Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 262 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14018 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № 153 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 19.05.2021 № 153 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қантардағы Экологиялық кодексі 17-бабының 24-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ______________ А. Мырзахметов

      2016 жылғы 17 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________ Ж. Қасымбек

      2016 жылғы 24 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Iшкi iстер министрі

      ______________ Қ. Қасымов

      2016 жылғы 22 маусым



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 21 маусым
№ 262 бұйрығымен бекітілген

Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су
айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің
тізбесі

      1. Finasol OSR 51, Франция

      түсі: қалампыр түсті, қара;

      қату температурасы, оС: <-37;

      тұтану температурасы, оС: 65;

      тығыздығы, г/см3: 0,87-0,89;

      ерігіштігі: суда ериді;

      биодеградациялану дәрежесі BOD5/COD: OECD 301F 69% әдісі

      кезінде 28 күнде жеңіл биодеградациялану.

      2. Inipol IPF, Франция

      түсі: ашық-сары;

      қату температурасы, оС: < -30;

      тұтану температурасы, оС: 78;

      тығыздығы, г/см3: 0,91-0,94 (20оС);

      ерігіштігі: көмірсутектер.

      3. Corexit EC9500A, АҚШ

      түсі: янтарлы;

      қату температурасы, оС: <- 57;

      тұтану температурасы, оС: 83;

      тығыздығы, г/см3: 0,95;

      ерігіштігі: сумен араластырады, рН 6,2

      биодеградациялану дәрежесі BOD5/COD: биоаккумуляцияға

      қабілеттілігі күтілмеген.

      4. Inipol IP-90, Франция;

      түсі: ашық-сары;

      қату температурасы, оС: <-10;

      тұтану температурасы, оС: 64;

      тығыздығы, г/см3: 0,95;

      ерігіштігі: су.

      5. Dasic Freshwater Dispersant, Ұлыбритания.

      түсі: қоңыр;

      қату температурасы, оС: <-10;

      тұтану температурасы, оС: 72;

      тығыздығы, г/см3: 0,9 (20оС);

      ерігіштігі: суда ериді;

      биодеградациялану дәрежесі BOD5/COD: биодеградациялануға

      жатады, биожинақталуы төмен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады