"Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 шілдеде № 13953 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 31.03.2020 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11183 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Дінтану сараптамасын жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты:

      4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтiзбелiк 30 (отыз) күн.

      Сараптама жүргiзу мерзімі сарапшыда (сарапшыларда) қолда бар объект бойынша материалдар толық болмаған жағдайда мүдделі діни бірлестіктерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерге, халықаралық ұйымдарға (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы) қажетті қосымша материалдар мен ақпаратты ұсыну туралы сұрау салулар жолданған жағдайда 30 (отыз) күнтізбелік күнге ұзартылады. Сараптама мерзімі ұзартылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші сұрау салулар жолдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша хабарлайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілеттілік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған қағаз және электрондық түрде осы бұйрықтың көшірмелерін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқытық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Мәдениет және спорт министрі

А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 22 маусым



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады