Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 10 маусымдағы № 241 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 шілдеде № 13968 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 346 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 31.08.2021 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Энергетика министрінің


міндетін атқарушы

М. Мырзағалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _______________ Ә. Исекешев

      2016 жылғы 16 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 23 маусым



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2016 жылғы 10 маусымдағы
№ 241 бұйрығымен
бекітілген

Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік
тіркелімін жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленді және Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу тәртібін анықтайды.

      2. Кодекстің 160-бабының 1-тармағына сәйкес Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі (бұдан әрі - ЛШТМТ) - ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізетін, ашық қолжетімді түрде орналастырылған эмиссияның жай-күйі және қоршаған ортаның ластануы туралы құрылымдалған дерекқор.

      3. ЛШТМТ ластаушы заттардың шекті жол берілетін шоғырлануы, олардың денсаулыққа және қоршаған ортаға әсері туралы ақпаратты, сондай-ақ ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдары бойынша басқа да ғылыми негізделген ақпаратты және табиғат пайдаланушылар туралы ақпаратты қамтиды.

      4. Кодекстің 160-бабының 3-тармағына сәйкес табиғат пайдаланушылар туралы ақпарат:

      1) табиғат пайдаланушының атауын, заңды мекенжайын және қызмет түрін;

      2) берілген экологиялық рұқсаттың электрондық нұсқасын;

      3) қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі бойынша ақпаратты;

      4) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасының және экологиялық мониторинг есептерінің, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының электрондық нұсқасын;

      5) мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелерін;

      6) бюджетке қоршаған ортаға эмиссиялар үшін, оның ішінде белгіленген нормативтерден тыс міндетті төлемдер туралы мәліметтерді қамтиды.

      5. Өндірістік алаң деп өндірістік, әкімшілік, санитариялық-тұрмыстық және қосалқы ғимараттар мен құрылыстар орналастырылған қорғалатын және қоршалған аумақ түсініледі, онда табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссиялармен байланысты қызметін жүзеге асырады.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының
мемлекеттік тіркелімін жүргізу тәртібі

      6. І санаттағы объектілері бар табиғат пайдаланушылар (бұдан әрі - Табиғат пайдаланушылар) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органына (бұдан әрі - аумақтық орган) әр өндірістік алаңның орналасқан жері бойынша жыл сайын 1 сәуірге дейін өткен жылға арналған мынадай ақпаратты:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Табиғат пайдаланушы туралы жалпы мәліметтерді;

      2) берілген экологиялық рұқсаттың электрондық нұсқасын;

      3) мынадай:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атмосфералық ауаға ластаушы заттардың нақты эмиссиялар көлемі бойынша;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су объектілеріне ластаушы заттардың нақты эмиссиялар көлемі бойынша;

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістік алаңда пайда болған өндіріс және тұтыну қалдықтары туралы;

      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістік алаңда пайда болған күкіртті орналастыру туралы ақпаратты;

      4) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының және экологиялық мониторинг есептерінің электрондық нұсқасын;

      5) Кодекстің 99-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін нысан бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын және аталған жоспардың орындалуы туралы есебін;

      6) мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелерін;

      7) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджетке қоршаған ортаға эмиссиялар үшін, оның ішінде белгіленген нормативтерден тыс міндетті төлемдер туралы мәліметтерді ұсынады.

      7. Өз меншігінде бір облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан бірнеше өндірістік алаңы бар табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссиялар туралы ақпаратты әр өндірістік алаң бойынша бөлек ұсынады.

      8. Аумақтық орган есепті жылдан кейінгі жылдың екінші тоқсаны ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген тізімдемеге сәйкес ақпаратты электрондық нысанда уәкілетті органға ұсынады.

      9. Уәкілетті орган кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес ЛШТМТ-ны ашық қолжетімді түрде орналастырады.

  Ластауыштардың
шығарындылары мен
тасымалдарының
мемлекеттік тіркелімін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

I санаттағы объектілері бар табиғатты пайдаланушы туралы жалпы
мәліметтер (бұдан әрі – Табиғат пайдаланушы)

Атауы

Табиғат пайдаланушының деректері

1

Есепті кезең*


2

Табиғат пайдаланушының атауы және оның заңды мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық поштасының мекенжайы


3

Табиғат пайдаланушының бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)


4

Табиғат пайдаланушының экономикалық қызметінің негізгі түрі


5

Өндірістік алаңның атауы және оның географиялық координаттары (градустар, минуттар, секундтар) және өндірістік процестің қысқаша сипаттамасы



      Ескертпе:

      *Табиғат пайдаланушы есепті кезеңге ақпаратты әр жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығына ұсынады.

