"Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 143 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 шілдеде № 13947 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 30.08.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Екiншi деңгейдегi банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11162 тіркелген, 2016 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мыналар:
      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесі;
      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептің нысаны;
      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есептің нысаны;
      4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есептің нысаны;
      5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген туынды қаржы құралдары бойынша шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің талдамасы туралы есептің нысаны;
      6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес айрықша пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есептің нысаны;
      7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес уақыт аралықтары бойынша ашық позицияларды бөлу (валюталар бөлігінде) туралы есептің нысаны;
      8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жалпы пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есептің нысаны;
      9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есептің нысаны;
      10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің (қарыз алушылар бөлігінде) ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есептің нысаны;
      11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес k4 ағымдағы өтімділік коэффициентінің талдамасы туралы есептің нысаны;
      12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес k4-1, k4-2, k4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерінің талдамасы туралы есептің нысаны;
      13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес k4-4, k4-5, k4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің талдамасы туралы есептің нысаны;
      14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес аптаның (айдың) әрбір жұмыс күні үшін әрбір шетел валютасы бойынша валюталық позициялар және валюталық нетто-позиция туралы есептің нысаны;
      15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес ішкі активтердің, ішкі және өзге міндеттемелердің орташа айлық шамасын, қаражат бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентін есептеу туралы есептің нысаны;
      16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес банктерді Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру коэффициенттерінің талдамасы туралы есептің нысаны;
      17) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес секьюритилендіру кезінде меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерін есептеу туралы есептің нысаны;
      18) осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес исламдық банктер ұсынатын кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есептің нысаны;
      19) осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес исламдық банктер ұсынатын кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есептің нысаны;
      20) осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес исламдық банктер ұсынатын тауар-материалдық қорлардың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелдің талдамасы туралы есептің нысаны;
      20-1) осы қаулыға 20-1-қосымшаға сәйкес өтімділікті өтеу коэффициентінің талдамасы туралы есептің нысаны;
      21) осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.»;
       2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Екiншi деңгейдегi банктер осы қаулының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
      1) ай сайын осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19) және 20) тармақшаларында көзделген есептілікті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей;
      2) ай сайын осы қаулының 1-тармағының 20-1) тармақшасында көзделген есептілікті – есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей;
      3) апта сайын осы қаулының 1-тармағының 14) тармақшасында көзделген есептілікті – есепті аптадан кейінгі аптаның бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.»;
      1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакциядағы 20-1-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы 2016 жылғы 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Д. Ақышев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрлігі
      Статистика комитетінің Төрағасы
      Н.Айдапкелов _____________
      2016 жылғы 13 маусым

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 30 мамырдағы 
№ 143 қаулысына      
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 8 мамырдағы  
№ 75 қаулысына      
1-қосымша         

Екiншi деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтердің
орындалуы туралы есептілігінің тізбесі

      Екiншi деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігіне мыналар кіреді:
      1) пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есеп;
      2) кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есеп;
      3) кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есеп;
      4) кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген туынды қаржы құралдары бойынша шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің талдамасы туралы есеп;
      5) айрықша пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есеп;
      6) уақыт аралықтары бойынша ашық позицияларды бөлу (валюталар бөлігінде) туралы есеп;
      7) жалпы пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есеп;
      8) бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп;
      9) бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің (қарыз алушылар бөлігінде) ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп;
      10) k4 ағымдағы өтімділік коэффициентінің талдамасы туралы есеп;
      11) k4-1, k4-2, k4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерінің талдамасы туралы есеп;
      12) k4-4, k4-5, k4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің талдамасы туралы есеп;
      13) аптаның (айдың) әрбір жұмыс күні үшін әрбір шетел валютасы бойынша валюталық позициялар және валюталық нетто-позиция туралы есеп;
      14) ішкі активтердің, ішкі және өзге міндеттемелердің орташа айлық шамасын, қаражат бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентін есептеу туралы есеп;
      15) банктерді Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру коэффициенттерінің талдамасы туралы есеп;
      16) секьюритилендіру кезінде меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерін есептеу туралы есеп;
      17) исламдық банктер ұсынатын кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есеп;
      18) исламдық банктер ұсынатын кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есеп;
      19) исламдық банктер ұсынатын тауар-материалдық қорлардың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелдің талдамасы туралы есеп;
      20) өтімділікті өтеу коэффициентінің талдамасы туралы есеп.

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 30 мамырдағы 
№ 143 қаулысына      
2-қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 8 мамырдағы  
№ 75 қаулысына      
20-1-қосымша       

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Өтімділікті өтеу коэффициентінің талдамасы туралы есеп

Есепті кезең: 20__жылғы «___»________

_____________________________________
(банктің атауы)

      Индекс: 1-BVU_LCR
      Кезеңділігі: ай сайын
      Ұсынатындар: екiншi деңгейдегі банк
      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
      Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кеш емес.

Нысан 
(мың теңгемен)

Баптар атауы

Пайызбен есепке алу коэффициенті

Есепке сомасы

1

2

31

1

2

3

4

Бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтер

1

Қолма-қол ақша

100





2

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттер






3

Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, шет мемлекеттердің орталық үкiметтерiне және шет мемлекеттердің орталық банктеріне, халықаралық қаржы ұйымдарына 0 (нөл) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін талаптар, оның ішінде:

100





3.1

Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кепілдік берген бағалы қағаздар

100





3.2

Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен шет мемлекеттердің орталық банктері кепілдік берген бағалы қағаздар

100





3.3

Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары кепілдік берген бағалы қағаздар

100





3.4

Қазақстан Республикасының Үкiметiне берілген қарыздар

100





3.5

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берілген қарыздар

100





3.6

Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкiметтерiне берілген қарыздар

100





3.7

Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар

100





3.8

Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар

100





3.9

Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

100





3.10

Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

100





3.11

Қазақстан Республикасы Үкіметінің дебиторлық берешегі

100





3.12

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

100





3.13

Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

100





3.14

Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

100





4

0 (нөл) пайыздан жоғары кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген жағдайда, шет мемлекеттердің орталық үкiметтерiнің және шет мемлекеттердің орталық банктерінің тиісті елдердің валютасында номинирленген бағалы қағаздары

100





Екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтер

5

Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарына талаптар, оның ішінде Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары шығарған, 20 (жиырма) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін бағалы қағаздар, оның ішінде:

85





5.1

Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарына берілген қарыздар

85





5.2

Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының дебиторлық берешегі

85





5.3

Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

85





6

Шет мемлекеттердің орталық үкiметтерiне, шет мемлекеттердің орталық банктеріне, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдарына 20 (жиырма) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін талаптар, оның ішінде:

85





6.1

Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен шет мемлекеттердің орталық банктері кепілдік берген бағалы қағаздар

85





6.2

Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің жергілікті билік органдары кепілдік берген бағалы қағаздар

85





6.3

Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары кепілдік берген бағалы қағаздар

85





6.4

Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар

85





6.5

Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар

85





6.6

Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар

85





6.7

Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергiлiктi билік органдарына берілген қарыздар

85





6.8

Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

85





6.9

Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

85





6.10

Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесi бар бағалы қағаздар

85





6.11

Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

85





6.12

Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергiлiктi билік органдары шығарған бағалы қағаздар

85





7

Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес ұзақмерзімді рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар қаржылық емес ұйымдар шығарған бағалы қағаздар

85





8

Банктің міндеттемесі болып табылмайтын, Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес ұзақмерзімді рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ипотекалық бағалы қағаздар

85





Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ақшаның әкетілуі

9

Тұрақты депозиттер

5





10

Аздап тұрақсыз депозиттер

10





Заңды тұлғалардың, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің алдындағы банктің активтерімен қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бойынша ақшаның әкетілуі

11

Толық көлемі баламасында Америка Құрама Штаттарының 1 (бір) миллион долларынан аспайтын, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын қаржылық емес ұйымдар орналастырған салымдар

10





12

Клирингтік, кастодиандық қызметпен, өтімділікті басқару қызметімен байланысты салымдар

25





13

Қаржылық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының, халықаралық қаржы ұйымдарының, шет мемлекеттердің орталық үкіметтерінің, шет мемлекеттердің орталық банктерінің, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдарының депозиттері

40





14

Өзге заңды тұлғалардың алдындағы міндеттемелер, оның ішінде шығарылған бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер

100





Заңды тұлғалардың алдындағы банктің активтерімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша ақшаның әкетілуі

15

Бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелер

0





16

Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелер

0





17

Екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелер

15





18

20 (жиырма) пайыздан жоғары кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін, бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтер болып табылмайтын активтермен қамтамасыз етілген Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының, халықаралық қаржы ұйымдарының алдындағы міндеттемелер

25





19

Өзге қамтамасыз етілген міндеттемелер

100





Шартты және ықтимал міндеттемелер
бойынша қосымша ақшаның әкетілуі

20

Банктің рейтингі 3 (үш) сатыға дейін қоса алғанда төмендеген кезде туынды қаржы құралдары мен өзге шарттар бойынша өтімділіктегі қосымша қажеттілік

100





21

Туынды қаржы құралдары немесе өзге де операциялар бойынша позицияларды нарықтық бағалаудың өзгеру кезінде өтімділіктегі қосымша қажеттілік

Алдыңғы 24 (жиырма төрт) айдағы ең көп отыз күндік ақшаның нетто әкетілуі





22

Туынды қаржы құралдары мен өзге де операциялар бойынша қамтамасыз етуді қайта бағалау кезінде өтімділіктегі қосымша қажеттілік (бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтерді қоспағанда)

20





23

Кез келген уақытта қайтарып алу көзделген туынды қаржы құралдары бойынша позицияны қолдауға байланысты банк ұстап қалатын қамтамасыз етудің асып кету мөлшері

100





24

Егер қамтамасыз ету ұсынылмаған жағдайда шарттың талаптарына сәйкес қарсы агенттің талап етуі бойынша банктің қамтамасыз етуді ұсынуы көзделетін операциялар бойынша өтімділіктегі қосымша қажеттілік

100





25

Қамтамасыз етуді сапасы жоғары өтімді активтер болып табылмайтын активтерге ауыстыру мүмкіндігімен байланысты өтімділіктегі қосымша қажеттілік

100





26

Активтер бойынша, оның ішінде банк шығарған және күнтізбелік 30 (отыз) күннен аз өтеу мерзімі бар ипотекалық бағалы қағаздар бойынша ақшаның келіп түсуімен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар бойынша ақшаның әкетілуі

100





27

Активтер бойынша ақшаның келіп түсуімен қамтамасыз етілген және банктің еншілес арнайы ұйымдары шығарған, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аз өтеу мерзімі бар бағалы қағаздар бойынша ақшаның әкетілуі

100





28

Жеке тұлғаларға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген кредиттік желілер мен өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі

5





29

Қаржылық емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына берілген кредиттік желілердің пайдаланылмаған бөлігі

10





30

Қаржылық емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына берілген өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі

30





31

Басқа банктерге берілген кредиттік желілер мен өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі

40





32

Банктер болып табылмайтын қаржы ұйымдарына берілген кредиттік желілердің пайдаланылмаған бөлігі

40





33

Банктер болып табылмайтын өзге қаржы ұйымдарына берілген өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі

100





34

Өзге заңды тұлғаларға берілген кредиттік желілер мен өтімділік желілерінің пайдаланылмаған бөлігі (оның ішінде банктің еншілес арнайы ұйымдары)

100





35

Шартсыз қайтарып алынатын кредиттік желілер мен өтімділік желілері бойынша өтімділіктегі қосымша қажеттілік

5





36

Тауарлар мен қызметтердің экспортын және импортын қаржыландыруға байланысты міндеттемелер (факторинг және форфейтинг операцияларын жүргізуге байланысты кепілдіктер мен кепілдемелер, аккредитивтер бойынша)

5





37

Тауарлар мен қызметтердің экспортын және импортын қаржыландыруға байланысты емес кепілдіктер мен кепілдемелер, аккредитивтер бойынша міндеттемелер

