Дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 шілдеде № 14000 болып тіркелді.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 25) және 29) тармақшаларына, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін дене шынықтыру және спорт саласындағы бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Мәдениет және спорт министрі

А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ___________ Д. Абаев

      2016 жылғы 21 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы " " _________



  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 169 бұйрығына
қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін дене шынықтыру және
спорт саласындағы бұйрықтардың тізбесі

      1. "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9675 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері" және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атақтарын Қазақстан Республикасының азаматтарына облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының, спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялардың ұсынымы бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) береді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Төрешілер санатынан басқа берілген санаттың қолданыс мерзімі аяқталған соң, жұмыскер оны растауы тиіс.

      Расталмаған жағдайда, санат автоматты түрде бір деңгейге төмендейді.";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру мәселелерін қарау үшін спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру жөніндегі уәкілетті органда құжаттардың келіп түсуіне қарай Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.

      25. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрауы тиіс.

      Комиссия мүшелері уәкілетті органның өкілдері, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшылары болып табылады. Комиссия Төраға-мүшесі, хатшысы уәкілетті органның қызметкерлері ішінен айқындалады.

      Комиссия хатшысы құжаттарды дайындауды және хаттамаларды рәсімдеуді жүзеге асырады. Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылданған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.";

      27, 28, 29, 30, 31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Комиссияның шешімі комиссияның қатысушы мүшелерінің көп даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында оның қатыспаған себебі көрсетіледі. Комиссияның қатыспаған мүшелерін ауыстыруға жол берілмейді.

      28. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға комиссия мүшелері қол қояды.

      29. Комиссияның отырысында комиссия ұсынылған құжаттарды қарайды және спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, разрядтарды және жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беруді немесе спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, разрядтарды және жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беруден бас тартуды ұсынады.

      30. Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беруден бас тартуға мыналар негіздеме болып табылады:

      1) Осы Қағидалардың 9, 20, 21, 22, 23-тармақтарында көзделген құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) спортшының, жаттықтырушының, әдіскердің, нұсқаушы-спортшының немесе спорт төрешісінің және (немесе) қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалар талаптарына және (немесе) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығымен бекітілген Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) спортшыға, жаттықтырушыға, әдіскерге, нұсқаушы-спортшыға және спорт төрешісіне қатысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) спортшыға, жаттықтырушыға, әдіскерге, нұсқаушы-спортшыға немесе спорт төрешісіне қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде спортшыға, жаттықтырушыға, әдіскерге, нұсқаушы-спортшыға және спорт төрешіге спорттық атақты, разрядты және біліктілік санатты алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылу.

      31. Спортшы немесе жаттықтырушы спорттық атақты, разрядты және біліктілік санатты беруден бас тарту себептерін жойған жағдайда, спортшының немесе жаттықтырушының осы Қағидалармен белгіленген тәртіппен қайта жүгіну мүмкіндігі бар.

      32. Комиссия шешімінің негізінде уәкілетті орган спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беруге туралы бұйрық шығарады.".

      2. "Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларында:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Спорт федерациясының жарғысы спорт федерациясы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде спорт федерациясының басқару органдары қабылдайтын шешімдерді орындау міндетін және қаржы қаражатын бөлу тәртібін көздейді.

      Спорт федерациясының жарғысы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да ережелерді қамтиды.

      Қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған спорттық федерациядан басқа уәкілетті орган республикалық немесе өңірлік спорт федерациясының мәртебесін растау үшін спорт федерациясын тіркеген Қазақстан Республикасының әділет органынан ақпарат сұратады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Спорт федерацияларын аккредиттеуден бас тартуға мыналар негіздеме болып табылады:

      1) осы Қағидалардың 13, 14-тармақтарымен көзделген құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) осы Қағидалар талаптарына спорт федерациясының және (немесе) онда ұсынылған деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның спорт федерациясын аккредиттеу үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап;

      4) спорт федерациясына қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) спорт федерациясына қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде спорт федерациясының спорт федерациясын аккредиттеуді алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.";

      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Спорт федерациясы аккредиттеуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, спорт федерациясының осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қайта жүгіну мүмкіндігі бар.";

      29-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған спорттық федерациядан басқа спорт федерациясы республикалық немесе өңірлік мәртебесін растамаса;".

      3. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 169 бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 169 бұйрығына
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 169 бұйрығына
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 169 бұйрығына
4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 169 бұйрығына
5-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады