қоспау немесе қосу арқылы күрделі, кемелденген, сондай-ақ ауыспалы, топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жол бойындағы сервис объектілеріне демалыс алаңдары мен кіреберіс жолдарды салу және/немесе жөндеу;
қолданыстағы автомобиль жолдарына жол қоршауларын, аялдама павильондарын, сервис павильондарын, кіші архитектуралық пішіндер, тікұшақтарға арналған ұшу-қону алаңдары, демалыс алаңдарын және жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, жүргізушілер мен жолаушылардың пайдалануы үшін жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында ауыспалы-жылдамдық жолақтарын салу және қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, сонымен бірге жұмыс көлемдері техникалық құжаттамамен белгіленеді;
мал кірмеуі үшін қоршауларды орнату және жөндеу, ауыстыру;
шығу және кіру жолдарын жөндеу;
жол учаскелеріндегі қолданыстағы тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын, сондай-ақ жол үстіндегі жол өтпелерін жөндеу;
автокөлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілері мен өзгеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло жабдықтарын орнату, жөндеу және ауыстыру, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;
жарық шағылыстыратын элементтерді орнату және ауыстыру, сондай-ақ оларды балшықтан және қардан тазарту;
бүйірлі желбағарды орнату және ауыстыру;
қираған жол учаскелерін қалпына келтіру кезінде уақытша айналма жолдарын салу;
9) жасанды құрылыстар бойынша:
жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою;
тапсырыс берушінің нұсқамасы бойынша жол қауіпсіздігін негізғе ала отырып, сүйеулер мен тосқауыл қоршауларының бұзылуларын түзету және қондыру;
көпірлердің металлды элементтерінің сүйеу қоршауларының бояу қабатын (бояма) жерғілікті қалпына келтіру;
жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою;
автожолдардың үстіндегі жол өткізгіштерінің маңдай алды арқалықтарының астына тік белгілер қою;
автожолдардың үстіндегі жол өткізгіштерінің тіректеріне тік белгілер қою;
жинау техникасы өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін балшық пен бөтен заттардан тазалау;
қар тазалайтын техника өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін қар мен мұздан тазалау;
су қайтаратын түтіктерді балшықтан, тастардан және қардан тазалау;
сорғылардан болған деформациялық жіктерінің су қайтаратын науаларын тазалау;
қабаттарды ашық типті деформациялық жіктерғе алмастыруға арналған ойықтарды балшықтан тазалау;
ашық типті деформациялық жіктердің күрделі құрылыстарының механизмдерін тазалау және майлау;
жаяу жүргіншілер жолдарын балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалау;
суды жіберуге арналған жаяу жүргіншілер жолдары шығырларындағы терезелерді тазарту;
көпірдің жаяу жүргіншілер жолы мен жүру бөлігінің арасындағы тосқауыл қоршауларының қисық сызықты білеуінің астындағы кеңістікті балшықтан, қардан және мұздан тазалау;
сүйеніш, тосқауыл қоршауларын, жол белғілерін кір мен қардан тазалау;
арқалықтардың үстін кірден, жағылған топырақтан, өсімдіктерден тазалау;
арқалықтардың тірек тораптарын жуу;
тірек бөліктерін қардан, кірден тазалау;
тірек бөліктерінің жұмыс істейтін үстіне ғрафитті құрылыстарды жағу;
темір тірек бөліктері бекіткіштерінің бұрандамаларын тарту;
тіректердің бастарын және фермалық алаңдарды қоқыс пен кірден, қар мен мұздан тазалау;
конустар мен еңіс бекіністерін кірден, шөптен және талдардан тазалау;
тіректердегі мұзды уату және мұзды кесу;
сең жүру және тасқын суларды өткізуді ұйымдастыру;
байқау құралдарын (баспалдақтар, арбашалар) тазалау;
көпір құрылыстарын ағымдағы және кезеңді тексеру;
қоқыстарды және кесілғен ағаштарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы көпір аймақтарынан арақашықтығы 15-25 метрдегі, ағыны бойынша жоғары және төмен бұталы өсімдіктерді жою және ағаштарды шабу, көпір астындағы аймақтарды санитарлық тазалау;
темір-бетон құбырларының аралықтарын лай мен балшықтан тазалау;
шағын көпірлер мен құбырлардың аралықтарын күзде жабу және көктемде ашу;
сел жүруді, тасқын суларды жіберу, жолдар мен құрылыстарды тасқыннан, мұз басудан, орман және дала өрттерінен қорғау бойынша сақтандыру жұмыстары;
паромдық жолдарды, реттелетін су өткізгіш құрылыстардың шандорлы қалқалағыштарын күтіп ұстау және қызмет көрсету; навигациялық жабдықтар құралдарын орнату жұмыстары, көпір алдындағы учаскеде жүзу, кеме жүзетін құралдарды күтіп ұстау және «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының негізінде автомобиль жолдарының көпір құрылыстарына кіреберістердегі түбін тереңдету және түбін тазарту жұмыстарын жүргізу;
құрылыстардың жеке элементтерін (тірек бөліктері, сүйеніштер, тосқауыл қоршаулары, төсеніштер, діңгектер, тіреуіштер, дуал қабырғалары, құрғату құрылғылары және т.б.) қондыру, ауыстыру және жөндеу;
көпірлердің темір элементтерін жергілікті сырлау;
көпірлердің, жол өткізгіштердің жүру бөлігіндегі төсемді шұңқырлы жөндеу, төсемдегі жарықшақтарды бітеу;
деформаңиялық жіктерді ұсақ жөндеу;
деформаңиялық жіктерді ескі шайырдан алдын ала тазалау арқылы шайыр құю;
деформациялық жіктердің аймағындағы немесе жіктердің алдындағы төсемді алмастыру;
аяқ жолдардың асфальт-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;
аяқ жолдардың цемент-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;
үйінділердің шайылған жерғілікті жерлерін және реттеу құрылыстарын жою;
үйіндісі бар көпірлердің жанасқан жерлеріндегі шайылуларды себу, осы жерлердегі суды бір уақытта жою;
тіректердегі шайылу шұңқырларын бітеу;
құбырлардың ғидро оқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеу;
көпірлердің, жол өткізгіштердің жүру бөлігіндегі төсемді шұңқырлы жөндеу, төсемдегі жарықшақтарды бітеу;
құбырлардың жеке буындарын, бастарын жиектердін қанаттарын, арнаның шығыс және кіріс бекінісін жөндеу және алмастыру және құбырдың науасын түзету, нобайланған тасты қалпына келтіру;
ағаш көпірлердегі төсемдерін, тақтайларды ауыстыру, элементтерді шірігеннен тазалау;
болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;
аяқ жолдардың ақаулық жіктерін алмастыру;
10) ғимараттар, өндіріс базалары, жол зертханалары және пайдалану қызметі мен ақы алу пункттерінің аула алдындағы құрылыстары мен қосалқы құрылыстары бойынша:
ғимараттарды, өндіріс базаларын, жол зертханаларын, аула алдындағы құрылыстар мен қосалқы құрылыстарды және ақы алу пункттерін жүйелі түрде күтіп ұстау (шатырларын, суағар құбырларын, науаларын, түтіндіктерін тазалау, су өткізу және канализациялық құрылғыларды тазарту, ішетін және техникалық суды тасу, септиктерді тазарту және басқа жұмыстар), жол қызметі ғимараттарының аулаларын, үй-жайларын және кіреберіс жолдарын тазалықта және ретке келтіріп ұстау, өрттен қорғау, күзет сигнализациясын, күзет қызметін, оның ішінде әскерилендірілғен, диспетчерлік қызметті күтіп ұстау, аумақты жарықтандыру, сугазжылуэлектржабдықтары, радио байланысты қамтамасыз ету және оларды жұмыс күйінде күтіп ұстау;
регламенттелген мерзімде уәкілетті органда зертханалық жабдықтарды тексеру және тиісті сертификатты алу;
жаңа материалдарды қосу немесе қоспау арқылы күрделі, кемелденген, ауыспалы, топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жол-жөндеу қызметтерінің ғимараттарына мемлекеттік меншікте тұрған кіреберіс жолдарды жөндеп кескіндеу;
сылақтарды түзету, қабырғаларды, едендерді, төбелерді, шатырларды, аралықтарды, терезелер, есіктер және сол сияқтыларды сырлау және ақтау, түсқағаздарды жабыстыру және ауыстыру, шыныларды салу және ауыстыру. Жеке элементтерін алмастыру арқылы қалқаларды, қабырғаларды, төбелерді, шатырларды, аралықтарды, терезелер, есіктер, пештер, құдықтар, ұңғымалар, су құбырлары, канализациялық желілер, байланыс желісін, жылумен қамтамасыз ету, желдету, жарықтандыру жүйелерін және электр құрылғыларын алмастыру, зертханалық жабдықтарды алмастыру және жөндеу;
11) автомобиль жолдарының жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ бойынша:
кепілдік қызмет көрсету мерзімі аяқталған соң, автомобиль жолдарының жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ тозған және шығындық бөліктерін, тетіктерін, элементтері мен тораптарын төлқұжаттық деректерғе, талаптарға сәйкес ауыстыру, орнату, жаңарту;
құрамына дербес жұмыс станциялары, ұйымдастыру техникасы, ОБП жабдықтары, байланыс құралдары, жол бойындағы жабдықтар, жабдықты басқару жиынтығы, жерғілікті желінің коммутаторлары, серверлік, желілік және бейне жабдықтар, сондай-ақ дабыл-шақыру колонкаларының орталық модулі, дабыл-шақыру колонкалары диспетчерлерінің консолі кіретін автомобиль жолдарының жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ төлқұжаттағы мәліметтерінің талаптарына сәйкес реғламенттелген мерзімде жөндеу және жоспарлы ауыстыру;
мәліметтерді беру ортасының өткізу қабілетін арттыру үшін байланыс арналарын кеңейту, мәліметтерді берудің резервтік немесе қосымша арналарын ұйымдастыру (талшықты-оптикалық байланыс желілері (бұдан әрі - ТОБЖ), радиорелелік, спутниктік), желінің архитектурасын өзгерту, қосымша виртуалдық арналар құру, желілік жабдықтарды ауыстыру;
сервердің орнын және/немесе басқа байланыс операторларының гермоаймағындағы бағандарды немесе серверлік үй-жайын жалға алу мен бірге автомобиль жолдарының жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ техникалық қызмет көрсету, жабдықтарды тазалау және ауыстыру (істен шыққан) бойынша жоспарлы-профилактикалық жұмыстар:
ұйымдастыру техникасын, жұмыс станцияларын және басқа да материалдарды қоса алғанда жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешенінің құрамдас бөлшектері мен төлемді тіркеу жүйесі үшін техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және ауыстыру;
ақы алу жүйесіндегі төлемді және шығыстық бөлшектерді бақылауға жауапты жабдықтарды (купюра-монетақабылдағыштар, индукңиялық ілмектер, шлагбаумдар, жіктеуіштер, бағдаршам объектілері, қозғалысты ұйымдастыру құралдары, өнеркәсіптік жұмыс станциялары, байланыссыз төлеуге арналған санауыш антенналары мен өзара байланысты құрамдас бөлшектер мен жабдықтар) орнату, жөндеу және ауыстыру;
ТОБЖ және деректер беру желілерінің жұмыс істеуіне арналған байланыс арналарын жалға алуды қоса алғанда аталған желілерге техникалық қызмет көрсету;
телекоммуникация желілері, жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені мен ЗКЖ-ны басқарудың техникалық кешендерін олардың төлқұжаттағы мәліметтерінің талаптарына сәйкес мерзімінде қалпына келтіру;
бақылау қақпаларына орнатылған фото/бейне тіркеу жабдықтарын қоса алғанда, жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ және автомобиль жолдарының ақпараттық жүйелерінің жабдықтарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық қауіпсіздікті сертификаттау;
жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ және автомобиль жолдарының ақпараттық жүйелері үшін бақылау қақпаларын және басқа да металқұрылымдар және/немесе темірбетон бұйымдарды орнату немесе ауыстыру, қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен қамтамасыз ету, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;
12) қосымша қысқы күтіп ұстау жұмыстарына жататындары:
көк тайғаққа қарсы материалдарды әзірлеу;
көк тайғаққа қарсы материалдарды дайындау;
қардан қорғану құралдарын (қалқандар, кішкене қоршаулар, шарбақтар және сол сияқтылар) әзірлеу;
қардан қорғану шарбақтарын, қалқандарды, панельдерін және басқа да қардан қорғану құрылғыларын орнату, бөлшектеу және жөндеу;
жолдарды патрулдік қардан тазалау, жолдарды қарлы борасындардан аршу, жолдардың жүру бөлігін қарлы жамылғыдан тазалау, жиектерден, еңістерден және резервтерден қарлы дуалдардан жою;
жол белгілері мен тосқауыл қоршауларын қарлы борасындардан тазалау;
жүру бөлігін фрикциялық, химиялық және басқа да көк тайғаққа қарсы материалдармен өндеу және оларды кейіннен жүру бөлігінен қажетті уақыттан кейін тазалау;
автобус аялдамаларын, павильондарды, демалыс алаңдарын және жол қызметі объектілерін қар мен мұздан жүйелі түрде тазалау;
қар тоқтату үшін автомобиль жолдарының бойынан қар борасындары мен орларын құру;
қар көшкініне қарсы іс-шараларды жүргізу;
мұз басумен күрес;
жол-жөндеу қызметі ғимараттарын, жол техникасының тұрақтары мен жылыту пунктерін жылумен қамтамасыз ету;
тайғақ жамылғысы бар учаскелерде қысқа уақыт әрекет ететін жол белгілерін орнату;
ауыр ауа-райы жағдайларында жол-жөндеу қызметі жұмысшыларының қатарынан және жол техникасын тәулік бойы күзетуді ұйымдастыру.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады:
1) жер төсемі және су қайтарғыш бойынша:
дымқыл және қар борайтын жерлердің жер төсемінің ұзақтығы бойынша учаскелерін көтеру және кеңейту, кішкене иірім учаскелерді жою;
қолданыстағы су бұрғыш жыраларды тазалау, қоқыс тастайтын жерге қоқыстарды тиеу және шығару, жаңа жыраларды қазу, үйінділер мен қуыстар жиектерінің бұзылуларын түзету және құламаларын азайту, құрғату, қорғау және бекіту құрылғыларын, су бұрғыш құрылғыларды және көпірлер мен құбырлардың бұру арналарын түзету;
тұрақты шымды жабынды құру бойынша қажетті агротехникалық іс-шараларды жүргізу арқылы жер төсемі мен резервтердің жиектерін шөппен себу, опырылған, мүжілген жерлерді, сең шығарындыларын тазалау;
жиектерді себу, шабу, жоспарлау және бекіту;
тал және тасқын суларды жіберуді қамтамасыз ететін материалдарды қосу арқылы бөлу жолағын жоспарлау;
2) жол жамылғылары бойынша, соның ішінде монолитті цемент-бетон төсемдері бойынша:
сеғменттердің тозған бетін қалпына келтіру, ңемент-бетон төсемдері тақталарының сынықтары мен омыруларын жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, цемент-бетон төсемдерін беттік бұзылулардан қорғау;
соның ішінде жиналмалы темір-бетон төсемдері бойынша:
темір-бетон төсемдеріндегі жіктерді жөндеу және толтыру;
жеке тақталарды көтеру және тегістеу, тақталардың сынықтарын жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, төсемдерді беттік бұзылулардан қорғау;
3) жасанды құрылыстар бойынша:
аяқ жолдардың ақаулық жіктерді алмастыру;
үйінділері бар жанасқан шеткі аяқ жолдардың тақталарын алмастыру;
болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;
ақаулық жіктердің астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтіру;
су бұрғыш түтіктерді жөндеу (түтіктерді өсіру немесе қосымша түтіктерді салу);
жаяу жүрғіншілер жолына ғидрооқшаулаудың жанасқан жерлеріндегі төсемнің жіктерін салу және оларды шайырмен құю;
су бұрғыш түтіктердегі оқшаулануды жөндеу;
аяқ жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;
аяқ жолдардың тақталарының сынған жерлерін жою;
оқшау жерлерді салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;
жаңа анкерлері бар сүйеніштердің тіректеріндегі бекіткіштердің тораптарын алмастыру;
көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерін, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерін ауыстыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және т.б.);
көпірдің жүру бөлігіндегі төсемді қалпына келтіру немесе алмастыру;
гидрооқшаулауды жөндеу;
жаяу жүргіншілер жолдарын, сүйеніштерді, жиектастарды жөндеу және алмастыру;
жарықшақтарды беттік ғерметизаңиялау, қуыстарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетон элементтерінің қорғау қабатын қалпына келтіру;
жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;
аса төзімді бұрандамалардағы тойтармаларды алмастыру;
қаптау жіктерін сөгу, жарықшақтарға ерітінділерді егу;
құрылғылардағы жарықшақтарды бiтеу, қалаңдыларды, сылақтарды жөндеу, тойтармаларды жекелеп алмастыру;
орлар арқылы өтпелi және көшпелi көпiрлердi ауыстыру және түзету;
аспалы көпiрлердiң, паромдық өтпелердiң және айлақ құрылғыларын (тығындау, қаптаманы жөндеу, такелажды және соған ұқсастарды түзету);
өтпелi тақталардың жанасу тораптарын герметизациялау;
деформациялық жiктердiң ағуын бұрандамаларды тарту арқылы жою;
сырғанау тақталарының деформаңиялық жiктерiн дәнекерлеу (олар жұлынып қалған жағдайда), жетiспейтiн серiппелердi орнату;
деформациялық жiктердiң механизмдерi мен құрылғыларын ұсақ жөндеу;
құбырлардың гидро оқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеу;
жеке тойтармаларды алмастыру, темiр аралық құрылыстар элементтерiнiң ұсақ ақаулықтарын түзету;
су өткізгіш құбырларды жөндеу;
көпірлер мен су өткізгіш құбырларды жөндеу кезінде, қажет болған жағдайда ұзақтығы төрт жүз метрден аспайтын айналма жолын салу;
4) Қозғалыс, байланыс, жарықтандыруды ұйымдастыру объектiлерiне жолдарды салу және жайластыру бойынша:
жол учаскелеріндегі қолданыстағы тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын, сондай-ақ жол үстіндегі жол өтпелерін жөндеу және жаңаларын салу;
шығу және кіру жолдарын, жазғы және трактор жолдарын жөндеу;
сигнализаңияны, жол қозғалысын ұйымдастыру (бағдаршамдар, жол белгілері, ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілері мен өзғеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло жабдықтары, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау), байланыс және жарықтандыру объектілерін орнату және/немесе жөндеу, ауыстыру, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;
жеке жобаланған кіші сәулеттік-дизайнерлік пішіндерді орналастыру және орнату;
қарықтыруға қарсы экрандарды орнату;
сәндік және (немесе) дизайнерлік жарық және (немесе) көлік айрықтарын жарықтандыру (жол өткізгіштерді) орнату, ауыстыру және жөндеу;
5) автомобиль жолдарының жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ бойынша:
құрамына дербес жұмыс станциялары, ұйымдастыру техникасы, ОБП жабдықтары, байланыс құралдары, жол бойындағы жабдықтар, жабдықты басқару жиынтығы, жерғілікті желінің коммутаторлары, серверлік, желілік және бейне жабдықтар, сондай-ақ мәліметтерді сақтаудың дискілік жүйесі, дабыл-шақыру колонкаларының орталық модулі, дабыл-шақыру колонкалары диспетчерлерінің консолі кіретін жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ және автомобиль жолдарының ақпараттық жүйелерінің жабдықтарын төлқұжаттағы мәліметтердің талаптарына сәйкес регламенттелген мерзімде жөндеу және жоспарлы ауыстыру;
ақы алу жүйесіндегі төлемді және шығыстық бөлшектерді бақылауға жауапты жабдықтарды (купюра-монетақабылдағыштар, индукциялық ілмектер, шлагбаумдар, жіктеуіштер, бағдаршам объектілері, қозғалысты ұйымдастыру құралдары, өнеркәсіптік жұмыс станциялары, байланыссыз төлеуге арналған санауыш антенналары мен өзара байланысты құрамдас бөлшектер мен жабдықтар) орнату, жөндеу және ауыстыру;
телекоммуникация желілері, жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені мен ЗКЖ-ны басқарудың техникалық кешендерін олардың төлқұжаттағы мәліметтерінің талаптарына сәйкес мерзімінде қалпына келтіру;
жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ және автомобиль жолдарының басқа да ақпараттық жүйелері үшін бақылау қақпаларын және басқа да металқұрылымдар және/немесе темірбетон бұйымдарды орнату немесе ауыстыру, қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен қамтамасыз ету, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белғіленеді.»;
30-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілеріне жолдарды салу мен жайластыру бойынша:
елді мекендер арқылы өтетін жол учаскелеріндегі қолданыстағы тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу және жаңасын салу;
жаңа жеке қоршауларды салу, жөнделетін учаскелерде жаңа жол белгілерін және сілтеме құрылыстарын орнату және ауыстыру (қалпына келтіру), жеке айрықтарды, демалыс алаңдарын, автокөлік тұрақтарын, көрнекті орындарды сәулеттік безендіру және абаттандыруды қоса алғанда, қоршауларды жөндеу;
қар тоқтатуға негізделген қажеттігіне қарай тұрақты қар тоқтататын дуалдырды салу;
шығу және кіру жолдарын, жазғы және трактор жолдарын жөндеу;
сиғнализацияны, жол қозғалысын ұйымдастыру (бағдаршамдар, электронды және жол белгілері, ақпараттық таблолар), байланыс және жарықтандыру объектілерін жөндеу және салу;
автомобиль жолдарының ақпараттық жүйелерін және кешендерін, жеке жобалау белгілері мен таблоларын, жол қозғалысын диспетчерлік және автоматтық басқару элементтері мен жүйелерін; ауыспалы ақпараты бар автономды және дистанциялық басқару белгілері мен таблоларын, бағдаршам объектілерін қалпына келтіру;
автожолдарды (автопавильондар, тіреу қабырғалары, ақпараттық панно және басқа құрылыстар) салу элементтерін жөндеу;»
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) автомобиль жолдарының жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ бойынша:
автомобиль жолдарының жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ жаңғырту және қайта құру, оған мыналар кіреді:
сервердің, желілік, коммутациялық және жол жүру үшін төлем жасау, бақылау-өлшеу аспаптарының, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін анықтау және фото/бейне тіркеу жүйесінің, жұмыс станциялары мен ұйымдастыру техникасы жабдықтарының аппараттық-бағдарламалық бөліктерін орнату, жөндеу, ішінара немесе толық ауыстыру, жаңарту, біріктіру;
ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді өзара орнату, ішінара немесе толық ауыстыру, жаңарту, толықтыру, интеграциялау;
лицензиялық бағдарламалық қамтылымды орнату және жаңарту;
бақылау қақпаларының жабдықтарын орнату және ішінара немесе толық ауыстыру;
ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілерін және жеке жобалау таблосын орнату, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемі сметалық құжаттамамен анықталады;
жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешенінің объектілеріне қол жеткізуді бақылау жүйесін орнату, жөндеу және ауыстыру;
автомобиль жолдарының ақпараттық жүйелерін енгізу;»;
35-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жасанды құрылыс бойынша:
көпірлерді, көлік айрықтарын кеңейту мен нығайту арқылы толығымен немесе ішінара, оның ішінде олардың ғабариттерін реттеумен және есептік жүктеменің қабілеттігіне салмақ түсетін жаяу жүретін, су өтетін, салу, қайта салу (жаңа аралықты қоспастан габариттерін кеңейту арқылы көпірді жөндеу; габаритін кеңейтумен және риғелді ұлғайту мен нығайтумен, жаңа аралықты қосумен бір жағынан немесе екі жағынан тіреуішті кеңейту);
металл көпірінің басты аралығы мен фермі элементтерін дұрыстау және нығайту;
металл аралық құрылымын ауыстыру;
көпірдің өтетін бөлігін ауыстыру;
су өткізу құбырын салу және қайта салу;
құбырлардың буыны мен ауызғы бетін ауыстыру және нығайту;
зақымдалған құбырлар сақинасын ауыстыру;
жаңа сақина мен ауызғы беті есебінен құбырдың ұзындығын өсіру;
дәнекерленген көпірлерді, паром өткелдерін, темір жол өткізулерін тұрақты көпірлер мен жол өтпелерімен ауыстыру;
тіреуіш қабырғаларды, қорғаушы нығайтылатын және реттелетін құрылысты құру және қалпына келтіру;
қайта салынған және жаңадан салынған көпірлерді салу;
тоннельдердің құрастырушы элементтерін, тау жолдарындағы қорғау галереясы мен қалқаларын жөндеу және ауыстыру, сондай-ақ уақытша галерея мен қалқаларды тұрақтыларға ауыстыру;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жолдың қозғалысын, байланысын және жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша жолды жайластыру мен орналастыру;
жолдардың немесе олардың жекелеген учаскелерін архитектуралық ресімдеу және орналастыру;
аялдамалық, түсу алаңын және автопавильонды жабдықау;
демалу алаңын (күркемен, су көздерін, қарау шұңқырларын немесе жолдағы және басқаша орналастырылған автомобильді профилактикалық байқау үшін эстакадамен), аялдама немесе автомобиль тұрағына арналған алаңды, аялдау қапталдарын оларға өту-жылдамдық жолағын жабдықтаумен (соның ішінде әр түрлі деңгейлерде), сондай-ақ тұрғылықты пункттер шегінде өтетін қауіпсіздік аралында, тротуарда, жол учаскелеріндегі өту жолдарында жабдықтау;
күрделі жөндеу өтіп жатқан учаскелерде тосқауыл шарбағын, бағыттайтын құрылғы мен жол белгілерін жаңадан жабдықтау немесе ауыстыру;
автомобиль жолдарының бір және әр түрлі деңгейдегі қолданып жүрген кесіп өту мен жанастыруды, сондай-ақ барлық жолдағы немесе оның учаскелеріндегі жекелеген өтпесін, съез бен миражды, линиялық жол қызметі ғимараттарына және жолдың қызмет көрсету кешеніне кіреберісте жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау;
қолданып жүрген жазғы трактор жолын, жөндеу кезеңіндегі уақытша айналма жол құрылысын жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау немесе табиғат апатынан қираған жол учаскелерін қалпына келтіру;
желілік (телетайптық) жол құрылысының жекелеген жол учаскелерінде, көпірлерінде және өткізу паромдарында электрмен жарықтандыру немесе радиобайланыс пен технологиялық байланыстың басқа құралдарын жабдықтау;
жолдар жұмыстарын оның жекелеген элементтерін, құрылыстарын және оның үстінен өтетін көлік ағынын зерттеу үшін қажетті қар өлшейтін және су өлшейтін посттарының және басқа құрылымының қозғалысын есептеу жөніндегі пункттерді құру және жабдықтау;
өткізу қабілетін ұлғайту мақсатында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында жолақтарды кеңейтуді қоса өткізу пунктін жабдықтау және орналастыру;
қоршаған ортаны қорғау (қазандықта тозаң түту құрылғысын орнату, су көздерін ластанудан қорғау және басқа жұмыстар) бойынша шараларды жүргізу;
қажетті коммуникациялық жүйелерге қосылу арқылы көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторингі үшін өлшеу құралдарын, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді қондыру;
күзетуді қажет ететін стратегиялық маңызды объектілерде күзет және видео бақылау жүйесін орнату;
жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешенін, басқа да ақпараттық жүйесін тиісті жабдықты монтаждау және қажетті коммуникациялық жүйелерге қосылу арқылы автомобиль жолдарының ЗКЖ орнату.».
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электронды түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі Ә. Исекешев