      Табиғат пайдаланушының

      басшысы _______________________ __________ ______

      Т.А.Ә.(болған жағдайда) қолы м.о.

  Ластауыштардың
шығарындылары мен
тасымалдарының
мемлекеттік тіркелімін
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың нақты эмиссиялар көлемі
бойынша ақпарат

      Табиғат пайдаланушының атауы _________________________________

      Өндірістік алаңның атауы _____________________________

      Есепті кезең*__________________________*

КАС** нөмірі

Ластаушы заттың атауы

Белгіленген норматив (тонна жылына)

Нақты шығарындылар (тонна жылына

Нақты эмиссияларды анықтау әдістемелері (есептеу әдісі, аспаптық өлшеу)

1

74-82-8

Метан (СН4)




2

630080

Көміртек тотығы (СО)




3

124-38-9

Көміртек диоксидi (CO2)




4


Гидрофторкөміртектері (ГФУ)




5

10024-97-2

Азоттың шала тотығы (N2O)




6

7664-41-7

Аммиак (NH3)




7


Метанды емес ұшпалы органикалық қосылыстар (МЕҰОҚ)




8


Азот оксидтерi (NOx/NO2)




9


Перфторкөміртектер (ПФК)




10

2551-62-4

Алтыфторлыкүкірт (SF6)




11


Күкірт оксидтерi (SOx/SO2)




12


Гидрохлорфторкөміртектері (ГХФК)




13


Хлорфтор көміртектері (ХФк)




14


Галондар




15

7440-38-2

Күшала және оның қосылыстары (As түрінде)




16

7440-43-9

Кадмий және оның қосылыстары (Cd түрінде)




17

7440-47-3

Хром және оның қосылыстары (Cr түрінде)




18

7440-50-8

Мыс және оның қосылыстары (Cu түрінде)




19

7439-97-6

Сынап және оның қосылыстары (Hg түрінде)




20

7440-02-0

Никель және оның қосылыстары (Ni түрінде)




21

7439-92-1

Қорғасын және оның қосылыстары (Pb түрінде)




22

7440-66-6

Мырыш және оның қосылыстары (Zn түрінде)




23

309-00-2

Альдрин




24

57-74-9

Хлордан




25

143-50-0

Хлордекон




26

50-29-3

ДДТ




27

107-06-2

1,2-дихлорэтан (ДХЭ)




28

75-09-2

Дихлорметан (ДХМ)




29

60-57-1

Дильдрин




30

72-20-8

Эндрин




31

76-44-8

Гептахлор




32

118-74-1

Гексахлорбензол (ГХБ)




33

608-73-1

1,2,3,4,5,6-гексахлорцик-логексан (ГХГ)




34

58-89-9

Линдан




35

2385-85-5

Мирекс




36


ПХДД+ПХДФ

(диоксиндер+фурандар) (э.т. түрінде)




37

608-93-5

Пентахлорбензол




38

87-86-5

Пентахлорфенол (ПХФ)




39

1336-36-3

Полихлорланған дифенилдер (ПХД)




40

127-18-4

Тетрахлорэтилен (ТХЭ)




41

56-23-5

Тетрахлорметан (ТХМ)




42

12002-48-1

Трихлорбензолдар (ТХБ)




43

71-55-6

1,1,1-трихлорэтан




44

79-34-5

1,1,2,2-тетрахлорэтан




45

79-01-6

Трихлорэтилен




46

67-66-3

Трихлорметан




47

8001-35-2

Таксофен




48

75-01-4

Винилхлорид




49

120-12-7

Антрацен




50

71-43-2

Бензол




51

75-21-8

Этилен оксиді




52

91-20-3

Нафталин




53

117-81-7

Ди-(2-этилгексилфталат (ДЭГФ)




54


Полициклді хош иісі бар көмірсутектер (ПХК)b




55


Хлор және органикалық емес қосылыстар (HCl түрінде)




56

1332-21-4

Асбест




57


Фтор және органикалық емес қосылыстар (HF түрінде)




58

74-60-8

Цианит сутегі (HCN)




59


ТЧ10 қатты бөлшектері




60


***Атаулары бойынша өзге де ластаушы заттар:





      Ескертпе:

      *Табиғат пайдаланушы ақпаратты әр жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығына ұсынады;

      **КАС нөмірі - химиялық қосылыстардың бірегей сандық идентификаторын уәкілетті орган толтырады;

      ***ластаушы заттың атауын көрсету қажет.

      Табиғат пайдаланушының

      басшысы _______________________ __________ ______

      Т.А.Ә.(болған жағдайда) қолы м.о.

  Ластауыштардың
шығарындылары мен
тасымалдарының
мемлекеттік тіркелімін
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Су объектілеріне ластаушы заттардың нақты эмиссиялар көлемі
бойынша ақпарат

      Табиғат пайдаланушының атауы _________________________________

      Өндірістік алаңның атауы _____________________________

      Есепті кезең*__________________________*

КАС** нөмірі

Ластаушы заттың атауы

Белгіленген норматив (тонна жылына)

Нақты төгінділер (тонна жылына

Нақты эмиссияларды анықтау әдістемелері (есептеу әдісі, аспаптық өлшеу)

1


Азоттың жалпы саны




2


Фосфордың жалпы саны




3

7440-38-2

Күшала және оның қосылыстары (As түрінде)




4

7440-43-9

Кадмий және оның қосылыстары (Cd түрінде)




5

7440-47-3

Хром және оның қосылыстары (Cr түрінде)




6

7440-50-8

Мыс және оның қосылыстары (Cu түрінде)




7

7439-97-6

Сынап және оның қосылыстары (Hg түрінде)




8

7440-02-0

Никель және оның қосылыстары (Ni түрінде)




9

7439-92-1

Қорғасын және оның қосылыстары (Pb түрінде)




10

7440-66-6

Мырыш және оның қосылыстары (Zn түрінде)




11

15972-60-8

Алахлор




12

1912-24-9

Атразин




13

57-74-9

Хлордан




14

143-50-0

Хлордекон




15

470-90-6

Хлорвенфинфос




16

85535-84-8

Хлоралкандар, С1013




17

2921-88-2

Хлорпирифос




18

50-29-3

ДДТ




19

107-06-2

1,2-дихлорэтан (ДХЭ)




20

75-09-2

Дихлорметан (ДХМ)




21

60-57-1

Дильдрин




22

330-54-1

Диурон




23

115-29-7

Эндосульфан




24

72-20-8

Эндрин




25


Галогенделген органикалық қосылыстар (АОГ түрінде)




26

76-44-8

Гептахлор




27

118-74-1

Гексахлорбензол (ГХБ)




28

87-68-3

Гексахлорбутадиен (ГХБД)




29

608-73-1

1,2,3,4,5,6-гексахлорцик-логексан (ГХЛ)




30

58-89-9

Линдан




31

2385-85-5

Мирекс




32


ПХДД+ПХДФ (диоксиндер+фурандар) (э.т. түрінде)




33

608-93-5

Пентахлорбензол




34

87-86-5

Пентахлорфенол (ПХФ)




35

1336-36-3

Полихлорланған дифенилдер (ПХД)




36

122-34-9

Симазин




37

8001-35-2

Таксофен




38

75-01-4

Винилхлорид




39

120-12-7

Антрацен




40

71-43-2

Бензол




41


Бромирленген дифенилді эфирлер (БДЭ)




42


Нонилфенол этоксилаттары (НФ/НФЭ) және олармен байланысты заттар




43

100-41-4

Этилбензол




44

75-21-8

Этиленоксиді




45

34123-59-6

Изопротурон




46

91-20-3

Нафталин




47


Органотинделген қосылыстар (Sn жалпы түрінде)




48

117-81-7

Ди-(2-этилгексилфталат (ДЭГФ)




49

108-95-2

Фенолдар (C жалпы түрінде)




50


Полициклді хош иісі бар көмірсутектер (ПХК)b




51

108-88-3

Толуол




52


Трибутилин және қосылыстар




53


Трифенилтин және қосылыстар




54


Жалпы органикалық көміртек (ЖОК) (жалпы С немесе ОХТ /3 түрінде)




55

1582-09-8

Трифлуралин




56

1330-20-7

Ксилолдар




57


Хлоридтер (жалпы Cl түрінде)




58


Хлор және органикалық емес қосылыстар (HCl түрінде)




59

1332-21-4

Асбест




60


Цианидтер (жалпы CN түрінде)




61


Фторидтер (жалпы в F түрінде)




62


***Атаулары бойынша өзге де ластаушы заттар:





      Ескертпе:

      *Табиғат пайдаланушы ақпаратты әр жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығына ұсынады;

      **КАС нөмірі - химиялық қосылыстардың бірегей сандық идентификаторын уәкілетті орган толтырады;

      ***ластаушы заттың атауын көрсету қажет.

      Табиғат пайдаланушының

      басшысы _______________________ __________ ______

      Т.А.Ә.(болған жағдайда) қолы м.о.

  Ластауыштардың
шығарындылары мен
тасымалдарының
мемлекеттік тіркелімін
жүргізу қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Өндірістік алаңда пайда болған өндіріс және тұтыну қалдықтары
туралы ақпарат

      Табиғат пайдаланушының атауы _________________________________

      Өндірістік алаңның атауы _____________________________

      Есепті кезең*__________________________*

Қалдықтардың атауы

Қалдықтардың қауіптілік деңгейі

Қалдықтардың агрегаттық жағдайы

Есепті кезеңнің басындағы өндірістік алаңда орналасқан қалдықтардың жалпы саны (жылына тонна)

Пайда болған қалдықтар саны (жылына тонна)

Есепті кезеңіндегі жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму операцияларын орындаушы субъектілерімен берілген қалдықтар саны (жылына тонна)

Өндірістік алаңдағы меншік иелерінің өздерімен қайта өңделген, кәдеге жаратылған қалдықтар саны (жылына тонна)

Есепті кезеңде өндірістік алаңдағы орналасқан нақты қалдықтар саны

Қалдықтармен жұмыс істеу тәсілдері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


      Ескертпе:

      *Табиғат пайдаланушы есепті кезеңге ақпаратты әр жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығына ұсынады.

      Табиғат пайдаланушының

      басшысы _______________________ __________ ______

      Т.А.Ә.(болған жағдайда) қолы м.о.

  Ластауыштардың
шығарындылары мен
тасымалдарының
мемлекеттік тіркелімін
жүргізу қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Өндірістік алаңда пайда болған күкіртті орналастыру туралы
ақпарат

      Табиғат пайдаланушының атауы _________________________________

      Өндірістік алаңның атауы _____________________________

      Есепті кезең*__________________________*

Агрегаттық жағдайы

Есепті кезеңнің басындағы өндірістік алаңдағы күкірттің мөлшері, (жылына тонна)

Түзілген күкірттің мөлшері, (жылына тонна)

Кәдеге жаратуға, залалсыздан дыруға және т.б. берілген күкірттің мөлшері, (жылына тонна)

Қайта пайдаланған күкірттің мөлшері, (жылына тонна)

Есепті кезеңдегі жағдай бойынша өнеркәсіптік алаңда жинақталған күкірттің мөлшері, (жылына тонна)

1

2

3

4

5

6

7


      Ескертпе:

      *Табиғат пайдаланушы есепті кезеңге ақпаратты әр жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығына ұсынады.

      Табиғат пайдаланушының

      басшысы _______________________ __________ ______

      Т.А.Ә.(болған жағдайда) қолы м.о.

  Ластауыштардың
шығарындылары мен
тасымалдарының
мемлекеттік тіркелімін
жүргізу қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Бюджетке қоршаған ортаға эмиссиялар үшін, оның ішінде
белгіленген нормативтерден тыс міндетті төлемдер туралы
мәліметтер

Табиғат пайдаланушының атауы

Рұқсаттың жарамдылық мерзімі және нөмірі

Нормативтік эмиссиялар үшін төленді мың тг.

Нормативтен тыс эмиссиялар үшін төленді мың тг.




Атмосфералық ауа

Су

Қалдықтар

Атмосфералық ауа

Су

Қалдықтар

1

2

3

4

5

6

7

8

9


      Табиғат пайдаланушының

      басшысы _______________________ __________ ______

      Т.А.Ә.(болған жағдайда) қолы м.о.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады