"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 562 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 шілдеде № 13944 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 67 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2020 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11785 болып тіркелген, "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесінде 2015 жылғы 3 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өзінің функционалдық міндеттеріне сәйкес құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, кейіннен жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының мұрағатына тапсырады, ол бір жұмыс күні ішінде тіркеу істерін іздестіруді және оларды жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөліміне тапсыруды жүзеге асырады, орындалған құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Мемлекеттік корпорацияға тапсырады; көрсетілетін қызметті берушінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері - өтінішті қарауды және орындауды жүзеге асырады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет барысына қатысатын мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік копорацияға өтінішпен жүгінген кезде қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге өтiнiш келiп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттiк көрсетілетін қызмет мерзiмiне кiрмейдi).

      1) Мемлекеттік корпорация инспекторы - құжаттарды қабылдауы және беруі - 20 минут;

      2) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің инспекторы - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды жіберуі және одан алуы - 20 минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері - құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды қабылдау, тіркеу істерін іздеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөліміне тапсыруы, орындалған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды есепке алу кітабы бойынша тапсыруы - 15 минут.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (В.Қ. Калимова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі алған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б. Имашев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады