"Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 523 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 1 маусымдағы № 464 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 шілдеде № 13996 болып тіркелді

      «Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 523 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12129 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларында:
      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ғылыми зерттеулер және ТКЖ;»;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. «Алғыжоба (техникалық ұсыныс)» кезеңіне дейін ҒЗК (ҒЗК бұйымдарын) құру орындылығын негіздеу, олардың конструкциясына және ғылым мен техниканың инновациялық жетістіктерінің сызбасына енгізу жолдарын анықтау бойынша ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметін жүзеге асыруға лицензия негізінде және «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми-зерттеу және ТКЖ жүргізіледі.»;
      98-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) өнеркәсіп ұйымдары пайдаланушы ұйымдармен және ғарыш айлағымен бірлесіп техникалық және бастапқы кешендерде тексеру және іске қосу алдындағы жұмыстардың технологиясын пысықтауы, сондай-ақ олардың 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтай отырып, ҒЗК бұйымдарының АС және КС өткізуі аяқталады.».
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне (М.М. Молдабеков):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы              А. Рау

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      _______________ Е. Сағадиев
      2016 жылғы 8 маусым

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _______________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы 14 маусым

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экномика министрі
      _______________ Қ. Бишімбаев
      2016 жылғы 30 маусым

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      _______________ К. Қасымов
      2016 жылғы 28 маусым

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      _______________ Қ. Бозымбаев
      2016 жылғы 20 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады