"Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 168 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 тамызда № 14087 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оларға ұлттық валютаның ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының тізбесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7977 тіркелген, 2012 жылы 27 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 852-856 (27927) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларында:
      қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Монетарлық операциялар департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Д. Ақышев

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 27 маусымдағы 
№ 168 қаулысына      
қосымша          

Қазақстан Республикасы       
ұлттық валютасының шетел валюталарына
ресми бағамын белгілеу қағидаларына 
қосымша                

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
оларға ұлттық валютаның ресми бағамын белгілейтін
шетел валюталарының тізбесі

Шетел валютасының атауы

1

Австралия доллары (AUD)

2

Әзірбайжан манаты (AZN)

3

Армян драмы (AMD)

4

Белорусь рублі (BYN)

5

Бразилия реалы (BRL)

6

Венгрия форинті (HUF)

7

Корея Республикасының вонасы (KRW)

8

Гонконг доллары (HKD)

9

Грузин лариі (GEL)

10

Дат кронасы (DKK)

11

БАӘ дирхамы (AED)

12

АҚШ доллары (USD)

13

Еуро (EUR)

14

Үндістан рупиясы (INR)

15

Иран риалы (IRR)

16

Канада доллары (CAD)

17

Қытай юані (CNY)

18

Қырғыз сомы (KGS)

19

Кувейт динары (KWD)

20

Малайзия ринггиті (MYR)

21

Мексика песосы (MXN)

22

Молдова леясы (MDL)

23

Норвегия кронасы (NOK)

24

Польша злотыйы (PLN)

25

Ресей рублі (RUB)

26

Сауд Арабиясының риалы (SAR)

27

СДР (XDR)

28

Cингапур доллары (SGD)

29

Тәжік сомониі (TJS)

30

Тайланд баты (THB)

31

Түрік лирасы (TRY)

32

Өзбек сумы (UZS)

33

Украина гривнасы (UAH)

34

Біріккен Корольдіктің фунт стерлингі (GBP)

35

Чех кронасы (CZK)

36

Швед кронасы (SEK)

37

Швейцария франкі (CHF)

38

Оңтүстік Африка рэнді (ZAR)

39

Жапон йенасы (JPY)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады