"Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға қаржыландыру нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрінің | |
міндетін атқарушы | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 7 шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________________ Е. Досаев
2015 жылғы 14 шілде
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 711 бұйрығымен бекітілген |
Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтері
Ескерту. Нормативтер жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 07.02.2025 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-кесте
№ | Атауы | Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелері, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары | |
Ағымдағы жөндеу | Күтіп-ұстау (1 км мың теңге) | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
Астана, республикалық маңызы бар қалалар | |||
---|---|---|---|
1 | Астана | 9 684,43 | 8 278,68 |
2 | Алматы | 8 531,86 | 7 582,68 |
3 | Шымкент | 5 991,72 | 5 121,99 |
Облыстар | |||
1 | Абай | 1 006,19 | 1 845,89 |
2 | Ақмола | 939,07 | 2 193,49 |
3 | Ақтөбе | 807,22 | 1 823,57 |
4 | Алматы | 812,51 | 1 740,46 |
5 | Атырау | 463,78 | 1 552,38 |
6 | Батыс Қазақстан | 755,49 | 1 752,89 |
7 | Жамбыл | 732,44 | 1 719,84 |
8 | Жетісу | 791,73 | 1 695,94 |
9 | Қарағанды | 795,73 | 1 972,20 |
10 | Қостанай | 792,21 | 1 854,80 |
11 | Қызылорда | 492,26 | 1 546,71 |
12 | Маңғыстау | 445,65 | 1 636,39 |
13 | Павлодар | 841,84 | 1 865,41 |
14 | Солтүстік Қазақстан | 849,80 | 1 808,93 |
15 | Түркістан | 506,72 | 1 563,54 |
16 | Ұлытау | 801,69 | 1 986,97 |
17 | Шығыс Қазақстан | 1 054,24 | 1 934,03 |
1. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтеріне (бұдан әрі - Қаржыландыру нормативтері) оның ішінде, автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстауға арналған шығындар кіреді.
2. Автомобиль жолдарын қаржыландыру нормативтері ІІІ техникалық санаттағы жолдың 1 км үшін келтірілген.
3. Қажетті санаттың нормативін есептеу үшін автомобиль жолдарының төменде келтірілген санаттары бойынша саралау коэффициенттері қолданылады:
2-кесте
Жұмыс түрі | Автомобиль жолдарының техникалық санаттары | ||||||
Iа/Iб |
Iа/Iб |
Iа/Iб | II | III | IV | V | |
Саралау коэффициенттері | |||||||
Ағымдағы жөндеу | 5,06/3,37 | 3,90/2,60 | 2,73/1,82 | 1,13 | 1 | 0,74 | 0,47 |
Күтіп-ұстау | 4,59/3,06 | 3,63/2,42 | 2,67/1,78 | 1,24 | 1 | 0,89 | 0,73 |
4. Қаржыландыру нормативтері ені 3,5 метр болатын 1 км көше үшін келтірілген. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін талап етілетін параметрлерінің нормативін есептеу үшін автомобиль жолдарының мынадай санаттары бойынша саралау коэффициенттері қолданылады:
1) қозғалыс жолақтарына байланысты Іа/Іб санаттары бойынша реттелетін, жүрдек қозғалыстағы магистральдық жолдар;
2) қозғалыс жолақтарына байланысты Іб санаты бойынша үздіксіз, реттелетін қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелері;
3) II санат бойынша аудандық маңызы бар жаяу жүргіншілер-көлік және көлік-жаяу жүргіншілер магистральдық көшелері;
4) III санат бойынша тұрғын үй құрылысындағы жергілікті маңызы бар көшелер мен жолдар;
5) III санаттағы саябақ жолдары;
6) III санат бойынша негізгі жол жүру;
7) IV санат бойынша екінші дәрежелі жол жүру;
8) IV санаттағы жаяу жүргіншілер көшелері мен велосипед жолдары.
5. Нормативтер 2023 жылғы бағада ҚҚС-сыз келтірілген. ҚҚС тиісті жылға арналған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде қабылданады.
6. 2023 жылғы базалық бағадан ағымдағы деңгейге көшу АЕК өзгеру индексі арқылы жүзеге асырылады – жоспарланған жылдың АЕК-нің 2023 жылдың АЕК-не қатынасы. АЕК мөлшері бюджет заңнамасына сәйкес жыл сайын белгіленеді.
7. Салудан, реконструкциялаудан, орташа, күрделі жөндеуден кейін кепілдікте тұрған автомобиль жолдарының учаскелерінде қаржыландыру нормативтеріне - 0,75 төмендету коэффициенті қосымша қолданылады. Жол төсемелерінің конструкциясын қалпына келтіру жұмыстары салу, реконструкциялау, орта, күрделі жөндеу мердігерінің есебінен орындалады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
км – километр;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
АЕК – айлық есептік көрсеткіш.