10





38

Міндеттемелер бойынша өзге де ақшаның әкетілуі

100





Ақшаның келуі

39

Бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген қарыз операциялары

0





40

Екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген қарыз операциялары

15





41



Сапасы жоғары өтімді активтерге жатпайтын активтерді қамтамасыз етуге бағалы қағаздарды сатып алу-сатуды жасау үшін (маржалық мәмілелер) ұсынылған қарыздар

50





42

Өзге активтермен қамтамасыз етілген қарыз операциялары

100





43

Басқа банктер берген кредиттік желілер, өтімділік желілері

0





44

Басқа қаржы ұйымдарындағы клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар

0





45

Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздарды қоспағанда, оның ішінде мыналарға берілген кредиттер бойынша ақшаның келуі:






45.1

жеке тұлғаларға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне

50





45.2

қаржылық емес ұйымдарға

50





45.3

банктерге

100





46

Туынды қаржы құралдары бойынша нетто ақшаның келуі

100





47

Таяу күнтізбелік 30 (отыз) күнде ақшаның келуі күтілетін шарттар бойынша операциялардан түсетін өзге де ақшаның келуі

100





48

Сапасы жоғары өтімді активтер

Х





49

Кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде банктің операциялары бойынша ақша қаражатының нетто әкетілуі

Х





50

Өтімділікті өтеу коэффициенті (%)

Х





      Бiрiншi басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы тұлға)
________________________________________________________ ____________
          тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                қолы

      Бас бухгалтер
______________________________________________ ______________________
          тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)           қолы

      Орындаушы _______  ________________________ ______  ___________
                лауазымы тегі, аты, әкесінің аты   қолы     телефон
                              (бар болса)                   нөмірі

Есепке қол қойылған күні 20___жылғы «_____»_____________

Мөр орны (бар болса)

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген

Өтімділікті өтеу коэффициентінің талдамасы
туралы есептің нысанына қосымша      

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Өтімділікті өтеу коэффициентінің талдамасы туралы есеп 1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Өтімділікті өтеу коэффициентінің талдамасы туралы есеп» әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
      2. Нысан «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      3. Нысанды екiншi деңгейдегі банктер ай сайын жасайды және есепті кезеңнің әрбір күнтізбелік күніне толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады.
      4. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы тұлға), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.
      5. 2016 жылғы 1 шілде – 2017 жылғы 30 маусым аралығындағы кезең ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылғаннан кейін Нысаннан толық емес және (немесе) дәйексіз ақпарат анықталған жағдайда, екiншi деңгейдегi банк есептіліктегі қателер туралы ақпаратты қоса бере отырып, уәкілетті органды бұл туралы жазбаша хабардар етеді, бұл ретте пысықталған есептілікті ұсыну талап етілмейді.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысан Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № тіркелген «Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін және Банктің ашық валюталық позициясын есептеу қағидаларын және лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысына (бұдан әрі – Нормативтік мәндер) сәйкес толтырылады.
      7. Банктің сапасы жоғары өтімді активтері Нормативтік мәндердің 71-тармағында белгіленген операциялық талаптар ескеріле отырып және Нормативтік мәндердің 12-қосымшасында белгіленген есепке алу коэффициенттері қолданыла отырып есептеледі.
      8. Ақшаның әкетілуі (келуі) Нормативтік мәндердің 13-қосымшасында белгіленген әкетілу (келу) коэффициенттері қолданыла отырып кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күн ішіндегі ақшаның әкетілу (келу) сомасы ретінде есептеледі.
      9. Нысанды толтыру кезінде 48-жолда бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтер бойынша деректер жинақталады.
      10. Нысанды толтыру кезінде 49-жолда есептеу Нормативтік мәндердің 75-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      11. Нысанды толтыру кезінде 50-жолда сапасы жоғары өтімді активтердің кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күн ішіндегі банктің операциялары бойынша ақша қаражатының нетто әкетілуіне пайыздық көрінісіндегі қатынасы көрсетіледі.
      12. Нысанды толтыру кезінде 4-бағанда 2-бағандағы баптардың атаулары бойынша сомалар 3-бағанда белгіленген есепке алу коэффициенттері қолданыла отырып есепті айдың әрбір күні үшін көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады