"Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2016 жылғы 23 маусымдағы № 271 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14020 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11623 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларында:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда аумақтық бөлімше өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетілген жауап жолдайды.
      Аумақтық бөлімшелер мынадай негіздер бойынша рұқсат беруден бас тартады:
      1) өтінім белгіленген нысан бойынша берілмеген;
      2) рұқсат беру үшінті қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңымен және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңымен белгілеген талаптарға сәйкес келмеуі;
      3) өтінім берушіге қатысты жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.»;
      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрінің
      міндетін атқарушы                          Е. Нысанбаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»                     «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасы
      Ақпарат және коммуникациялар     Ұлттық экономика
      министрі                         министрі
      ___________ Д. Абаев             ___________ Қ. Бишімбаев
      2016 жылғы 24 маусым             2016 жылғы 29 маусым

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 23 маусымдағы 
№ 271 бұйрығына     
қосымша         

Жануарларды интродукциялауды,
реинтродукциялауды және  
будандастыруды жүргізуге  
рұқсат беру қағидаларына  
1-қосымша        

Нысан

_____________________________________________________________________
                  (аумақтық бөлімшенің толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және жеке сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
                     (мекенжайы, телефон нөмірі)

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге рұқсат беруге
өтінім

      Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге (қажеттісінің астын сызу) рұқсат беруді
сұраймын.
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды
жүргізудің мақсаты __________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жануар түрі _________________________________________________________
Жануардың саны мен салмағы __________________________________________
Жануардың жынысы ____________________________________________________
Жануардың жасы ______________________________________________________
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды
жүргізудің мерзімі __________________________________________________
Интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізу
ауданы_______________________________________________________________
      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес
мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес жауап беретінім туралы хабардармын.
20__жылғы _________ _________________________________________________
  (өтiнiм берiлген күн)  (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
                     Мөр орны
      Ақпараттық жүйелерде бар заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
      20__жылғы «____»__________________
                           (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады